Бөлім. Патологиялық анатомияның зерттеу әдістері - 2 3

ауру диагнозын, өсіресе қатерлі ісіктерді уақытылы анықтау үшін қажет әдіс.

Биопсия аурудың алғашқы морфологиялық белгілерін көруге, оның кейінгі даму үрдісін зерттеуге, қолданылган емнің қанша-лықты пайдалылығын анықтауға мүмкіншілік тудырады. Биопсия әдісінің клиникада өлі өзін жан-жақты хөрсете қоймаган, өте күрделі ауруларды тексеріп білуге жөрдемі зор. Клиника жагдай-ында науқастан операция жолымен не әдейі диагнозды анықтау үшін алынған барлық тіндер, қырындылар толық тексеріледі. Қазіргі уақытта биопсия патологоанатомдардың тексеру өдістерінің негізгі түрі болып, оның саны жыл сайын тоқтаусыз артуда.

Эксперимент арқылы тексеру өдісі де патологиялық анатоми-яда кеңінен қолданылады. Себебі, кейбір аурулардың шығу механизмін адамда зерттеу мүмкін емес, сол үшін эксперимент жасалады. Мысалы, көптеген қатерлі ісік тудырушы (канцероген) заттардың, аса улы химиялық қосьшдыларының әсерін тек осы жолмен гана үйрену мүмкін. Қазіргі уақытта қоршаган ортаның организмге әсерін білу үшін де эксперименттер кеңінен қолданы-

лады.

Адам ауруының әр түрлі модельдерін эксперимент арқылы тексеру, көптеген аурулардың патогенезін тереңірек түсінуге, оның морфогенезін анықтауға, ei^zjey өдістерін жан-жақты жетілдіре түсу-ге мүмкіншілік тудырады. Дегенмен, экспериментте алынган зер­ттеу қорытындыларын адам патологиясьша тікелей көшіруге бол-майды, эксперимент нәтижесі және де үзақ уақыт клиникалық сьшақтан өтуі керек.

Қазіргі кезенде патологшшық анатомияда электрондық мик-роскопты, цитохимия, радиоавтография жөне т.б. жаңа өдістерді кеңінен қолдануға байланысты патологиялық үрдістерді ультра-қүрылымдар деңгейінде, тіпті молекула деңгейінде тексеру мүмкіндігі бар.

Молекулалық деңгейдегі зерттеулер патологиялық анатомия-ның биохимиямен жақындай түсуіне, көптеген биохимиялық үрдістердің қүрылымдық негізін анықтауға алып келуі созсіз.

1.1. ӨЛІМ БЕЛГЫЕРІ ЖӘНЕ ӨЛІМНЕН КЕЙІНГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Табиғаттагы тірі жан-жануарлардың бәрі де өз тіршілігін өліммен аяқтайды, ягни мөйітке айналады. "Өмір сүру - өлу деген сөз" деп Ф.Энгельс бекерге айтпаган.




Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: