Жас ерекшелік сипаттамалары 10 страница

Оқушыларда, өзін-өзі реттеуді дамыту мақсатында ең алдымен өздерінің мүмкіндіктері және оларды жүзеге асыра алу іскерліктері жайлы, соның ішінде мақсат құру және мақсатты тежеу мүмкіндіктері жайлы елестетулердің тұтас жүйесі қалыптастырылуы керек. Оқушылар тек мұғалім ұсынған мақсаттарды түсіне алу ғана емес, сондай-ақ оларды өзі қалыптастырып, жүзеге асқанша тежеу, басқалар жағынан ығыстыруға жол бермеу және де қызықты болу керек. Оқушы өз іс-әрекетін модельдей алуы, яғни өз тәжірибесінен қажеттілік заты жайлы елестетуді, ал қоршаған жағдайдан – осы затқа сәйкес объектіні іздей отырып, мақсатты жүзеге асыру үшін маңызды шарттарды бөлуі тиіс. Оқушының өзін-өзі реттеуі өз іс-әрекетін бағдарламалай алу іскерлігін болжайды, яғни іс-әрекеттің сәйкес мақсатына қатысты берілген шарттарды қайта құрау тәсілін таңдауды іске асыру, осы қайта құрау үшін құралдарды сұрыптау, жеке әрекеттердің бірізділігін анықтау.

Пәндік өзін-өзі реттеудің маңызды көрінісінің бірі өз әрекетінің аяққы және аралық нәтижелерін бағалай алу іскерлігі болып табылады. Бұл жерде маңыздысы қабылданған, объективті критерийлерден өз нәтижелерін бағалаудың субъективті критерийлері айырмашылығының аса көп болмауында. Өзін-өзі реттеу үшін өз әрекеттеріне түзету жасай алу, яғни нәтиже қойылған талаптармен сәйкес келу үшін өз әрекеттерін қалай өзгертуге болатынын елестету маңызды болып табылады.

Сондай-ақ өзін-өзі реттеу адамның басқа адамдармен өзара қатынас жасау нормалары жайлы, еңбек құралдарымен жұмыс жасау жайлы түсініктерін қамтиды. Бұл жерде өзіндік жұмысты ұйымдастыру үшін үйренушінің жоғарыда аталған түсініктеріне оның бойында бұрыннан оқудағы сыныптық жұмыс барысында қалыптасқан дағдылар мен іскерліктер сәйкес келу керектігі жөніндегі маңызды ой ерекше аталынып көрсетіледі,. Әрине, адамның пәндік өзін-өзі реттеуінің өзі өзін-өзі танудың, өзін-өзі бағалауды барабарлығының, ойлаудың рефлексиялылығының, тұлғаның мақсаттылғының, ұйымдасқандығы-ның, өз бетіншелігінің, оның ерік сапаларының қалыптасқандығының жоғарғы деңгейін ұйғаратын оның тұлғалық өзін-өзі реттеумен байланысты. А.К. Осницкий, егер өзін-өзі реттеу іскерліктері педагог пен оқушының өзінің мақсатты бағытталған әрекеттерінің пәні болып табылса, онда олардың жылдам қалыптасуы мүмкіндігін атап көрсетеді. Бұл жерде адамның өзін-өзі реттеуінің дамуы оның дербестілігінің қалыптасуына ықпал етеді.

Өзіндік жұмысты оның субъектінің

іс-әрекеті ретінде анықтау

Өзіндік жұмыстың оқу іс-әрекеті ретіндегі психологиялық сипаттамасын назарға ала отырып, іс-әрекет субъекті тұрғысынан осы құбылыстың неғұрлым толық суреттемесін беруге болады. Осы көзқарас бойынша өз бетінше жұмыс субъект тарапынан орындалған әрекеттер жиынтығында мақсатталған, іштей мотивтендірілген, құрылымданған және іс-әрекет процесі мен нәтижесі бойынша түзетілетін жұмыс ретінде анықталуы мүмкін. Оны орындау өзіндік сана сезімнің, рефлексиялықтың, өзіндік тәртіптіліктің, тұлғалық жауапкершіліктің жеткілікті жоғарғы деңгейін талап етеді, оқушыға өзін - өзі жетілдіру және өзін-өзі тану процесі сияқты қанағаттануды береді.

Жұмысты ұйымдастыру және өзін-өзі ұйымдастыру

Айтылғандардың барлығы арнайы, осы құбылыстың психология-лық табиғатын есепке ала отырып өз бетінше жұмысты қаншалықты мұғалімнің, соншалықты оқушының өзін-өзі ұйымдастыруының қажеттілігін атап көрсетеді. Осындай ұйымдастыру процесінде оқу пәнінің өзгешелігі назарға алынуы тиіс: математика, тарих, шет тілі және т.б. Сонымен бірге, өзіндік жұмысты ұйымдастыру бірқатар сұрақтарды көтереді, олар оқушының өзінің осы іс-әрекет формасының субъекті ретіндегі дайындығын куәландырады.

Бірінші сұрақ – мектеп оқушыларының басым көпшілігі өзіндік жұмыс атқара ала ма? Көптеген зерттеулердің материалдары көрсеткендей, бұл сұраққа жалпы теріс жауап алынған, оқушылар туралы айтпағанда, студенттердің өздері де өзіндік жұмыс атқара алмайтынын көрсетті. Мысалы, М.И. Дьяченко мен Л.А. Кандыбовичтің жалпыланған мәліметтері бойынша студенттердің 45,5% өзіндік жұмысты ұйымдастыра алмайтындарын мойындайды; 65,8% мүлдем өз уақыттарын дұрыс бөліп, пайдалана алмайды; 85% оны дұрыс бөліп, пайдалануға болатынын мүлдем ойламайды [71]. Тіпті шамалы өзіндік жұмыс алғанның өзінде студенттер оқу материалын есту арқылы және оқу мәтіндерін оқығанда және конспектілегенде баяу қабылдайтындарын айтады. Қажетті оқу ақпаратын қабылдау, мағыналау, қайта өңдеу, түсіндіру және белгілеу оларда елеулі қиындықтар тудырады. Олай болса, оқушыларда өз бетінше жұмысқа деген психологиялық дайындықтың қалыптаспағандығын, олардың ұйғарған әрекеттерді жүзеге асыра алмайтындығы жөнінде айтуға болады. Егер бұған бірқатар оқу пәндеріне деген жоғары деңгейдегі танымдық қызығушылықтың жеткіліксіздігін қоссақ, онда бірінші сұраққа теріс жауап алатынымыз айдан анық. Осы жерде екінші сұрақ туындайды: тиімді өз бетінше жұмысқа дайындық, содан кейін қабілеттілік тек үй тапсырмасын орындау тәсілін ғана емес, іс-әрекеттің жаңа формасын анықтай ала ма? Оған оң, бірақ екіжақты жауап аламыз. Себебі, біріншіден, ондай қабілеттің қалыптасуы мақсатты ұйғаруды, өзіндік сана сезімді, ойлаудың рефлексияланғандығы, өзіндік тәртіпті, өзін жалпы іс-әрекет (мысалы, мақсатты ажырату, қоя білу және жүзеге асыру іскерлігінің, әрекеттің жалпыланған тәсілдерін өндіру, нәтижелерді сәйкес бағалау іскерліктерінің қалыптасуы) субъекті ретінде дамытудың өзін-өзі жетілдірілу тұрғысынан жалпы тұлғалық дамуды ұйғарады. Екіншіден, бұл қабілеттілік тек жаратымды оқу мотивациясы мен оқуға қызығушылық танытқан оқушыларда ғана тиімді және өздігінен қалыптасады. Зерттеулердің нәтижелері тіпті студенттердің өздерінде (бірінші курс студенттерінің 77% және екінші курс студенттерінің 12,8%) оқуға деген көзқарас теріс екенін көрсетті [243].

Әрине, оқушыларда өзіндік жұмысқа қабілетті қалыптастыру проблемасы (әсіресе, іс-әрекет процесіне және нәтижесіне деген ішкі мотивация), оқу мотивациясын алдын ала көтеру, оқуға қызығушылықты тәрбиелеу проблемасына айналады. Зерттеушілердің атап көрсетуінше, «мақсатты қалыптастыру барысында... танымдық белсенділікпен байланысты түрткілердің барлығы неғұрлым саналанған және әрекетті бола бастайды, олардың оқу іс-әрекетіндегі алдын алушы, реттеуші рөлі күшейеді, оқушылардың мотивациялық саланы қайта құрудағы белсенділігі, оқу жұмысының өз бетінше және йілімді мақсаттарын қоюдағы белсенді тырысулары жоғарылайды, ішкі түрткілердің сыртқы түрткілерден үстемділгі байқалады» [221, 27 б.]. Сонымен бірге, зерттеушілер оқуға деген позитивті мотивациялық өзгерістер, қызығушылықтың қалыптасуы мектеп оқушысының тұтастай тұлғасының өзгеруі, жетілдірілуі нәтижесінде болатынын атап көрсетеді.

Өзіндік жұмысқа оқыту

Оқушылардың өзіндік жұмыс істеуге қабілеттерін қалыптастыру міндетін орындауда бүкіл педагогикалық ұжым үшін проблема туындайды. Ол осы жұмыс мазмұнына оқушыларды мақсатты түрде, әсіресе, орта және жоғары сынып оқушыларын, студенттерді оқытуда болып табылады. Мұндай оқыту оқу іс-әрекетінің өзінің модельдеу тәсілдерін қалыптастыруды, оқушылардың ең қолайлы күн тәртібін анықтауларын, оқу материалымен жұмыс істеудің ұтымды тәсілдерін саналы аңғаруын және оны кейіннен өңдеуін, терең, сонымен бірге тез оқу амалдарын игеруді, түрлі әрекеттердің, конспекттердің, оқу-практикалық міндеттерді қою мен шешудің жоспарын құруды қамтиды. Осы тұрғыда А.К. Маркова ұсынған оқу жұмысының тәсілдері үлкен қызығушылық тудыруы мүмкін:

- «мәтінді мағыналық қайта өңдеу тәсілдері, оқу материалын үлкейту, оның ішінен бастапқы идеяларды, принциптерді, заңдарды бөліп көрсету, міндетті орындаудың жалпыланған тәсілдерін саналау, мектеп оқушыларының белгілі бір санаттағы міндеттер жүйесін өз бетінше құру;

- оқу мәдениетінің (мысалы, ірі синтагмалармен «динамикалық оқу») және тыңдау мәдениетінің тәсілдері, қысқа және неғұрлым ұтымды жазу тәсілдері (жазып алу, жоспарлар, тезистер, конспект, аннотация, реферат, рецензия, кітаппен жұмыстың жалпы тәсілдері);

- есте сақтап қалудың жалпы тәсілдері (оқу материалын құрылымдау, бейнелі және есту естеріне сүйене отырып мнемотехниканың ерекше тәсілдерін қолдану);

- зейінді шоғырландыру тәсілдері, яғни мектеп оқушысының өзіндік қадағалаудың әр түрлерін пайдалануына, өз жұмысын сатылап тексеруге, тексеру тәртібін, «бірліктерін» бөлуге сүйенетін;

- қосымша ақпаратты іздеудің жалпы тәсілдері (библиографиялық материалдармен, анықтамалар, каталогтар, сөздіктер, энциклопедиялармен жұмыс) және оларды үйдегі кітапханада сақтау;

- емтиханға, сынаққа, семинарларға, зертханалық сабақтарға дайындалу тәсілдері; уақытты ұтымды ұйымдастыру, оны есептеу мен жұмсаудың, еңбек пен оқуды, қиын ауызша және жазбаша тапсырмаларды дұрыс кезектеп отыру, еңбек гигиенасының жалпы ережелерінің (режим, серуен, жұмыс орнындағы тәртіп, оның жарықтығы және т.б.) тәсілдері» [127, 50 б.].

Бұл жерде ақыл-ой еңбегін ұйымдастырудың жалпы тәсілдері де, оқу жұмысының нақты тәсілдері де, мысалы мәтінмен жұмыс істеу келтірілгені айқын. Соңғылардың қалыптасқандағы оқушылар мен студенттердің барлық оқу пәндері бойынша өзіндік жұмыстарының негізгі алғышарттарының бірі және де негізі болады.

Тағы атап өтейік, жалпы оқушылардың өзіндік жұмысы оқу іс-әрекеті тұрғысынан сыныптық оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруға негізделеді. Соның ішінде бұл мұғалімнің сыртқы қадағалауынан оқушының өзін-өзі қадағалауына және де сыртқы бағалаудан оның өзін-өзі бағалауының қалыптасуына өтуі мен олардың байланысына қатысты және бұл, өз кезегінде, мұғалімнің бақылау мен бағалауды жетілдіруін ұйғарады. Осыған сәйкес, мектеп оқушысында нағыз өз бетінше жұмысқа қабілеттілік қалыптасуы мүмкін бе деген сұраққа жауап педагог пен оқытылушының біріккен іс-әрекетінен, оның субъектіне ерекше талап қоятын және интеллектуалдық қанағаттану сезімін беретін іс-әрекеттің ерекше формасы ретіндегі осы жұмыстың ерекшелігін саналы аңғаруға байланысты.

Дәрісханадан тыс жұмыс

түрлерінің салыстырмалы сипаттамалары

Оқытылушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктерімен олардың үй жұмыстары, сыныптық, сыныптан тыс жұмыстары (мектептен тыс), яғни олардың барлық дәрісханалық және дәрісханадан тыс,сабақтан тысжұмыстарының барлық түрлерісалыстырылуы мүмкін. Олардың барлығы қандай да бір континуум құрайтыны айқын (қандайда бір бірізділік), оның полюстері бір жағынан оқушының сыныптық жұмысы, ал келесі жағынан – оқу іс-әрекетінің өзіндік ұйымдастырылу жоғарғы формасы ретінде оның өзіндік жұмысы сияқты берілуі мүмкін (кестені қараңыз).

Мектеп оқушысының өзіндік жұмысы

  Негізгі критерийлер Оқу жұмысының түрлері
Сынып (аудитория- лық) жұмысы Сабаққа дайындық ретіндегі үй жұмысы Сынып жұмысына қосымша ретіндегі мектептен, сыныптан тыс жұмыс Оқу пәні бойынша мектеп жұмысымен қатар орындалатын өзіндік жұмыс
Басқару көзі бойынша (бақылау): мұғалім бақылауы оқушының өзіндік бақылауы   +   +   + +   +
Іс-әрекетті жүзеге асы-ру сипаты бойынша: сырттан берілген ре-жим өз жұмыс режимі   +   +   + +   +
Түрткі сипаты бойын-ша: мұғалімнен, мектептен өзіндік таным қажет-тілігі немесе жетістікке жету қажеттілігі   +   +   + +   +
Басқару көзі – мұғалім-нің қатысуы бойынша: оның қатысуымен оның қатысуынсыз   +   +   + +   +
Оқу іс-әрекетінің оры-нын тіркеу бойынша: тіркелінген (мысалы, сынып тіркелмейді)   +   +   +   +

Оқу жұмысының түрлерінің талдауы келесіні көрсетеді: өзіндік жұмыс іс-әрекет тәрізді оқушының өзінің танымдық қажеттілігімен, өзін-өзі бақылауымен, өз жұмыс тәртібімен, оны орындау орны мен уақытын таңдаудағы еркіндікпен сипатталады. Атап өтетін жайт, осылайша түсінілетін өзіндік жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістемелері әлі де толықтай жетілдірілмегенімен де, осы аймақтағы зерттеулер материалдары әлден осы проблемаға деген келістің негізін анықтауға мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған өзіндік жұмысты оқу іс-әрекетінің ерекше түрі ретінде қарастыру келісі дамыта оқыту принциптеріне сүйенеді. Бұл оқушылардың өзіндік жұмысы олардың пәндік құрамдастығын арттырумен қатар олардың осы іс-әрекет субъекті ретінде тұлғалық дамуына ықпал етуі керек деп ұйғарады.

Өзіндік жұмысқа оқыту бағдарламасы

Өзіндік жұмысқа оқытудың арнайы бағдарламасы төмендегілерді қамту керек:

- үйренушілердің мектепте, жоғары оқу орнында алған білімдер жиынтығын тереңдетуде, кеңейтуде өз танымдық қажеттіліктерін диагностикалауы;

- өздерінің интеллектуалдық, тұлғалық және физикалық мүмкіндіктерін анықтау, соның ішінде оқу орнында оқуынан тыс уақытын объективті бағалау;

- өзіндік жұмыстың мақсатын анықтау – жақын немесе алыс мақсатын, яғни ол танымдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін немесе, мысалы, оқуды жалғастыру үшін керек деген сұраққа жауап;

- үйренушінің зерттеу объектін немесе осы таңдаудың өзі үшін дәйектемесін өз бетімен еркін таңдауы (осындай таңдау негізінде, мысалы шет тілін оқуда, Англия тарихын, Германияның поэзиясын, музыкасын, Францияның өнерін және т.б. таңдау болуы мүмкін);

- нақты жоспарды, өзіндік жұмыстың қысқа және ұзақмерзімді бағдарламасын жетілдіру. Егер, сабақ кезіндегі ұстазбен жұмыс осындай бағдарлама құруға үлгі болса, өте тамаша болар еді;

- өзін-өзі бақылау формасы мен уақытын анықтау. Бақылау формасы ретінде оқушы біреуге керек (сызба, жоба, аударма, реферат және т.б.), яғни жұмыс нәтижесі өзі үшін, өзгелер үшін тұлғалық мәнді жұмысты таңдап алғаны өте орынды болар еді.

Әрине, осындай өзіндік жұмыспен айналыстаын оқушылар саны аз болуы мүмкін, бірақ оны ұйымдастыру шарттары оған әркімнің де қосылуына мүмкіндік беруі керек. Қорыта келе, оқытылушының өзіндік жұмысы оның оқу іс-әрекетінің өзгеше формасы ретінде мұғалім тарапынан алдын ала осы жұмыс тәсілдеріне, формаларына және мазмұнына оқытуды талап ететінін тағы бір рет атап өткіміз келеді. Бұл мұғалімнің ұйымдастырушы және басқарушы функциясының (икемділіктің түрлі дәрежесімен) маңыздылығын және сонымен бірге оқытылушының өзін оқу іс-әрекетінің нағыз субъекті ретінде саналауының қажеттілігін баса көрсетеді.

***

О қытылушының өзіндік жұмысы оның өзіндік білім беруі контекстінде қарастырыла отырып, өзіндік реттеу және мақсатты ұйғару критерийлері бойынша оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы болып табылады; ол басқару көзіне, түрткі сипатына және т.б. байланысты сараланып жіктеліне алады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Оқу іс-әрекетінің дербестілігі нені анықтайды (критерийлері)?

2. Өзіндік жұмысқа қандай талаптар қойылады?

3. Өзіндік жұмыстың даралық-психологиялық детерминанттары ретінде не бола алады?

Әдебиет

Вербицкий А.А. Самостоятельная работа студентов младших курсов // Высш. шк. России. 1995. № 3.

Осницкий А.К. Психология самостоятельности. М., Нальчик, 1996.

Якунин В.А. Психология учебной деятельности студентов. М., 1994.

V БӨЛІМ

ТҮРЛІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ

  Ешбір басқыншы, ешбір мем-лекет қайраткері бұқара мәнін өзгерте алмайды... Алайда, мұғалімнің бас-қыншылар мен мемлекет басшылары-нан айырмашылығы - мен бұл сөзді ең кең мағынасында қолданып отырмын, олар, мұғалімдер адамзат-тың жасырын күштерін босатып, жаңа қиял тудыруға қабілетті. Николай Рерих. Половодье

1 тарау. Педагогикалық іс-әрекеттің


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: