Елге жалпы сипаттама

V ғасыр аралығында құлаған Рим империясының батыс территориясына Германдық варварлардың әр түрлі тайпалары қоныстанды. Олар қазіргі Италия, Франция, Испания, Германия, Англия, Нидерланды территорияларына орналасты. Германдық гот тайпалар.

Рим империясының құл иеленушілік қираған жерінде пайда болған. Варвар мемлекеті жаңа экономикалық қатынаспен сипатталып, варварлардың ежелгі ескі сенімін жаңаша Европалық мәдениетпен, християн дінімен ауыстырды.

Бүкіл Орта ғасыр өнерінің сипаты өте қарама-қайшылықта дамыды. Ол бір жағынан діни ұғым мен сопылықты үгіттеу, насиқаттау болса, екінші жағынан адам баласының ішкі дүниесінің керемет байлығының жарқын бейнесі, ол оның зор еңбегінің, шын көңілінің арқасында пайда болған. Нағыз Орта ғасыр өнерінің екінші жағы оның таңқаларлықтай қайта өрлеу дәуіріне көтермеуіне дайындап берді.

Сұлулықтың эстетикалық идеалы.

Қоғамдық өмірдің барлық айналасына өткен діннің терең ықпалының арқасында Орта ғасыр дәуірінде адамның жаңа эстетикалық идеалы пайда болды.

Германдық гот тайпасы - Батыс европада Орта ғасыр өнерінде ХІІ-ғасыр Готика дәуірі деп аталды. Франциядағы соборлар - Готика стиліндегі ғимараттар.

Шіркеу фрескаларында беттерінен қаһарлы қайғы-касірет көрінген, пропорционалды емес ұсқынсыз фигуралар бейнеленген. Алғашқы христиан өнерінде кеңінен тараған мадонна, құдайына бейнелері әйел сұлулығының идеалын көрсетеді. Дегенмен, Орта ғасырдың эстетикалық сипатының қалыптасуына тек бір ғана діннің ықпалы әсер етпеді. Өте маңызды болған ерлер идеалы мен халықтың идеалы мынадай эпостық шығармалардан көрінеді, мысалы Трубадур ақындарының поэзиясы “Ролланд туралы өлең”, “Нибелунгтар туралы өлең”. Оның сырт бейнесіндегі ерлікті-күнінен, батырлығынан, өз елін, өз патшасын қорғаған серінің әскери данқынан көруге болады. Ол күшті, епті, шыдамды, жауынгер, кең жауырынды, күшті сымбатты аяғымен, нық басқан еркін шешімді бет пішінмен бейнеленген. Европа қоғамындағы эстетикалык көз қараста әйелдер сұлулығының идеалын іске асыруда алғаш рет ерлер сұлулығындағы ерлік әйелдер сұлулығына қайшы келіп отыр. Әйелдердің шашы ұзын алтын тәрізді, толқын бұйра шаш; жасыл не көгілдір көз; көңілді, жымиған; уылжыған шабдалыға ұқсас ерін.

Оның сұлулығы, мейрімділігі, сенімділігі серілер турнирлерінде өлеңге қосылып айтылды.

Киімдегі декоративтік әшекей, мата, түс, ою-өрнектер.

Орта ғасырда киімді декоративті әшекейлеудің прінциптеріне мыналарды жатқызуға болады.

1. Киімнің мойын ойындысы, жеңнің ұшын, бұйымның етегін кестелеген, мирешкамен, қымбат бағалы матадан жиектер тікті. Аң терілерінен жиектеді.

2. Киімде ашық контрасты түстерді (жасыл, қызыл, көк, сары) қолданды.

3. Костюмді өңдегенде көлемді ою-өрнектерге - лента, шашақтар қолданды.

4. Матаны, алтын және күміс шашақпен, Орта ғасырда бір рыцардың өзінде 500 шашақ қоңыраумен сыңғырлады.

5. Қымбат заттармен, алтынмен әшекейленген колғаптар шықты.

Алғашқы Орта ғасырда ең көп тараған матаның түрі зығыр матасы, қолдан тоқылған кенеп, сукно, жүн, тері, шығыс және византия жібегі болды.

Готика дәуірінде қалада қол өнердің өркендеуі, тоқыма өндірісін дамытты, мата түрлерінің көбеюіне, мата сапасының жоғары болуына, ою-өрнегінің әр түрлі болуына ықпал жасады. Жібек, парша, бархыт және созылмалы сукнолар кеңінен тарай түсті. Қызыл түсті.

Керемет жүн мата - шарматы көбіне Англияда, Нидерландыда шығарды. Арқау жібі мақта, негізгі жібі зығыр болып келген. Бархытты - Германияда өндірді. Жібектің ең жақын түрі қара-қошқыл, ол Венецияда шығырылған.

Түс гаммасы: ашық, таза, отты-қызыл, аспан көк, жапырақ жасыл. Соңғы Готика кезеңінде костюмге өзгеше қара-қошқыл. Мысалы: фов түсі - сары-күрең түс.

Маталар көбіне бір тегіс болды. Кейін гүлді маталар: алтын, күміспен әшекейленген.

Матада өрнектер шеңберге, ромбыға, айқас болып салынды. Суреттер - аң, құс қанаттары, тістері күміс алтын түсті болып келді.

XV ғасырдан бастап өсімдік тектес өрнектер модаға енді: анар иілімдері, тюльпан, гвоздика, розалар, қызғалдақ.

Алғашқы Орта ғасыр кезеңі (VІ-ХІІғ.).

Варварлар костюмінің бейнесін, түрін Ежелгі Римнің белгілі триумфалды ғимараты туралы колоннасынан көруге болады. Костюм жеңі бар, белі буылған қысқа туникадан, қысқа дамбалдан, матадан шұлық, тері байпақ және аң иықтан түймеленген жүн жамылғыдан тұрды. Басына шағын конус тәрізді қалпақ киді.

Мұндай костюм Ұлы Карл (VІІІғ.) империясындағы ақ сүйектерде болды. Онымен қабат тар, ұзын екі бөліктен тұратын дамбал және бірінің үстіне бірі киілетін ұзын, кең туника болды. Мұндай костюмді біз X ғасырдағы император Оттан II бейнелеген миниатюрадан көреміз. Оның үстінде ашық түсті туника, төменгі жағы жең, бүйір, иық тұсы жалпақ алтын жолақпен жиектелген, оның астынан ішкі ақ туника көрініп тұрады. Оның үстінен иығынан қымбат әшекейлеп сәнделген қара-қошқыл плащ киген.

Костюм формасы, киім кию манерасы әшекейі византиялықтарды еске түсірді.

XI ғасырдан бастап (роман дәуірі) ерлер костюмының формасы серілер (рыцарь) киімнің ықпалында болды. Киім әр түрлі формада, қысқа болып келеді.

Блио - алды жабық бел сызығы төмен болып келген қаптама киім. Жоғарғы бөлігі иық сызығымен, кеуде, бел сызығымен қыналып бөксеге қарай кеңи түседі. Төменгі жағы екі жарты шеңбер тәрізді арқа мен алдыңғы белге тігілген.

XI ғасыр Роман дәуірі, Готиканың жалғасы, бұл феодалдық шіркеу идеалогиясының ықпалында болды. Жалпы ұзындығы тізеге не балтырға дейін келеді. Блионың жеңі тұтас пішілген төменгі жағы ворика тәрізді кеңейе түседі. Жанындағы төменгі тіліктерден ұзын ішкі туника түсі ашық контрасты көрініп тұрады.

Шоссы - эластикалық сукнодан тігілген тар қыналған дамбал-шұлық жоғарғы жағынан ол баумен иықты киімнің беліне бекітілді. XV ғасырға дейін (дамбалдар) балақтар өзара тігілмеді, кейін келе алдыңғы және артқы қиықтардың көмегімен қосты.

Нарамник-минарти - көптеген орта ғасыр киімдерінің түрлерінің, ерлер мен әйелдер киімінің негізінде жасалған.

Әр түрлі ұзындықтағы және кию манерасы бұл киімді әр түрлі етіп көрсетті.

29-суретте нарамник-минарти көрсетілген. Минарти модасы XIII ғасырдағы ақ сүйек белгілі феодалдар киімінде кеңінен тарайды. Олар киімге феодал гербінің белгісімен түсін қолдануымен ерекше байланысты болды. Жеңі, алдының жартысы, балақтары, аяқ киімі әр түрлі түске боялып, герб белгілерімен сәнделеді.

ХІІІ-ғасырда сюрко - пайда бола бастады, кең ойындысымен, бүйірі тігілген. Сюрко котт үстінен киіледі, (терминнің өзі француздардан шыққан surcat - поверх котт) дегенді білдіреді. Котты XIII ғасырда блио ығыстырады. Бұл киімнің нағыз түрі емес, сонымен қатар ол орыстың көйлегіне ұқсас. Дәл осы кезден бастап ол костюм терминологиясына мықтап енеді.

Кейінгі Орта ғасыр кезеңі. (ХІV-ХV ғасырлар).

Пішілу үлгісінің дамуы, киімде, оның силуэттік және конструктивті-декоративтік сызықтарында әр түрлі ерекшеліктерінің пайда болуына әкеліп соқты.

Ерлер костюмі 2 силуэт негізінде дамыды: қынама және еркін козғалыстағы етегіне қарай кеңи түсетін. Қынама силуэт Роман кезеңіндегі силуэттен ерекшелігі ең алдымен иық сызығының кеңуі, оның қолтық ойындысының бүрмелеуінен арнайы қойылған мақта валикпен (подкладка) байыланысты кеңиді.

Конструктивті және декоративті сызықты кеуде, және төмен түскен жіңішке белсызығы белдікпен буылғанын айқындай түсті.

Қынама киімнің ұзындығы бөксе сызығынан өтпеді.

Сақ, скиф тайпалары

Тарихты зерттеген этнограф, археолог ғалымдар қазақ халқының арғы тегі ерте заманда б.э.бұрынғы VII-IV ғасырда Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары дейді. Қазақтың атын сақтармен байланыстырады. “ қаспи ” және “ сақ ” деген екі тайпаның қосылуынан шыққан деп тұжырымдайды.

Ежелгі грек тарихшылары сақтарды “ Азиялық скифтер ” деп атаса, ал парсы тарихшылары оларды “сақ” деп атаған. Олар кезінде Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген. Ол заманда “сақ” немесе “скиф” деген жалпы атпен аталған халықтың ішінде әрқайсысының өзіне тән аты бар көптеген тайпалар болған. Олардың көпшілігі көшпенді, мал шаруашылығымен, бір бөлігі егіншілікпен айналысқан.

Ежелгі грек зерттеушісі Геродот деректемесінде сақтардың бірнеше тайпалары аталады: массагет, яксарт, дай, каспи, исседон, фарат, асқатағ, асси сияқты.

Алтай, Қара теңіз, Каспий теңізін арамасып, сармат тайпалары мекендеді, ал Шу, Талас өзені, Алматы өңірін асқатағ тайпалары мекендеді.

Асқатағ, исседон, арамасып сияқты тайпалар “шошақ төбелі сақгар” деп атады, өйткені олар шошақ төбелі тымақ киген.

Ежелгі гректердің айтуынша сақтар өте батыр, жауынгер, “ қасқа қатал, досқа адал ” халық болған.

Оңтүстік орыс даласының қорғандарынан табылған киімдер. Скиф костюмі. Сақ костюмі.

Біздің еліміздің территорияларынан археологиялық қазбадан табылған ежелгі мәдениетке жататын скиф, славян, Алтай, Сібір халықтарының мәдениеті болып табылады.

Скифтердің кейпін, өмірін, тұрмысын, гректің ежелгі тарихшылары, соның ішінде Геродот (б.э.д. V ғасыр) суреттеді. Олардың суреттеуінен скифтер аққұба көгілдір көзді, атпен жүріп, керемет мерген болғанын байқаймыз.

Қаратеңіз жағалауының скифтері ежелгі грек мәдениетінің үлкен ықпалында болды, олардың сырт кейпі грек тұрмысына ұқсас келеді.

Бұдан 200 жыл бұрын ғалым-археологтармен скиф қорғанын қазу басталған, онда белгілі, атақты скифтер жерленгені анықталды. Ал оны зерттеу осы уақытқа дейін жалғасып келеді. Подднепровья мен Қырымда (Солоха, Чертлык, Куль-Оба) аймақтарынан материалдық мәдениеттің бағалы бұйымдары табылған, ол бұйымдардан скифтердің сырт келбетінің формасын, костюм формасын анықтауға болады.

Алматы қаласынан 50 шақырым жерде Есік өзенінің жағасынан ежелгі Жетісу сақтарының мәдениетін, өмірін бейнелейтін мол мұра????

Оның ішінде матадан тоқылған ішкөйлек, белінде қайыс белбеу, оң жағында ұзын семсер, сол жағында темір қанжар асынған.

Оған жауынгерлер фигурасы бейнеленген алтын тарақ, күміс құмыра шарап құюға арналған айғақ болады, құмыраға аттылы бейнесі салынған.

Ерлер костюмі: ерлер киімі алды ашық, қысқа аң терісімен көмкерілген кафтаннан тұрды, оны аң терісінен ішіне қаратып тікті, беліне белдік тақты. Кафтанмен ұзын шалбарды етіктің ішіне салып киді. Бастарына төбесі үшкір болып келген тері, не киіз қалпақ киді. Қалпақтың етегі иығына түсіп тұрды. Аяқтарына жұмсақ көннен өкшсі етікті киді, ол тобыққа баумен бекітіліп қойды. Кейде костюмді қысқа плащ толықтырып тұрды, оны бір не екі иыққа тастап киді.

Мата: зығыр матасы аң терісі, көн, киіз қолданды.

Скиф ерлері: ұзын шаш, сақал, мұрт қойды.

Әйелдер костюмі: Әйелдер костюмі ерлер костюмінің формасын қайталады. Скифтер зергерлік бұйым жасауда өздерінің жоғарғы өнерлерін көрсетті. Олардың жасаған алтын, күміс бұйымдары костюмдерді әшекейледі. Ол бұйымдар қапсырма, жапсырма әшекей, оған өсімдік, жануар өрнектері бейнеленген. Ондай әшекейді киімге, бас киімге тақты. Ерлер мен әйелдер костюмінде қымбат зергерлік әшекей: мойын алқасы; маржан моншақтар, қол, аяққа тағатын білезіктер, сырға сияқгы қымбат бұйымдар үлкен роль атқарды.

Куль-Оба қорғанынан жерленген ер кісінің мойнынан үлкен алтын алқа табылды, ол алты алтыннан қабатталып оралған шынжыр, ұштары аттылы фигура мүсінімен сәнделген. Аяғы мен қолына өте нәзік жасалған алтын білезік тағылған. Әйелдің мойнында 2 пар алтын алқа-медальон, оған Афина құдайының басы бейнеленген, ауыр маржан моншақ алтыннан құйылған салпыншағы бар салмағы 473 грамм және алтыннан жасалған жалпақ аяқ білезік.

Ежелгі скиф үлгілерінің таңдамалы зергерлік өнеріне жататын - алтын көкірекке тағатын әшекей - пектораль салмағы 1150 грамм, ол 1971 жылы “Толстая могила” қорғанынан табылған.

10лекция. Қайта өрлеу кезіндегі костюм

Жаңару дәуір (XV және XVIғғ.) тұсында ортағасырлық феодалдық қоғамнан буржуазиялық қоғамға өту кезеңі болды. Дворяндық жойылып, ірі ұлттық монархиялы, соның ішінде жаңа еуропалық ұлт пайда болып, әлемдік сауда негізі қаланды. Жеке кәсіптер мануфактураларға, одан ірі өндіріс орындары ретінде қаланды. Дәуірдің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері ретінде ұлттық мемлекеттердің пайда болуы және экономикалық буржуазиялық өндіріс тәсілдерін атауға болады. Бұл дәуірде барлық қоғамдық мәдениет пен өнердің жан-жақты гүлденуі байқалады.

XV-XVI ғасырлар аралығындағы кезең интелектуалдық (рухани әрі ғылыми) гүлдену кезеңі деп есептеледі. Бұл – Леонардо да Винчи мен итальяндық қайта өрлеу дәуірі. феодализм мен абсолютизмге қарсы батыл күрес заманы басталды.

Жаңару дәуіріне сипаттама берсек, мұнда адамға қызуғышылық, табиғатқа деген махаббат, сұлулыққа, білімге құштарлығы, жаңалықтар ашуы (жер жүзін шарлап шығып Магеллан мен Колумбтың Американы ашуы), жаратылыстану ғылымдарының, өнердің, әдебиеттің қалыптасуы мен дамуы осы жаңару дәуіріне тән құбылыстар.

Жаңару дәуірінде негізінен өнер мен мәдениеттің басты идеясы гуманизм болды. Гуманизм еркін адамның жан-жақты дамуының жаңа көрінісін бейнелейді. Жаңару дәуірінде тән мен жанның бірлігін айта отырып, рухани және дене күші бірлігі негізгі идея болды. Сұлулық – денсаулық пен секілді басты жақсылық, ізгілік ретінде саналды.

Бұл кезеңде мата тоқу орталығы Италия болып есептелді. Мұнда – Генуе, Венеция, Флоренция қалаларында жібек пен өрнек басылған маталар кеңінен шығарылды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: