double arrow

Гофман творчествосы

Кәсіби музыкант Эрнст Теодор Амадей Гофман неміс әдебиетінде жасы ұлғайған шағында келді. Оның шығармаларында романтизмнің ақырғы кезеңінің көптеген қырларының тоқайласқанын көруге болады. Гофманның таланты көп қырлы. Ол- керемет суретші,кескемдемеші,безендіруші, композитор. Оның тырнақалды тұңғыш әдеби шығармасы «Глюк мырза» новелласы 1809 жылы музыкалық газетте жарияланды. Оны кеңінен танытқан – 1814 жылы жарық көрген, үш томнан тұратын, көптеген әңгімелер мен ертегілері топтастырылған «Калло мәнеріндегі қиялдары» жинағы болды. Осы атаған «қиялдарына» ғылыми тұрғыдан үңілгенде, автордың жарық пен көлеңкенің батыл қарама-қарсылығын, қайшылақтарын суреттегені көрінеді.Ағылшын романтизміндегі қарама қарсылық Баронның «Шығыс поэмаларының» кейіпкерлері арқылы көрінген еді. Неміс әдебиетіндегі жеке адам көрінісіндегі романтикалық идеал да ағылшын әдебиетіндегідей тұтас буржуазиялық дәуірге тән менмендік пен пайдакүнемдікті жоққа шығаруға құралған, сөйтсе де неміс әдебиетінің өзіндік ұлттық дамуының ерекшеліктерінен туындаған құбылыс екенін мойындау керек. Сондай-ақ, неміс романтиктері тұтастай алғанда, Байронның қаһармандары секілді тәкәппәр, өзбыр, өзімшіл сүмелек типіндегі кейіпкер тудырүға тырысқан жоқ, қайта неміс романтиктері өздірінің түсінігіндегі жеке адамның әмбебап идеал тұлғасын сомдауға ұмтылды

.Неміс романтзміндегі Гофманның рөлі жиынгық сипатта, ол екі мектептік (иендік және гейдельбергтік) тәжрибесін қабат қамтығысы келеді.Гофманның романтикалық көркемдік әдістерінің ерекшеліктерінің бірі – образды қарама- қарсылық мәнде жасау.

Капельмейстер И.Крейслердің образы өз өнеріне тұтастай берілген романтикалық энтузиастың кейпінде сомдалған. Гофман үшін музыка- өнер отауының ең шоқтығы, биік түрі.Гофман Крейслердің бойына өзінің жеке басының ойы мен уайымын тоғыстырады.Музыкамен әбден суарылған Крейслер өмірдің қайшылығын, өте терең сезінеді. Өйткені музакамен суарылған деген ұғым нәзік жанды деген түсінікті беретін сөз. Крейслер музыканы қадірмелейтін бай тоғышарлардың (филистер) үйінде музыка ойнауға мәжбүр болады және олар музыканы тек қана десертке қалдырады. Бұл суреткердің басқа әлеммен романтикалық тартысқа түсуіне себепкер болады, оның келбетін қайғылы жалғыздыққа душар етеді, өйткені Гофман оның нақтылығы мен образдылығының үйлесімсіздігін бір арнаға тоғытады. И. Крейслердің бойында тағдыр тәлкегінің трагедиялық сипаты бар.Гофман үйлесімсіздіктің жаршысы болды.Гофманның жағымды кейіпкерлері- суретшілер, ынталылар немесе студентер: «Алтын ұұмырадағы»- Ансельм, «Ергежейлі Цахесте»-Бальтазар, «Құм адамындағы»- Натанаэль және т.б., ал олардың жалғасы сиқыршылар болып келеді: «Алтын құмырдағы» Линдгорст, «Ергежейлі Цахестегі» Прспер Альпанус,т.б. Гофманның тәрбие мәселесіне деген ынтасы, байыпты, байсалды бұл бағытты, кәзіргі көзқараспен қарағанда да тұрақты болып саналады. Бұл жастық шалалығы араласқан даналық. Гофманның аты көпке дейін ең алдымен белгілі «қосәлемдік» принципімен (өнердің мәңгілік мәселесін романтикалық тұрғыдан суреттеу, шындық пен идеал арасындағы тартыс) байланыстырылып келді.Шындық мөлдір болғанымен ұсақ әрі жұпыны, бұл- «міндетті емес»(экзистенциализм түсінігі бойынша), «нағыз өмір емес», ал идеал әдеме әрі поэзияға толы, ол нағыз өмір, бірақ ол суреткердің (энтузиастардың),»ынталылардың» ішкі жан дүниесінде ғана өмір сүреді, оны қуғаным ешкім жеткен емес.Гофмандық «қос әлемдік» стиль ешқашан бір қалыпта тұрмайды ол құбылмалы.Романтизмнің идеяға беріліу өмірден соншалықты алыстап кетуі оның қаншалықты қауіпті екенін жазушы түсінеді. Бірақ та Гофман осыншама алшақтап кетті деуге болмайды, өйткені объевтиктікке жүгінсек, романтикалық сарындағы романтик- кейіпкерлердің әр басқан қадамынан нақты тоғышарлық өмірдің белгілері молынан ұшырасып жатыр.Гофманның пікірінше, адамдар суреткер болып туады (ынталы, зерек деген баламада), ал тоғышар болып кейін қалыптасады.Ол кеміс болып туғандарға налымайды, сол кемістікті өзіне қабылдап алғандарды қарғайды,әшкерелейді.Гофман өнер барлық бәледен құтқаратын жалған дәрі

болуы мүмкін дегенге қанағаттанбайды.

13.Сыншыл реализм. Бальзак творчествосы. Романтизммен қатар XIX ғ. ортасына қарай реализм ағымы да өзіндік бет- бейнесін таныта бастады. Реализмнің қалыптасуы капиталистік қарым- қатынастардың белең алуымен тығыз байланысты болды.Мұндай өзара тәуелділікті кездейсоқ жағдай деп қарастыруғы болмайды, өйткені капитализм жағдайында әлеуметтік қайшылықтар асқынып,қоғамның бет-бейнесі,әдет,саяси-ғүрыптары айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.

Қоғамда орын алған мұндай жағдайлар адамның рухани даумына ерекше ықпал жасады. Өз кезегінде бұл процестер реалистік өнердің туындауна түрткі болды. Ал дәл осы кезеңде қалыптасқан әлуметтік- тарихи немесе сыншыл реализм Қайта жаңғыру дәуірі мәдениетінің реализмі, Ағартушылық дәуірінің реализмі сияқты өзіне дейінгі тарихи кезеңдердегі реалистік өнердің игі дәстүрлерін өз бойына сіңіре білді.Осы орайда сыншыл реализмнің тамыры тереңде екендігін, оның революцияшыл романтизммен де тығыз байланыста болғандығын атап өтуіміз қажет, өйткені бұл ағымдардың өзара тоғысуының басты себебі- буржуазиялвқ қоғамның келеңсіз көріністерінде жатыр.Реалистер де, романтиктер де адамның рухани дүниесіне ерекше назар аударды, оларға тарихи сана- сезім, халық мүдделері өте жақын болды.Бірақ «болмыстан» қашқан романтиктерге қарағанда «сыншыл реалистер» болмыс сырын ашып- көрсетуге, қоғамдық өзгерістердің себептерін түсіндіруге тырысты.Әлеуметтік тақырыптарды қамтитын романдар жазуға деген әуестенушіліктің сыры осы жағдайға байланысты болса керек. Ұлы қаламгер О.Бальзактың пікірінше,француз әдебиеті дүниежүзілік әдебиетте соны бағыт танытып, алғаш рет «қоғамдық аламның» бет- бейнесін жан- жақты сомдай білді.Еуропа реализмі (Э.Золя,Ч.Диккенс,У.Теккерей және т.б.) өнер сахнасына іскер адамдарды шығара бастады, сөйтіп кәсіпкерлік пен бизнес дүниесінде жаңа кейіпкер- буржуаның рөлі арта түсті. Бірақ реалистер өнер өкілдері қарапайым адамдардың тағдырын, олардың өміріндегі қилы- қилы кезеңдерді, олардың жан- дүниесін, сезім толқындарын жан- жақты көрсетуді де естен шығармады.

Бальзак творчествосы. Оноре де Бальзак Париждегі заң мектебін бітіргеннен кейін, Сорбоннадағы әдебиет курстарын оқып, жазушы болуды ұйғарды. Бальзак өмірін роман,әнгіме,повесть, очерк, пьеса, мақала жазумен өткізді. Ол- жаңа замандағы шебер жазушының классикалық түрі.Бальзак әдебиет жолы арқылы жеңіл ақша тауып, қоғамға таныламын,биік шыңдарға қол жеткізе аламын деп есептеді. Бірақ оның өлең түрде жазылған «Кромвель» шығармасы халықтың саңа-сезіміне әсер ете қойған жоқ.. «Шуаны»- Бальзактің өз атымен жазылған алғашқы шығармасы.Ол жөнінде: «Здесь весь Купер и весь Вальтер Скотт и сверх того- страсть и своеобразный дух, которых нет ни у одного из них»- деген баға береді. Бұл шығармада Купердің «индеецтердің» экзотикасына салыстыра бретондық шаруалардың тұрмыс- тіршілігін баяндайды. «Шуаны»- жас Бальзактан есейген Бальзакқа өтетін көпір тәрізді. Сонымен қатар романтикадан реалистке ауысу- Бальзак шынайы өмірді суреттеп қана қоймай, тарихи кезеңге негізделген белгілі бір жүйе арқылы биліктің, қоғамдағы өзгерістерді ашық көрсете алған. Әрбір қоғамдық топтың жұмысын бейнелей отырып, олардың барлығын ортақ бір жерге жинайды.Өзгерістің келетінін байқататын оқиғалар қоғам топтарының әбіржуына әкеледі. Қақтығыстар патшалар сарайы немесе кең далада емес, қарапайым адамдар арасындағы қарым- қатынастар арқылы байқалады. Жеке адамдардың өмірі,күресі- жалпы қоғамдың тұрмыс- тіршілігін, ұстанымын сипаттайды. Яғни бальзактық заманның көрінісін бейнелейді.Бальзак шығармасвндағы кейіпкерлер, оқиға, проблемаларды әдеби көркем тұрғыда емес, бүкіл халықтық, адамзаттық мәселе түрінде көрсетеді. Бальзак адам бойындағы болатын «құштарлық» сезімге екі жақты қарайды. Бірде оны жақтаса, екінші қырынан қарсылық білдіреді

.Бальзак өзінің шығармаларында қоғамдағы адамгершілік, көмекті қолдайды, қоғамның күнәсін сынай отырып, оны түзетуге талпындырыды. Өз- өзімен, қоғаммен пікірталасады: «Мен табиғат ақиқаты ешқашан да өнер шындығы бола аомайтындығын қайталаудан шаршамаймын»- дейді. Автор еркін ақын ретінде де, тарыхшы мен хатшы түрінде де байқалады. Ортақ реалистік концепциялардың екі беті. Екі жақ та бір жолда бағытталады, бірақ әрқайсысы жеке- дара дамиды. Біреуі материяға, екіншісі- оны өңдейтін құралдарға, спецификалық көркемдеу тәсілдері, т.б. бағытталады.Бальзактің «Адам әжуасы»- «адамдардың белгілі бір тәртіпке бағыну, ұстану этюдтары». Олар мынадай түрлерге бөлінеді:

1.Жеке бастың өмірі; 2.Ауыл аймақтардағы өмірдің сипаттамасы; 3.Париждегі өмір; 4.Саяси өмір; 5.Әскери өмір.

Түрлі қоғам топтарына берілетін баға, энциклопедия. Бальзак өзіне баға бергенде: «Каждая книга автора всего лишь глава грандиозного романа об обществе»- деген. «Адам әжуасы» автордің иштей дамып, өз-өзіне танып білуге талпыну, осындай еңбектерінің нәтижесінде тамаша шығарма жарық көреді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: