Эспарцет onobrychis тапсырма

1. Өсімдіктің құрылысын оқып-үйрену.

2. Эспарцеттің негізгі түрлерінің (құмдық, көдімп және закавказдық) айырмашылық белгілерін оқып-үйрену.

3. Аудандастырылған сорттарына сипаттама беру.

4. Эспарцетті мал азығы мен туқымға өсірудің операциялык технологиясын жасау.

Эспарцет бұршақ тұқымдасына және туыстығына жатады да 150-ден аса түрлерді біріктіреді. ТМД аумағында 62 түрі белгілі, ал жабайы түрлерінің барынша кеп тарағаны Кавказ (27 түр), Орта Азия (17 түр) Қазақстан мен Украина (8 түрден). Олардың көпшшгі-көпжылдық шептесін өсімдіктер, бағалы мал азықтық шөптер.

Егістікте эспарцеттін 3 түрі ғана пайдаланылады: құмдық (Оп.Агепагіа) дақылға түңғыш рет ХІХ-ғ. Украинада енгізілген; егістік кәдімгі, немесе сиыржоңышқа жапырақты (Оп. УісіаеГоііа) Батыс Европада бүдан 500 жыл бүрын енгізілген; Закавказдық немесе алдыңғы азиялық (Оп. апШзіаііса) барынша ескі дақыл, бүдан 1000 жыл бүрын Кавказда осіріле бастаған.

Аталған түрлер бір-бірінен және басқа көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерден морфологиялық белтілері мен қасиеттері бойынша айқын айырмашылықтарымен ерекшеленеді. Эспарцеттің ұзын кіндік тамыры 3-6 м терендікке бойлайды, алайда жоңышқадан айырмашылығы тарамданған бүйір тамыршаларының негізгі бөлігін жоңышқа еияқты топырақтың 50 см дейінгі қабатында емес, 50-100 см қабатында қалыптастырады, мұның өзі эспарцеттің су мен қорсктік заттарды топырақтың терең қабаттарынан пайдалануына мүмкіндік береді.

Жапырақтары дара - қосқауырсынды, 16-18 қосқауырсывды жапырақшалар мен жалғыз ұшар бастагы жапырақтан түрады, егін көгінің алғашқы жапырағы-дара жарнақты, соңынан 3,5,7... 19 бөліктен тұратын дара қауырсынды күрделі жапырақтар қалыптастырады, гүл шогары-ұзындығы 3-20 см шоқгүл. Гүлдері қызғылт (кейде ақ түсті, ірі) үзындығы 0,8-1,4 см, бұршаққаптары ірі жалғызтұқымды кейде қостұқымды домалақ пішінді, жарғақтары тығыз бекіген. 1000 тұқымның массасы 11-24 г (бүршаққаптармен себіледі).

Эспарцеттің сабағы мүлде бүтақтанбайды, кейде төменгі және жоғарғы түйіндерден (буындардан) 1-2 бүтақ шығады, алайда 3-5 ұзара өскен буынаралықтарындағы жапырақ қолтығындағы өркеннен гүл дамитын бүршікгер-гүл шоғыры өсіп шығады.

Эспарцеттің негізгі түрлерінің айырмашылық белгілері мен сипаттамасы 58-сурет пен 81-кестеде берілген.

58-сурет. Эспарцет: 1,2-дамыған егін көгі мен гүлдену жеміс түзу кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3,4-сиыржоңышқа жапырақты эспарцеттің гүл шогары, жапырағы мен гүлі; 5,6-Закавказдық эспарцеттің гүл шоғыры, жапырағы мен гүлі; 7,8-қүмдық эспарцеттің гүл шоғыры, жапырагы мен гүлі; 9,10-жемістер мен тұқымдар (сол жакта-үлкейтілген).

81-кесте Эспарцеттің негізгі түрлерінің айырімашылық белгілері мен сипатамасы


Белгілер Эспарцетгің тұрлері
  құмдық (Оп. агепагіа) кәдімгі егістік (Оп. УІсіаеіЫіа) закавказдық (Оп.ап£аяаііса)
Күлтеше жапырақ-шаның түсі Сары реңці қызгылт қызыл реңді қызгь0іт Күлгін ревді қызғылт (желкен жуйкесінде)
Шоқгүл ұршық төрізді (тышқан құйрыққты), жіңішке, жылтыр, ушкірленген, гүлденгендегі ұзындыгы 5-8 см, пі~ скенде 10-25 см, борпылдақ Ірі және орташа ірі (ұзындыгы 6-8 мм), ұзын және орташа ұзындықта тістері бар, 1000 тұқымның массасы 17-22 г. Ірі және орташа ірі (ұзындығы 6-8 мм), тістері жоқ, 1000 туқымның массасы 14-24 г.
Бұршаққаптары ¥сақ (ұзындығы 4-5 мм) кысқа немесе орташа ұзындықта тістері бар, 1000 туқымның массасы 11-15 г. Ірі жөне орташа ірі (ұзындығы 6-8 мм), ұзын және орташа ұзындықта тістері бар, 1000 ту_қымның массасы 17-22 г. Грі және орташа ірі (ұзындығы 6-8 мм) тістері жоқ, 1000 тұқымньыңмас-сасы 14-24 г.
Сабағы Биіктігі 80-125 см, дөрекі, іпгі толтырылған, айғызданган, жас сабақтары түкті, туктері тік орналасқан, 6-8 узын буынаралығы бар, түсі ашық-жасыл Биіктігі 50-90 см, оргаша нәзік, ішкі қуысы жартылай толық, айғызданған, жас сабақтары тік орналасқан қысқа түкті, 5-7 қысқа буынаралықтары бар, түсі куңгірт-жасыл Биіктігі 80-] 50 см, нәзік, негізінен іші қуыс, жылтыр, жас сабақтар ұзын қысыңқы түктермен көмкерілген. 7-9 буын аралықтары бар, жапырақтары сияқтьг жасылдау.
Жапырақ-шалары Ланцет төрізді, жоғарғы уштен бірінде қысылган, ұзындығы 2-3 см, ені 0,5-0,9 см, жасыл, ал жоғарғы жас жапырақшалары-сарғыш-жасыл Эллипс тәрізді, кейде ланцетгі, жоғарғы үшы доғалданган, үзындығы 1-2, ені 0,5-0,7 см, куңгірт жасыл түсті, жас жапырақгалары-ашық түсті Жұмыртқа тәрізді төбе жағы доғаланып біткен, ұзындығы 2-4 см, ені 0,5-0,9 см, тусі көкшіл, қысыңқы түктерден^ сұрғылт жасыл түсті.
Тамыры Діңгек түсті консистенциялы Шырынды Шырынды
Даму типі Жаздык, бір шабысты, бір-ақ рет гулдейді, кейде ерте шапқанда екі рет гүлдейді Күздік нсмесе жаздық, күздік жалгыз шабысты-бір-ақ рет гулдейді, ал жаздык 2-3 рет гүлдейді Жаздық-екі шабысты, жазда 2-3 рет гүлдейді, күздік-жалгыз шабысты, жаз бойы бір-ақ ретн.
Қысқа төзімділігі Барлық аймақтарда жоғары Орташа, қатаң қарсьгз қыста өліп қалады Орташа жөне төмен, қатаң, қарсыз қысга тіпті Украинада да өліп қалады.
Қуаңшы-лыққа төзімділігі Жоғары Орташа Жоғары және орташа

Сорттары. Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген эспарцет сорттары төмендегідей: сиыржоңышқа жапырақты: Алма-Атинский 1, 1977 (13); Алма-Атинский 2,1980 (13); Песчаный 1251, 1959 (2,4,6); Гибрвд 110, 1988 (4).

Песчаный улучшенный сорты Қарағанды а.ш. станциясында шығарылған. Шабылғаннан кейінгі өсу қуаты төмен, әдетте бір-ақ шабыс береді, ылғалды жыддары шамалы өнімді екінші шабыс бере алады. Сорт-қыстың суығы мен қуаңшылыққа төзімді, 1950 (1,4,5,7,9,11,12).

Шортандинский 83 - Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, 1993 (11).

ТҮЙЕЖОҢЫШҚА ДОННИК-MELILOTUS ТАПСЫРМА

1. Түйежоңышқаның морфологиялық ерекшеліктерін оқып- үйрену.

2. Түйежоңышқаның түрлері мен ақ және сары түйежоңышқаның айырмашылық белгілерін оқып-үйрену.

3. Аудандастырылған сорттарына сипаттама беру.

4. Түйежоңышқаның мал азығына және тұқымға өсіру технологиясын жасау.

Түйежоңышқа (МеіііоШз) - бұршақ тұқымдасына жататын екіжылдық, кейде біржылдық шөптесін өсімдік.

Тамыр жүйесі кіндікті, жақсы дамыған, 1,0-5,0 м терендікке бойлайды. Сабақтары тік өседі, немесе көтерілгіш, бұтақты, іші қуыс, жылтыр немесе төбесіне қарай түкті, биіктігі 0,5-3,5 м.

Жапырақтары үштік, шеттері ара тісті, ортаңғы жапырақша ұзын аяқшаға орналасқан, ортаңғы және төменгі жапырақтар домалақ келген, жұмыртқа пішіндес, жоғарғылары-линиялы (сызықты), жіңішке-эллипс тәрізді, ұзынша-ланцетті.

Гүл шоғыры - ұршық немесе ұзынша цилиндр тәрізді шоқгүл, гүлдерінің саны 30-150, өсімдігі айқас тозанданады, бал жинағыш.

Жемістер - бұршаққап, біртүқымды, кейде қостұқымды, піскенде шашылуға бейім, жарылмайды, жұмыртқа немесе эллипс пішінді, тор көзді немесе көлденең әжімді.

Тұқым жұмыртқа пішінді, сопақ, тегіс немесе әлсіз дөңестелген, сары, жасылдау-сарғыш түсті. 1000 тұқымның массасы 1,6-3,0 г.

Қазіргі уақытта туыстығына жататын түйежоңышқаның 16 түрі белгілі, олардың 11-і жабайы түрде ТМД елдерінің аумағында кездеседі. Олардың ішінде ақ, сары, тісті, хош иісті, каспийлік, орыстық, бойшаң, неополитандық, қырымдық, түкті, үнді т.б. түйежоңышқаларды атауға болады.

Егістікте негізінен екі түрі - ак, (М. аіЪш) жөне сары (М. оШсіпа1і§) түйежоңышқа кең тараған.

Ақ және сары немесе дерілік түйежоңышқа төмендегідей негізгі белгілермен ажыратылады (59-сурет, 82-кесте).

82-кесте Ақ және сары түйежоңышқалардьң айырмашылық белігілері
Белгілері Түйежоңышқаның түрлері
  ақ сары
Жапырақшалардың пішіні а. төменгі және ортаңғы жапырақтардың Сопақтау кен келген, домалақ Кері жұмыртқа пішінді немесе домалақ
б. жоғарғы жапырак,-тардың Сызықты немесе жіңішке-эллипс төрізді Ұзынша-ланцетті
Гүлдердің түсі Ақ Сары
Бұршаққап пішіні Эллипс төрізді Жұмыртқа төрізді
Бұршаққаптың беті Торлы-әжімді Көлденең өжімді
Бұршаққаптың ұшы Қысқа үшкір түмсықты Әдетте аналық аузы сақталған
Тұқымы Сопақ, сарғыш немесе жасылдау-саргыш, 1000 тұқымның массасы, 1,9-3,0 г. Жұмыртқа-эллипс тәрізді, жасылдау-сарғыш түсті күңгірт-күлгін дақты суреті бар-1000 тұқымның массасы 1,4-1,6 г.

59-сурет. Түйежоңышқа: сары түйежоңышқа: 1,2-дамыған егін көгі мен гүлдену кезевдеріндсгі өсімдіктер; 3-гүл шоғырлары, жемістері және жапырақтарымен бүршіктің бір бөлігі; 4-гүл; 5,6-жеміс пен түқым (сол жакта-үлкейтілгендері). Ақ туйежоңышқа: 7-бүршіктің бір бөлігі; 8-гүл; 9-жеміс (сол жақта-үлкейтілген); 10-тамыр жүйесі.

Пайдалануға рүқсат етілген түйежоңышка сорттарының сипаттамасы:

Ақ түйежонышқаның сорттары:

Ақбас - Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған. Сабағы биік (71-98 см), орташа дәрекі, орташа бүтақты, қысқа жөне қуаңшылыққа төзімділігі жоғары. 1000 түқымның массасы 2,6 г, 1989 (1,8,11).

Медет - Сібір АШҒЗИ-да шығарылған. Жақсы бұтақтанатын (4-6 сабақ) өсімдік, биіктігі 110-180 см тік өсетін бүта қалыптастырады, 1000 түқымның массасы 2,0-2,4 г. ерте пісетін сорт. Көктемде жөне шабылғаннан кейін жақсы өседі. Қысқа және қуаңшылыққа төзімділігі жақсы, 1972 (12).

Сретенский 1-6 - Забайкал АШҒЗИ-да шығарылған. Өсімдік жақсы бүтақтанған (4-7 сабақ), биіктігі 150-350 см, жапырақтануы 35-48%, сорт орташа мерзімде піседі, көктемде жөне шабылғаннан кейін жақсы өседі, қысқа және қуаңшылыққа жоғары төзімділігімен ерекшеленеді, 1973 (1,12).

Шавекен - Ақтебе МАТС-да шығарылған, өсімдігі жақсы бүтақтануымен (10-15 сабақ) ерекшеленеді жөне биіктігі 60-95 см бүта қалыптастырады, сабақтары нөзік, жіңішке. Сорт суыққа жөне қуаңшылыққа жоғары төзімді, ерте піседі, 1986 (2,3,4,11).

Сары түйежоңышқаның сорттары:

Алыпеевский — Башқұртстанның Альшеев ауданының Антонов атындағы ұжымшарында шығарылған, өсімдігі 2-3 сабақ түзетін биіктігі 140 см тік өсетін бұта құрайды, жапырақтануы 49-52%. Көктемде жөне шабылғаннан кейін жақсы көктейді. Қыстың суығы мен қуаңшылыққа өте төзімлігімен ерекшеленеді, 1968 (1,2,7,12).

Колдыбанский — Орал МАТС-да шығарылған. Өсімдігі 2-5 сабақ түзетін өлсіз құламалы биіктігі 124 см дейін баратын бұта қалыптастырады. Сорт қуаңшылыққа жоғары және қыстың суығына орташа төзімділігімен ерекшеленеді. Көктемде жақсы, ал шабылғаннан кейін нашар көктейді, 1973 (4,6,11).

Карабалыкский - Қарабалық МАТС-да шығарьшған. Өсімдігі шашыраңды, биіктігі 120-135 см бұта түзеді, жапырақтануы 45-49%. Сорт қысқа, қуаңшылыққа төзімді, 1978 (9).

Омский скороспелый - Сібір АШҒЗИ-да шығарылған. Сабағының биіктігі 55-84 см, жапырақтануы 47-62%. Сорт қыстың суығы мен қуаңшылыққа жогары төзімділігімен ерекшеленеді, 1991 (1,11,12).

Сарбас - Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, 1994 (1,9).

БЕДЕ - КЛЕВЕР - ТИҒОЬШМ

Беде (ТгііЫіит) туыстығына 300-дей түрлер кіреді. Егістікте 3 түрі-қызыл (Тг. ргаіеше), қызғылт (Тг. һуЬгісіит) және ақ (Тг. герепз) қолданылады.

Қазақстанда қызыл беде ғана-көпжыддық шептесін есімдік-өсіріледі. Оның тамыр жүйесі-кіндікті, күшті бұтақтанған, 1,5-2,5 м топырақ қабатына бойлайды.

Беденің сабақтары әлсіз дамыған орталық өркеннен және оның қолтықтарындағы бүршіктен шығатын көптеген ұсақ өркендерден құралады, олар көтерілмелі, биіктігі 40-100 см, бір өсімдіктегі сабақтар саны 25-30. Жапырақтары үштік, жапырақшаларда үшбұрышты ақшыл дақтар болады. Гүл шоғыры-шар төрізді немесе ұзынша жүмыргүл. Гүлдері ұсақ, аяқшасы жоқ, күлтешесі қызғылт-күлгін түсті. Жемісі-біртүқымды бүршаққап, кейде қостүқымды. Түқымдары ұсақ, бір бүйірлі, жүрек пішінді, сары немесе күлгін түсті, 1000 түкымның массасы 1,7-1,8 г (60,61-сурет).

Қызыл беде-ылғал суйгіш, қысқа төзімді, жылуға қажетсінуі шамалы, сортандарды нашар көтереді. Барынша көп тарағаны біршабысты жөне оңтүстік қосшабысты түр тармақтары, олардың айырмашылық белгілері негізгі сабақтағы буын аралықтарының санына байланысты: біршабысты бедеде 7-9 және одан да көп, ал қосшабыстыда орта есеппен 5-7 дана шамасында.

Қазақстанда қызыл беде жыддық орташа ылғал мол түсетін (450-550 мм), Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының тау бөктері және таулы аудандарында өсіріледі. Қазақстанда қызыл беде жылдық орташа ылғал мол түсетін (450-550 мм), Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының тау бөктері және таулы аудандарында өсіріледі.

60-сурег. Қызыл (шалғындық) беде: 1,2-дамыған егін көгі мен гүлдену кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-жапырақтары және гүл шоғырларымен бүршіктің бір бөлігі; 4-гүл; 5,6-жемістері мсн тұқымдары (сол жақта-үлкейтілгендер).


Пайдалануға жіберілген сорт: Зыряновский местный — біршабысты беде, Шығыс Қазақстан облысының жергілікті сорты, 1950 (4).

61-сурст. Ак. беде (көген тамырлы): 1-гүлдену кезеңіндегі өсімдік; 2-егін көгі; 3-бүршіктің бір бөлігі; 4-гүл; 5,6-жемістері мен түкымдары (сол жақта үлкейтілгендері).

Мүйізді лядвенец-150 см дейін бойлайтын жақсы бұтақтанған кіндік тамырлы көпжылдық өсімдік (62-сурет). Сабақтары тығыз бүта қалыптастырады, үштік жапырақтарының кішірек қос жапырақ серіктері бар. Гүл шоғыры-шатыр тәрізді жұмыргүл, жіңішке аяқшаларға орналасқан 5-8 гүлден тұрады. Гүлдері ашық-сары түсті. Бұршакқаптары көптүқымды, ұзынша келген, жарылмалы. Түқымдары ұсақ, домалақ, күнгірт-қоңыр түсті, 1000 санының массасы 1,1-1,4 г. Қазақстанда өсірілмейді, аудандастырылған сорттары жоқ. Негізгі есірілетін аудандары-Ресейдің қаратопыраксыз аймағы, Белорусь Республикасы.

Бақылау сұрақтары

1 Негізгі көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерді латынша және орысша атаңыз.


62-сурет. Муйізді лядвенец: 1,2-дамыган егін көгі мен гүлдену-жеміс түзу кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-гул шоғырлары жөне жемістерімен бүршіктің бір бөлігі; 4-гүл; 5-жеміс жармасы; 6-тұқымдары (сол жақта улкейтілгендері).

2. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шептердің азықтық құндылығын салыстырмалы түрде сипаттаңыз.

3. Жоңышқа, эспарцет,түйежоңышқа ж.б. морфологиялық ерекшеліктері.

4. Гүлдер мен жемістердің құрылысындағы ерекшеліктері.

5. Көпжылдық шөптердің бірінші жөне одан кейінгі тіршілік жылдарындағы өсіп-даму ерекшеліктері (тамыр жүйесі, сабақ).

6. Пайдаланута рұқсат етілген көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің сорттары жөне олардың агробиологиялық сипаттамасы.

7. Жоңышқа, эспарцет, түйежоңышқа, беде ж.б. биологиялык ерекшеліктері: жылуға, ылғалға, топыраққа қоятын талаптарын, қысқа аязға төзімділігін сипаттау.

8. Жоңышқа, эспарцет, түйежоңышқа, беденің гүлдену жөне тозандану биологиясындағы ерекшеліктер. Негізгі тозандағыш насекомдар, түқымдық алқаптарда тозандағыш насекомдардың тығыздығын арттыру шаралары.

9. Шөптерді өнімді пайдаланудың ұзак. өміршендігі. Бұл көрсеткішке өсер етуші факторлар. Шөптерді жасартудың теориялық негіздері.

10. Жоңышқаны мал азығына суармалы және суарылмайтын жағдайларда өсіру ерекшеліктері.

11. Жоңышқаны суармалы жөне саурылмайтын жағдайларда түқымға өсіру ерекшеліктері.

12. Мал азығына эспарцет агротехникасы ерекшеліктері.

13. Мал азығына түйежоңышқа агротехникасының ерекшеліктері.

14. Эспарцетті тұқымға өсіру агротехникасының ерекшеліктері.

15. Түйежоңышқаны тұқымға өсіру агротехникасының ерекшеліктері.

16. Бірінші және одан кейінгі тіршілік-жылдарындағы кепжылдық шөптер егістігін күтіп-баптау шаралары.

17. Топырақ-климат жағдайлары мен дақылдарға байланысты жамылғылы егістіктерге теориялық негіздеме беру.

18. Екінші шабыстан бұршақ тұқымдастардан тұқым алу мүмкіндігіне негіздеме беру.

4.2. КӨПЖЫЛДЫҚ МАЛ АЗЫҚТЫҚ АСТЫҚ

ТҰҚЫМДАС ШӨПТЕР


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: