Иммундымодуляторлар. Иммундымодуляторларға (ИМ) бір қасиет ортақ –олардың бәрінде иммуноциттер жасушасында орналасқан иммунологиялық

Иммундымодуляторларға (ИМ) бір қасиет ортақ –олардың бәрінде иммуноциттер жасушасында орналасқан иммунологиялық әсер ететін нүктелері,яғни нысаналары (мишени) болады.Клиникалық пайдалануға іріктеліп алынған ИМ-ды вирустық аурулардың көпшілігінде қолдануға болады,олар иммундық жүйені жұмылдыра отырып,инфекцияларға қарсы иммундық резистенттілікті күшейтеді.

Иммунды әдіспен емдеудің негізгі үш типі бар: белсенді(активті), бейімдеуші (адаптивті) және енжар(пассивті). Препараттардың негізгі топтары, әсер ету механизмдері және олардың қолдану көрсеткіштері 5.14-кестеде берілген.

Кесте 5.14.

Иммунды әдіспен емдеу типтері, препараттар және клиникалық қолдану

Типі Типшесі (подтип) Негізгі әсер ету механизмі Препараттар Көрсеткіштері
Активті Стимулдеуші Иммунды - компонентті жасушаларды және / немесе олардың өзара әсерлесуін, және де қосымша иммунитет факторларын (макрофагтар, комплемент жүйесі) стимульдеу Адъюванттар, стимуляторлар (мысалы БЦЖ), IFN индуктор-лары,полиэлек-тролиттер. Созылмалы вирустық аурулар. Инфекциялық асқынулармен жүретін иммунды тапшылық жағдайлар.
Адаптивті   Иммунды-компонентті жасушалардан алынған препараттардың көмегімен иммундық жауапқа қабылеттілігін қалпына келтіру немесе стимульдеу. Цитокиндер (IL-1,-3-,4-,5-, 6-,7,TNF) IFN, тимус гормондары. -/-
Пассивті Алмастырушы Иммунды-компонентті жасушалардың (сенсибилизацияланбаған) және иммундыглобулин-дердің көмегімен иммундық реакцияларға қабылеттілігін қалпына келтіру (немесе жоғарылату). Лейкоциттер қоспасы, сүйек кемігінің лимфоциттері, ФГА–мен өңделген лимфоциттер, иммундыглобулиндер, IFN -/-

Вирустар қоздыратын екіншілік иммундытапшылық дамуының негізгі себептеріне жатады: мононуклеарлық фагоциттердің, миелопоэтикалық жүйе жасушаларының және табиғи киллерлердің дисфункциясы; В-және Т-лимфоциттер субпопуляциясындағы өзгерістер; иммунологиялық жауап медиаторлары(IL, IFN ж.б.)-цитокиндердің өндірілуінің зақымдануы нәтижесінде иммунды-компонентті жасушалар функциясын реттеудің бұзылуы. Әрине, келтірілген бұзылыстарды емдеуде - ИМ бірінші орында. ИМ-ды басқа да жағдайларда қолдануға болады:

· жұқпалы аурулармен науқастанушылықтың маусымдық көтерілуі басталғанда;

· жұқпалы аурулар бойынша гиперэндемиялық аудандарға барғанда;

· иммунды-және интерферондық тапшылығы бар қауіпті топтар арасында(жас балалар, қарттар ж.б.);

· вирустық инфекциялар кезінде аутоиммунды аурулар дамығанда.

Әдетте, жедел дамитын және өте ұзаққа созылатын вирустық инфекциялар кезіндегі екіншілік иммунды-тапшылықты емдеу және рецидивті іріңді асқынулардың алдын-алу үшін ИМ-ды қолданудың маңызы зор. Көбінесе ИМ-ды басқа дәрілік препараттармен (әдетте этиотропты әсер ететін) бірге кешенді емдеу қолданылады. Арнайы бағытталып және таңдамалы әсер ететін нысана-жасушуларды дәл табу ИМ–дың маңызды қасиеттерінің бірі болып табылады (5.15.-кесте). Келтірілген мәліметтер бойынша бактериялық өнімдер (ЛПС, сальмазан, продигиозан ж.б.) макрофагтарға; IL- 4,- 5,- 6 B- лимфоциттердің өсуіне және дифференцирленуіне; тиминдік пептидтер (тимозин, тимопоэтин, тималин, тактивин), левамизол, ФГА, ПАК және IL- 1, 2, 3

T- жасушалардың әртүрлі субпопуляцияларына әсер етеді. IFN-плеотропты лимфокиндерге, ал синтетикалық және табиғи полифосфаттар мен поликарбоксилаттар-поликлональдық стимуляторларға жатады.

Кесте 5.15.

Бірінші буындық иммундымодуляторлардың әсер ету механизмі және антивирустық белсенділігінің спектрі.

Препарат Негізгі әсер ету механизмі Аурулар
Левамизол Т- лимфоциттердің және фагоциттер функциясын қалпына келтіру Ұшықтық аурулар
Инозиплекс Т-лимфоциттерді стимульдеу Грипп, ұшық
Миелопид В- лимфоциттерді стимульдеу Ұшық аурулары
Бендазол,ЛПС,метилурацил, пентоксил, пирогенал, продигиозан, сальмозан Фагоцитозды, антиденелердің өнім беруін, лейкопоэзді, киллерлік белсенділікті және қан моноциттерін стимульдеу Вирустық гепатиттер, грипп және басқа ЖРВИ, іріңді аурулар
IL-4,-5,-6 В- лимфоциттерді дифференцирлеу Ұшықтық аурулар
Тактивин тималин, тимоген, тимоптин. Т-лимфоциттердің әр түрлі популяцияларының функциясын қалпына келтіру, IL-1, 2,-3 және киллерлік белсенділікті стимульдеу Грипп және басқа ЖРВИ, біріншілік және екіншілік иммунды-тапшылықтар
Поликарбоксилаттар, полифосфаттар. Поликлональдық стимуля-торлар Вирустық гепатиттерді және басқа вирустық ауруларды кешенді емдеу

Ең көп зерттелген жаңа буындық препараттар арасынан биостим, ибупрофен, иммунал, имунофан, ИРС-19, ликопид, миелопид, полиоксидоний және басқаларды бөліп атау керек. Аталған преператтардың тиімділігін дәрігерлер және науқастар мойындап отыр. Дәрілік препараттар арасында өзіне лайықты орын алатын цитокиндер тобы бар (беталейкин, ронолейкин, интерлейкиндер IL-2, IL-12 және TNF). Бұл препараттарды баяу дамитын респираторлы вирустық ауруларды, атопиялық дерматиттерді және басқа да инфекцияларды емдеу үшін табысты пайдалануға болады. 5.16, 5.17-кестелерде ИМ-дың классификациясы, медициналық қолдану көрсеткіштері бойынша ИМ- дың жаңа буындары, оларға сезімал вирустық инфекциялар спектрі туралы мәліметтер жиынтығы келтірілген.

Кесте 5.16.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: