Апулей творчествосы

Апулейдің өмірі туралы мәліметтер өз шығармаларынан лынған.Апулей қарсыластарын жеңгеннен кейін біраз уақыт өткен соң «МАГ»

атағы Апулей есімімен қатарлас қолданыста жүретін болды.Мұны Август нақтылап,анықтап көрсетеді. Мұның бірден-бір себебі оның «Апологиясы» емес,атақты «Метаморфозы»(немесе «Алтын есек») еңбегі.Өйткені шығарма мистика мен магия төнірегінде жазылған еді. Апулей әрқашан өзін жоғары бағалаған.Бұлай деу себебі,Апулейдің мақтанышпен өзіне қарсы жазылған актімен «Апологиясының» бастауы. Яғни актіде: «біз сіздің алдынызда келбетті,сымбатты келген философты қаралап отырмыз.... Ол әрі грек-латын тілдерінде шешен,сауатты сөйлей алады»,- делінген.Кейініректе бұл айыпты Апулей әзілге айналдырып жазады. Сөздерінің үзінділерінде Апулей өзінің жан-жақты,сегіз қырлы бір сырлы екендігі жайлы жазады.Яғни, Афинада көптеген нәрселердің дәмін татып,поэзияның сусынын ішіп,геометриядан хабардар болып,философияның қыр-сырын білентіндігі жайында айтып өтеді.Апулей осы 9 музаның бәрінен хабардар екенін атап өтеді.Сонымен қатар, Апулей жақсы философ және өмір заңдылықтарын жақсы түсінетін.Апулей шығармалары бізге толығымен жеткен жоқ., өзінің сөзі бойынша жазушы латын-грек тілдерінде жазған: «Апология» 103 тараудан турады, «Флорида» сөздердің үзінділері (кімнің,қашан таңдап,сұрыптағаны белгісіз), «Метаморфозы» романы- 11кітаптан тұрады, «Платон және оның білімі»- 3 философиялық трактаттан тұрады, «О божестве Сократа»- табиғат туралы риторикалық талдауы және шайтандардың болуы,адамдар мен құдайлар арасындағы өтпелі тіршіліктері., «О мире»- трактаттың әйгілі мазмұны Аристотельден көшірілген. «Метаморфозы» романы «Алтын есек» атымен әлдеқайда әйгілі.Жоғарғы бағаға ие болған шығармаларға «алтын» эпитетін қолдану үйреншікті болған.Шым-шытырық болып келетін бұл романның құрылысы,мазмұны жас грек жігіті Лукийдің оқиғасы.Бұл туындыда Лукий өзінің басшысының көз алдында бір қоспаны жағып үкіге айналғанын көрген болатын. Соны өзі жасамақ болады. Өкінішке орай, Луций құақа емес, есекке айналып кетеді. Қырсыққанда дәл сол түні үйге түскен ұрылар оны ұрлап кетеді.Егер ол раушан гүлін жесе қайта адам қалпына аусатынын білген.Бірақ сол раушан гүлін жеү уақыты бір жылға барады.Гүлді жеп адам қалпына аусып, Изидаға өмірлік құл болады. Роман 11 құрылысы жағынан да өзге кітаптарға ұқсамайды.Біріншіден бірінші кітап бойынша Лукий (xi) гректегі Пелопонесдан екені айтылса,соңында ол Мадаврда туып- өскен.Яғни Апулейдің өзі секілді. Тағы бір ұқсастығы Лукий Римге барып сотта шешен болады,бұд да Апулей өмірі мен ұқсастығы болып табылады.Апулей өз заманының таланты, әрі ерекше,тек өзіне ғана тән стилі бар жазушысы.Апулей жайлы деректер өте аз болса да,оның жазған шығармаларынан оның жан дүниесін,оны тебіренткен мәселелерді көруімізге болады.

Апулейдің жазған шығармалары казіргі заман тұрғысынан алып қарағанда өте құнды еңбектер болып табылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: