Ж. Ахметов. Патологиялық анатомия

ақшыл қабығы өзінің реңін жоғалтып, сарғыш-сүр түсті болады. Еріннің шырышты қабығы, терінің жүқа жерлері қатып, бүрісіп, қоңыр-қызыл түс алады.

Қанның қайта бөлінуі. Өлгеннен соң артерия қан тамырының қысқаруы нәтижесінде қан вена тамырларына өтеді жөне өзінің салмағына байланысты дененің төменде жайғасқан бөліктерінде жинала бастайды. Жүректегі және ірі вена тамырларындағы қан үйып қалады. Егер жанталас дәуірі үзаққа созылған болса, қан үйындылары ақшыл-сары түске кіріп, оның қүрамы негізінен фибрин жішнелерінен түрады, ал ауру тез қайтыс болғанда үйын-ды қүрамында барлық қан элементтері болтаны үшін оның түсі қызыл болады. Кейбір жағдайларда, мысалы, ауру түншығып өлген-де (асфиксия) қан тіпті үйымай сүйық күйде қалады. Осы үйын-дылардың түсі өлу механизмін (танатогенезді) анықтаушы морфо-логиялық белгілердің бірі болып есептеледі.

Мәйіт дақтары өлгеннен соң 2-4 сағаттан кейін пайда бола­ды. Олар мәйіттің төменгі бөліктерінде көкала-қызыл немесе қоңыр-күлгін түсте көрінеді. Қолмен басқанда олардың реңі ақтаң-дақтанып барып аз ғана уақыттан соң өз реңіне қайта кіреді. Бүл белгі мөйіт дақтарын тірі кезіндегі қанталаулардан ажыратуға жәр-дем береді. Мөйіт дақтарының келіп шығуы қанның қайта бөліну механизмімен түсіндіріледі. Қан өз ауырлық күшімен дененің төменгі жатқан бөліктеріне жиналады (гипостаз). Мәйіттің өз сал-мағы түсіп түрған жерлерде (мысалы, ауру шалқасынан жатып өлгенде қүйымшақ, жауырын сүйектері аймағында) мәйіт дақта-ры болмайды. Жалпы мәйіт дақтарьшьщ орны аурудьщ өлер кезде қалай жатқандығьша байланысты. Бірінші тәулікгің екінші жар-тысында қандағы эритроциттер гемрлизге үшырап, плазма қан тамырларынан шыға бастайды. Осы плазманьщ айналадағы тіндерге сіну үрдісін имбибиция деп атайды. Бүл кезде мөйіт дақтары бір жерге орнығып, қолмен басып көргеңце өз реңін өзгертпейді.

Өлімнің кейінгі белгілеріне аутолиз және шіру үрдістері кіреді. Аутолиз үрдісі гидролиздеуші ферменттерің белсенділігінің күшеюімен байланысты. Сол үшін аутолиз ферменттер көп болған ағзалардан басталады. Үйқы безінде, бүйрекүсті безінде, бауырда аутолиз үрдісі басқа ағзаларға қарағанда күштірек көрінеді. Асқа-зан-ішек жолында өзін-өзі қорыту үрдісі қүрамында пепсин, трип­син жөне басқа ферменттер бар асқазан-ішек сөлінің әсерінде өтеді. Соның нөтижесінде асқазан-ішек шырыштьі қабығы еріп, жас ба- лаларда тіпті асқазан қабырғасы тесіліп кетуі мүмкін. Асқазан- ішек сөлі өңешке өткенде немесе аспирация жолымен тыныс ағза-


 

2 белім. Жасушалар мен тіндердің зақымдануы

ларына түскенде осы ағзалардың өзін-өзі қортуына (эзофагомаля- ция, пневмомаляция) соқтырады.

Мөйіттің шіруі осы аутолиз үрдістерінің күшеюімен және оған шірітуші бактериялардың өсерінің қосылуымен түсіңціріледі. Шіру үрдісінің жылдамдығы қоршаған ортаның температурасына бай­ланысты. Үй температурасында (18-20 °С) шірудің бірінші белгілері 2-3-ші күні-ақ көріне бастайды. Өлгеннен соң шірітуші бактерия-лар тез көбейіп, өздерінен гидролиздеуші ферменттерді бөліп шы-ғарады, нөтижеде органикалық заттардьщ бәрі ыдырай бастайды. Сонымен қатар тіндерде өте жағымсыз иіс пайда болып, олар сарғ-ыш-жасыл түске кіреді. Бүл өзгерістер шіріген тіндерде күкіртсутегі және басқа газдардьщ пайда болуьша байланысты. Күкіртті сутек гемолизге үшыраған эритроциттермен қосыльш темір сульфатьш түзеді. Тіндер осы химиялық зат әсерінде қара-қошқыл, жасыл ренте боялады. Газ түзуші бактериялар өте көбейіп кеткенде газ бүкіл де­нете тарап, мәйіт эмфиземасы пайда болады.

Бірте-бірте организмдегі барлық органикалық заттар іріп-шіріп жойылып, тек сүйектердің бейорганикалық заттары гана үзақ мерзімге сақталады.

Бүл үрдісті уақытша кідірту үшін мәйітті салқын жерде сақтау немесе бальзамдау керек.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: