Тесттік тапсырмалар. Тест №1.Өкпе тінінің тығыздалу (пневмония) синдромы кезінде антибактериальды терапия келесі препараттарды қолдануды

Тест №1.Өкпе тінінің тығыздалу (пневмония) синдромы кезінде антибактериальды терапия келесі препараттарды қолдануды қарастырады:

1. Ампициллин 2.Эритромицин 3. Ципрофлоксацин

4.Меропенем

5.Бромгексин

Тест №2.Өкпе тінінің тығыздалу (пневмония) синдромы кезінде қолданылатын пенициллин тобының антибиотигі, сонымен қатар балалар тәжірибесінде:

1. Бензилпенициллиннің натрий тұзы, ампициллин, амоксициллин

2. Цефазолин, оксациллин, левофлоксацин, аугментин

3. Моксифлоксацин, бензилпенициллиннің калий тұзы, цефтриаксон

4. Уназин, ципрофлоксацин, ко-тримаксозол (бактрим), цефпиром

5.Аугментин, цефотаксим, цефамандол, эритромицин

Тест №3.Цефалоспориндер бактерицидті әсер көрсетеді, себебі:

1. Рибосома деңгейінде белок синтезін бұзады

2. Жасуша қабырғасының синтезін бұзады

3. Цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін бұзады

4. Парааминобензой қышқылының антагонисті болып саналады

5. Сульфгидрильді топтардың синтезін бұзады

Тест №4.Өкпе тінінің тығыздалу (пневмония) синдромын емдеуге арналған жұптастырылған антибиотик:

1. Ампициллин

2. Цефтриаксон

3. Эритромицин

4. Аугментин

5. Меропенем

Тест №5.Биосинтетикалық пенициллинге төменде келтірілген микробтар сезімтал:

1. Грам оң кокктар, β-лактамаза түзуші

2. Грам оң кокктар, β-лактамаза түзбейтің

3. Газды гангренаның және сіреспенің қоздырушысы

4. Күйдіргінің қоздырғышы

5. Спирохета және бореллалар

Тест №6.Ішке енгізгенде тиімді:

1. Оксациллиннің натрий тұзы

2. Эритромицин

3. Бензилпенициллиннің натрий тұзы

4. Ампициллин

5. Ципрофлоксацин

Тест №7.Эритромицинге тән:

1. Макролид болып табылады

2. Грам оң флораға әсер етеді

3. Асқазанның қышқыл ортасында бұзылады

4. Жасуша мембранасының синтезін бұзады

5. Бактериостатикалық әсер етеді

Тест №8.Ауруханадан тыс орналасқан пневмонияда қолданылатын, гепатотоксикалық қасиет тән антибактериалды препарат:

1. Амоксициллин

2. Оксациллин

3. Метациклин

4. Аугментин

5. Уназин

Тест №9.Препаратты анықтау: полусинтетикалық пенициллин, жасуша қабырғасының синтезін бұзады, бактерицидті әсер көрсетеді, спектрі кең. Ішке және парентералды қолданылады. Бронхиттарда, пневмонияда, сонымен қатар, балалар практикасында қолданылады.

1. Бензилпенициллиннің новокаин тұзы

2. Ампициллин

3. Оксацилиннің натрий тұзы

4. Кларитромицин

5. Амикацин

Тест №10.«Атипті пневмония» қолданылатын антибиотик:

1. Ампициллин

2. Амоксициллин

3. Азитромицин

4. Оксациллин

5. Метациклин

№2 cабақ

1. Тақырыбы: «Бронх өткізгіштігі бұзылыстары синдромында қолданылатын заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері»

2.Мақсаты: бронх өткізгіштігі бұзылыстары синдромында қолданылатын заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтары бойынша білімді қалыптастыру, бронх өткізгіштігі бұзылыстарында тиімді фармакотерапияны қамтамасыз ету мақсатында препараттарды таңдай білу.

3.Оқыту міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1. Бета-адреномиметиктер, М-холиноблокаторлар, фосфодиэстераза ингибиторлары тобына жататын бронхолитикалық заттардың салыстырмалы сипаттамасы бойынша білімді қалыптастыру.

2. Бронхолитикалық заттарды таңдау принциптері (ентікпе ұсатамасын тоқтату және алдын алу үшін) бойынша білімді қалыптастыру.

3. Бронхолитиктердің жанама әсерлерін білу.

4. Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшеліктерін және бронх өткізгіштігі бұзылысы синдромында таңдау принциптері бойынша білімді қалыптастыру.

5. Бронхолитиктердің, қабынуға және аллергияға қарсы заттардың балалар практикасында қолдану ерекшеліктері бойынша білімді қалыптастыру.

6. Бронх өткізгіштіктігі бұзылысы синдромында қолданылатын дәрілік заттардың негізгі емдік әсерін жоғарылату үшін және жеке препараттарының жағымсыз әсерлерін жою мақсатында жұптастырып қолдана білу.

Операционалды компетенция:

1. Бронх өткізгіштіктігі бұзылысы синдромында қолданылатын дәрілік заттарға рецепт жаза білу және талдау.

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін анықтау.

Коммуникативті (аксиологиялық) компетенция:

1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру.

2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу.

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

5. Фармакология мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Құқықтық компетенция:

Құқықтық білім мен дағдыны қалыптастыру: рецепт жазу ережелері бойынша негізгі заңдарды білу

Үздіксіз оқыту және білім беру:

1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

2. СӨЖ-ның түрлерін орындай білу (эссе, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, рефераттарды құрастұру).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: