Психология семейных отношений с основами семейного консультирования ред. Е. Г. Силяева М.: Издательский центр «Академия», 2002

3. Тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық Институты «Отбасы татулығы бағдарламасы» әдістемелік құрал, Астана, 2007

4.Асылов Ұ., Құсқабайұлы Ж.Әдеп:инабаттылық дәрістері. А.,Рауан,1985.

5.Гозман Л.Е.,Шлягина Е.И.Психологические проблемы семьи.1989,И 2.

6.Дружинина В.Н. Психология семьи.М.,1998.

7.Асмолов А. Психология личности. М.,1990.

8. Гребенников И.В. Семья өміріндегі әдеп және психология А.,Мектеп.1986.

9. Афанасьева Г.М. Семья А., Мектеп,1985.

10-дәріс. Отбасылық кеңес беру

1. Отбасылық кеңес берудің практикасының дамуы.

2. Отбасылық кеңес берудің аумағы, міндеті және формасы.

3. Отбасылық кеңес берудің теориялық негіздері.

4. Отбасылық кеңес берудің негізгі принциптері.

5. Отбасылық кеңес беруде қалыптасқан көзқарастар.

6. Отбасылық кеңес беру құрылымы.

Ерлі-зайыптыларға кеңес беру алғаш рет отбасылық өмірдің заңды және құқықтық, медициналық және әлеуметтік аспектілерінде және балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелеріне байланысты жүзеге асты. 1940 жылдың аяғы мен 1960 жылдың басы отбасына және ерлі-зайыптыларға психикалық көмек көрсетудің қалыптасқан және іс жүзіне асқан кезеңі болып белгіленеді. 1950 жылдары «отбасылық терапия» термині және практикасы бекітілді. 1949 жылы Калифорнияда отбасылық кеңес берушілерге арналған ережелер мен лицензиялау нормасы ендірілді. Отбасылық психотерапияның дамуының маңызды қайнар көздері психологияның, психиатрияның, әлеуметтік жұмыстар практикасының пәнаралық өзара әрекеттесуі болды. Отбасылық кеңес беру отбасылық психотерапиямен салыстырғанда отбасына психологиялық көмек көрсетудің жаңа бағытын ұсынады. Бастапқыдағы барлық негізгі жұмыстарымен және жаңалықтарымен бұл сала отбасылық психотерапияға жатты. Отбасылық кеңес берудің дамуының неғұрлым маңызды факторлары психоанализдің балалар мен ата-аналар қарым-қатынасына және бірлескен ерлі-зайыптылық терапия жұмыстарына бағытталуы, Н. Аккерманның жүйелік көзқарастарды жасауы, отбасымен жұмыс жасау терапиясында және диагностикада бихевиоральді әдістердің таралуы, В. Сатирдің бірлескен отбасылық психотерапияны жасауы болды. Отбасылық психотерапияның маңызды жетістіктерінің және оның қызметіне сұраныстың қарқынды өсуінің арқасында оның қызметі екі есе өсті. Практиканың қарқынды түрде дамуы отбасы саласындағы ғылыми зерттеулердің дамуына алып келді, ал бұл өз кезегінде психологиялық пән – отбасы психологиясының өз алдына жеке бөлінуіне алып келді.

Отандық эпопеяда отбасылық психотерапияның қарқынды дамуы 1960 жылдың аяғы мен 1970 жылдың басында басталды. Бірақ-та XIX ғасырдың соңында әр түрлі психикалық бұзылыстарды отбасылық емдеу және отбасылық диагностиканы өткізудің қажеттілігі туралы білімдер болған.

Отбасылық психотерапия мен отбасылық кеңес берудің тарихы өзара тығыз байланысқаны соншалық, кейбір зерттеулер отбасылық кеңес беруді отбасы психотерапиясының бір түрі ретінде қарастырады. Бұл мәселені шешу үшін отбасылық кеңес беру отбасы психотерапиясының бір түрі ме немесе психологиялық көмек көрсетудің сапалы жаңа түрі ма деген сұрақты шешу үшін «психотерапия» ұғымының мазмұнын анықтап, кеңес беру мен психотерапияның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету қажет.

Психотерапия аурудан зардап шегуші пациентке оған байланысты психологиялық мәселелерді шешуде психологиялық құралдармен кәсіби көмек көрсетілетін тұлғааралық өзара іс-әрекеттің ерекше бір түрі ретінде қарастырылады.

Бірінші таңда психотерапия туралы медициналық, әлеуметтік, психологиялық және философиялық аспектілерді айтуға болады. Философиялық аспектілерде психотерапия адамдар арасындағы қарым-қатынастың айрықша бір түрі ретінде қаралады. Ал психологиялық аспектіде тұлғаның дамуын, тұлғалық өсуін қайтымсыз ететін психологиялық әсер ету әдісі ретінде қаралады.

Психологиялық кеңес беру бұл арнайы оқытылған құзырлы, осы талапқа әлеуметтік сай кеңес берушінің клиентке психологиялық сипаттағы қиындықтары мен мәселелеріне көмектесуге, клиентке психологиялық көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік және тұлғааралық өзара іс-әрекеттің ерекше бір түрі ретінде қаралады. Кеңес берудің де, психотерапияның да басты және анықтаушы кезеңі терапевттің клиентпен қарым-қатынасы, мәселені зерттеудегі көмегі және оны және оның шешу жолдарын іздеуі болып табылады. Кеңес берудің және психотерапияның айырмашылығы қиындықтардың себептерін түсіндірумен, психологиялық әсер етудің объектісі болып саналатын тұлға дамуы мәселесімен байланысты.

Отбасылық кеңес берудің мақсаты дамытушылық, коррекциялық, профилактикалық, бейімдеушілік ретінде анықталады.

Дамытушылық мақсат өзіндік ұйымдастырумен өзіндік даму аумағындағы отбасы қорының өсуімен байланысты. Мұндағы психологиялық жұмыстың қорытындысы отбасының нормативті және нормативті емес дағдарыстары мен мәселелерін шешудегі құзырлылығын өсіру болады. Коррекциялық мақсат отбасының рөлдік құрылымын жақсартуды, некеге қанағаттанушылық деңгейін көтеруді, тұлғааралық қарым-қатынасты жақсартуды көздейді. Профилактикалық мақсат отбасының фрустрациялық толеранттылығының өсуімен, ал бейімдеушілік отбасы мәселелерін, кикілжіңдерді, дағдарыстарды табысты шешумен байланысты.

Отбасылық кеңес берудің маңызды әлеуметтік міндеті отбасына қиын өмірлік жағдайларда кеңес беру. Оның белгілері: балалық дезадаптация және бала дамуының бұзылыстары, ерлі-зайыптылардағы келіспеушілік, тұлғалық бұзылыстар т.б.

Отбасымен жұмыс жасаудың міндеті, формалары әдістері кеңес берудің отбасы қарым-қатынасының қандай аумағында және отбасы дамуының қандай кезеңінде берілуіне тәуелді.

Отбасылық кеңес беру ауқымы мына мәселелерден тұрады: некеге тұру, ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы, бала мен ата-аналар қатынасы.

●неке мәселесі, яғни некелік жұпты таңдау және неке құру бойынша психологиялық кеңес беру.

●ерлі-зайыптылық қарым-қатынаста кеңес беру (диагностика, коррекция, профилактика).

●отбасына ажырасу кезіндегі отбасылық көмек.

●бала және ата-аналар қатынасында кеңес беру, диагностика, профилактика және коррекциялау.

●асыраған балаларды тәрбиелеуде және асырап алуда психологиялық көмек.

●жүктілік және босануда көмек.

●ата-ана болудағы психологиялық кеңес беру.

●ерлі-зайыптылық мәселесі бойынша психологиялық кеңес беру.

●отбасындағы зорлық зомбылық жағдайында психологиялық кеңес беру.

1970ж бастап елімізде отбасына психологиялық көмек қызметі қарқынды дамуда. Отбасына психологиялық көмек көрсетудің ұйымдастырылған формалары: отбасымен жұмыс бойынша кеңес беру және психологиялық орталықтар, таныстыру қызметі; бала дамуы және тәрбиесі бойынша кеңес беру; балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-педагогикалық-әлеуметтік қолдау мен реабилитациялаудың аймақтық орталықтары; арнайы дағдарыс орталықтары, әйелдерге кеңес беру бөлімі, денсаулық сақтау мекемесіндегі психологиялық кабинеттер.

Отбасылық кеңес беру. Отбасылық кеңес беру – бұл отбасылық терапияның бір түрі, оның өзіндік терапевтикалық қатысудың ерекшелейтін белгілері мен шектері бар. Отбасылық кеңес беру, отбасылық терапиямен бірге параллельді дамып, бір–бірін өзара байытты. Отбасылық кеңес берудің алдында тұрған мақсаты – отбасындағы әрекеттестікті өзгерту мен жеке тұлғалық өсу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу болып табылады.

Отбасы кеңес беру мен отбасы терапиясы немен өзгешеленеді? Біріншіден, отбасы кеңес беру аурудың тұжырымдамасын қабылдайды. Екіншіден, отбасындағы рөлдік әрекеттестік жағдай мен аспектісін талдауға екпін қояды. Үшіншіден, ол кеңес беру субъектілерінің жекелік ресурстарын іздеу мен жағдайды шешудің тәсілдерін талқылауға көмек беруге шақырылған.

Отбасы кеңес берудің басты теоретикалық тұжырымдар санының ішіне когнитивті – қылықтық терапия, рационалды-эмоционалды терапия және басқа келтіріледі. Мұнымен оның арсеналында бар әдістер мен тәсілдердің түрлілігі қамтамасыз етілген.

Отбасы кеңес берудің негізгі принциптері мен ережелері келесі бөлімдерге келеді;

Байланысты орнату және кеңес берушінің клиентке қосылуы. Оптималды қатынасқа мүмкіндік туғызатын конструктивті арақашықтықты сақтаудың көмегімен, сонымен қатар кеңес берушімен кеңес алушының мимикалары мен тыныс алуларын синхронизация тәсілдерін, өзінің отбасылық мәселелері жайында хабарлаушының басым репрезативті жүйесін бейнелейтін сөздік формасын кеңес берушінің қолдауымен қол жетеді.

Мета-модельдеу (НЛП) және терапевтикалық метафорлар тәсілдерін қолдану мен клиенттің мәселелері туралы ақпаратты жинау. Бұл мақсатқа жету үшін кеңес беруші мынадай нақтылайтын сұрақтарды қоя алады: “мынадай нәтижеге қол жеткізе аласыз ба?”, “сіз нені қалайсыз?”, “ ол жайында жоқ деген жағымсыз, бөлшексіз, яғни жағымды нәтижені суреттейтін сөздермен айтуға тырысыңызшы”.

Психотерапевтикалық келісім шартты талқылау отбасына кеңес берудің маңызды міндеттерінің міндеті болып табылады. Бұл кезеңде клиент пен оның кеңес берушісінің арасындағы жауапкершілік қалай бөлінетіндігін талқылау жүргізіледі. Мысалы: отбасы кеңес беру қауіпсіздік жағдайларына, клиенттің мәселелерін шешуге жету технологиясына кеңес беруші жауап береді. Өз кезегінде клиент өзі белсенділігі, өзінің рөлдік қылығын өзгерту тілегінде шынайылығын және т.б. үшін жауапты болады. Бұл фазаны сәтті өткеннен кейін қатысушылар жұмыстың ұзақтығы (3-6 сағат) бір сеансты өткізу ұзақтығымен терапевтикалық кездесулердің кезеңдігі (мысалы, алғашында аптасында 1 рет, кейіннен 2-3 аптада бір рет) жайында келіседі.

Соңында төлемақы шарттары мен келісім шарт жағдайларын екі жақ бұзу санкциялары талқыланады. Кейіннен клиенттің мәселесін нақтылау, сонымен қатар жалпы отбасының және оның мүшесінің әрқайсысының ресурстары анықталады. Бұған мынандай сұрақтар қойылуға мүмкіндігін туғызады: “сіз бұрын қиындықтармен қалай күрестіңіз?”, “сізге онда не көмектесті?”, “сіз қандай жағдайларды мықты болдыңыз?”, ”сіз өз күшіңізді қалай қолдандыңыз?”.

Кеңес берушінің өзінің қылығы мұнда клиентке кеңес беру процедурасының қауіпсіздігі мен сәттілігіндегі үмітін нығайту керек. “Сіздің тілегіңіз өзгерісті, сіздің бұрынғы тәжірибеңізді, белсенділік пен шынайылықты кеңес берушінің сізбен бірге қызмет істеуге тілектестігімен бірігу, оның профессионалды қасиеттері мен жұмыс тәжірибесі жұмыстың сәттілігінің кепілдігі болады”. Кеңес берудің қатысушылар мен мінез-құлықтың қалыптасқан стереотиптерінің жағымды және жағымсыз жақтары талқыланады. Мысалы, мына сақтардың көмегімен: “сіздің пікіріңізше, құралған жағдайда ең жағымсызы не? Ал бұл жағдайларда ең жағымдысы не?” мінез-құлықтың жаңа шаблондарын бірігіп іздеу жүзеге асады. Кеңес беруші келесі сұрақтарды ұсынады: “Сіз мәселені шешу үшін әлі не істеген жоқсыз?”, “сіз үшін маңызды адамдар ұқсас жағдайда өздерін қалай ұстайды? Сіз солай істей алар ма едіңіз?” немесе “сізге осындай істі істеуге не көмектеседі?” кеңес беруші визуализация тәсілдерін қолдана алады: клиенттер транста болып, туындайтын кенестетикалық сезімдерді белгілеп жаңа жағдайларың бейнесін құрайды.

“Экологиялық тексеру”. Кеңес беруші отбасылық мүшелеріне ұқсас жағдайда 5-10жылдан кейін өзін елестетіп, өзінің күйін зерттеуді ұсынады.

Отбасы кеңес берудің соңында жақындап, кеңес беруші нәтижелерді “қауіпсіздігі” бойынша күш сала бастайды. Кейде клиенттерге жаңа қылық шаблонын меңгеруде сенімділік алуға көмектесетін әрекеттерді қажет етумен байланысты. Олар кеңес берушіден алынған нәтижелерді талқылау үшін үй тапсырмасы мен бірнеше уақыт өткеннен кейін қайта кеңес алуға шақыра алады.

Қазіргі уақытта отбасы кеңес беру Ресей аймағы даласындағы кең тараған пихотерапевтикалық көмектің түрі болып табылады.

Бөлу.

Мұндай процедура жағдайлар қатарында қажетті болған, мысалы, әдебиеттерде “пародаксальді тапсырмалардың” көмегімен Джей Хейли қалай істегені жайында суреттеледі, оны нақты орындау теріс нәтижеге алып келеді, өзінің сезімдерін көрсету жайында кеңес беру өткізілген жас ерлі-зайыптылар өздерінің “эмоционалды әсер беруді тексеру үшін” күніне бір сағат ұрысу ұсынылған. Хейли саналы түрде ешкім өзіне кесірін тигізе алмайтынын біліп, адами табиғатын осылайша ескерген. Ерлі-зайыпты тапсырманы орындауға тырысып, оны тастап кетті, оларда бір-бірін бағалау тілегі күшейіп, “ақымақ кеңес беруші” кеңесінен бас тартып, осылайша “бөліну” болды.

Қазіргі уақытта кейбір отбасындағы қатынастарды психотерапевтикалық түзету.

Отбасы терапиясында психотерапевт отбасын зерттеп, отбасылық бұзылысты анықтап, олардың өмірлерінде тілекті өзгерістерге жету мақсатымен отбасы мен оның жеке мүшелерінің әсерін ұйымдастырудан басталады. Онда мәселелер мен міндеттер туындайды, оларды шартты үш топқа бөледі, отбасы терапиясы отбасының дұрыс қарым-қатынасының қалыптасуы, терапияны жүргізудің жалпы сұрақтары, соңында отбасы психотерапия әдістемелері.

Отбасы психотерапиясына жағымды қатынасты қалыптастыру, ұйымдастырушы эмоционалды және интеллектуалды себептердің салдарынан отбасы мүшелерімен оның қатысушылары үшін қиын болғанымен қажетті, сондықтан психотерапевтке психотерапияға қатысудың күшті және тұрақты мотивациясын қалыптастыру қажет.

Ереже бойынша, бірінші кездесу болашақты анықтау болып табылады – оның уақытысында психотерапевт соқтығысатын мәселесін күрделілігі анықталады, ол клиенттер (отбасы мүшелері) отбасы психотерапиясы жайында алғашқы түсініктерді алады және онда қатысуын жалғастыру керек пе екендігі анықталады. Жалпы алғашқы кездесу барысында қысқа уақыт ішінде клиенттің күрделі және ұзақ жұмыс қажеттігі мен психотерапияның сәттілігі үшін жауапкершілік сезімі мен белсенділігін түсінуге терапевт көмектесу міндеті бар, содықтан, отбасы мүшелері мен алғашқы кездесудің жақсы өңделген жоспары қажет. Басында психотерапевт клиенттің мәселесімен танысу отбасы отбасымен т.б. мен байланысты оның эмоционалды уайымдарын көкейкестіру, клиент күнделікті өмірде кездесетін фрустрациялардың жиынтығын көруді беру керек. Психотерапевтің одан кейінгі міндеті-клиентте отбасы психотерапиясы оның мәселелерін шешуін табуға көмектесетін түсінігін құру. Психотерапевт клиенттің көңіл–күйін психотерапияға қатысуға мотивін құру, сонымен қатар, аз емес маңызды қатысуға қарсы тұратын мотивтерді өңдеу, болашақ қиындықтарды көру мәселесі шешудің жолдарын табу үшін қолдануы керек. Бұл кездесудің тағы бір маңызды аспектісі–клиент психотерапевтен көмекті енжар күтетін болашақ жағдайды болдыртпау үшін онда психотерапевтикалық іс-әрекеттің мазмұнына белсенді қызығушылықты қалыптастыру. Оның орнында ол психотерапевтің көмегімен өзінің отбасы мәселелерді шешуді белсенді істеуге бағытталады.

Отбасы психотерапевт өзінің жұмысын ұйымдастыруда түрлі түрдегі мәселелерді шешуге тура келеді, мысалы:

Жалғыз жұмысты істеу немесе терапевтке шақыру?

Отбасымен кабинетте немесе оның тұратын мекен-жайы бойынша қайда жұмыс істеу керек?

Өзінің отбасымен немесе алғашында отбасы мүшелерімен сабақтар жүргізе ме?

Ең жақсы кездесулердің жиілігі мен ұзақтығы қандай?

Жеке немесе отбасылық мәселелердің қайсысынан бастауы керек?

Нақты әрекеттер жоспарын жасау керек пе, немесе экспорт қою керек пе?

Отбасы психотерапиясын ұйымдастыру мен өткізу тәсілі отбасы психотерапиясының “ғылыми көзқараспен” анықталуы керек. Отбасы психотерапиясы ұйымдастыруы таңдауы идеалды отбасының ерекшелігіне тәуелді болуы қажет. Кез-келген отбасы психотерапевт отбасы, оның жеке мүшелері оның мәселелері мен отбасылық жағдайларға байланысты психотерапияның әртүрлі стильдерін қолдануға дайын болуы тиіс.

Бір отбасы мүшесімен – авториталды стиль, екіншісімен- директивті стилі тиімдірек болуы мүмкін. Бұл психотерапевт алдында тұрған сұрақтарға жауап барлық жағдайдың жиынтығына байланысты. Содан соң психотерапияда қандай әдістер ең көп қолданылатындығы жайында сұрақтар қарастырылады. Отбасы психотерапиясының әдістемесі–бұл психотерапевт нақты психотерапевтикалық тапсырманы шешетін әрекеттердің типтік жиынтығы. Отбасылық психотерапия өзінің даму уақтысында қайта пайда болған мектептердің тәжірибесінен келген әртүрлі техникалардың көптеген санына иемденді. Отбасы психотерапияда кең қолданылатын психотерапиялық техникалардың негізгі түрлерін атап шығайық:

Директивтер – бұл отбасы мүшелерінің мақсаттарына жету үшін отбасы жағынан немесе оның жеке мүшелері жағынан нақты әрекеттердің қажеттігі жайында тік, нақты сілтеулер. Бұл бір нәрсені істеу сілтеуі; осы кезге дейінгіден бір нәрсені басқаша; осы кезге дейінгі істемегенді істемеу болуы мүмкін. Пародоксальді дерективтер жағдайында айтылғаннан гөрі оның мақсаты қарама-қарсы. Директивтерді қолдану тиімділігі оны қолданудың дұрыстығына тәуелді, отбасын мұқият зерттеуді психотерапевтің үлгісімен отбасыға психотерапевтикалық әсері, ол ең бастысы психотерапевтің жеткілікті беделдігін қажет етеді.

Отбасылық дискуссия әдісі – отбасы психотерапия тәжірибесінде кең қолданылады. Оны өткізу уақтысында отбасы мүшелері олардың өміріне қатысты мәселелердің кең шеңбері және түрлі отбасылық сұрақтарды шешу жолдары талқыланады. Дискуссия көптеген мақсаттарды анықтауы мүмкін: мысалы, отбасылық әрекеттестік жайындағы қате түсініктерді жөндеу немесе отбасы мүшелерін дискуссия әдістеріне үйрету. Дискуссияны басқару психотерапевт пен қажетті іскерлікті талап етеді. Отбасы дискуссияларын өткізуде қолданылатын негізгі амалдардың қатарына үндемеуді тиімді пайдалану, тыңдай алу қабілеті, сұрақтардың көмегімен оқыту, қайталау, талдап қорыту, нақты пірікмен конфронтация және т.б.

Соңында сәтті отбасылық өмірге қажетті іскерліктер мен дағдылар отбасы мүшелерінде жеткіліксіз екендігі анықталады; отбасы психотерапия барысында бұл жетпейтін дағдылар түрлі психотерапевтикалық техникалар, арнайы жаттығулар мен тренировкалардың көмегімен қалыптасады. Олардың жалпы принципі отбасы мүшесінің алдында нақты міндет тұрады, мысалы, ол қалыптастыруы керек, іскерлік пен дағды түрінде, және тапсырманы орындай алған, алмағаны жайында сынауға болатын критерий айтылады.

Кез келген психологиялық кеңес беру түрі секілді отбасылық кеңес берудің де негізгі принциптері клиенттің өз еркімен хабарласуы, конфиденциалдық, клиенттің жеке бас жауапкершілігі, кеңес берушінің кәсіби құзырлылығы және жауапкершілігі отбасы тарихының реконструкциясы, шешімді бірлесіп жасау, кең әлеуметтік қоршаған ортаны тарту, отбасы мен жұмыстағы кешенділік, диагностика мен коррекцияның бірлігі, кеңес беру процесінде ұстанымды құрылымдау, клиенттің хабарласуының мәнін анықтау.

Отбасылық кеңес беру үшін ерекше қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда және оның жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін қажетті жағдайларда отбасымен жұмыс істеу талаптарын толық бір жүйе ретінде есептеу керек.

Клиенттің өз еркімен хабарласу принципі отбасылық кеңес берудің маңызды этикалық принципі болып табылады. Ешкім де психологиялық диагностикаға немесе психологиялық ықпалға өзінің ерікті келісімінсіз келе алмайды қамқоршылықты және ажырасу жағдайында тәрбиелік қызметті іске асыру тәртібін анықтау мәселесі бойынша психологиялық зерттеу және ықпал ету сот шешімімен іске асқан жағдайда келісімге қарамайды. Алғашқы қабылдауды өткізу кезінде кеңес беруші кеңес алуға хабарласудың бастамашысы кім болғанын, бұған отбасының қалған мүшелері қалай қарағанын және ортақ бірлескен жұмысқа қосылуға дайындығының қандай деңгейде екенін анықтау қажет.

Конфиденциальді принципі кеңес алуға хабарласқан клиенттің жеке тұлғалық және әлеуметтік қауіпсіздігіне және кеңес беру барысында алынған барлық мәліметтердің құпия сақталуына кепіл болады. Алынған ақпараттарды сақтаудың арнайы процедураларымен, клиент хабарласуының анонимділігімен кәсіби этикалық кодекспен қамтамасыз етіледі және клиенттің өзінің және өміріне қауып төнген жағдайда ғана бұл құпиялық бұзылады.

Клиенттің жеке бас жауапкершілігі, принципі клиенттің қандай да мәселені шешуде және сонымен қатар сол шешімнің іске асырылуына, оның салдарлары мен тәуекеліне жауапкершілікті таңдау құқығын жақындауды білдіреді. Сонымен бірге аталған принципке клиенттің өзіндік дамуға, өзінің отбасылық қатынастарының рефлекциясына, өзінің жеке тұлғасының күшті және әлсіз жақтарына дайындығы жатады.

Кеңес берушінің кәсіби құзырлылық және жауапкершілік принціпі. Отбасылық кеңес беру психологтың практикалық іс-әрекетінің өте бір жауапкершілігі мол түрі болып табылады. Оның кәсіби құзырлылығына отбасының жағдайы және оның болашақ дамуы тәуелді. Осыған сәйкес кеңес берушінің біліктілігінің және кәсіби дайындығын талаптары отбасының қызмет етуін және даму мәселелерін шешудегі құзырлылықтың қажетті деңгейлерін қамтамасыз ету керек.

Стереопопиялық диагноз принципі отбасының психологиялық ерекшеліктерін оның барлық мүшелерінің ұстанымдарын, отбасылық процестің барлық қатысушыларының көзімен зерттеуді талап етуді анықтайды.

Бақылау сұрақтары

1. Отбасылық кеңес беру жолдары.

2. Отбасының үйлесімділігі деген не?

3. Отбасымен жұмыста нәтижелі кеңес беру дағдылары.

Әдебиеттер

1. Андреева Т. В. Семейная психология: Учеб. пособие. — СПб.: Речь, 2004. — 244 с.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: