Каспий мемлекеттік 2 страница

5. Қосымша әдебиет

Атауы Авторы (авторлары) Баспа, басылған жылы Басылым түрі Кітапханадағы, данасының саны
  Демократия әліппесі Масатов Б. Алматы, Жеті жарғы, 1999 Оқу құралы  
  Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 1-10 сеессияларын-дағы баяндамалар жинағы Назарбаев Н.Ә. Астан, Елорда, 2005 Жинақ  
  Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 10 жыл   Астан, Елорда, 2005 Журнал  
  Дін және ұлт Булутай М. Алматы, Арыс, 2006 Жинақ  
  Саяси-құқықтық ілімдер тарихы Мұхамедов, Сатершинов, Сырымбетұлы Алматы, Заң әдебиеті, 2002 Оқу құралы  
  Қазақстандағы саяси жобалаудың негізгі элементтері. Қазақстандық реформаның әдіснамасы. Бисембаев А.А., Қойшыбаев Ғ.Т. Астана, Баспа-полиграф орталығы, 2010    
  Этнопсихология и межнациональные отношения Крысько В.Г. Москва, Экзамен, 2002 Оқулық  
  Главные идеологии современности Макаренко В.П. Ростов на Дону, Феникс, 2000 Оқу құралы  
  Этнополитология Арын Р.С. Павлодар,Эко, 2008 Оқу құралы  
  Политический анализ и прогнозирование Ахременко А.С. Москва, Гардарики, 2006 Оқу құралы  
  Методы политических исследований Боришполец К.П. Москва, Аспект, 2005 Оқу құралы  
  Политология Василик М.А. Москва, Гардарики, 2000 Хресто-матия  
  Политическая имиджелогия Деркача А.А. Москва, Аспект-Пресс, 2006 Оқу құралы  
  История политических учений Мартышин О.В. Москва., Юрист, 1996 Оқулық  
  Политические учения Миллер Д. Москва, Астрель, 2007 Оқу құралы  
  История политических и правовых учений Под ред. О.Э.Лейста Москва, Юридическая литература, 1997 Оқулық -
  История политических и правовых учений Под ред. В.С.Нерсесянца. М., НОРМА, 2001, 2-басылым. Оқулық -

6. Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-нің ПОҚ-ның басылған оқу құралдары

Авторы (авторлары) Атауы Баспа, басылған жылы Басылым түрі Кітапханадағы данасының саны
1. Кузутбаева Б.К., Исаева Л.Н. Саясаттану Ш. Есенов ат. КМТжИУ, 2010 Оқу-әдістемелік құрал  
2. Исаева Л.Н. Саясаттану Ш. Есенов ат. КМТжИУ, 2009 Электронды ресурс, оқу-әдістемелік кешен  
  Исаева Л.Н. Саясаттану Ш. Есенов ат. КМТжИУ, 2011 Электронды ресурс, оқу-әдістемелік құрал  

7. Әдістемелік нұсқаулар

Атауы Авторы (авторлары) Баспа, басылған жылы Кітапханадағы, кафедрадағы данасының саны
1. Тәжірибе түрлері бойынша әдістемелік нұсқаулар      
2. Диплом жұмыстарын (жобаларын) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар      
3. Білім алушылардың қорытынды мемлекеттік аттесталуы бойынша әдістемелік ұсыныстар      

8.Әдістемелік ұсыныстар

Атауы Авторы (авторлары) Баспа, басылған жылы Кітапханадағы, кафедрадағы данасының саны
1. Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік ұсыныстар Исаева Л.Н. Ш.Есенов атын. АктМУ, 2008  
2. Типтік есептеулер, есептеу-графикалық, зертханалық жұмыстар бойынша әдістемелік ұсыныстар Исаева Л.Н. Ш.Есенов атындағы КМТжИУ, 2014 ПОӘК, кафедрада

9. ПЭОӘК

Оқу сабағының түрі Бағдарламалық өнімнің атауы Пайдаланылуы
1. Контенттер    
2. Дәрістер курсы Слайдтар, схемалар Дәрісті өткізу үшін

10. Дәрістік кешен

Атауы Авторы (автрлары) Дәріскерде, кафедрада болуы
1. Дәрістер тезистері Исаева Л.Н. Дәрістер бар
2. Көрнекілік материалы Исаева Л.Н. Слайдтар бар
3. Үлестіру материалы Исаева Л.Н. Тесттер, сөзжұмбақтар бар

11. СӨЖ материалдары

Атауы Авторы (авторлары) Кафедрада болуы
1. СӨЖ тапсырмалары (рефераттар, бақылау жұмысы және т.б.) Исаева Л.Н. ПОӘК, кафедрада
2. Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі (4,5 п. көрсету) Исаева Л.Н. Силлабус, кафедрада

12. Пәннің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі

Мамандандырылған оқу зертханалары (аудиториялар, кабинеттер)

Аудитория, кабинеттің атауы Орын саны
1. К-5-3 ауд. 180 адамдық
     
     

Кафедра меңгерушісі

Келісілген: Кітапхананы жасақтау бөлімінің меңгерушісі

(4,5 пунктер)

6. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ (дәріс тезистері, көрнекі және үлестірмелі материалдар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі).

Дәріс 1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде.

Дәріс мақсаты: Саясаттану ғылымының қалыптасу кезеңдерін, бағыттарын, жеке дербес ғылым ретінде пайда болуын, зерттеу мәселелерін қарастыру. Қазақстандағы саясаттанудың дамуына тоқталып, оны оқып-үйрену қажеттілігіне тоқталу. Саяси ғылымның объектісін, құрылымын, әдістерін қарастырып, ұғымдарын, функцияларын көрсету.

Басты ұғымдар: саясаттану, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, саяси нақтылық, объект, субъект, әдіс, категориялар, саясаттанудың құрылымы, саясаттанудың функциялары.

  1. Саясаттанудың объектісі, пәні және құрылымы.
  2. Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары.
  3. Саясаттанудың әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны.

1.Саясаттану: объектісі, пәні, құрылымы. Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық, әлеуметтік жүйе әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Бұрын жоғары оқу орындарында тоталитарлық тәртіп, коммунистік идеология тудырған марксистік тұрғыдағы жасанды пәндердің орнына бүкіл дүние жүзі мойындап, өркениетті елдерде бұрынан оқытылатын бүгінгі заман талабына сай келетін пәндер енгізіле бастады. Солардың ішінде ерекше орын алатыны – саясаттану.

Саясаттанудың немесе саяси ғылымның өзіндік әдістік принциптері, түсінік, ұғымдық аппараты бар өз алдына дербес оқу пәні ретінде қоғамтану пәндерінен бөлініп қарастырыла бастауы – қазіргі Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру міндеттерімен байланысты.

Саясаттану терминіне келетін болсақ, саясаттану (орысша «политология») термині грек сөздерінен құралған: politike (мемлекеттік және қоғамдық істер, мемлекетті басқару ісі, мемлекетті басқару өнері деген мағынада), polis (қала-мемлекет) және logos (ілім, ғылым) сөздерінен құралған. «Саясат» («политика») сөзі Аристотельдің «Политика» деп аталған мемлекет, басқару, үкімет туралы трактаты ықпалымен пайда болған.

Саяси ғылымның пайда болуын ХІХ – ХХ ғғ. межесімен байланыстырады. Бұл кезеңде саяси құбылыстарды зерттеудің жаңа әдістемелері қалыптасты, олар қазіргі заманғы саясаттанудың дамуында маңызды роль атқарған түрлі мектептер мен бағыттардың пайда болуына әкелді. Саясаттанудың әдістемелері: позитивтік әдістеме (өкілдері О.Конт, Г.Спенсер), эмпирикалық (тәжірибелік) әдістеме (Ч. Мерриам), әлеуметтік әдістеме, марксизм, психоанализ (З.Фрейд),бихевиоризм.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін саясаттану өзінің зерттеу мәселелерінің шеңберін кеңейтті. ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап саясаттану ұйымдық жағынан да қалыптаса бастады. 1948 жылы Парижде өткен саяси ғылым мәселелері жөніндегі Халықаралық коллоквиумда саясаттанудың мазмұнын, оның негізгі мәселелерін анықтайтын құжат қабылданды. Онда саяси ғылымның негізгі зерттеу мәселелері болып төрт мәселе көрсетілді: саясат теориясы және саяси идеялар тарихы; саяси институттар; партиялар, топтар және қоғамдық пікір; халықаралық қатынастар. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың Халықаралық ассоциациясы (СҒХА) зор роль атқарды. ХХ ғ. 70-90 жж. саяси ғылымның түпкілікті институционалдануы жүзеге асты. Саясаттану жалпы мойындалған, ұйымдық жағынан құрылған, кең тармақталған білім беру және зерттеу мекемелері бар академиялық пәнге айналды.

Ал біздің еліміздегі саяси ғылымның дамуы күрделі қиын жолдан өтті. Алғаш болып саясат, мемлекет, билік жөнінде араб тілді түрік ойшылдары, ғалымдары - Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Яссауи өз еңбектерін жазды. XV-XVIII ғғ. қазақ хандары, Тәуке хан, ХІХғ. ағартушы-демократтары Шоқан, Ыбырай, Абай, ХХ ғасыр басында Алаш зиялылары – еліміздің саяси тағдыры, өз халқының болашағы туралы өз ойларын айтты.

Бұрынғы Кеңес Одағы елінде саясаттануды партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп оқытпады. Себебі, Кеңес өкіметі, шын мәнінде саяси сауатты адамдарды дайындауға мүдделі болмады. Бірақ бұл біздің елімізде саяси ғылымға еш көңіл бөлінбеді деген сөз емес. Саяси мәселелер тарихи материализм, ғылыми коммунизм, КОКП тарихы сияқты коммунистік идеологияға негізделген пәндер шеңберінде, ең алдымен қандай әлеуметтік- саяси процестер социализм мен коммунизмге әкеледі, сол тұрғыдан оқытылды. Алайда тек 80-ж. соңында саясаттануға деген көзқарас КСРО-дағы түбегейлі реформаларға, қоғамның демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуіне байланысты өзгерді. Қазіргі Қазақстанның барлық жоғары оқу оындарында бұл ғылым жеке пән ретінде оқытылады.

Саяси нақтылық – саясаттанудың зерттеу және үйрену объектісі. Кез келген ғылым сияқты саясаттанудың да өзінің объектісі мен мәселелері бар. Саясаттанудың зертеу объектісі – қоғамның саяси өмірі және ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер, яғни саяси нақтылық болып табылады. Қоғамдық өмір – объективті, әлеуметтік практикалық процесс. Табиғатқа қарағанда қоғамдық өмірдің субъектісі, яғни оның жасаушысы бар. Субъект қандай болса, белгілі бір дәрежеде тарих та сондай. Тарихи катаклизмдер, әлеуметтік эволюциялар – адамдардың іс-әрекетінің нәтижесі, әлеуметтік күштердің, орасан зор бұқараның өзара қатынастарының нәтижесі. Қоғамдық өмірдің бұл жағын «саяси нақтылық» деген түсінікпен анықтаймыз.

Саяси нақтылық объективті, себебі қоғамдағы әлеуметтік жіктеліс жағдайындағы үлкен топтар қатар өмір сүріп, бір-бірімен әрекет жасайды, топтар мүдделерін өзара үйлестіре отырып, шешімдер қабылдау және оларды жүзеге асыру қажеттілігі пайда болғандықтан, топтар арасындағы қатынастар саяси сипат алады. Саяси қатынастар субъектілер арасындағы қатынастар болғандықтан субъектілік сипат алады. Сондықтан саяси нақтылықтың маңызды әлеуметтік меселесі – осы субъектілердің мүдделерін үйлестіру және соның негізінде қоғамның тұтастығын сақтау, прогрестің шарты ретінде - әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету. Саясаттану саяси нақтылықтың шығу негіздерін, оның қоғамдағы орнын, құрылымын, пайда болу заңдылықтарын, дамуын, қызметін қарастырады.

Зерттеушілердің көпшілігі саясаттануды саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке келтіретін, жинақтап біріктіретін шоғырланған, бірнеше жеке пәндерден тұратын ғылым деп санайды. Зерттеу меселелеріне байланысты саясаттану мынандай бағыттардан (жеке пәндерден) тұрады: саяси философия, саясат теориясы, саяси әлеуметтану, саяси психология, саяси ілімдер тарихы, саяси антропология, халықаралық қатынастар теориясы. Саясаттанудың келесі құрылымы оны теориялық немесе (немесе жалпы) және қолданбалы деп бөлумен байланысты. Саясаттанудың бұл екі бағыты бір-бірін толықтырып отырады.

2.Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары. Методология – бұл жалпы теория, нені білу керек және қалай білу керек деген сұраққа жауап беретін, сондай-ақ іс жүзінде пайдаланатын тәсілдердің, әдістер мен ережелердің жиынтығын зерделейтін саяси ғылымның өзіндік әдістемесі. Әдіс деп – зерттеу жүргізудің ұйымдастыру тәсілін айтады. Саясаттануда жиі қолданылатын әдістердің үш тобы:теориялық танымдық әдістер, философиялық және жалпықисындық әдістер, эмпирикалық әдістер. Теориялық танымдық әдістерге: институционалдық әдіс, социологиялық әдіс, тарихи әдіс, салыстырмалы әдіс, жүйелілік әдіс, құрылымдық-атқарымдық (функциялық) әдіс, антропологиялық әдіс, психологиялық әдіс, бихевиористік әдіс, нормативті-құндылықтық әдістер жатады. Философиялық және жалпы қисындық әдістерге: диалектикалық әдіс, абстрактіліктен (дерексіздіктен) нақтылыққа жету әдісі, анализ (талдау) және синтез (жинақтау), индукция және дедукция,талдап қорыту жатады. Жаратылыстану ғылымдарынан енген эмпирикалық (тәжірибелік) әдістер де қолданылады. Бұларға: сұрақ-жауап, байқау, статистикалық әдістер, математикалық әдістер, модельдеу әдісі жатады.

Категориялар дегенімізәр ғылымның бүкіл құрылымдық табиғатын айқындауда, түсіндіруде қолданылатын негізгі ұғымдар тізбегі. Саясаттанудың басты негізгі категориялары – саясат және саяси деген ұғымдар болып табылады. Саясаттанудың функциялары (қызметтері): танымдық (гносеологиялық), бағалау, болжау, инструменттік–тәжірибелік, саяси әлеуметтендіру функциялары.

3.Саясаттанудың әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны. Барлық уақытта, әсіресе бүгінгі күні саясаттың маңызы артып отыр, себебі саясат барлық уақытта жеке адамдардың, тіпті бүкіл халықтардың өміріне, тағдырына шешуші ықпал етеді. Антикалық заманның ұлы ойшылы – Аристотель б.з.д. V ғасырда-ақ айтқандай, саясат – адамның табиғатынан туындайды, себебі адам - әлеуметтік жәндік, ол тек қана ұжымда, қоғамда, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы ғана толыққанды өмір сүре алады.

Саяси білім мен мәдениет бүгінгі күні кәсібіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әрбір адамға керек, себебі ол қоғамда өмір сүріп, тіршілік етіп басқа адамдармен және мемлекетпен міндетті түрде бірлесіп әрекет етеді. Ал саяси білімі мен мәдениеті жоқ адам саяси істерде амал-айла, қулықтың арбауына түсіп, оны саяси белсенді күштер өз мақсаттарында пайдаланып кетуі мүмкін. Адамдардың көпшілігінің саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси сауаттылық қоғамды бір адамның дара әкімшілігіне негізделген үкімет жүйесінен, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады. Сондықтан мемлекетте адамдардың өркениетті өмір сүруіне тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі, өркениетті өмір сүру өнері ретіндегі саяси мәдениетті саналы түрде қалыптастыру қазіргі заманғы қоғамның міндеті, оның дұрыс дамуының маңызды шарты болып табылады.

Қазақстан Республикасы – қоғамдық өмірдің барлық салаларында сапалық түбегейлі өзгерістерді басынан кешіп отырған мемлекеттердің бірі болып табылады. Қазақстандағы саяси және қоғамдық қайта құрулардың табыстарға жету шарттарының бірі – азаматтардың саяси ғылым мен демократиялық мәдениет негіздерін меңгеруі болып табылады. Кез келген әлеуметік өзгерістердің, ең алдымен, адамдардың сана-сезімінде басталатыны белгілі. Демократиялық құрылыс тұрғындардың саяси мәдениетінсіз қалыптаса алмайды. Демократия – халық билігі, осы халық жеке адамнан басталады, демократия адамды биліктің көзі етіп, оны өз елінің тағдырын жасаушы, халықаралық саясатты жасаушы етеді. Демократиялық мемлекет жағдайында әрбір адам саяси шешім қабылдауға нақты әсер етпегенмен, мемлекеттік саясатта тұрғындардың түрлі топтарының мақсат-мүдделелінің ескерілуі, басқарушы элитаның құзіреттілгі мен жауапкершілігі адамдардың көпшілігінің саналы түрдегі таңдауы мен белсенділігіне байланысты болады.

Экономиканы әміршіл-әкімшіл әдістер арқылы басқарудан нарықтық шаруашылыққа көшу, тоталитарлық саяси жүйеден құқықтық мемлекетке, демократиялық жүйеге, азаматтық қоғамға көшу тұрғындардың саяси мәдениетінде түбірлі өзгерістерді талап етеді, нарықтық экономика мен плюралистік демократияға сәйкес бұқаралық менталитетті қалыптастыруды талап етеді. Демократиялық саяси білім – бұл процестердің тез жүзеге асуына септігін тигізеді. Саяси білім беру – қазіргі заманғы жеке адамның әлеуметтенуі мен саяси мәдениетін қалыптастырудың, демократиялық құндылықтарға жақындастырудың әдісі болып табылады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Саясатттану терминінің мағынасы қандай?
  2. Саяси ғылым қай кезде пайда болды?
  3. Саяси білімдердің дамуындағы үш үлкен кезеңдерді атаңыз?
  4. ХІХ-ХХ ғғ. межесінде саясаттануда қалыптасқан зерттеу әдістемелерін атаңыз?
  5. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін саясаттануда қандай мәселелер қарастырыла бастады?
  6. Саяси ғылымның Халықаралық ассоциациясы қашан құрылды және ол нені көрсетті?
  7. 1948 жылы Халықаралық коллоквиумда анықталған саясаттанудың негізгі мәселелері қандай?
  8. Саясаттанудың зертеу объектісі және мәселесі не? Олардың арасындағы айырмашылықтар қандай?
  9. Зерттеу мәселелеріне байланысты саясаттану қандай жеке пәндерден тұрады?
  10. Теориялық және қолданбалы саясаттанудың ерекшеліктері, ара қатынасы қандай?
  11. Саясаттануды оқып-үйрену не үшін қажет?
  12. Саясаттанудың ғылыми зерттеу әдістерін атаңыз.
  13. Саясаттанудың негізгі ұғымдарын атаңыз.
  14. Саясаттанудың қызметтері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер: [№1, 71-79 бб.; №5; №9, 1-тарау, §§1, 5-19 бб.; №13, 1-тарау, §§5-6, 20-29 бб.; №14; №15, 5-11, 19-24 бб.; №16, 5-13 бб.; №19, 1-тарау, 5-26 бб.; 31, 2-тарау, §§1-4, 24-45 бб.; №34; №35, 4-11 бб.; №41]

Дәріс 2. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуындағы негізгі кезеңдер. Қазақстандағы саяси ойдың тарихы.

Дәріс мақсаты: саяси ойлардың саясаттанудағы алатын орнын, маңызын анықтап, саяси ойлардың даму кезеңдерін көрсету, ежелгі дүниеден бастап, орта ғасыр, қайта өрлеу дәуірі, жаңа дәуір, бүгінгі күнге дейінгі саяси ойлардың даму эволюциясын қарастыру.

Басты ұғымдар: саяси ойлар, діни-мифологиялық, діни-философиялық, саяси философия, патриархалдық-патерналистік мемлекет, ізгілікті мемлекет, теология, ағартушылық, табиғи құқық, қоғамдық келісім, халық егемендігі, биліктің бөлінуі.

  1. Ежелгі дүниедегі саяси ойлар.
  2. Орта ғасырлық саяси ойлар.
  3. Еуропалық Ағартушылық дәуірдегі саяси ойлар.
  4. ХХ ғасырдағы шетелдік саяси ой-пікірлер.
  5. Қазақ даласындағы саяси ойлар.

1.Ежелгі дүниедегі саяси ойлар. Дүниежүзілік саяси ілімдер тарихы – адамзаттың рухани мәдениетінің маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі, ол үш жарым мың жылдық уақытты қамтиды. Мұнда адамзаттың өткен заманнан бүгінге дейінгі саяси ілімі мен тәжірибесі жинақталған, мемлекет, саясат, бостандық мәселелерінің негізгі қағидалары және ілімдері анықталған.

Ежелгі дүниедегі саяси ойлардың дамуы үш бағытта болды: діни-мифологиялық, діни-философиялық (оның екі ағымы болды: діни және философиялық-этикалық), саяси философия.

Қытай философы, педагогы – Конфуций (551 - 479жж.) – ежелгі Шығыстың көрнекті саяси ойшылдарының бірі. Ол әлеуметтік-этикалық, саяси ілімнің және патриархалдық-патерналистік мемлекет теориясының негізін салушы болып есептелінеді. Негізгі еңбегі - «Пікірлер мен әңгімелер».

Саяси философияның негізін салушылар – Платон, Аристотель болды. Платон (б.з.д 427 – 347жж.) – антикалық заманның ғана емес, бүкіл әлемдік философия, саяси және құқықтық ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі. Саяси ғылымға қатыстылары – «Мемлекет», «Заңдар», «Саясатшы», «Софист», «Парменид» т.б. еңбектері. «Мемлекет» еңбегінде, жалпы саяси іліміндегі басты идея – идеалды (ізгілікті) мемлекет құру идеясы. Идеалды мемлекет болу үшін мемлекетте көпшіліктің мүддесі көзделіп, оның дұрыс заңдары болуы тиіс. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы шықты, себебі ол қоғамдағы кикілжіңдерді, дау-жанжал, қайшылықтарды туғызады деп санады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: