Тапсырма. 1. Айырмашылық белгілері бойынша жаздық жөне күздік сиыржоңышқа, ас бүршақ

1. Айырмашылық белгілері бойынша жаздық жөне күздік сиыржоңышқа, ас бүршақ, ноғатық, сераделланы оқып үйрену жене сипаттап жазу.

2. Сиыржоңышқаның негізгі түрлерін анықтауды үйрену.

3. Егістік сиыржоңышқаның негізгі түршелерін оқып-үйрену. Біржылдық бүршақ тұқымдас шөптердің сорттарын сипаттау.

4. Мал азықтық шөптердің (сиыржоңышқа, далалық және егістік асбүршақ, ноғатық) бірінің тұқымға өсірудің операциялык, технологиясын жасау.

Пішен, пішендеме, жалқы азық,жасыл балауса алу үшін біржылдық бұршақ тұқымдас шөптер ретінде сиыржоңышқа, асбұршақ егістік және далалық пелюшка, ноғатық өсіріледі. Мал азықтық мақсатқа бұл дақылдар біржылдық астық тұқымдас шөптердің қоспаларында себіледі, мұның өзі мал азығының құндылығын анағұрлым арттырады.

СИЫРЖОҢЫШҚА-ВИКА-VІСІА

Сиыржоңышқа-біржылдық б9ршақ тұқымдас шөптердің ішівдегі барынша құнды мал азықтық өсімдіктердің бірі туыстығынан егістікке 10 түрі енгізілген, алайда кең тарағандары егістік сиыржоңышқа (\.$аіі\а) түкті немесе күздік сиыржоңышқа және паннон сиыржоңышқасы (V. Рап рашіопіса).

Сиыржоңышқаның көптеген түрлері мезофиттер, жақсы аймақтарда тараған, бірақ далалық аймақта өсетін айтарлықтай қуаңшылыққа төзімді топтары мен сорттары да бар.

Өсімдіктердің құрылысындағы ерекшеліктері. Сиыржоңышқаның сабағы жіңішке (2,5-4,0 мм), жапырылғыш, айқын емес төртқырлы, әртүрлі дәрежеде түкті, кейде түксіз. Сабақтың биіктігі өсіру жағдайлары мен сорттарына қарай 0,5-1,0 м. Жапырақтары қосқауырсынды, бұтақты мұртшамен бітеді, айтарлықтай ірі, ұзындығы 4,0-8,5 см, 5-8 (4-9) жүп әртүрлі пішіндегі жапырақшалары (кең эллипс, кері жұмыртқа тәрізді, жіңішкелеу-сопақ, сына, жүрек төрізді, ұштары қиық немесе ойық болып бітеді) бар. Гүлдері ірі, түстері әртүрлі, бірақ көбінесе ақшыл көк қарақошқыл, жапырақтардың қолтығыңца қысқа аяқшаларға жұптасып, кейде біреу немесе үшеу болып бекеді, күлтешесінің мөлшері 20-28 мм (ақ, сарғыш, қызғылт ж.б. түсті). Жемістері-көптұқымды бұршаққап, үзынша-ромбылы, жалаңаш немесе түкті, ашық-қоңыр, қоңыр, кейде қара түсті, ұзындығы 40-85 мм, ені 5-10 мм, тұқым саны 4-11. Тұқымдары домалақ, әлсіз қысылған, 4,05-5,0 мм, әртүрлі түсті және суретті. 1000 тұқымның массасы 45-65 г.

Сиыржоңышқаның түрлерін анықтау. Барынша кең тараған егістік және түкті сиыржбңышқаның айырмашылық белгілері 68,69-сурет пен 86-кестеде келтірілген.

Сиыржоңышқаның түршелерін анықтау. Сиыржоңышқа күлтеше жапырақшасының, тұқымның түстері тұқымдағы суретке байланысты бірнеше түршелерге бөлінеді (87-кесте).

86-кесте Сиыржоңышқаның негізгі тү рлерінін айырмашылық белгілері
Белгілері Егістік сиыржоңышқа Түкті (күздік) сиыржоңышқа
Егін кегі Алғашқы жапырақтарда бір жүп жапырақшалар бар Алғашқы жапырақтарда екі жүп сызықты жапырақшалар бар
Жапырактың түктілігі Талшықты, әлсіз қысыңқы Талшықты, түкті-шашыраңқы
Жапырақшал ар пішіні Ұзынша-сызықты, төбесі тұқыл қиықты, жүйкесі шығып түрады Ұзынша-сопақ, жүйкесі шетіне шықпаған
Гүл шоғыры Гүлдері отырған (аяқшасы жок), қосгүлді Шоқгүл үзын аяқшамен бекіген, көпгүлді
Гулдің түсі мен мөлшері Ірі, ақшыл-көк қара-қошқыл Орташа ірілікте, күлгін кек немесе қызғылт-күлгін
Жемісі Ұзын (4-6 см), ені 0,6-1,0 см, кептұқымды (7-12 тұқым) Ұзынша-ромбылы, кысыңқы, жалаңаш, үзындыш 2-3 см, бір бұршаққапта 3-8 тұқыш, сары немесе қоңыр түсті
Тұқымы Домалақ, әлсіз қысылған, ірі, орташа мелшерлі, түсі өртүрлі, тұқым жолы ұзынша жіңішке келген Шар тәрізді, ұсақ немесе орташа күңгірт-қоңыр немесе қара түсті, тұқым жолы сопақ, қысқа
Даму типі Біржылдық жаздық өсімдік Біржылдық жаздық немесе күздік өсімдік

68-сурет. Егістік сиыржоңышқа: 1,2-егін көгі мен гүлдену-жеміс түзу кезендеріндегі өсімдіктер; 3-сабақтың бір бөлігі; 4-гүлдер; 5-жемістер; 6-түқымдар.

Жаздық сиыржоңышқаныц сорттары:

Камалинская 611 - Краснояр АШҒЗИ-да шығарылған, типика түршесіне жатады, 1000 тұқымның массасы 65-67 г. сорт ерте піседі, егін көгінен шабылмалы пісуіне дейін орта есеппен 42, тұқымының шаруашылықты пісуіне дейін 78 тәулік. Өсіп-жетілуінің алғашқы кезеңінде кейініректегісіне қарағанда қуаңшылыққа төзімділігі төменірек, 1954 (9).

Лыовская 31-202 - Курск облысының Льгов тәжірибе станциясында шығарылған, иммакулята түршесіне жатады, жапырақтануы 42-47 %, 1000 тұқымның массасы 55-70 г. сорт кеш піседі егін көгінен шабылмалы пісуіне дейін орта есеппен 45-55, ал тұқымының шаруашылықты пісуіне дейін 75-90 төулік. Ауа қуаңшылығын нашар көтереді, топырақ құрғақшылығына төзімдірек, жазғы ылғалды жақсы пайдаланады, 1941 (1,12).

Льговская 60 - Курск облысының Льгов төжірибе селекциялық станциясында шығарылған, типика түршесіне жатады, 1000 тұқымның массасы 50-85 г, жапырақтануы 50-52%. Сорт кеш піседі: себуден шабылмалы пісуіне дейін орта есеппен 50-60, тұқымның шаруашылықты, пісуіне дейін 110-125 тәулік қажет, 1975 (12).

69-сурет. Түкті сиыржоңышқа; 1,2-егін көгі мен гүлдену-жеміс түзу кезеңдеріндегі есімдіктер; 3-сабақтың бір бөлігі; 4-гул; 5-жемістер; 6-түқымдар.

87-кесте Егістік сиыржоңышқаның веропалық түр тармағы негізгі түршелерінің сипаттамасы

Күлтеше жапырақшаның түсі Тұқымның түсі Тұқымдағы сурет Түрше
Желкені ақшыл -кек, қанаттары қара, қошқыл Күңгірт-сұр немесе қоңыр түсті, кейде мүлде қара түсті Қоңыр мраморлы қара дақтары және әр түрлі шамадағы нүктелері бар Типика
Сондай Ақ, қызғылт, жасыл, ақшыл-көк, қара т.б. түсті Суреті жоқ Иммакулята
Гулдері ақ Сүрлау, жасылдау, күлге ұқсас Суреті жоқ Альбифлора
Гүлдері ашық-қызғылт Күңгірт-қоңыр Мраморлы Розеола

Омичка 2-Сібір АШҒЗИ, 1989 (7,12), Омичка, 1984 (4); Омичка 3, 1992(3,4,11).

Күздік сиыржоңышқа-Полтавская 77, 1993 (3).

МАЛ АЗЫҚТЫҚ АСБҰРШАҚ ЖӘНЕ БАСҚА БҰРШАҚ ТҰҚЫМДАСТАР

Далалық жөне құрғақ далалық аймақтарда біржыддық бүршақ тұқымдас мал азықтық шөптер ретінде егістік асбүршақ, далалық асбүршақ (пелюшка), ноғатық өсіріледі. Олардың ботаникалық сипаттамасы "Дәнді бұршақ дақылдары" тарауында берілген.

Мал азығына асбұршақтың төмендегідей сорттары жіберілген:

Донбас -Луган МАТС-да шығарылған, экадукум түршесіне жатады, жапырақтануы 37-64%, 1000 тұқымның массасы 219-268 г. ортадан кеш пісетін сорт: егін көгінен шабылмалы пісуіне дейін 50-56, тұқымының шаруашылықты пісуіне 86-90 тәулік қажет. Құрғақшылыққа төзімділігі ортадан жоғары, бүршаққаптың жарылуға төзімділігі ортадан жоғары, ал бұл ерекшелік тұқым-аяқшасының тұқымның қабығымен қабысып өсуіне байланысты, астық бастырылғаннан кейін тұқымдарында кішірек істік тәрізді құрылым-тұқым аяқшасының қалдығы-қалады. Тұқымда тұқым жолы көрінбейді, 1984 (12).

Карабалыкский укосный-Қарабалық МАТС-да шығарылған, вульгатум түршесіне жатады, 1000 тұқымның массасы 103-139 г. сорт кеш піседі, егін шабылмалы пісуіне дейін орта есеппен 48-55, түқымының шаруашылықты пісуіне дейін 92-110 тәулік қажет, 1971 (4,9).

Зерноградский урожайный-Дон аймақтық АШҒЗИ-ның "Дон" ҒӨБ-де шығарылған, вульгатум түршесі, сабағы жасыл, биіктігі 100 см. Тұқымдары ақ, сары реңці, домалақ, тегіс. 1000 тұқымның массасы 176 г. жапырылуға төзімділігі 3-4 балл, құрғақшылыққа - 4,5 балл. Аурулар мен зиянкестерге төзімді, 1990 (1,2).

Харьковский усатый-Украинаның өсімдік шаруашылығы ҒЗИ-да шығарылған. Сабағы жасыл, 120-130 см биіктікте, гүлдері ақ, ірі. Тұқымдары домалақ, 1000 санының массасы 170-277 г. сорт ортадан кеш піседі, шабылмалы пісуіне себілгеннен кейін 56-70 төулік қажет. Жапырылуга салыстырмалы түрде төзімді, 1991 (1).

Кормовик -Ворошиловград "Элита" ҒӨБ, 1993 (7);

Кормовик 24, 1968 (2); Укосный 5, 1986 (4).

Ноғатықтың сорттары: Степная 287, 1956 (2); Кинельская 7, 1950 (4). Бұл сорттарды Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы аймағында пайдалануға болады.

Бақылау сұрақтары

1. Асбүршақ, сиыржоңышқа, егістік ноғатық т.б. азықтық қүндылығын сипаттау.

2. Біржылдық бұршақ тұқымдас дақылдардың өсіп-даму ерекшеліктері.

3. Сиыржоңышқаның негізгі түрлері мен түршелері және олардың айырмашылық белгілері.

4. Біржылдық бұршақ тұқымдас дақылдардың мал азығы мен тұқымға өсіру аудавдары.

5. Сиыржоңышқаның, асбұршақтың, егістік ноғатықтың биологаялық ерекшеліктері.

6. Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген біржыддық бұршақ тұқымдас дақылдардың сорттары.

7. Топырақ-климат жағдайларына байланысты жаздык, сиыржоңышқаны, асбұршақты, егістік ноғатықты мал азығына және тұқымға өсіру афотехникасының ерекшеліктері.

4.4. МАЛ АЗЫҚТЫҚ БІРЖЫЛДЫҚ АСТЫҚ ТҰҚЫМДАС ІПӨПТЕР

ЖӘНЕ БАСҚА ТҰҚЫМДАС ӨСІМДІКТЕР


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: