Кесте 5

Науқастың мәжбүрлі қалпының бірнеше варианттары

Мәжбүрлі қалыптың сипаты Ауру (синдром) Жағдайын жеңілдеткен себептер
Керуеттің шетін қолмен ұстап, отырған күйдегі қалып Бронх демікпесінің ұстамасы Тыныс алуға көмектесуші бұлшық еттері мобилизациясы
Ауырған бүйірімен жату Құрғақ плеврит Зақымдалған жақтың плевра жапырақшасы қозғалысының шектелуі және ауырсыну синдромының азаюы
Ауырмаған бүйірімен жату Қабырғаның сынуы Егер науқас ауырған бүйірімен жатса, сынған қабырғалар қысылып, бір-біріне қажалып, ауырсыну күшейеді.
Ішпен жату Ұйқы безінің ісігі Жүйкелердің біріккен жеріне ұлғайған ұйқы безінен қысым азаяды.
Басын төмен қарата, ішпен жату Өкпеден қан кету Қаннан тыныс жолдарын босату, зақымдалған қанның өкпенің сау аймағына жақын жатқан бронхыларға ағуын, олардың зақымдалуын болдырмау.
Басы денесінен төмен горизонталды қалып Көп қан кету Жүрекке қанның келуін жоғарылату және мидың және ішкі ағзалардың қан-айналымын жақсарту.

Тағы да науқастың дене қалпын өзгертуде маңызы бар көптеген ауруларды мысалға кетіруге болады. Кей жағдайларда ұзақ уақыт төсекте мәжбүрлі күйде отыру, науқастың жағдайын нашарлатып жібереді, ойық жараның пайда болуына әкеледі, сондықтан науқастың төсектегі қалпын өзгертіп отыру қажет.

5. Антропометриялық өлшеу әдістері

Антропометрия (грек. antropos – адам, metreo – өлшеу) – адамның негізгі физикалық көрсеткіштерін өлшеу арқылы, физикалық дамуын бағалау. Антропометриялық көрсеткіштерге бойы, дене салмағы, кеуде қуысының өлшемі және басқалары жатады. Жалпы физикалық даму көрсеткіштері ағзаның функционалды жағдайын көрсетеді және денсаулық жағдайы мен жұмыс қабілеттілігін бағалауда маңызы бар.

Өлшеуді тексеруден өткен өлшеуіш құралдармен өлшейді: таразы, бой өлшегіш, сантиметрлік лента. Барлық өлшеуді күннің бірінші жартысында, аш қарынға, физиологиялық қажеттіліктерден кейін жүргізілгені дұрыс. Өлшенетін адам жеңіл тоқыма киімде болуы керек.

Бойды өлшеу (дененің ұзындығы)

Дененің ұзындығын өлшеу үшін бой өлшегішті қолданады, ол алаңға бекітілген сантиметрлік шкалаға бөлінген вертикалды енсіз жұқа тақтайша. Вертикалды енсіз жұқа тақтайшада жоғары-төмен қозғалатын көлденең орналасқан планкасы бар (сурет 37).

Шараның орындалуы:

1. Шараның мақсаты мен жасалуы туралы науқасқа түсіндіру, келісімін алу.

2. Гигиеналық әдіспен қолын өңдеу.

3. Бой өлшегішті жұмысқа дайындау.

4. Бой өлшегіштің планкасын бойынан биікке көтеру.

5. Науқасқа алаңның ортасына вертикалды енсіз жұқа тақтайшаға арқасын тіреп тұруын өтіну (аяқ киімсіз).

6. Науқас вертикалды енсіз жұқа тақтайшаға 3 нүктесі тиіп тұруы қажет: өкшесі, жамбасы, жауырыны.

7. Сыртқы есту тесігі мен көзі бір көлденең сызықта тұратындай деңгейде басын ұстап тұру.

8. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың басына тигізе түсіреді (баспай).

9. Планшеттің төменгі шетіндегі шкаладағы сан науқастың дене ұзындығын көрсетеді.

10. Бой өлшегіш алаңынан абайлап шығуын сұрайды.

Өлшеу дәлдігі - 0,5 см дейін.

Бойды күннің бірінші жартысында өлшеген дұрыс, өйткені адамның бойы кешке қарай 1-2 см кішірейеді. Бұның себебі –шаршау, бұлшықет тонусының төмендеуі, омыртқа аралық шеміршек дискілерінің және тік жүру нәтижесінде табанның тегістелуі.

Сурет 37.

Науқастың бойын өлшеу

Дене салмағын өлшеу

Салмақ бойға қарағанда тұрақты көрсеткіш емес, бір тәулік ішінде 1-ден 1,5 кг дейін өзгеріп отырады. Дұрыс қойылған және тексерілген медициналық таразыда өлшеуді жүргізеді. Кәзіргі уақытта электрондық таразылар көп қолданылады (сурет 38). Өлшеуді таңертең аш қарынға, қуық пен ішекті босатқаннан кейін жасайды.

Шараның орындалуы:

1. Таразыны қосу

2. Сандық тақтадан 0 көрінуін тосу қажет.

3.Науқасқа алаңның ортасынатұруын өтіну (аяқ киімсіз), қажет болса науқасқа көмектесу.

4. Таразы салмақты көрсеткенін тосу қажет.

5. Таразыдан түсуге науқасқа көмектесу.

6. Нәтижені тіркеу қажет.

 
 
http://mebelmed.ru


Сурет 38.

Дене салмағын өлшеу

Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу

Кеуде клеткасы шеңберін өлшеу үшін жұмсақ сантиметрлік лентаны қолданады. Өлшеуді қалыпты тыныс алғанда, барынша демді ішке алу мен шығару кезінде өлшейді (сурет 39).

 
 


Сурет 39

Кеуде шеңберін өлшеу

Шараның орындалуы:

1. Науқасқа кеудесіндегі киімдерді шешуін өтінеміз.

2. Науқастың қолын сәл жанына көтеруін сұраймыз.

3. Сантиметрлік лентаны артынан – жауырын бұрышынан төмен, алдынан – төстің IV қабырғадеңгейіне (емшек ұшы маңы тұсында) қояды.

4. Үлкен сүт бездері бар әйелдерде лентаны төстің үстінен терінің сүт безіне өтетін аралыққа қояды.

Кеуде клеткасы шеңберін демді ішке алу мен шығару кезінде өлшегендегі айырмашылық саны кеуде клеткасының қозғалысын көрсетеді және тыныс алу кезіндегі кеуде клеткасының экскурсиясы деп аталады.

Дене салмағының индексі

Дене салмағының индексі (бой-салмақ көрсеткіші, Кетле индексі) – адамның дене салмағының бойына сәйкес келу дәрежесін бағалайтын көрсеткіш. Дене салмағының индексін (ДСИ) білу арқылы семіздікті немесе дене салмағының жеткіліксіздігін анықтауға болады. ДСИ есептеу формуласы:

ДСИ = дене салмағы (кг)

бойы(м)2

Қалыпты ДСИ - 18,5 - 25.

· егер ДСИ < 18,5 – дене салмағы жеткіліксіз,

· егер ДСИ 25-29,9 – дене салмағы артық (семіздіктің алды),

· егер ДСИ > 30 – семіздік.

Майдың іш аймағында жиналуы денсаулыққа қауіпті, себебі жүректің ишемиялық аурулары, артериалық гипертония, қантты диабет және т.б. жиі кездеседі. Әлем статистикасы бойынша әйелдердің 30-40%, ал еркектердің 10—20% -ы семіздікке жиі ұшырайды.

Семіздіктің 3 түрі бар:

- әйелдерге тән түрі (гиноидты семіздік) – тері асты май сан және жамбас аймағына жиналады (сурет 40 а);

- еркектерге тән түр (андроидты немесе висцеальды семіздік) – майдың іште жиналуы (сурет 40 б);

- аралас түр.

 
 
paralife.narod.ru


Сурет 40

Семіздік түрі а – әйелдерге тән, б – еркектерге тән

Дене салмағының индексін анықтау дене салмағы артық адамдарда семіздікті ерте диагностикалауға және жүрек-тамыр ауруларының даму қауіпін болжауға мүмкіндік береді. Дегенмен бұл әдістің жеткіліксіздігі де бар. Адамның тамақтану жағдайын анықтаудың тура әдісі оның бел айналымы көлемінің сан айналымы көлеміне қатынасын анықтау.

Бел айналымын өлшеу

Бел айналымы сантиметрлі лентамен қабырға асты аймақ пен жамбас сүйектері арасынан өлшенеді (ең жіңішке бөліктен) тыныс шығаруда. Бел айналымының қалыпты көрсеткіші: әйелдерде 80 см кем, ал еркектерде 94 см кем.

Сан айналымын өлшеу

Сан айналымы жамбастың ең шығыңқы бөлігінен өлшенеді, сантиметлі лента шап аралығы деңгейіне жақын көлденең қойылады.

Май қабатының жиналу сипаты бел айналымы көлемінің сан айналымы көлеміне қатынасымен анықталады, қалыпты жағдайда әйелдерде < 0,85; еркектерде < 1,0. Қалыпты жағдайда – сан айналымының көрсеткіші бел айналымынан көп, семіздікте – сан айналымының көрсеткіші бел айналымынан кем (сурет 41).

 
 
www.telenir.net/zdorove


Сурет 41.

Бел айналымының сан айналымына қатынасы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: