Элей мектебі. Парменид пен Зенон 4 страница

«Өлім мәселесіне келер болсақ, оның бізге ешқандай қатысы жоқ, біз бұл Дүниеде болсақ, онда өлім әлі жоқ, ал өлім келген кезде, біз жоқпыз», - дейді ойшыл.

Қорыта келе, Эпикурдың философиясы әсіресе моральдық ой-пікірлері өз заманындағы рухани өмірге және содан кейінгі ұрпақтарғаөзінің зор әсерін тигізді.

Стоицизм (Стоя) философиясы. Стоя философиясын (stoa - Афина қаласындағы философтардың жиналатын ғимараты) б.ғ.д. 300 ж. Китионнан шыққан Зенон деген ойшыл қалаған. Ол мектеп 500 жылдай уақыт өмір сүрген. Оны Көне Стоя (3-2 ғ.ғ.), Орта Стоя (2-1 ғ.ғ.), Соңғы Стоя (1-2 ғ.ғ.) деп үш уақытқа бөледі. Көне және Орта Стоя мектебінің өкілдерінің толық бір шығармалары қалмаған. Көбінесе Стоя философиясында этика мәселелеріне көбірек назар аударылған.

Зенон өзінің философиясында бүкіл әлемдік мемлекет жөніндегі ілім жасаған (қосмололис). Бұл мемлекетте толық теңдік орнаған: еріктелер мен құлдар, байлар мен кедейлер, еркектер мен әйелдер – бәрі де тең құқылы. Бұл елде тек даналық сатысына жеткен адамдар өмір сүреді. Олар табиғат заңына сәйкес өмір салтын ұстайды.

Алайда табиғатқа сәйкес өмір сүру ол өмірдегі материалдық құндылықтарды кеңінен пайдалану, қазіргі замандағы саяқты жаңа қажеттіктерді тудыру және оларды өтеу жолдарын іздеу емес, керісінше, адамды қоршаған сыртқы дүниеден тәуелсіз өмір сүру; егер біздің жануарлар әлемінен негізгі айырмашылығымыз ақыл-ойда, саналылығымызда болса, онда ақыл-ойдың, ар-ұжданның басшылығымен өмір сүру - ол нағыз табиғатқа сәйкес өмір сүру болады.

Әрине, бұл ойлардың бәрі, шамасы, үлкен қалалардың тез өсуін, рухани өмірдің тайызданып, азғындауын, тәтті өмірге деген көпшілктің ұмтылысын сол кездегі ойшылдардың жаратпағындығынан туса керек.

Олай болса, сыртқы Дүниеде қандай төңкерістер жүріп жатса да, сені тағдыр қандай тәлтекке салса да, ақыл-ойға негізделген адамгершілік жолдан таймауың керек. Сыртқы Дүниеге қызығу, оған құмарту әр түрлі залымдықтарды тудырады. Стоиктер Аристотельдің «ортаңғы жолын» қатты сынға алады. Ақыл-ойдың, зер-денің шын қызметі екі қарама-қарсы жатқан құмартудың арасындағы ортаңғы жолды табу емес, олай болса ақыл-ой әлі де өмірге деген құмартудан толық арылған жоқ. Сондықтан адамның негізгі мақсаты - құмартудан құтылу, еріктік алу, самарқаұлық дәрежеге жету (apatia - самарқаұлық). Соңғы стоиктер оны даналық - София дейді.

Байлықты аңсап, соның соңына түскен адам бақытсыз, өйткені ол өз-өзіне зардап әкеледі, ол жаман адам, өйткені ізгіліксіз; ол ақымақ адам, өйткені ақылсыз. Стоиктердің айтуынша, мұндай адамдар халықтың көпшілігін құрайды.

Адамдардың сыртқы бір-бірінен әлеуметтік айырмашылығы надандықтан шыққаннан кейін, оған тіпті мән беріп, я болмаса оған қарсы күреске шақыру - керек емес нәрсе. Оған, эдемісі, көңіл аудармау керек.

Сондықтан тағдырға көніп, ешқандай іңкәрлік жолына түспеу қажет, ейткені ол адамның жан дүниесін түтіндетуі мүмкін.

Бірақ адамның өзіне қарамастан, сыртқы қолайсыз жағдай адамның жан дүниесінің тыныштығын бұзып, өне бойы зардап әкеле берсе, ондағы ең жақсы жол - адамның өзін-өзі өлтіріп, бұл Дүниеден кетуі.

Өздерінің натурфилософиясында Стоиктер Гераклиттің көзқарасына жақын болған. Дүние шығармашылық алғашқы отган пайда болып, уақыты өткеннен кейін, лаулаған дүниежүзілік отта жанып кетеді. Содан кейін тағы да Дүние басқа түрде келіп, тағы да жанып кетеді, ол – мәңгілік алмасу. Құдай табиғаттың барлық жақтарынан өтеді, сіңеді. Сонымен қатар ол бүкіл Дүниені басқарады және барлық болатын жер бетіндегі оқиғаларды біліп отырады. Мұндай көзқарас адам өмірінде фаталистік көзқарасты тудырады (fatum - лат. сөзі, тағдырға сену).

Скоптицизм

Антикалық философияның соңғы сатысындағы тағы бір ағым - ол скөптицизм (skeptikos - ізденуші, зерттеуші). Олар өздерінің аты ізденуші болса да, барлық Дүние жөніндегі білім, заңдылыктардың ақиқаттылығын теріске шығарады, бәріне күмәнданады. Скөптицизмге қарсы тұрған ілім - ол догматизм (dogma-ілім), ғылымда ашылған белгілі теорияларды өзгермейтін, абсолютті ретінде қарау.

Егер скептицизм ағымын осы сөздің мағынасы арқылы түсінгіміз келсе, онда бүкіл философияны осы ағымға жатқызуға болады, өйткені бұл пәннің саласында бірде-бір бүкіл ғылым қауымы мойындаған ақиқат жоқ. Әртүрлі философиялық ағымдар Дүниенің ең жалпы сұрақтарына өзінше жауап береді. Филосо-фиялық дүниетаным өте күрделі де қиын, болмыс әлі көп құпияларын өзінің бойында сақтап жатыр, әрбір ұрпақ үлкен ізденіс мен толғау арқылы өзінің дүниетанымын тереңдете түседі...

Ал бірақ танымның қиындығын скөптицизммен теңеуге болмайды. Скөптицизм барлық дүниетанымға күмәндану, танымның ақиқатқа жетуге болатынын теріске шығарған кезде ғана дүниеге келеді.

Скөптицизмнің түп-тамыры Софистика мектебіне кетеді. Протагорды еске түсірейік. «Әр зат жөнінде кемінде екі қарама-қарсы пікір айтуға болады», - дейді ол кісі. Ал мұның өзі скөптицизмге жол ашады.

Қазіргі таным теориясындағы қайсыбір білімнің салыстырмалы екендігі де белгілі бір жағдайда скөптицизмге әкелуі мүмкін.

Скөптицизм бағытының ірі тұлғасы - Пиррон (360-370 б.ғ.д.).

Пиррон жазылған еш нәрсе қалдырмаса керек. Ол өзінің ойларын оқушыларына әңгіме етіп жеткізіп отырған. Ол еш нәрсені сұлу, ия түретз деп, әділетті, ия болмаса әділетсіз деп айтпаған. Оның ойынша, ақиқат жоқ, ал адамдар тек қана әдет-ғұрып арқылы өмір сүреді. Заттар сезіммен де, ақыл-оймен де танылмайды, сон-дықтан олар жөніндегі қайсыбір пікір болмасын ақиқатқа жеткізбейді. Пиррон өзінің осы пікірлерін дәлелдеу үшін былай дейді.

«Еш нәрсені заттар жөнінде айтуға болмайды, өйткені олар әртүрлі тіршіліктердің бір-біріне ұқсамайтын түйсіктерін тудырады: біреулеріне ол зат пайдалы, екіншілеріне зиянды; әртүрлі адамдар да, заттардан әртүрлі әсер алады. Белгілі бір нәрсе адамның әртүрлі түйсіктерінде әртүрлі қабылданады (күннің сәулесі көзге жарық (болып, денеге жылылық әсерін тигізеді). Адам өзінің жан-дүниесінде әртүрлі жағдайда белгілі бір затты әртүрлі қабылдайды. Заттар әртүрлі басқа құбылыстармен бірге қабылданады да, әр жағдайда әртүрлі болып көрінеді; белгілі бір тұжырымға екінші оған қарсы пікірді айтуға болады және олардың біреуі екіншісінен гөрі ақиқатқа жақын деп айту қиын. Сондықтан Дүние жөніндегі ақиқат тек Құдайдың қолында».

Дәріс №4

Орта ғасырлар мәдениеті аясындағы философия

Дәрістің мақсаты: ортағасыр кезеңіндегі философиялық ойлармен, христианшылдық ілімдерімен танысу, білім мен сенім арасындағы тай таластапрды талдау.

1. Ортағасырлық философияның ерекшеліктері

2. Еуропалыө ортағасыр философиясы және оның негізгі ілімдері

3. Араб мұсылман философиясы, оың негізгі философиялық ағымдары мен негізгі ілімдері

Тарихшылар Орта ғасырларға Кене Рим Империясының құлауынан бастап, Қайта Өрлеу (Ренессанс) заманына дейінгі уақытты жатқызады (V ғасырдан XIV ғасырға дейін). Яғни бұл заман - құл иеленушілік қоғамның Дүниеден кетіп, оның орнына феодалдық қоғамның келіп өмір сүрген уақыты. Демек, оның негізі - белгілі өндіріс тәсілінің орнауында.

Философтар бұл мәселеге біршама басқаша қарайды. Олардың ойынша, Орта ғасырлар Европа топырағына Христиан дінінің пайда болуымен бірге келіп, Қайта Өрлеу заманына дейін созылды. Ал мұның өзі бірқұдайлыққа көшуменен (монотеизм), философияда адам және Құдай мәселелерінің бірінші орынға көтерілуімен байланысты.

Сонымен тарихшылар Орта ғасырларды 1 миллениумға (мыңжылдық) теңесе, философтар оны 1.5 мың жылғы уақытқа дейін созады.

Көп жылдар бойы Орта ғасырларға көп көңіл бөлінбей, оны бір-екі ауыз сөзбен айтып өтіп, әрі қарай кете беретінбіз. Орта ғасырлар тарихтағы бір кертартпалық, діни түнек, бір орында түрып қалу, алға жылжымау, ғылым мен техниканың алға баспауы, адамдардың рухани езіліске түсуі, ерікті ойдың қудалануы, өндіргіш күштердің тұрақтап қалуы ретінде суреттелген болатын.

Мұның негізгі себебі - Кеңес заманындағы Орта ғасырларды атеистік (құдайсыздық) идеологиясының тұрғысынан сынау, бағалау болды.

Бүгінгі таңда біз Орта ғасырлар дәуіріне қызыға қарап жатырмыз. Әңгімені өндіргіш күштерден бастасақ, әрине, құлдық қоғаммен салыстырғанда, бұл заманда үлкен алға жылжу байқалады. Шаруалар байларға тіркелгенмен, олардың өздерінің отбасы, малы, жері болды. Олар жартылай ғана тәуелді адамдар болды.

Ғылым мен техникада да белгілі жаналықтар болды. VI ғ. Қытайда фарфор өндірісі дами бастады. Бұл елде 1041 ж. алғашқы баспа дүниеге келіп, кітаптар шыға бастады, шараптан спирт шығарыла бастады.

1010 жылы Солернода (Италия) алғашқы медициналық мектеп ашылды. XII ғ. ауыр соқамен жер жырту басталды, компас дүниеге келді.

1215 ж. Париж университінің жарғысы жарияланып, 1222 жылы Падуя (Италия) қаласында университет ашылды (салыстыр: Ресейде - 1725 ж., Қазақстаңда - 1934ж.). XIII ғ. аяғында көзілдіріктер істеле бастады. Осы кезде механикалық сағаттар жасала бастады. 1320 жылы күкіртпен атылатын зеңбіректер пайда болды. Бұлардың бәрі де қоғам өмірінде алға жылжұлықтың болғанын көрсетеді.

Ал Орта ғасырдағы рухани ахуалға келетін болсақ, ондағы ғажап өзгеріс - адам өзінің ішкі жан дүниесінде рухты тауып, өзінің Құдаймен байланысты пенде екенін аңғарады. Мұның өзі философияның жаңа түрінің пайда болуына әкелді. Ол - сенім шеңберіңдегі философия, рух саласын зерттеу философиясы.

Еуропа топырағында бұл заманда дүниеге келген философия, негізінен, діни көзқарасқа жақын, екінші жағынан, адам тағдыры, ел қандай болуға тиіс т.с.с. мәселелерді қамтыды.

Бұл жаңа рухани ахуалдың бірінші ерекшелігі - монотеистік (бірқұдайлық) көзқарастың негізін жасау. Ертедегі гректер Құдай біреу ме әлде көп пе? деген ой шеңберіңде болды. Аристотель аспандағы жұлдыздарды құдайлықпен теңеп, ал Плотин Ғарышты «Көрінген Құдай» деп есептесе, енді бірде Құдайдан басқа еш нәрсе жоқтығы айтылды.

Екінші ерекшелігі - креационшм, (creatura - лат. сөзі, жасау, жарату). Бұл - Дүниені жоқтан бар қылып жасаған Құдайды мойындау. Грек философиясында Дүние әртүрлі стихияның қосындысы ретінде, я болмаса Платонның Демиург туралы ілімі, Арис-тотельдің «Мәңгілік қозғалтқышы» арқылы түсіндірілсе, Орта ғасырда Дүние мен адам Құдайдың құдіретті күші арқылы жаратылды деген пікірден таймайды.

Үшінші ерекшелік - Антролоцентризм (antropos - адам, centrum - орталық). Грек философиясының негізгі мәселесі - ғылым. Адам мен ғылым бір-біріне қарсы қойылмайды, Ғарыш макроқосм болса, адам - микроқосм. Адамды қандай дәріптеп биікке қойғанменен, ол Ғарыштың шеңберінен шықпайды. Аристотельдің айтуынша, «адамнан да гөрі анағұрлым жетілген заттар табиғатта көп, оларды көруге болады: мысалы Ғарыштағы жұлдыздар». Басқаша көзқарас Орта ғасырда пайда болды. Ол бойынша адамды еш нәрсемен салыстыруға болмайды, өйткені оны Құдай өзіне ұқсас қылып, ерекше басқадан бөліп жасады. Олай болса, ол - жаратылған Дүниенің қожайыны, бәрінен де биік түр. Сонымен қатар оның Құдай алдындағы ерекше пенде екендігі оған үлкен жүк артады: ол әрқашанда өзінің ар-ұжданын, жан дүниесін таза ұстауға тырысуы керек.

Төртінші ерекшелік - Құдайдың еркіне көну мәселесі.

Егер Грек философиясында табиғат (физис) заңы деген ұғым пайда болса, оған адам да, құдайлар да көнуі керек. Өйткені оны ешкім жасаған жоқ, ол мәңгі болатын болса, Орта ғасырда керісінше, адамға заңды беретін - Құдай, адам оның еркіне көнуі қажет (ешқандай қарсылықсыз). Ал Құдайдың еркіне көнбеуден жаман күнә жоқ.

Александриядан шыққан Филон (1 ғасырда өмір сүрген) Грек философиясындағы кейбір ұғымдарды Христиан дінінде пайдаланып, христиандық діни философияның негізін қалайды., әәш Филонның айтуынша, Библияны екі түрде оқуға болады: бірінші - ондағы жазылғанды тікелей түсіну; екінші - ондағы сөздермен көмкерілген астыртын жатқан метафизикалық, моральдық, рухани мән-мағынаны ашу.

Ол ақиқаттарға жету үшін адам жан дүниесі ерекше жағдайда болуы керек. Филон Грек философиясына беймәлім «Жарату» ұғымын кіргізеді. Құдай Дүниені жоқтан жаратты. Бірақ материалдық Дүниеден ерте ол «интеАлигибелдік Дүниені», яғни «идеялар әлемін» тудырды. Оны ол гректердің «Логос» ұғымы арқылы береді. Сонымен Логос - Құдайдың ойы, сөзі, сол арқылы Дүние өмірге келеді. Филонның айтуынша, Құдайдың екі потенциясы бар: біріншісі - жаратушылық, екіншісі - басқарушылык (жаратылған дүниені). Адам мәселесін де Филон жаңаша көзбен қарайды. Ол адамның хайуандық жағы - дене; 2 - жан, ақыл-ой; 3 - рух - Құдайдан пайда болған. Олай болса, адамның жаны табиғаттан шыққаннан кейін құрып кетуі де ғажап емес. Бірақ ол рухпен бірге өмір сүрсе, онда өлместік дәрежесіне көтерілуі мүмкін. Сондықтан адам Ғарышты танудан гөрі, ең алдымен өзінің ішкі өмірін тануға тырысуы керек. Адам өзін танып - біліп, сыртқа серпіліс жасаған кезде, өзінің толығынан бишара екендігін мойындайды. Тек қана өзінің пенделігінен өтіп, жаратылмаған мәңгілік Құдаймен байланысқа түссе ғана масайрайды.

Гностиктер ілімі. «Гносис» деген грек сөзі «тану-білу» мағынасын береді. Алайда бұл сөзбен біздің дәуірдің басында өмір сүрген, ақыл-оймен танудан гөрі, мистикалық, (құпия) жолмен Дүниенің сырын ашуға болатынына сенген діни сектаны айтамыз.

Гностикалық ағым Құдайды және адамды құтқаруға арналған. Оған мынандай сұрақтар кіреді:

· Біз кім едік, енді не болдық?

· Біз қайда болып едік, енді қайда қуылдық?

· Енді қайда болғымыз, неден құтылғымыз келеді?

· Туу және, қайта туу дегеніміз не?

Гностикалық тәжірибеде қамығу мен алаңдау арқылы сананың астары ашылып, сонда игілік пен зұлымдықтың бір-бірімен ымыраласпайтыны анықталады. Адам өзінің жаратылысы бойынша игілікке жаратылған. Өйткені ол зұлымдықтан зардап шегеді, одан аулақ жүргісі келеді. Ал бұныңөзі адамның басқа Дүниеден шыққанын және сол Дүниеге қайтып оралуы керек екенін көрсетеді.

Ол үшін адам өз-өзін терең танып-білуі керек. Бұл қайта оралуда Құтқарушы - Иса пайғамбар көмектеседі.

Гностиктер адамдарды үшке бөледі:

· пневматикалық адамдар, олардың рухы басым; (pnevma -грек сөзі, алғашқыда - тыныс, соңында - рух);

· психикалық адамдар, олардың жаны - псюхе басым (psyche - грек сөзі, жан);

· гиликалық адамдар (gile - грек сөзі, материя, зат) дене қажеттіктері басым.

Соңғылар өмірін өліммен бітіреді, біріншілер құтқарылады; екіншілер біріншілердің жолын қуса, құтқарылуы мүмкін, бірақ үшіншілердің ізімен жүрсе, Дүниеден мәңгі кетеді.

Гносиктердің айтуынша, бұл Дүние - зұлымдыққа толы, сондықтан оны Құдай жаратқан жоқ. Оны жаратқан Құдайға қарсы, арам пиғылды - Демиург.

Олар гностикалық ілім - Христостың езінің ең жақын оқушыларына ашқан аяны, ол «Ізгі Хабардан» (Евангелие) бөлек деген пікір айтқан.

Әрине, мұндай гностикалық көзқарастар әлі христиан дінінің философиясы күш ала алмай, сонымен қатар ескі грек ілімдері, рухы әлі біршама өзінің рухани өмірге әсерін тигізіп жатқан кезде пайда болса керек.

Неоплатонизм (жаңа платонизм) ілімі Осы кезде пайда болған жаңа ілім - неоллатонизм платонизмнің іліміне жаңа тыныс беріп, «идеялар әлемі» мен «жердегі әлемді», «Әманация» ұғымы арқылы қосты (emanatio - лат. сөзі-тасу, ағу, тарау). Ілімнің негізін қалаған - Плотин. Сатылы болмыстың ең биігінде Бір игілік ұғымы жатыр, оны ақыл-ой елегінен өткізуге болмайды, оған тек құдіретті әкстаз жолымен ғана жетуге болады (extasis - грек сөзі, ерекше буырқану сатысына жетіп ақыл-ой елегінен тыс тікелей аңғару).

Бір игілік соншалықты жетілгендігінен арнасынан шығып, шалқып-тасып, эманациялайды (ағады). Сол себептен Дүниеге таза болмыс - ақыл (нус) әлемі келеді Ол да шеңберінен шығып, жан-дүние (псюхе) әлемін тудырады.

Плотиннің жүйесінде дүниежүзілік ақыл-ой Платонның «идеялар әлеміне» тең келеді.

Жанға келер болсақ, дүниежүзілік ақыл-ой соншалықты жетілген әлем болғаннан кейін, басқаны тудырмай қоймайды, ол жан әлемін дүниеге әкеледі. Ал жанның өзі барлық тіршілікті Дүниеге әкеледі, жердегі, судағы, аспандағы ма – бәрі дүниежүзілік жанның туындылары. Аспан пен күнді де тудырған - сол жан. Сонымен жан-дүние материяны жарып өтіп, оған мән-мағына, құндық, әсемдік береді. «Жан-дүниесіз материя - күңгірт тұңғиык, өлі, мүлде бейболмыс, одан Құдайлардың өздері де қорқады», - дейді Плотин.

Қорыта келе, біз неоллатонизм ағымының философиялык ой елегінен гөрі діни шеңберіне қарай жылжып бара жатқанын байқаймыз. Әманация жөніндегі ой-пікір - осы дінге қарай қозғалыстың айғағы.

Патристикалық философия. Киелі Августиннің ілімі. (patris - лат. сөзі, - әке). Патристикалық философияның негізгі мақсаты христиан дінінің қағидаларын белгілі бір жүйеге келтіріп, оған философиялық тірек жасауда болды. Ертедегі Грек философиясындағы ерікті ой елегі патристикада аян идеясына келіп тіреледі. Яғни философияның мақсаты Библияның негізгі қағидаларын терең түсіндіру мәселелеріне келіп тіреледі.

Патристикадағы онтологиялық (болмыс) мәселелері Құдайдың төнірегінде қаралады. Патристика монотеизмді (бірқұдайлықты) қорғайды, көне замандағы көпқұдайлыққа қарсы шығады.

Құдай идеясы патристикада, бір жағынан, толық игілік, әділеттілік, құдіреттілік тұрғысынан қаралса, екінші жағынан, ол абсолютті болғаннан кейін, оның ешқандай қасиетін сипаттауға болмайды, ешқандай анықтама берілмейді, өйткені Құдай - бұл болмыстың аржағында. Бұл Дүние - жаратылған, сондықтан Жаратушыдан анағұрлым төменде; материя жаратылған нәрсе болғаннан кейін, оның шырмауынан құтылуға болады.

Сонымен қатар бұл Дүниені Құдай мақсатқа лайықты әсем, игі қылып жаратты.

Патристикалық философияның терең түп-тамыры мистикаға кетеді. Мысалы, христиан дінінің «дүниені жоқтан жарату», троица (үштік) қағидасы - қарапайым сананың да, теоретикалық ойлаудыңда шеңберінен шыққан түсініксіз мистикалық нәрсе. Сондықтан ТертуАлианның «credo, quia absurdum» (сенемін, өйткені ақыл-ойға сыймайды) деген нақыл сөзі сол кездегі философиялық ахуалды шынайы бейнелейді. Енді патристиқаның көп өкілдерінің ішіндегі аса ірі тұлғасы киелі Августинге тоқтап, оның философиялық көзқарастарын талдайық.

Бүкіл Христиан философиясының ірі тұлғаларының бірі - киелі Августин. Ол 354 ж. Тагаст қаласында (Африка) Дүниеге келеді.

19 жасқа келгенде Августин манихейлік дінді қабылдайды. Бұл діннің негізін қалаған - парсылық Мани (3 ғ.). Ол өз ілімінің қайнар көзі Зороастра, Будда және Христос деп есептеген.

Манихейлік ілім Дүниеде екі бір-біріне қарсы тұрған негіз бар дейді. Олар күн мен түн, игілік пен зұлымдық.

Алғашқы уақытта олар бір-бірінен бөлек өмір сүреді. Екінші дәуірде зұлымдық (материя) сәуле әлеміне кіріп, екі негіз бір-біріне араласып кетеді.

Уақыттың үшінші сатысында сәуле мен түнектің өзара күресі ізгіліктің жеңісіне әкеліп, материяның қалдықтары дүниежүзілік өртте құриды.

Адамға келер болсақ, ол - түнектің туындысы. Оның денесі жанды (сәуледен шыққан) өз ішінен жібермей тұтқындап түр. Иса иайғамбар осы адамдардың жанын құтқару үшін жіберілген.

Күнә мәселесіне келер болсақ, манихейліктер ол адамның еркінің ауытқуынан емес, ол Дүниенің екінші түнек жағының адамның жан дүниесіне кіруінен шығады дейді.

10 жылдан кейін Августин манихейлік дінді тастап, көп ізденіс, зардап шегіп, ақырында Христиан дінін қабылдап, өмірінің соңында осы діннің үлкен тұлғасына айналады.

Августиннің негізгі философиялық еңбектері: «Құдай қаласы жөнінде», «Сыр шегу», «Академиктерге қарсы», «Жанның өлместігі» т.с.с.

Августиннің шығармашылық жолында оның христиан дініне өтуі және оны бүкіл жүрегімен, жан-тәнімен қабылдауы үлкен із қалдырды.

Егер жас кезінде ол ақыл-оймен дүниені тану - ең биік жетістік, ал диалектика - ойлаудың ең негізгі құралы деп есептесе, Христиші дініне өтіп, оны іштей қабылдағаннан кейін, оның философиясыида негізгі орынды Құдайға сену алады. Сенімнің арқасында пайда болатын «ішкі сәуле» анағұрлым биік санала бастайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: