Болады, алтыдан асатындары сирек

Бірінші реттік продуценттер. Бірінші реттік продуценттерге автотрофты

организмдер, негізінен жасыл өсімдіктер, кейбір прокариоттар, атап айтқанда,

көк-жасыл балдырлар және фотосинтезделетін бактерияның аздаған түрлері

жатады, бірақ олардың үлесі шамалы ғана. Фотосинтетиктер күн энергиясын

ұлпаларды құрайтын органикалық молекулалар негізінде қолданылатын

химиялық энергияға айналдырады. Органикалық заттардың өніміне энергияны

бейорганикалық қосылыстардан алатын хемосинтездеуші бактериялар да

аздаған үлесін қосады.

Су экожүйелерінде басты продуценттер мұхиттар мен көлдер үстіңгі

қабатының фитопланктонын құрайтындар көбіне ұсақ болып келетін бір

жасушалы ағзалар – балдырлар болып табылады.

Бірінші реттік консументтер бірінші реттік продуценттермен қоректенеді,

яғни олар шөп қоректі жануарлар.

Екінші және үшінші реттік консументтер. Екінші реттік консументтер шөп

қоректілермен қоректенеді, осылайша бұлар екінші реттің консументтерін

жейтін үшінші реттің консументтері сияқты етпен қоректенетін жануарлар.

Екінші және үшінші реттің консументтері жыртқыш болып аң аулауы, өзінің

құрбандығын ұстап алып, өлтіруі мүмкін. Соңғы жағдайда олар көлемі

жағынан өздерінің иелерінен кіші болады.

Редуценттер мен детритофагтар. Өлген өсімдіктер мен жануарлардың

денелері әлі де болса энергия мен «құрылыс материалын» тірі кезіндегі

бөлінділерді, мысалы, зәр мен нәжіс сияқтыларды сақтайды. Бұл органикалық

материалдарды микроағзалар, дәлірек айтсақ, органикалық қалдықтарда

сапрофиттер тәрізді тіршілік ететін саңырауқұлақтар және бактериялар

ыдыратады. Мұндай ағзалар редуценттер деп аталады. Олар өлі денелерге ас

қорыту ферменттерін немесе тіршілік әрекеттілігінің қалдықтарын бөліп,

олардың қорытқан өнімдерін сіңіреді. Жартылай ыдыраған материалдарды

детрит деп атайды, көптеген ұсақ жануарлар (детритофагтар) сонымен

042-14.4.05.1.20 35/03-2013 №2 Басылым беттің 24 беті

қоректеніп, ыдырау процесін жылдамдатады. Бұл процеске шынайы

редуценттермен қатар (саңырауқұлақтар мен бактериялар) детритофагтар

(жануарлар) да қатысатындықтан ол екеуін де кейде редуценттер деп атайды,

әйтсе де шындығында бұл термин сапрофитті ағзаларға қатысты. Кейбір

жануарлар басқа жануарлармен де, өсімдіктермен де қоректенеді, оларды

талғаусыз қоректенушілер (жекелей алғанда адам да соған жатады) деп


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: