Инсулинді енгізу ерекшелігі

Мақсаты: қандағы глюкоза деңгейін төмендету.

Жабдықталу: инсулині бар флакон (1 мл-де 40 ЕД, 80 ЕД немесе 100 ЕД) болуы мүмкін, спирт 70%, стерильды астауша, пинцет, мақта шариктері, инсулинді шприц.

Мейірбике іс-әрекеті:

  1. Дәрінің мерзімін, жарамдығын көру.
  2. Флаконды су моншасында 36-37 ºС жылыту немесе 3-5 минут алақанда жылыту.
  3. Инсулинді шприцті тексеру, ашу.
  4. Флакон қақпағын ашып, резеңке тығынын 2 рет спиртпен өңдеу, спирттің кебуін күту (спирттің инсулин ерітіндіге түсуі инактивацияға алып келеді).
  5. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу немесе тұрғызу.
  6. Қажет дозадағы инсулинді шприцке алу (қосымша 1-2 ЕД артық алынады, ол ауа шығарғанда дәрінің дозасы азайып кетпеуі үшін).
  7. Инъекция орнын спиртке малынған 2 мақта тампонымен өңдейміз. Спирттің кебуін күтеміз.
  8. Теріні сол қолдың 1-2 –ші саусақтарымен алып, 30-45 ºС бұрыш астында инені егеміз. (Тері асты май қабаты қалың болса, инені 90 ºС бұрыш астында салуға болады)
  9. Сол қолды босатып, инсулинді жәй жіберу.
  10. Құрғақ стерильді мақта тампонын инъекция орнына қойып инені шығарып алу.
  11. Науқасты тамақтандыру.
  12. Шприц, мақта тампондары, қолғапты контейнерге тастау.

Бициллинді егу ерекшеліктері

Әр түрлі ауруларды (ревматизм, инфекциялық асқынулар) емдеу және алдын алу үшін қолданылады.

Бициллин -1 – пенициллиннің дибензилэтилендиамин тұзы, суда жақсы ерімейді. Микробқа қарсы әсері 7-14 күнге созылады.

Бициллин -3 – пенициллиннің калийды, новокаинды тұздары және бициллин – 1 қоспасы. Әсер ету ұзақтығы- 4-7 күн.

Бициллин -5 – пенициллиннің новокаинды тұзы, бициллин – 1 қоспасы. Әсер ету ұзақтығы 4 апта.

Бициллин қатаң түрде инъекция алдында инъекцияға арналған сумен ерітіледі. Бициллинді еріткен кезде суспензия пайда болады. Инъекция орнында дәрілік депо пайда болып, одан дәрі ұзақ уақыт қанға өтіп тұрады.

Бициллин тек бұлшық етке егіледі. Әсіресе сан бұлшық етке салған тиімді: жүрген кезде қанның циркуляциясы жақсарады, бұл дәрінің қанға сорылуын күшейтеді.

Инені бұлшық етке енгізгеннен кейін поршеньді тартып, иненің тамырға түспегеніне көз жеткізу керек. Дәріні енгізіп болған соң инъекция орнына жылы қойып, науқастың жағдайын бақылау қажет.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: