Номенклатурасы

ИЮПАК бойынша бейорганикалық заттардың номенклатуралық ережелері. Күрделі заттардың құрамы бойынша жіктелуі. Бинар қосылыстар. Гидридтер. Оксидтер, пероксидтер, супероксидтер, халькогенидтер, галогенидтнр, нитридтер, карбидтер және т.б. Бинар қосылыстардың номенклатурасы. Қышқылдар, тұздар. Күрделі заттардың фукционалдық белгілері бойынша жіктелуі. Тұз түзуші және тұз түзбейтін оксидтер. Қышқылдық, негіздік және амфотерлі оксидтер. Оксидтердің номенклатурасы. Негіздер. Бір және көп қышқылды оксидтер. Сілтілер. Негіздердің номенклатурасы.

Қышқылдар: оттекті және оттексіз. Бір және көп негізді қышқылдар. Қышқылдардың номенклатурасы.

Тұздар: орта, қышқыл, негіз. Аралас және қос тұздар. Тұздардың номенклатурасы.

Комплексті қосылыстар туралы түсінік. А.Вернердің координациялық теориямының негізгі қағидалары. Комплекстің сыртқы және ішкі сфералары. Лигандалардың сипаттары. Комплекс түзушінің координациялық саны. Комплекс ионның заряды. Комплекс қосылыстардың негізгі кластары. Гидраттар (аквакомплекстер). Кристаллогидраттар аквакомплекстердің бір мысалы. Комплекс қосылыстардың изомериясы. Гидраттық және координациялық изомерия. Цис және транс изомерия. Комплекс қосылыстардың номенклатурасы.

Комплекс түзуші үрдісінің химия мен биологиядағы маңызы. Орыс, кеңес және қазақстан ғалымдарының комплекс қосылыстар туралы ілімнің дамуындағы ролі. Л.А.Чугаевтың, М.И.Черняевтың, А.А.Гринбергтің және басқалардың жұмыстары.

3. Атом құрылысы.

Атом күрделі екендігі жайындағы экспериментальдық негіздемелер. Электронның ашылуы. Радиоактивтілік α-, β-, γ-. Сәулелері және олардың сипаттары. Атомның Томсон ұсынған моделі. α - бөлшектерінің сейілуі бойынша жүргізілген Резерфордтың тәжірибелері. Атом планетарлық моделі, оның жетістіктері және кемшіліктері.

Сәуле шығуының корпускулярлық – толқындық дуализмі. Планк теңдеуі. Атомдардың спектрлері.

Бор бойынша сутегі атомының теориясы. Сутегі атомының спектрі. Сутегі атомының Бор бойынша теориясының қайшылықтары. Бөлшектердің корпускулярлық-толқындық дуализмі. Де-Бройль толқындары. Гейзенбергтің анықталмағандық ұстанымы. Стационарлық күй үшін Шредингердің толқындық теңдеуі туралы ұғым.

Сутегі атомының кванттық-механикалық моделі. Кванттық сандар электронның атомдағы күйін анықтайтын параметр ретінде. Бас (n), орбиталь (1), магниттік (m), кванттық сандар. Кванттық сандардың физикалық мәні. Спиндік кванттық сан. Электрондық бұлт жөнінде ұғым.

Атомдарда орбитальдардың толуының үш ұстанымы: энергияның ең төмендігі Паули ұстанымы, Гунд ережесі. Атом орбитальдарының толу реті. Клечковский ережесі. Электрондық формулалар.

Ядро протондарымен нейтрондардың динамикалық жүйесі. Тұрақты және тұрақсыз ядролар. Ядролық реакциялар және химиялық элементтердің өзгеруі.

Атомдар радиусы, иондану энергиясы қасиеттерінің периодтық өзгеруі. Электронға жақындық. Электртерістілік. Салыстырмалы электртерістілік.

4. Периодтық заң және Д.И.Менделеевтің химиялық

элементтер периодтық жүйесі.

Д.И.Менделеевтің өмірі және ғылыми-педагогикалық жұмыстары. Химиялық элементтерді жіктеудің алғашқы адымдары.

Д.И.Менделеевтің периодтық заңды ашуы. Элементтердің табиғи жүйесін құрудың ұстанымы. Д.И.Менделеевтің теориялық болжамдарының іс жүзінде расталуы.

Периодтық заңның жаңа анықтамасы. Периодтық жүйе элементтердің табиғи жүйесі. Периодтық жүйенің ұзын және қысқа түрі. Периодтар, топтар, топшалар.

Периодтық жүйедегі элементтердің орны мен олардың атомдарының электрондық құрылысымен байланысы. s-, p-,d-,f – элементтер. Элементтердің химиялық қасиеттерінің олардың периодтық жүйедегі орнымен байланысы. Элементтер қасиеттерінің периодты және периодты емес өзгеруі. Атомдардың радиустарының, иондану энергияларының, электронға жақындығының және электрерістіліктерінің олардың ядро зарядтарының өсуі бойынша өзгеруі.

Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруі атомдардың электрондық конфигурациясының периодты өзгеруінің белгісі. Периодтық заңның ашылуының ғылымның дамуындағы маңызы.

5. Химиялық байланыс.

Химиялық байланыстың мәні туралы көзқарастың эволюциясының қысқаша очеркі. Химиялық байланыстың негізгі типтері: коваленттік және иондық.

Коваленттік байланыс. Коваленттік байланыстың қазіргі кездегі теориялары жөнінде ұғым. – ВБ және МО әдістері. Химиялық байланыстың негізгі сипаттары: энергиясы, ұзындығы, бағыты. Ковалентті байланыс түзілуінің екі механизмі: дара электрондардың ортақтасуы (алмасуы) және донорлық – акцепторилық. Ковалентті байланыстың қасиеттері: қанығуы, бағыты, поляризациялануы. σ -, және π -, байланыстар. Атомдық орбитальдардың гибридтенуі. Гибридтену типтері және молекуланың геометриясы. Байланыстың полюстігі және молекуланың полюстігі. Дипольдық момент. Валенттік туралы қазіргі кездегі көзқарас. Атомдардың коваленттілігі. Атомдардың валенттік мүмкіндіктері. Ковалентті байланысы бар қосылыстардағы атомдардың тотығу дәрежесі.

Молекулалық орбитальдар әдісі (МОӘ). Әдістің физикалық идеясы: электрон тығыздығының барлық ядролар арасында делокализациялану. АОСК әдісі.

Байланыстырушы және босаңдатушы МО. Молекулалық орбитальдардың толу ұстанымы. Молекулалардың энергетикалық диаграммасы және электрондық формулалары.

Комплекс қосылыстардағы химиялық байланыстың табиғаты. Оны валенттік байланыстар әдісі тұрғысынан қарастыру.

Ішкі және молекулааралық сутегіндік байланыс. Сутегіндік байланыстың биологиялық үрдістердегі маңызы.

Иондық байланыс. Молекулалардағы және қатты денелердегі катиондар мен аниондар. Иондық байланыстың қанықпауы және бағытсыздығы.

Кристалл торларының типтері: атомдық, молекулалық, иондық. Заттардың қасиеттерінің химиялық байланыстың сипатымен кристалл торларының типтеріне байланыстылығы.

6. Химиялық процестердің энергетикасы және бағыты.

Химиялық реакциялардың жылу эффектілері. Химиялық қосылыстардың түзілу жылуы. Гесс заңы. Жүйенің ішкі энергиясының өзгеруі. Энтальпия. Энтропия туралы ұғым. Изобарлы-изотермиялық потенциал (Гиббс энергиясы). Әртүрлі жағдайларда үрдістердің бағытындағы энтальпиялық және энтропиялық факторлардың ролі. Химиялық реакцияның жүру мүмкіндігін бағалау үшін бастапқы және реакция өніміндегі заттардың түзілуінің стандарттық энтальпия және стандарттық изобарлық потенциалдарының кестедегі мәндерін пайдалану.

7. Химиялық реакциялар жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік.

Химиялық реакция жылдамдығы. Оның сандық мәні. Шынайы және орта жылдамдық. Химиялық реакцияларға әсер ететін факторлар. Химиялық реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрацияларына тәуелділігі. Массалар әсер заңы. Оны гомогендік және гетерогендік жүйелерге қолдану. Реакция жылдамдығының константасы. Гетерогендік ортада беттік қабат факторының реакция жылдамдығына әсері. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі, реакцияның температуралық коэффициенті. Активті молекулалар және үрдістің активтену энергиясы туралы ұғым.

Катализ. Реакция жылдамдығына катализатордың әсері. Катализдің түрлері: гомогенді, гетерогенді, оң және теріс катализ, ингибитор жөнінде ұғым. Катализатор ретінде ферменттердің ерекшеліктері. Катализді өнеркәсіпте пайдалану. Катализаторлардың биологиялық үрдістердегі ролі.

Қайтымсыз және қайтымды химиялық реакциялар. Химиялық үрдістердің қайтымдылық және қайтымсыздықтарының шарты. Химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдік константасы. Ле-Шаталье ұстанымы. Әрекеттесуші заттардың концентрациясын, қысымды және температураны өзгерту кезіндегі химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Қайтымды үрдістердегі катализаторлар. Химиялық реакцияның жылдамдығы және химиялық тепе-теңдік туралы ілімнің химиялық үрдістерді басқарудағы маңызы.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: