Мен оларды есептеу

Болтты және тойтарма шегелі қосылыстарда сыртқы күштердің әсерінен бірігетін элементтер өзара біріне-бірі ығысады. Қуыстарға қойылған болттар (шегелер) осы ығысуға кедергі жасайды және оларда деформациялар пайда болады. Болттар (шегелер) қосылыстарда күрделі кернеулік жағдайда жұмыс істейді: қосылатын элементтердің жанасу беттерінде () қию кернеулері, жанама қысымдардың әсерінен элементтерде () жаншылу кернеулері, болттардың майысуынан () иілу кернеулері және болттарды алдын-ала тартқаннан () созылу кернеулері пайда болады.

а) деформациялануы б) қиылуы () в) жаншылуы

Сурет 3. Болтты және тойтарма шегелі қосылыстардың жұмысы

Осы айтылған кернеулер қосылыстардың жұмысына ең үлкен әсер ететін қию және жаншу кернеулері. Сондықтан болтты және тойтарма шегелі қосылыстарды бірінші қиылуға және жаншылуға есептеу қажет.

Болтты (тойтарма шегелі) қосылыстарды қиылуға есептеу

Болттағы қию кернеулері () материалдың қиылуға есептік кедергісінен () аспау керек.

(1)

мұндағы: N – сыртқы күш;

- болттармен қосылған элементтердің қиылуға есептік

кедергісі;

- болт қимасының ауданы

d – болт стержінінің диаметрі;

- қиылу жазықтығының саны;

n – қосылыстағы болттар (шегелердің) саны;

- қосылыстардың жұмыс шартты коэффициенті.

(1) формуладан бір болтты қабылдай алатын күш (көтергіштік қабілеті)

(2)

Болтты (тойтарма шегелі) қосылыстарды жаншылуға есептеу

Болтты қосылыстардағы пайда болған () жаншылу кернеуі материалдың есептік жаншылу кедергісінен () аспау керек.

(3)

мұндағы: - болттармен қосылған элементтердің есептік жаншылу кедергісі;

- бір бағытта жаншылған элементтердің қалыңдықтарының ең төмен қосындысы.

Бір болттың жаншылу кезіндегі көтергіштік қабілеті

(4)

Болттарды (тойтарма шегелі) қосылыстарды созылуға есептеу

Болтты қосылыстардағы пайда болған () созылу кернеуі материал-дың есептік созылу кедергісінен () аспау керек

(5)

мұндағы: - болттармен қосылған элементтердің есептік созылуға кедергісі;

Бір болттың созылуға көтергіштік қабілеті

(6)

Практика жүзінде болтты қосылыстарды келесі түрде есептейді:

1) Басында бір болттың қиылуға (2), жаншылуға (4), созылуға (6) беріктік шарттары бойынша көтергіштік қабілетін анықтаймыз;

2) Бір болттың ең аз көтергіштік қабілеті бойынша қосылыстағы болттардың санын табамыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Болтты қосылыстардың ерекшеліктері

2. Болтты қосылыстардың кемшіліктері

3. МК-ларда қолданылатын болттардың түрлері

4. Дәлдігі дөрекі және қалыптағыдай болттар

5. Дәлдігі жоғары болттар

6. Беріктігі аса жоғары болттар

7. Өзі кесетін болттар

8. Іргетас (анкер, қарнақ) болттар

9. Тойтарма шегелі қосылыстардың ерекшеліктері

10. Болтты және тойтарма шегелі қосылыстардың жұмысы

11. Болтты (тойтарма шегелі) қосылыстарды қиылуға есептеу

12. Болтты (тойтарма шегелі) қосылыстарды жаншылуға есептеу

13. Болтты (тойтарма шегелі) қосылыстарды созылуға есептеу

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Металлические конструкции. Элементы конструкций. Том І. Учебник для студентов вузов, обучающихся по специальности ПГС. / Под ред. В.В. Горева, 2-е издание. - М.: Высшая школа, 2001.-551 с.

2) Металлические конструкции. Учебник для студентов вузов, обучающихся по специальности ПГС. / Под ред. Е.И. Беленя, 6-е издание,.-М.:Стройиздат,1986.-560 с.

3) Әлімбаев Б.Ә. Металл конструкциялары. Тараз, 2007- 285б.

4) СНиП-5.04-23.-2002. Нормы проектирования.Строительные конструкции.-Астана, 2003.-118 с.

5) СНиП II-23-81* Стальные конструкции. –М.: Изд-во АСВ, 2001.-35 с.

6) Металлические конструкции. Справочник проектировщика. / Под ред. Н.П. Мельникова, 2-е издание.-М.:Стройиздат, 1980.-776 с.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: