Психология семейных отношений с основами семейного консультирования ред. Е. Г. Силяева М.: Издательский центр «Академия», 2002

3. Тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық Институты «Отбасы татулығы бағдарламасы» әдістемелік құрал, Астана, 2007

4.Асылов Ұ., Құсқабайұлы Ж.Әдеп:инабаттылық дәрістері. А.,Рауан,1985.

5.Гозман Л.Е.,Шлягина Е.И.Психологические проблемы семьи.1989,И 2.

6.Дружинина В.Н. Психология семьи.М.,1998.

7.Асмолов А. Психология личности. М.,1990.

8. Гребенников И.В. Семья өміріндегі әдеп және психология А.,Мектеп.1986.

9. Афанасьева Г.М. Семья А., Мектеп,1985.

12-дәріс. Отбасымен жұмыс. Мақсат пен міндеттер қою

1. Мақсат пен міндеттерді дұрыс қою жолдары.

2. Отбасымен жұмыс істеп, оның ішілік қатынасын жақсарту.

Психотерапевтік кез-келген жұмысты жүргізер алдында қандай мақсат пен міндеттер қарастырады соны анықтап алуы керек. Психологиялық әдебиеттерде соңғы кездері осы мәселеге аса назар аударуда. Көптеген мақалаларда психологиялық келісім және отбасымен мақсат қою, маман мен отбасы арасындағы келісімнен туындайтыны айтылады. Психологиялық ықпал мен жеке жұмыста мақсатты құрастыру қиындық туғызбайды. Ереже бойынша емдеуге отбасы мүшесі немесе туысы маманның алдына бірнеше міндеттерді қояды. Психокоррекциялық жұмыс әлеуметтік жүйенің кейбір түрімен әсіресе отбасына байланысты болғандықтан міндеттерді қоюда қиындық туғызады. Жалпы мақсат өзгеру қоғамда, отбасында жүйелі қатынасқа бағытталса, ол жекелік мақсаттардан шығып отыруы керек. Отбасы жұмысында мақсат төрт басты деңгейден қарастырады. Мақсаттың бірінші деңгейі отбасы мүшелерінің жеке мақсаттарынан тұрады. Екінші деңгейде отбасы бүтіндей неге жеткісі келеді, үшінші деңгейде белгілі өзгеріске жету, қоғам мен отбасына деген қатынасы. Төртінші деңгейі психологтың өзінің қажеттілігі мен күтуі жатады. Отбасымен психокоррекциялық жұмыста көп деңгейлі сипатты ескеруіміз керек, осыдан барып оған қойылатын міндеттердің күрделі болатыны еш күдік тудырмауы керек.

Психотерапевт міндеттерді нақтылауда отбасы мүшелеріне, жалпы және жеке әрқайсысына көмектесу оның басты мақсаты екеніне көз жеткізуіп отыруы шарт. Отбасы жүйесі бірлік пен автономды жеке дамуға, сондай-ақ оны бекітуде маңызды орын алатыны жайлы ескертіп отыруы қажет.

Отбасы жұмысында басты екі міндет қаралады:

· Отбасы мүшелері көбірек тәуелсіздікке жетуге көмек көрсету;

· Отбасы мүшелері арасындағы байланысты бекіту және ынтымағын арттыру.

Алғашқы көзқараста бұл міндеттер қарама –қайшы болып көрінуі мүмкін. Отбасы мүмкіндігі өзара әрекетте бір-бірімен тығыз байланыста болу, сондай-ақ өз дербестігін сақтай білу. Көп отбасында осы тепе-теңдікке жетуі үшін күрделі қиындықтар туындауы мүмкін. Оларда тәуелсіздікке жету үшін бір құндылықты жоғалтып барып, онда екіншісі мүшенің қызығушылығы мен әрекетіне келіспеу, не болмаса негізгі ойдан алшақтап, ұйымшылдыққа жетуі мүмкін. Отбасы теңдестігі көп жағдайда автономдылық пен бірлестікке жетуде мәселе туындатады, ал отбасы психотерапиясы осы мәселемен нақты айналысады. Сондықтан маман психологиялық жұмыстың алғашқы кезеңінде олардың біріккен әрекеттегі жалпы міндеттерін құрастырып алуы шарт. Психологиялық жұмыс барысында эмоционалды және мінез-құлықтық бұзылысты қалыпқа келтіру басты мақсаттың бірі болып табылады. Бұл отбасы немесе жеке мәселені жеңіп меңгерумен тығыз байланыс табады. Отбасымен психокоррекциялық жұмыс жүргізу барысында өздері, осы жұмыстың отбасы жүйесімен жүргізу керектігін байқайтын болады. Жиі шағымданатын болады, мысалы «Бақытжанды басқара алмайсың» немесе «әкем ішеді» деген сияқты. Барлық жағдайда отбасындағы мәселені біреуге таңады, сонымен психокоррекциялық жұмыс жүргізілсе– ондағы эмоционалды немесе мінез-құлықтық бұзылысты қалыпқа келтірсе барлығы шешілетіндей көрінеді. Осы жағдайда маман психологиялық жұмыста міндетті басқаша қоюға, мәселе төңірегінде көзқарасты кеңейтіп, отбасы мүшесінің барлығының жүйелі өзгеру керектігіне көз жеткізуі қажет. Осы міндетті жүзеге асыру үшін психолог отбасы мүшелерінің әрқайсысын осы мәселеге бірдей келісілген көз-қараспен қарауды қалыптастырады. Ол әрқайсысы отбасын да басты мәселені не деп таниды соған байланысты көзқарасын баяндатады. Осы ұсыныста барлық отбасы мүшелерінің жағдайды қабылдау деңгейін анықтауға болады. Бұл сұрақтарды қою негізгі мәселемен қосымша мәселелерді байланыстыруға, психотерапевтік міндеттерді кеңейтуге әкеледі. Отбасы мүшелерінде психотерапевтік жұмыстың басты міндетін қабылдауы, оған деген қатынасы әр қалай болып келеді. Егер маман өз жұмысын отбасы мүшелері қалай қабылдайтынына бағыттаса, онда басқа мүшелерінен қолдау таппауы мүмкін. Психотерапияда міндетті анықтау отбасына ортақ істі, оны әрбір мүшелері қалай қабылдайды (көреді) соған байланысты болуы қажет. Отбасы психотерапиясы келесі мәселеде, кездесудің қысқа немесе ұзақ мерзімді міндетін құрастырады. Психологта әр жеке сессия және жалпы психотерапевтік процестің өтілуі туралы толық алдын-ала болжам болуы шарт. Мысалы: отбасындағы алғашқы кездесуде отбасы мүшелері мәселеге жауапкершілікті жеке өздеріне алмайды, осылай қабылдау деңгейінде, олардың психологиялық қауіпсіздігі, ұйымдастырылуы және түйсінуіне ыңғайлы жағдайлар жасалуы қажет. Осы кезде психотерапевт психотерапияның соңғы мақсаты не екенін білуі шарт. Нақты мақсатқа байланысты жағдайлар жасалынып, белгілі өзгеріске түсетін, отбасы мүшелерінде өзара қатынасты анықтауы қажет. Егер психотерапевт бастапқы міндетті шешпесе ары қарай жұмысы жүруі мүмкін бе? Отбасы психокоррекция және психотерапияда басты стратегиялық міндеттер төмендегідей болып келеді:

· Отбасы ішілік қатынасты жақсарту;

· Отбасы мүшесіне, оның қажеттілігі мен қызығушылығын басқаларының түсінетіні және құрметпен қарайтыны туралы түсінікке әкелу;

· Отбасы мәселесіне байланысты бір мүшесін кінәлау көзқарасын өзгертіп, оны жеңдіру;

· Кез-келген жағдайда көшбасшы кім болса, онымен қатынасқа түсуде икемді болу қалыптастыру;

· өзара түсіністік пен эмпатия қабілетін дамыту;

· көзқарас пен бағалаудың түрлі болатынын түсініп, оны солай қабылдауды дамыту;

· мәселені жеке және бірге шешуде дағдыны жетілдіру;

· «бас шұлғыту» ролінен отбасы мүшелерін арылту;

· өз уайымы мен қажеттілігі туралы талдай және бақылай білуді дамыту;

· тәуелсіздікті нығайту;

· отбасының бір жағынан бірлестік пен екінші жағынан тәуелсіздік теңдесуіне жеткізу.

Отбасы психотерапиясының міндеті жұмыс барысымен белгілі байланыста бола отырып, отбасын жүйе ретінде дамытумен айналысады. Мысалы: отбасындағы мектепке дейінгі немесе жеткіншектің болуы, сондай-ақ дербес өмір бастаған адамның болуы жұмыс міндеті болып табылады. Отбасы өз мәселесін қалай қабылдайды, міне басты міндет осы болып табылады.

Отбасының басты мәселе деп сапалы қабылдауы, маманның жұмысында нақты ескеріліп, сол есепке алынады. Отбасы оны түсінбесе психологиялық көмек алуға келмес еді. Психолог алғашқы кездесулерде мәселенің осы жақтарына аса назар аударуы керек. Бұл мәселенің шешілу тәсілі қайсысына психотерапевтік жұмыс жүргізілуінде емес, басты психотерапияның міндетін отбасының қабылдауынан, олар қандай нәтиже күтеді соған байланысты болады.

Бақылау сұрақтары

1. Отбасы жұмысында мақсатты анықтаудың мәні

2. Отбасы психокоррекция және психотерапияда басты стратегиялық міндеттер

3. Алдына қойылған міндеттерді қою қиындығы

Әдебиеттер

1. Андреева Т. В. Семейная психология: Учеб. пособие. — СПб.: Речь, 2004. — 244 с.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: