Лекция № 22

Тақырыбы: Философиядағы адам мәселесі.

Жоспары:

1 Саяси және құқықтық сана.

  1. Моральдық сананың мәні.
  2. Эстетикалык сана.
  3. Діни сана.

Лекцияның мақсаты: Қоғамдағы адамның орны мен оның артықшылықтары және философия тарихындағы адам туралы түрлі ойлармен танысу

1. Саяси сана топтардың, ұлттардын, мемлекеттің түбегейлі мақсаттарын уағыздап қолдайтын қоғамдық ойлар формасы. Саяси идеялар жиынтығы - саяси идеология деп аталады. Саяси идеология саяси партия мен мемлекеттердің мүддесін қорғау қажеттігінен пайда болып, соларды іске асырады. Онын нақты белгісін саяси идеология, саяси партиялардың бағдарламаларынан, мемлекеттердің Конституцияларынан мемлекеттік және саяси қайраткерлердін еңбектерінен, сөйлеген сөздерінен көруге болады.

Сонымен, саяси сананың, саяси идеологиянын ерекшелігі сол, ол күресуші партиялар, оларды колдайтын әлеуметтік топтардын негізгі түпкі мүддесін бейнелей отырып, олардын бір-бірімен қатынасын, мемлекеттік билікке деген көзқарасын, белгілі бір қоғамның белгілі бір даму сатысындағы әлеуметтік-саяси құрылысын, басқа қоғамдар мен мемлекеттерге деген козқарасын т.б. қорсетеді. Сондықтан саясат мәселесіне келгенде кұры сөзге сенуге болмайды. әрбір жеке жағдайда саясаттың әлеуметтік мазмұнын ашып, оны белгілі бір мемлекеттің, әлеуметтік топтың, партияның саяси іс-тәжірибесі тұрысынан алып қарастыру қажет. Саяси көзқарастар әртүрлі болып келеді. Олар прогрессивтік немесе кертартпа, ғылыми немесе ғылымға жат болып келеді. Саяси идеялар қоғамдық сананың барлық формаларын қамтып, оларға өз әсерин тігізеді.

Құқықтық қатынастарды бейнелейтін идеялар жиынтығы құқықтық сана деп аталады.

Қоғамда жеке меншік пен әлеуметтік топтар, таптар пайда болуына байланысты мемлекет пен құқықтық қатынастар ғана пайда болған жоқ, сонымен қатар соларға сәйкес ұғымдар мен түсініктер, құқық жөніндегі ілімдер де пайда болды. Демек, құқықтық сана дегініміз - құқықтық түсініктер мен көзқарастардың жиынтығы. Құқық дегеніміз - заңға айналдырылған үстем әлеуметтік таптың немесе бүкіл халықтың еркі. Құқықтық сананың мақсаты - үстем әлеуметтік топтың немесе бүкіл халықтың экономикалық және саяси мүддесін қорғап, оны нығайту.

Құқықтықтық сана адамның қоғамдық өмірінің барысында қалыптасады, ал қоғамдық құрылыстың немесе тәртіптің өзгеруіне байланысты оның құқықтық сапасы да өзгереді.

Таптық қоғамдағы экономикалық және саяси үстем таптың құқықтық идеологиясы үстем идеология болып табылады. Үстем таптың құқығы сол қоғамдағы құқықтық заңдар түрінде жарияланып, мемлекет тарапынан бекітіледі. Үстем тап оның бұлжытпай орындалуын талап етіп, қадағалайды, оның орындалуы үшін мемлекет күшіне сүйенеді.

Демократияға сүйенетін мемлетте құқықтық сана үстем таптың құқығын емес, бүкіл халықтың мүддесін қорғауы тиіс. Ондағы мемлекеттік биліктің міндеті; демократиялық, заңдылық нормаларын, адамдардың құқығы мен бостандығын қорғау.

Біздің елімізде құқықтық мемлекет орнату күн тәртібіне қойылуына байланысты құқықтық сананың маңызы артуда. Қандай да бір жұмыс жасалмасын, ол құқықтық принциптерге негізделген болуы тиіс. Осыған орай айта кететін мәселе; адамдарымыздың көбіне өздерінің құқықтарын білгенімен өз міндеттерін біле бермейтендігі. Көптеген қылмастардың себебі - халық арасында құқықтық сананың әлі де болса төмен екендігінде. Оған жататындар түрлі қоғамдық тәртіпті бұзушылық, еңбек заңын сақғамаушылық, адамдардың құқықтарына қол сұгушылық, парақорлық т.б. Сондықтан да халқымыздың құқықтық санасын көтеру мәселесі күн тәртібіне койылуда. Заңға бағынушылык, қабылданған заңды ешкімнің бұза алмауы азаматтық қоғамның құқықтық негізін кеңейту - бұлардың бәрі кұкыктық мемлекет кұрудың басты белгілері.

Құқықтық сана қоғамдық сананың ерекше бір идеологиялық формасы болып табылады, өйткені құ-қық әлеуметтік топтар. саяси партиялар мемлекеттер арасындағы белгілі бір саяси қатынастардан тұрады, яғни негізден тұрады, бұл біріншіден. Екіншіден, құқықтық көзқарастар мемлекеттік саясат формасында да көрінеді, өйткені мемлекет адамдардың құқықтық заңдарды сақтауын талап ете отырып, шын маніне келгенде үстем әлеуметтік топтың, саяси партияның саясатын жүргізеді. Олай болса, саяси және құқықтық идеялар бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, ХVII-ХVIII г-ғы Еуропа буржуазиясының өз құқықтары үшін феодализмге қарсы күресінің нәтижесінде пайда болған оның саяси идеялары жаңа қоғам орнату жолындағы күреске қарай ұласты. Саяси көзқарастар үстем әлеуметтік топтың құқықтық санасына негізделеді.

2. Қоғамдық сана формасына жататын мораль - адамдардың бір-біріне деген қатынасын белгілеп, тарихи өзгеріп отыратын нормалардың, принциптердің, ережелердің белгілі бір жиынтығы. Мораль адамдардын қатынасын белгілі мөлшерде қалыптастырады, яғни олардың өз тобына және басқа топтарға, мемлекетке, отанға, өз халқына және басқа халықтарға, адамның адамға қатынасын бейнелейді. Мораль құқықтан бұрын пайда болды. Моральдық нормалардын айырмашылығы сол, олар құқықтық нормалар сияқты қағазға жазылмайды және мемлекет тарапынан зорлауға негізделген емес, олар қоғамдық пікірге, адамның ішкі сеніміне, әдетке негізделген. Бірақ оның әсері құқықтан кем емес.

Адамдардың мінез-құлқына баға беретін негізгі өлшеуіш анықтауыш, сайып келгенде, қоғамдық мүдде, қоғамдағы халықтың, қоғамның пікірі. Адамнын кейбір қылықтарын адамгершілікке жататын жақсы іс деп бағаласа, енді біреулерін адамгершілікке жатпайтын теріс қылық деп бағалайды.

Моральдық нормалар мен принциптер өзгермейтін мәңгі емес. Керісінше, әрбір қоғамдық құрылыстың экономикалық негізіне сәйкес пайда болған моральдық нормалар мен принциптер қоғамдағы экономикалық және саяси өзгерістерге байланысты өзгеріп отырады. Бір қоғамда әділетті деп саналатын моральдық нормалар басқа қоғамда әділетсіз болып саналуы мүмкін. Мысалы, адамның баюы үшін алыпсатарлықпен айналысуы қазіргі біздің қоғамның моральдық нормаларына сәйкес келсе, ал социализм тұсында адамгершілікке жатпайтын қылық деп бағаланып, саудагерлік үшін сотта тартылатын еді. Демек, қоғамның экономикалық негізі қандай болса, ондағы моральдық өлшем де сондай болмақ. Әрбір қоғам өзіне сәйкес моральды тудырып, соны сақтайды. Негізгі моральдық категориялар: шарапат, кесепат, ар-ождан, міндет (парыз), абырой, әділеттілік, адамгершілік, әдептілік, өмір мақсаты т.б.

3. Қоғамдық сананың тағы да бір көне формасы - енер. Ол объективтік шындықты образдар арқылы бейнелейді. Өнердің мынадай үш негізгі ерекшелігін атап көрсетуге болады: 1) өнер шындықты образдар арқылы бейнелендіру формасы, яғни дүниетаным формасы; 2) өнер қоғамдық сананың идеологиялық формасы; 3) өнер қоғамдық сананың адамда эстетикалык сезім тудыратын, яғни көркемдік сезім тудыратын формасы.

Өнердін шындықты бейнелендіру формасы ретіндегі ерекшелігі ең алдымен оның нені және қалай бейнелендіретінімен анықталады.

Өнер адамның дүниені нақты сезімдік формада бейнелендіру қабілетіне негізделеді. Бірақ құбылыстың мәнін тікелей сеәіну арқылы білуге болмайтыны анық. Өнер затғарға, құбылыстарға тән жалпы маңызды касисттерді жинакталған жеке образ формасында, немесе өнер тілімен айтканда, типтік образдар формасында бейнелендіреді. Шындығында жалпы типтік образ жеке нәрселерде ғана өмір сүреді, демек, жеке нәрселер арқылы көрінеді. Сондықтан, өнердегі типтік образ дегеніміз жинакталған жалпыланған образ. Бірақ, ол жалпыланған типтік образ, жеке образ арқылы бейнелендіріліп көрсетіледі.

Өнердің шындықғы бейнелеу формасының ерекшелігі сол, ол көркем образ болып табылады. Онер - қоғамдық сананың идеологиялық формасы. Өнер идеологиямен екі тұрғыдан байланысты. 1) Белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесіне қызмет етеді. 2) Қоғам алдында тұрған әлеуметтік мәселелерді шешуге қызмет етеді.

Өнердің әлеуметтік мәні ұстанатын идеялық бағыты оның идеологиялық ерекшелігінің көрсеткіші болып табылады.

Өнердің келесі ерекшелігі сол, ол қоғамдық сананың эстетикалык сезімдер тудыратын формасы. Суретші, жазушы шындық құбылыстарына тән эстетикалық сапаларды ашып көрсетеді. Сондықтан, өнер шынайы заттар мен құбылыстарға көрікті немеее көріксіз, көңілді немесе көңілсіз, қайғылы немесе қуанышты деген сияқты категориялар формасында бейнелеп баға береді.

4.Дін объективтік шындықты адам басында фантастикалық түрде бейнелейді. Діни кагидаларға қарағанда дүниеде қандай да бір құбылыс болмасын оның тікелей тірегі, қозғаушысы өмірден тыс тұрған және оны жаратушы құдіретті күш екендігі. Қандай да дін болмасын оның басты мақсаты күдірет күшіне адамды иландыру. Діндердің ең жоғарғы сатысы таптық қоғамдарда пайда болып, содан бері келе жатқан монотеистік сенім. Оған жататындар: буддизм, христиан, ислам, иудаизм діндері.

Діннің пайда болуы ертедегі қауым адамдарының дүниетаным қабілеттерінің өте төмен болып, табиғат құбылыстарының сырын түсіне алмай түрлі жағдайлардың себептерін рухани күш күдіретке балағанын қорсетеді. Бұл діннің пайда болуының гносеологиялық (танымдық) тамыры. Оның әлеуметтік тамырына жататын адамдардың бұл дүниедегі әділеттілікті таба алмағаннан соң о дүниеге, белгісіз күшке сеніп, содан тірек іздейтін болған.

Әрине, дін де қоғамдық сана ретінде бір қоғамдық формадан екінші қоғамдық формаға көшкен сайын сұрыпталып, шыңдалып отырған. Құлдық, феодалдық қоғамдар кезінде дін арқылы адамдар сауатын ашқан. белгілі дәрежеде мәдениетке бейімделген. Өйткені дінде ертеден келе жатқан жалпы адамгершілік қағидалар бар. Оған жататындар: "Рақымшыл бол, ата-анаңды сыйла, жамандық жасама", т.б. Өркениеттің алғашқы кезінде бұл қағидалар адамдарды тәрбиелеуде айтарлықтай ықпал жасаған. Сондықтан дінді бір түсті қара бояумен ғана баттастырып бояу қате болып саналады.

Бақылау сұрақтары

  1. Қайта өрлеу дәуіріндегі адам мәселесі.
  2. Аутоназия дегеніміз не?
  3. Адам шығармашылығын қалай түсінесіз?

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: