Экспорт

Шетел рыногына шығудың ең оңай түрі экспорт болады. Жүйесіз экспорт дегеніміз фирма кей-кейде ғана өзінің артық тауарларын экспортқа шығарады және шетелдік фирмаларының көтерме саудагерлеріне сатады. Белсенді экспорт фирма белгілі рынокқа өзінің экспорттық операцияларын ұлғайту мақсатын қойған жағдайда қалыптасады. Бұл экспорттың екі түрінде де фирма тауарларын өз елінде өндіреді. Ал ол тауарларды экспортқа шығарған кезде оларды қосымша өңдеп өзгертуі, немесе өзгертпеуі де мүмкін. Фирма экспортты екі тәсілмен жүргізуі мүмкін:

1. Жанама экспорт тәуелсіз халықаралық маркетинг делдалдары арқылы жүргізіледі. Бұл экспорт тәсілі экспорт әрекетімен айналысуды жаңадан бастаған фирмалар арасында кең тараған. Себебі жанама экспорт шамалы ақша қаражатын талап етеді және аздаған қауіп-қатерімен сипатталады.

2. Тікелей экспорт тәсілінде экспорттық операцияларын фирма өз бетінше жүргізеді.

Бірлескен кәсіпкерлік

Отандық кәсіпорын және шетелдік фирма өндіріс және маркетинг мүмкіндіктерін біріктіреді. Нәтижесінде бірлескен өндіріс күштері құрылады. Бірлескен кәсіпкерліктің әдетте 4 түрі орын алған:

1. Лицензия алу дегеніміз лицензияны сатушы өндіріс үдерісін, тауар белгісін, патентті, сауда құпиясын қолдану құқын қалам ақыға (гонорарға) немесе лицензиялық төлемге айырбастайды. Бұл тәсіл арқылы лицензия сатушы рынокқа шығу қауіп-қатерін азайтады, ал лицензияны сатып алушы бірден атақты таңбаға, өндіріс тәжірибесіне иелік алады.

2. Медігерлік өндіріс стратегиясында шетел кәсіпкері жергілікті өндірушілермен бірлесе тауарды өндіру келісімін жасайды. Мысалы, "Сирс" фирмасы Мексика және Испания рыноктарында өзінің әмбебап дүкендерін ашу барысында өзінің тауарларын өндіретін жергілікті өндірушілерді тапқан.

3. Келісім бойынша басқару стратегиясында отандық фирма шетелдік серіктеске басқару саласындағы өзінің "ноу-хауын" ұсынады. Мысалы, осы тәсіл арқылы әлемнің әртүрлі жерлерінде "Хилтон" фирмасы отель жұмыстарын ұйымдастырған еді.

4. Бірлескен кәсіпорын стратегиясында жергілікті коммерциялық кәсіпорнын құру үшін шетелдік және жергілікті капитал салымшыларының әрекеттерін біріктіреді. Капитал салымшылары салым үлесіне байланысты басқару үдерісіне қатысады, пайданы да бөліседі.

Тікелей инвестициялау

Шетелдік рыноктағы әрекеттерге қатысудың толық түрдегі формасы ретінде шетелде құрастырылған кәсіпорындар немесе өндіріс кәсіпорындарын ұйымдастыру болады. Тікелей инвестициялаудың артықшылықтары мыналар:

• арзан жұмыс күшін, арзан шикізатты қолдану мүмкіндігіне, көлік шығындарын азайту арқылы фирма қаражатын үнемдеу мүмкіндігіне қол жеткізеді;

• жергілікті тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, серіктес елде өзіне жағымды бейне қалыптастырады;

• қабылдайтын елдің клиенттерімен, жабдықтаушыларымен, дистрибьюторларымен тығыз қатынас құру арқылы өзінің тауарларын жергілікті маркетинг ортасына ұтымды бейімдейді;

• фирма өзінің капитал салымдарына толық бақылауын сақтай алады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: