Кіріспе 3 страница

3.7 Оқытушының басқаруымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар. Ақпаратты блок(100 минут)

Тест дейінгі ПӘК жүргізу бойынша рөлдік ойынды жүргізу: кеңесшінің 2 – 3 мысалы, сосын кеңесшінің қолданатын ауыз бен дене тілімен айтатын әдістерді талқылау.

Талқылау. «Жақсы» кеңесшінің негізгі сапаларын талқылау. Ауыз бен дене тілімен айтатын әдістерді үйрету. Ашық сұрақтарды, науқастын тәртібін кінәламайтын сөйлемдерді «бейнелеу» және т.б.

Бақылау сұрақтар (10 минут)

1. ИФТ АИВ мағыналарға анықтама беру.

2. ИФТ АИВ теріс және оң нәтижелерінің мағыналарын анықтау.

3. Иммундық блотинг анықтамасын айту.

4. «Иммунологиялық терезе» дегеніміз не?

5. ҚР АИВ-инфекцияның нақтама алгоритмді айту.

6. Ерікті кеңес жүргізуінің және тесттілеудің негізгі қағидаларын атау.

7. АИВ-ке тесттілеуге психоәлеуметтік кеңес жүргізу сызбасын айту.

8. ИФТ АИВ теріс нәтижесінде тест дейінгі кеңес жүргізуінің мақсаттарын мен міндеттерін айту.

9. ИФТ АИВ теріс нәтижесінде тест кейінгі кеңес жүргізуінің мақсаттарын мен міндеттерін айту.

10. ИФТ АИВ оң нәтижесінде кеңес жүргізуінің ерекшеліктерін айтуу.

4 САБАҚ

ЕҚӘХ топтардын коммуникация тәсілдерінің ерекшеліктері, кеңес жүргізуінің дағдылары

АИВ-ке тест өтуіне ұсыну маңыз егер эпидемиологиялық анамнезінде келесі белгілер бар болса.

1. АИВ-инфицирленген адамдармен жыныс қатынастар болды.

2. Есірткелерді және (немесе) психобелсенді заттектерді қолданатын адамдар.

3. Есірткелерді және (немесе) психобелсенді заттектерді қолданатын жыныс серіктес (тер).

4. Еркектер басқа еркектермен секс қатынаста болғандар.

5. Соңғы 12 айда адамдардын өздері немесе олардын жыныс серіктестері бір жыныс серіктестен аса секс қатынаста болғандар.

6. Төлем ақы ретінде секс-қызметтерді ұсынатын адамдар.

7. Соз аурулармен адамдар.

8. Зорлық көрген адамдар.

9. АИВ-инфицирленген аналардан туылған балалар.

10. Есірткелерді, психобелсенді заттектерді қолданатын аналардан туылған балалар.

11. АИВ-инфицирленген немесе мүмкін инфицирленген адамның қанымен немесе ағзадағы басқа сұйықтықтармен қатынаста (сонымен қатар кәсіптік) болған адамдар.

АИВ жұғу қауіпі шектелуінде ЕҚӘХ негізгі топтарды және кеңес беруінің ерекшеліктерін қарастырайық. ЕҚӘХ кеңес беруінде ерікті тесттілеудің және кеңес беруінің барлық қағидалары сақталынатындығын білу қажет, ол осы модульде жоғары көрсетілген.

4.1 АИВ таралуының жыныс жол арқылы қауіпі бар ЕҚӘХ топ. Ақапартты блок (25 минут)

СЖ – әйел адам/ер адам секс жұмысшылары көп жыныстық серіктестер болуымен АИВ жұғуы жағары қауіпінда болу мүмкін. Кейбір клиенттер мүшеқаппен айналасуға қарсы болады. Сондай ЕҚӘХ топтарда ЖЖБИ кең таралған және АИВ таралуының қауіпі он есе жоғары болу мүмкін. Көбінесе СЖ 2/3 жуық басқа қаладан келген немесе шетел азаматтар, ол өз ретімен медициналық қызметтердің қол жетілімдігін алуына әсер етеді.

ЕЕС – ерекектер басқа еркектермен секс қатынаста болғандар. Осы топ ЕҚӘХ топтарға аналдық секстің жоғары жарақаттануынан, жалпы халық арасында стигма мен дискриминация жоғары деңгейі (гомофобиялар) болғандықтан кірді. Қорғаусыз секспен айналысқанда АИВ жоғары жұғу қауіпі болу мүмкін.

Жыныс жолмен таралуының негізгі бағдарлары. Қауіпсіз сексуалды тәртіптің түсінігі. ЕҚӘХтоптарына кеңес жүргізу кеңесшінің міндеттердін біреуі ол мүшеқаптарды және любрикантарды қолдауымен тәртіптің қауіпсіз формаларға клиентті бағдарлану. Қауіпсіз сексуалды тәртіпке жыныс серіктеске сенімділік, неке болмай тұрып сексуалды қатынатар болмауы, мүшеқаптарды қолдануы, ЖЖБИ анықтауы мен емдеуі кіреді. Алдын алу шаралардын шектелуінде Достық клиникалардын ашылуы тәжірибесі қолданылады, сол жерде гинеколог және/немесе дерматовенеролог СЖ, ЕЕС, ЖЖБИ анықтау мен емдеу бойынша барлық клиенттерге гемоқатынасты инфекцияларға (АИВ, СВГ, ВГВ, мерез) тесттілеу өтуіне жасырын мен құпиялық ретінде медициналық көмек ұсынылады. Соған қарамастан, ЖИТС орталығының қызметкерлері арнайы көлікпен СЖ тұратын орындарға шығып медициналық-әлеуметтік көмекті көрсетеді.

4.2 АИВ таралуының паренералды қауіпі бар ЕҚӘХ топ. Ақпаратты блок (25 минут)

ИЕҚ – инелік есірткелерді қабылдаушылар – ҚР негізгі себеп және эпидемияның қозғалысы. АИВ-ке тесттілеу науқастын ақпаратты келісімімен, тест дейінгі адекватты ақпарат алуымен және кеңес жүргізілуімен, тесттен кейін кеңес жүргізуімен, құпиялықты сақтауымен, басқа қажетті қызметтерге жолдама беруімен жүргізілу керек.

ИЕҚ әңгімелескен кезде барлық қағидалар мен ерікті кеңес беруінің әдістері сақталынады (3.2 және 3.5 қара).

ИЕҚ кеңес жүргізген кезде АИВ-статустын білім артықшыларға назар аудару керек:

• ең қауіпсіз тәртіпке өзгертуіне көмектеседі;

• керек кезде өз уақытында ерекше ем бастауына, өмір сақтауына әсер ету мүмкін;

• өз жақындастарына АИВ таралуын жою;

• балаға АИВ таралуын жояды.

Соған қарамастан, мамандар клиенттерде АИВ-ке тест өтпеуіне құқығы бар деп айту керек және ол басқа қызмет алуының қол жетілімдігіне әсер етпейді деп мәлімдеу керек, бірақ егер АИВ-инфекция анықталса онда ол инфицирлену мүмкін қатынаста болатын адамдарға хабарлау керек.

ИЕҚ жиі тесттілеуден бас тартады. Науқастын тесттілеуден бас тартқаны медициналық қызметтерді ұсыну сапасының төмендетуіне немесе ұсынудан бас тарпауға, мәжбүрлі ем алуына немесе құпиялық қағидасының бұзылуына келтірмеу керек. Ол тағы АИВ-статусына қарамай науқастын медициналық қызмет қол жетілімдігіне әсер етпеу керек. Тесттілеуден бас тартқан адамдарға клиенттің немесе медициналық қызметкерлердің бастама бойынша болашақта тесттілеуден өтуіне, кеңес алуына ұсынылады. АИВ-тестілеуден бас тарқан науқастын дерегін оның медициналық құжатамаларда тіркеу керек, өйткені болашақта келген кезде сол мәселені қайтадан талқылауға болатындай.

Медициналық мейірбике науқасты өзіне қаратып алу керек және ол өзін еркін сезіну үшін ыңғайлы жағдайды жасау керек. Жағдайларға қарамастан клиент мейірбикеге келгенінді дұрыс істедім деп сезу керек. Қошемет пен көтермелеу кездесуді жақсы жүргізуіне көмектеседі.

Клиент қошеметте мен көтермелеуде мұқтаж етеді, бірақ ең алдымен сыйлау мұқтаж етеді. Ересек пен жауапты адамдарға сияқты қарап клиенттерді көтермелеу керек, өйткені олар көтермелеуде мен қошеметте мұқтаж етеді.

4.3 Жаттығу «Мақтау мен көтермелеу» (25 минут)

"Мақтау мен көтермелеу"

Мақсат: қошеметтерді және сынауды тараты бойынша клиентпен кездесуді сахналау. Мазмұны.Клиенттің келесі өтініштерге жауап беру үшін студенттерге ойлануға ұсынылады: «Мен кеше дәрілерді алуына келе адмадым», «3 күн бойы жүрегім айнып жүр», «Мен АИВ-ке зерттелмеймін», «Мен шылым шегуді тастамаймын, өйткені екі шылым күніне шексем ол менің денсаулығыма зиян келтірмейді» және т.б.

4.4 АИВ таралуының перинаталды қауіпімен ЕҚӘХ топ. Ақпаратты блок (100 минут)

АИВ-инфекцияның таралу жолдарының бірі перинаталды болып табылады, яғни АИВ-инфицирленген жүкті әйелдер жүктілік, босану және баланы босанғаннан кейін – емшекпен емізген кезде өз баласын жұқтырып алу мүмкін. Босанудын алдынғы саласында қызмет атқаратын кеңесші (мысалы, әйел кеңесі, отбасылық денсаулық орталығы және т.б.), өз АИВ-статусын білмейтін әйелге тесттілеуді ерте өтуіне ұсыну қажет.

Тесттен кейін әйел жеке кеңесті алады, сол кезде АИВ ерекшелерін жақсы білетін кеңесші оның өміріне, жүктілікке және әлі туылмаған балаға АИВ әсері туралы айту керек.

Әйелдердің тест дейінгі ақпарат пен кеңес алуына кіреді:

• жыныс жолымен АИВ таралуы және оның қалай жою туралы ақпарат;

• анадан балаға АИВ таралуының және мүмкінді интервенциялар туралы алынған ақпарат;

• АИВ-тесттілеу туралы ақпарат;

• құпиялықты қамтамасыз ету, ВИЧ-статусты ашуын талқылау, жұпқа кеңес беру мүмкіндігі;

• тесттің теріс нәтижесінің зардаптары, АИВ-теріс қалуына берілген ақпарат, емшек сүтімен тамақтандырудын насихаты, отбасыны жоспарлау;

• тесттің оң нәтижесінің зардаптары, оңтайлы интервенциялардын шығымдары мен пайдалары, нәрестерлерді қауіпсіз тамақтандыруының насихаты, отбасыны жоспарлау, өзінің, отбасының мен баланың түрткілеттіруінің мүмкіндіктерін талқылау стигманың мүмкінді әсері;

• қауіпті бағалау бойынша кеңес жүргізу.

Репродуктивті денсаулық қызметтерге келетін жас әйелдерге мен еркектерге АИВ жыныс жолымен таралу және анадан балаға вирус таралу мүмкіндіктер туралы ақпарат ұсынылу керек. АИВ-инфицирленген жұптарға қажетсіз жүктіліктерді болдырмауына және жаңа инфекциялардын жаңа оқиғаларын төмендетуіне көмектесу. Кеңесші тағы жұпқа кеңес беруінің пайдасын талқылау керек. АИВ-инфекция таралуын төмендету бойынша кейбір тиімді шараларға қол жетілімдігі серіктестің қолдауынан байланысты болу мүмкін. Егер мәдениетті немесе басқа себептер бойынша еркек осы мекемеде рәсімдерді жүргізуінен қарсы болса онда кеңесші әйелге және оның серіктесіне басқа мекемеде кеңесті алуына мен тест өтуіне ұсыну қажет. Оңтайлы шығымдарын және тесттілеудін пайдасын әйелдерге (серіктестермен бірге немесе оларсыз) салыстыруға көмектесу үшін тест дейінгі кеңесте инфицирленген анадан балаға таралған АИВ төмендету бойынша бар шаралар туралы ақпарат ұсынылу қажет Егер кейбір араласулар жасаланбаса онда АИВ-инфицирленген анадан туылған балалардын жартысы өз аналардан вирусты жұқтырады, соны әйелге айту керек.   Әлем бойынша АИВ-пен өмір сүретін 15 жастан дейін 2,1 миллион балалардан 90% ананың жатырында жұқтырып алды. Әртүрлі мемлекеттерде жүргізілген зерттеулерде (мысалы, Қытай, Индия, Кения және Замбия), әйелдерге әсер ететін гендерлік теңдіксіз, стигма мен дискриминация жүргізілетін шаралардын тиімділігін бұзатындығын көрсетті. Мысалы, Замбияда әйел кеңесіне келген әйелдердің саны АИВке тест өткен әйелдердін санына қарағанда көп және АРВ алдын алуда мұқтаж ететін АИВ-пен жүкті әйелдердің саны АРВ алдын алуды алған және емшек сүтімен тамақтандыру бойынша кеңес алған әйелдердің санына қарағанда көп. Көбінесе күйеулер өз серіктестерді осы қызмет алуында қолдаған жоқ, өйткені әйелдер стигмадан қорқты.

Араласу осы санды 10% төмендету мүмкін. Егер оның АИВ-статусы белгісіз болса оған ең тиімді интервенциялар жасаланбау мүмкін екенін әйелге түсінікті болу қажет. Егер емшек сүтімен емізу ол жалпылама, жеке өмірдің дербес құқықтылығы шектелінетін және жасанды емшек сүті қымбат болып табылса онда әйел өз АИВ-статусын өз отбасына немесе қоғамдастарға айтпай отырса АИВ-оң әйел емшек сүтіне балама таңдай алмайды. Егер әйел өз АИВ-статусын ашса онда оның күйеуі оны тастап кету мүмкін, ажырасып кету мүмкін және ол басқа дискриминацияға да ұшыру болу мүмкіндігін кеңесші әйелге түсіндіру керек.

АИВ-теріс нәтижемен әйелдерге келесі мәселелер бойынша ақпарат пен кеңес беріледі:

• болашақта АИВ-инфекцияның оқиғаларын жою үшін ақпарат беру;

• егер әйел жүктілік пен емшекпен емізу кезінде АИВ-инфицирленсе онда балаға инфекцияның таралуы жоғары қауіпта болу мүмкін;

• баланың денсаулығы үшін орнықтылылықтын және тек емшек сүтімен емізуінің маңызын белгілеу керек.

Егер жұп бірге тесттен өтсе және олардын нәтижелері теріс болса, онда АИВ жыныс жолымен таралуының алдын алу туралы тест дейінгі ұсынылған ақпарат бекітілу керек, тағы болашақта жүктілік және емізу кезінде инфекцияны жұқтырып алмау үшін ерекше маңызын айтып кету керек.

АИВ-оң нәтижемен әйелдерге келесі мәселелер бойынша ақпарат пен кеңес беріледі:

• болашақта АИВ қайта жұқтырып алмау туралы ақпарат беру;

• терапияның түрлері және шығымдар туралы ақпарат беру;

• тамақтандырудын түрлері, денсаулыққа пайда, емшек сүтімен емізу, емшек сүтінің жасанды тамақтарға шығымдар, стиманың әсері және қажетті контрацепция туралы кеңес беру;

• болашақта ұрықтылық туралы ақпарат пен кеңес беру;

• инфицирленбеген сексуалды серіктестерге АИВ таралу алдын алу туралы ақпарат беру;

• жалпы құпиялық туралы кеңес беру;

• қолдауға ақпарат пен бағыт беру, өмірге позитивті қарауына қызмет ету және қамтамасыз ету.

Тесттің оң нәтижесі екі ең тиімді араласу үшін міндетті жағдай болып табылады – анадан балаға АИВ-инфекция таралуын төмендеуі: антиретровирустік ем және емшек сүтімен емізбеу немесе төмендету. Осы мәселелер 9 сабақта ағартылалады.

Қазақстан бойынша мәліметтер ҚР барлық азаматтарға мемлекет арқылы әлеуметтік статусына қарамастан ЖИТС аймақтық орталықтарда тегін медициналық көмек ұсынылады. Сонымен қатар, кепілденген медициналық көлемі АИВ-статусына қарамастан әр Қазақстан азаматтарға қол жетілімді болу керек. «Халық денсаулық және денсаулық сақтау жүйе туралы» Кодекс бойынша АИВ–позитивті адамдарға медициналық көмек тегін ұсынылады. ҚР 2009 жылдан бастап АРВ-дәрілер түгел мемлекеттік бюджетпен сатып алынады және АӨА тегін беріледі. Мысалы, 2012 жылда Алматы қ. республикалық бюджет арқасында 268 млн. теңгеге дәрілер алынды (1,8 млн. АҚШ доллар).   Литвада барлық АИВ-инфицирленгендерде және ЖИТС-пен ауратын науқастарда міндетті медициналық сақтандыруының мемлекеттік құралдармен кепілденген. Сонымен қатар, әлеуметтік статусына, еңбек қабілетіне, АИВ-инфекцияны жұқтыру жолына немесе күдікті халық топтарға тиістілігіне қарамастан барлық АИВ-инфицирленген адамдарда тегін медициналық көмек алуға мүмкіндігі бар. Европа қоғамдастықта тіркелген дәрі-дәрмектер Литвада да болу мүмкін. Литвада 2002 жылда міндетті медициналық сақтандыру Қорынан АРВ дәрілерді теңелту шешім қабылданды. АРВ-дәрілер орталықтандырылған түрімен сатып алынады. 2003 жылы антиреровирустік дәрілерді сатып алуына 1,5 миллион лит бөлінді (500 мың АҚШ доллар). Литвада бір адамның емі орташа есептегенде 25 мың литқа жуық (10 мың АҚШ доллар). Латвияда 2008 жылы бір адамның емі 9 мың лат тұрды (18 мың АҚШ долларға жуық), 2010 ж. - жылына 4 мың лат (7 мың АҚШ долларға жуық).

АИВ-инфицирленген әйелдерге, антиретровирусты дәрілерге қолжетілімдігі бар ма әлде жоқ па қарамастан, емшектегі балаларды тамақтандырудын түрлері туралы толық ақпаратты беру керек. Әйелдер балаға жасанды тамақ туралы және екі жылға оның баға құның туралы ақпарат алу керек. Егер әйел жасанды тамақпен баланы тамақтандыруға шешімді қабылдаса онда онымен таза суға, отынға, құрал жабдықтарға, тамақтандыру құралдарға қол жетімділігін туралы талқылау қажет.

Әйелдер немесе жұптар бала туу туралы оңай түрімен шешімді қабылдаса, әйелдер болашақтағы жүктіліктер және қауіпті секс туралы қауіпін түсініп тұрғанынды кеңесшінің көз жету керек. АИВ-инфицирленген әйелдер егер болашақта жүкті болғысы келмесе онда олар отбасын жоспарлау бойынша мамандарға жіберілу қажет. Екі жыл бойы жасанды тамақпен баланы тамақтандыратын әйелдерге емшекпен емузудің бала тууға әсерін төмендету үшін контрацепция мәселелер бойынша кеңес алу керек.

Кеңесші АИВ-оң науқастарға кіммен ақпаратпен бөлісуге болатынды шешу үшін көмектесу керек. Кеңесші тек қана клиентке тест нәтижесін айту керек, басқа адамдарға ол тек клиенттің рұқсатымен айта алады. Кеңесші басқа адамдарға тест нәжесін айтуының мүмкінді артықшыларды және кемшіліктерді талқылау керек. Егер серіктеске тест оң нәтижесін мәлімдеуі онда ол әйелді менсібеу мүмкін. Тест оң нәтижесін отбасының мүшелеріне мәлімдеуі психологиялық қолдауды, қажетті көмекті алуына және болашақты жоспарлауына көмектесесуге қамтамасыз етеді. Тест оң нәтижесін басқа денсаулық сақтау қызметтерге мәлімдеу әйелге ақпаратты, жүктілік кезінде және өмір бойы өзіне және өз баласына үшін жақсы күтімді алуына кепілдік береді.   Жүкті әйелдер: АИВ-ке тесттілеу- артықшылар және кемшіліктер Артықшылықтар: • АИВ-статусты білуі лайықты емді дер кезінде бастауға көмектеседі; • АИВ-статусты білуі ол баланы инфекциямен жұқтырып алмауына мүмкіндік береді.; • Әйелдер өз теріс нәтижелі АИВ-статусын білсе, онда олар АИВ алдын алу бойынша қажетті шараларды қабылдау мүмкін және өз қауіпті тәртіпті өзгерту мүмкін (керек кезде). Кемшіліктер: • АИВ-ке тесттілеу әйел жөнінде ол зорлыққа ұшыру мүмкін; • егер АИВ-ке тест әйел өтсе онда оны кінәлау мүмкін және ол қоғамда стигматизация әсіре түсу мүмкін; • АИВ-ке тесттілеу уайымшылға және психологиялық зардаптарға келтіру мүмкін.

Тесттің оң нәтижесін қолдау топтағы басқа АИВ-оң нәтижемен адамдарға мәлімдеуібілімді алуына және түрткілеу дағдыларын күшейтуіне әсер ету мүмкін. Медициналық қызметкерлер әңгімелескен кезде жиі арнайы терминдерді мен қиын сөйлемдерді қолданады. Клиент шатасу және/немесе қорқып қалу мүмкін. Науқастармен түсінікті тілде әңгімелесу ол өте маңызды – ол түсінігін жеңілдетеді, дұрыс түсінбеуінен және өсек пайда болуынан қашуға көмектеседі, клиентте болған қате ақпаратқа түзетулерді енгізуге көмектеседі.

4.5 Жаттығу «Қарапайым жауаптар»(25 минут)
"Қарапайым жауаптар"

Мақсат: медициналық сөйлемдерді және терминдерді басқаша айту. Кеңесшінің қағидасына үйреніп алу – қарапайым және түсінікті айту. Мазмұны.Студенттерге жеңіл айту үшін терминдер және сөйлемдер ұсынылады: «Жұқпалы ауру», «Үдемелі», «Оппортунисттік инфекция», «Жағымсыз әсер» және т.б. Топта талқылау.

4.6 АИВ-инфицирленген балаларға кеңес жүргізу және тесттілеу. Ақпаратты блок (100 минут).

Балалар жөнінде әртүрлі іс-әрекеттерде бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциямен сәйкес «ең алдымен баланың мүдделерін жақсы қамтамасыз етуге назар аударылады». Осы жағдай медициалық көмегінде шешім қабылдауына тиісті. Басқа науқастарға қараған сияқты балаларда АИВ-тесттілеу жүргізуінде баланың мүдделері сақталыну қажет және оның денсаулығы жөнінде оңтайлы нәтижелерге жетуіне бағдарлану қажет. Балаларға АИВ-тесттілеуде және кеңес жүргізуінде өз ерекшеліктері бар, олар мемлекет деңгейде ерекше стратегияны қабылдауға талап ету мүмкін.   1987-2005 жылдар арасындағы эпидемия кезінде АИВ-инфицирленген аналар 27 551 тірі балаларды туды, соның ішінде тек 2005 жылда - 6699 балалар (барлық тірі туылған балалардын санынан алынғанда 24,3%) туылды. 2005 жылдын аяғында перинаталды АИВ-қатынаспен туылған балалардын жартысында АИВ-статус дәлелденген, 1463 балаларда (10,8%) АИВ-инфекция диагнозы қойылды. Диспансерлік есепте нақты диагнозды қойылғанға дейін АИВ-инфицирленген анадан туылған 14 031 бала тұрды. Балалардын тәжірибе бақылауында АИВ-инфицирленген анадан туылған балаларда жиі ауыр инфекциялар байқалады, кейбір кезде өлім-жітімімен. Осы категорияның арасында акушерлік ауруханаларда жоғары перинаталды өлім-жітімімен көрсеткіш байқалады, осы көрсеткіш жалпы популяциядағы балалар арасында 2,4 ретте жоғары болып тұр.

АИВ-инфицирленген балаларға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің ұйымдастыруының негізі оларға кешенді зерттеулерді мен емді, толық мөлшеде жоғары белсенді антиретровирустік емімен қамтамасыз ету және қажетті психологиялық пен әлеуметтік көмегін ұсыну, балалар арасында АИВ-инфекция бойынша оқиғаны бағалау болып табылады.

Әртүрлі денсаулық сақтау мекемелердің әрекеттесу жүйенің ұйымдастыруы (жұқпалы қызметтер, аналық-балалық қорғау қызметтер) және АИВ-инфицирленген балаларға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету бойынша халықты әлеуметтік қорғауы келесі міндеттердің шешуіне бағытталған:

• АИВ-инфекция таралуының алдын алу шараларына қамтамасыз ету;

• АИВ-инфекция мәселелер бойынша кеңес жүргізуге қамтамасыз ету және балаларда АИВ-инфекцияны дер кезінде анықтау;

• перинаталды таралуының кешенді алдын алуын жүргізу және үш кезеңді антиретровирусты алдын алуды кең қолдану;

• жоғары белсенді антиретровирусты емде мұқтаж ететін балаларға қамтамасыз ету;

• АИВ-инфицирленген анадан туылған балаларға жасанды тағамға қолжетілімдігіне қамтамасыз ету;

• АИВ-инфицирленген әйелдерге және балаларға әлеуметтік-психологиялық жүргізуін қамтамасыздандыру;

• жүргізілетін алдын алуды, емді және әлеуметтік-психологиялық жүргізуінің тиімділігін бағалау;

• АИВ-инфицирленген жүкті әйелдерге және балаларға медициналық-әлеуметтік көмекті көрсету үдерісінде қатысқан барлық медициналық қызметтер АИВ-инфекция мәселе бойынша білім беру.

Аналық антиденелер жолдас арқылы кіріп баланың ағзасында 18 ай болу мүмкін. Сонымен қатар, АИВ-инфицирленген анадан туылған нәрестелерде ерте жасалған нақтама вирусологиялық тесттердің әсіресе ДНК полимеразды тізбекті реакцияны (ПТР) қолдау мүмкіндігіне байланысты. Диагноз қойылмағанша АИВ-инфицирленген анадан туылған нәрестені назарынан алуға болмайды. Нәреске АИВ-инфекция барын дәлелдеу үшін ерекше медициналық көмек, клиникалық жағдайын бақылауы, иммундық статустын мониторингі, оппортунистік инфекциялардын алдын алуы мен емдеуі және қол жетілімді жерде антиретровирусты ем қажет. Сонымен қатар әдеттегі медициналық рәсімдерге түрлендіру қажет болу мүмкін (мысалы, балалардағы таралған инфекцияларды емдеу, вакциация).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: