Институттар сапасы

2. Инфрақұрылым.

3. Макроэкономикалық тұрақтылық.

4. Денсаулық және бастауыш білім беру.

5. Жоғары білім және кәсіптік даярлық.

6. Тауарлар мен қызметтер рыногының тиімділігі.

7. Еңбек рыногының тиімділігі.

8. Қаржы рыногының әртүрлілігі.

9. Технологиялық даму деңгейі.

10. Ішкі рыноктың мөлшері.

11. Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі.

12. Инновациялық әлеует.

Айта кетерлігі, аталған бірде-бір фактор экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жеке-дара қамтамасыз ете алмайды. Макроэкономикалық ортаны жақсартуға талпыну, мәселен, мемлекеттік қаржының мақсатты да тиімді жұмсалуына бақылауды оңтайландыру қаржыны басқару жүйесі ашық болып, сыбайлас жемқорлық пен кең ауқымды бұрмалаушылықтар орын алмайтын жағдайда ғана сәтті болмақ. Кәсіпкерлер ықтимал табыстар қажет болған инвестициялардан асып түскен жағдайларда ғана жаңа технологияларды енгізетін болады. Осылайша, Бүкіләлемдік экономикалық форумның қорытындыларына сәйкес жан-жақты саясат жүргізе алатын, жоғарыда аталған бақылау көрсеткіштері және олардың арасындағы факторлар мен өзара байланыстардың барша амалын ескеретін елдердің ғана экономикалары неғұрлым бәсекеге қабілетті бола алады. 2011ж жаһандық жарыстың көш басында Швейцария тұр. Одан кейінгі орындарда Сингапур, Финляндия және Швеция орналасқан. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі сараланған әлем елдерінің бұл сапында Қазақстан посткеңестік мемлекеттер арасынан өз алдына Эстония (34 орын), Литва (45 орын) және Әзербайжанды (46 орын) салып, төртінші орында тұр. Бұл сапта КСРО-ның қалған елдері төмендегіше орналасқан: Ресей Федерациясы – 67, Украина – 73, Грузия – 77, Армения – 82, Молдова – 87, Тәжікстан – 100 және Қырғызстан 127-орында. Давос форумының бұл рейтингінде Беларусь және Өзбекстан жоқ. Қазақстанның позициясы барлық факторлар бойынша жақсарды. «Институттар», «Макроэкономика», «Жоғары білім және кәсіби дайындық», «Тауар рыногының тиімділігі», «Қаржы рыногының дамуы», «Технологиялық дайындық деңгейі», «Бизнестің дамуы», «Инновациялар». Қазақстанның мемлекеттік борышы төмен деңгейлі макроэкономикалық тұрақтылық факторы бойынша да позициясы бұрынғыша мықты.

24. Халықаралық сауда: пайдаболуы, дамуы және әлемдік экономикадағы рөлі. Халықаралық сауданың тауарлық және географиялық құрылымы: түсінігі мен қазіргі кездегібелгілері.

Көптеген зерттеушілер әлемдік шаруашылық осыдан шамамен жүз жылдай бұрын толығымен қалыптасты деген оймен келіседі. Барлығы халықаралық саудадан басталды, яғни мемлекеттер арасындағы тауарлар мен қызметтер қозғалысынан. Олардың сырттан келуі импорт, ал сыртқа шығуы экспорт деп аталады.

Халықаралық сауда - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Ол әлемдегі барлық мемлекеттерінің сыртқы саудасының жиынтығын білдіреді және көпжылдық тарихы бар.

Әлемдегі ең бірінші мемлекеттің, Египеттің, тұрғындары 5 мың жыл бұрын көршілес тайпалармен сауда жасаған, олар метал, ағаш, малды сатып алып, египеттік бұйымдарына, азық-түлікке айырбастаған. Оған қоса, египеттіктер жаңа жерлерді қамту үшін экспедициялар ұйымдастырған. Сол кезде Азия территориясында тұрғын тайпалар көршілес, тіпті алыс жерлердегі мемлекеттермен тауар айырбасын жүргізіп отырған. Солай, қола және мыс бұйымдары бір тайпадан екінші тайпаға айырбасталып, сатылып отырған.

Халықаралық тауар саудасына қызмет саудасының сатушылары да қосыла бастады. Финикиялық және гректік көпестер Жерорта теңізінде тек қана өздерінің немесе басқа мемлекетте алған тауарларды ғана емес, сонымен қоса өзелердің жүктерін және өзге жерлердің адамдарын тасымалдады.

Әсіресе әлемдік сыртқы сауданың құрылуына белсенді кеңеюі және жаңа нарықтық қатынастар (басында Батыс Еуропада, кейіннен әлемнің басқа аймақтарында), ұлы географиялық ашылулар XVII ғғ., XIX ғасырда машина индустриясы және заманауи транспорт құралдары мен қатынастарының пайда болуы үлкен үлестерін қосты.

XIX ғасырдың басында Батыс Европа, кейіннен Солтүстік Америка, Ресей және Жапонияның шаруашылық қатынастары жаппай өндірістің басталуынан кейін жаңа ашылған жерлермен қатая түсті. Себебі жылдам байып келе жатқан көпестер, көбінесе өз мемлекеттерінің басқарушыларымен қосылып жаңа нарықтарға өз тауарларын өткізуді белсенді қарастырады. Осы кезеңде экспедициялар толқыны болады, сөйтіп әлемге әйгілі Колумб, Васко да Гама, Магеллан, Ермак экспедициялары пайда болады. Яғни, осы кезеңде жасалған тауарлардың артықшылығы ол қарапайым, қолға жетімді арзан тауарлар болуы, олар ішкі де сыртқы да нарыққа өндірілді. Бұл тауарлардың өнімділігіне қолайлы жағдай тудырған сол кезеңдегі дамыған кеме қатынастары, темір жол, телеграф болды.

Нәтижесінде, XIX ғасыр соңына қарай тауарлар мен қызметтердің әлемдік(халықаралық) нарығы қалыптасты, яғни тауарлар мен қызметтердің ұлттық нарықтарының жиынтығы.

Қазіргі кезде ұлттық шаруашылықтардың халыкаралық сауда жүйесіне неғұрлым жедел тартылуына қарамастан, дүниежүзілік тауар айналымының шоғырлану дәрежесі жоғары. Мұны дүниежүзілік экспорт пен импорттың географиялық құрылымынан айқын көруге болады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік тауар айналымының 72%-ы Батыс Еуропа мен Азия елдеріне, ал Солтүстік Америка үлесіне 17%-ы тиесілі болды. Өтпелі экономика тән бұрынғы социалистік елдердің үлесі бар болғаны 4%-ды құрады. Дүниежүзілік тауар айналымында Азияның жаңа индустриялық елдерінің үлесі артып келеді, оларға әлемдік экспорттың 10%-ға жуығы тиесілі. Корея Республикасының әлемдік экспорттағы үлесі 2008 жылы 2,9% болса, импорты — 2,6%; Сингапурдың үлесі тиісінше 2,3 және 2,2%-ға тең.

Халықаралық сауданың құрылымы оның географиялық бөлінісі(географиялық құрылымы) мен тауарлық толысуы (географиялық құрылымы) арқылы қарастырылады. Халықаралық саудадағы географиялық құрылым саудалық ағынның территориялық белгісі немесе ұйымдастырушылық белгісі арқылы бөлінетін бөлек мемлекеттер және топтар арасындағы үлестірілуі болып табылады. Территориялық географиялық құрылым - бұл әлемнің бір бөлігіне немесе бір топқа жататын мемлекеттердің халықаралық саудасы туралы мәлімет. Халықаралық сауданың тауарлық құрылымы әлемдік экспорттағы тауарлық топтардың арақатынасы болып табылады.

XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы саудада дамыған 25 ел жетекші орын алды. Оларға әлемдік экспорттың 84%-ы, импорттың 82%-ы тиесілі болды. Дамыған елдер өзара тауар айналымы, жөнінен де жетекші орынға ие; АҚШ пен Канада арасындағы тауар ағыны дүниежүзілік керсеткіштің 3,2%-ын құрады. Сыртқы сауданың тауарлық құрылымы халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне, өндірістік және тұтыну тауарларына деген сұраныстың артуына тікелей байланысты. Тауар айналымының құрылымы FTP әсерінен үлкен өзгеріске түсті. Ел экономикасына ықпал ететін маңызды көрсеткіштің бірі — сыртқы сауда сальдосы, оны экспорт пен импорт көлемінің айырмасы құрайды. Қытайдың сыртқы саудасына тұрақты оң сальдо (экспорт көлемі импорттан артық) тән болса, АҚШ-тың сыртқы сауда айналымы теріс мәнге ие.

Қазіргі кезде ұлттық шаруашылықтардың халыкаралық сауда жүйесіне неғұрлым жедел тартылуына қарамастан, дүниежүзілік тауар айналымының шоғырлану дәрежесі жоғары. Мұны дүниежүзілік экспорт пен импорттың географиялық құрылымынан айқын көруге болады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік тауар айналымының 72%-ы Батыс Еуропа мен Азия елдеріне, ал Солтүстік Америка үлесіне 17%-ы тиесілі болды. Өтпелі экономика тән бұрынғы социалистік елдердің үлесі бар болғаны 4%-ды құрады. Дүниежүзілік тауар айналымында Азияның жаңа индустриялық елдерінің үлесі артып келеді, оларға әлемдік экспорттың 10%-ға жуығы тиесілі. Корея Республикасының әлемдік экспорттағы үлесі 2008 жылы 2,9% болса, импорты — 2,6%; Сингапурдың үлесі тиісінше 2,3 және 2,2%-ға тең.

25. ДСҰ-ның әлемдік экономикадағы рөлі. ДСҰ-ның мақсаттары, міндеттері және құрылымы.

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония,Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдіктауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстандықосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.ДСҰ-ны құру туралы шешім қабылдаумен, Келісуші Тараптар келесі жалпы пікірлерді басшылыққа алған: біріншіден, әл-ауқат деңгейін арттыру тұрғысынан халықаралық сауданың дамуына берілетін ерекше мәнін; екіншіден, өздерінің әділетті және еркін сауда ұстанымдарына деген берілгендігін; және үшіншіден, ГААТ-тың келісімдері мен келіссөздері халықаралық саудаға қатысушылар үшін тең мүмкіндіктерді тудыруға қатысты атқарған айрықша рөлі.ДСҰ-ны құрудың басты мақсаты – ГААТ-тың ескі, ыдыраған жүйесін саудалық келіссөздер барысында келісілген халықаралық сауданың ұстанымдары мен ережелерін өмірге енгізуге арналған өкілеттіктерге ие жаңа, біріктірілген халықаралық ұйыммен алмастыру болатын. ДСҰ-ны құру туралы келісім ГААТ шеңберіндегі көптараптық саудалық келіссөздердің нәтижесінде қол жеткізілген барлық келісімдер мен уағдаластықтарды осы ұйымның ведомствосына қарасты ортақ жүйеге енгізеді. Заңдық тұрғыдан қарағанда “уругвайлық” раунд нәтижелерін ГААТ-тың ережелерінің, және әсіресе “токиолық” раундтың уағадаластықтарының бүкіл жиынтығын ескерумен тәжірибелік қолданылуы едәуір қиындап, немесе тіпті мүмкін де болмас еді.[21]. Сол себептен келіссөздерге қатысушылар көптараптық саудалық келіссөздер барысында қол жеткізген барлық уағдаластықтар Басты келісімінің, ал соған сәйкес ДСҰ-ның да ажырағыссыз бөлігі болып табылады, және де Келісімге қатысушы елдер ондағы міндеттемелердің барлығын өз мойнына алады. ДСҰ жүйесі келесі қызметтерді орындауға бейімделген: - ол мүше-елдердің үкіметтерінің сауда-саттықтағы әрекетін реттейтін көптараптық негізде келісілген ережелердің кешені ретінде әрекет етеді. Шындап келгенде бұл мемлекеттер мен олардың сауда жасаушы субъектілерінің әлем рыноктарындағы өзін-өзі ұстау ережелері;- ол не ұлттық рыноктарды ашу арқылы, не ережелердің өзін нығайту мен кеңейту арқылы сауданы ырықтандыру мен оның болжамдылығын қамтамасыз етуге арналған саудалық келіссөздерге арналған форумның міндетін атқарады;- ол ДСҰ мүше-елдерінің үкіметтеріне өзара дауларды шешуіне мүмкіндік беретін халықаралқ соттың міндетін атқарады.ДСҰ құрылғанға дейін ГАТТ жүйесіне 125 мемлекет енетін, олардың тауар айналымы әлемдік тауар айналымының 90%-ін құрайтын. Ірі елдердің арасында тек Ресей мен Қытай ғана оның шеңберінен тыс болатын, алайда кезінде ГААТ-ты құрушылардың бірі болған Қытай қазіргі уақытта аталмыш ұйымдағы өзінің мүшелігінің қалпына келтірілуіне тырсуда. Сонымен қатар, әртүрлі себептермен сыртқары қалған 25 ел де ДСҰ-ға ену туралы келіссөздер жүргізуде.[22]. ДСҰ-ның құрылымына тоқталып кетелік. Орналасқан жері: Женева, Швейцария Негізі қаланған уақыты: 1995 ж. 1 қаңтары Құрылуы: Уругвай раундысы келіссөздерінің қортындылары бойынша (1986-94) Мүшелігі: 149 ел (2005 жылдың 11 желтоқсан айына қатысты) Бюджеті: 175 млн. швейцар франкі (шамамен 145 млн. АҚШ долл.). Хатшылығының штаты: 635 қызметкер Басшысы: бас директор (Паскаль Лами) ДСҰ-ның жоғарғы басқарушы органы болып Министрлер конференциясы табылады. Ол кем дегенде екі жылда бір рет, әдетте, ДСҰ қатысушы-елдерінің сауда немесе сыртқы істер министрлерінің деңгейінде шақырылады. Конференция мысалы, көптараптық келіссөздерінің жаңа раундыларына қатысты аса қағидалы мәселелер бойынша шешімдер қабылдау уәкілеттіктеріне ие болады. Ұйымның қызметін ағымдағы басқару келісім мен министрлік шешімдердің орындалуына қатысты бақылауды Басты кеңес атқарады. Ол жылына бірнеше рет Женеваға шақыртылады. Әдетте, Басты кеңеске ДСҰ-ға мүше өкілеттіктерінің елшілері немесе басшылары кіреді. Басты кеңестің міндеттеріне сонымен қатар ДСҰ-ға қатысушы-елдердің арасындағы саудаға қатысты дауларды шешу және олардың сауда саясатының мерзімді шолуларын жүргізіп отыру жатады. Басты кеңес өзіне бағынышты төмендегі органдардың іс-әрекетін бақылайды:- Тауарлардың саудасы жөніндегі кеңестің, ол Тауарлардың саудасы туралы басты келісімнің орындалуын бақылайды;- Қызмет көрсетулердің саудасы жөніндегі кеңестің, ол Қызмет көрсетулердің саудасы туралы басты келісімнің орындалуын бақылайды;- Зерделік меншік жөніндегі кеңестің, ол Зерделік меншік құқықтарының саудалық аспектілері туралы келісімнің орындалуын бақылайды; Жоғарыда аталып кеткен органдармен қатар ДСҰ-да жұмыстық сараптамалық топтар мен арнайы комитеттер қызмет етеді. Олардың міндеті көптараптық келісімдердің жекелеген бөліктерінің орындалу мәселелерін, сондай-ақ қатысушы-елдер үшін қызықтырарлық болып табылатын өзге де мәселелерді, мысалы, бәсекеге, инвестицияларға, аймақтық саудалық келісімдердің әрекетіне, қоршаған ортаны қорғаудың саудалық аспектілеріне және жаңадан мүше қабылдауға қатысты мәселелерді қарастыруға негізделген. ДСҰ күрделі де ауқымды механизм болып келеді, оған экономика мен құқықтың түрлі салаларында жұмыс істейтін жүздеген келіссөз жүргізушілер, сарапшылар қатысады, және ол үнемі қозғалыста және даму жағдайында болып тұрады. ДСҰ-ның басқа халықаралық ұйымдармен салыстырғандағы ерекшелігі сол, ДСҰ-мен жүргізілетін келіссөздер миллиардтық сомаларға қатысты болып келеді, себебі сол келіссөздердің нәтижесінде тікелей тұтынушылардың, өндірушілер мен нақты компаниялардың мүдделерін қозғайтын тауарлар мен қызмет көрсетулерді экспорттау мен импорттаудың ережелері белгіленеді.[23]. ДСҰ - халықаралық сауданы барынша жоғары мүмкіндікпен болжау мен оның еркіндігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қатысушы-елдердің саудаға және саудалық тосқауылдарға қатысты кез-келген мәселелер бойынша өзара дауларын әділетті түрде шешуіне арналған ережелерді әзірлейтін әлемдік деңгейдегі жалғыз ұйым.Қорытындылай келе айта кететін нәрсе, ДСҰ жүйесі халықаралық экономикалық қатынастар жүйесін реттеуде орталық орынға ие, ал ДСҰ тағайындайтын нормалар шын мәнінде халықаралық сауда заңы болып табылады. Ортақ құқықтық кеңістіктен тыс болумен, аталмыш ұйымның мүшесі болып табылмайтын кез-келген ел өзін халықаралық саудадағы аутсайдер жағдайына ұшыратады, себебі оған қатысты жалпы ережелер қолданылмайды. Бұл ДСҰ жүйесіне қосылуға итермелейді.

26. Халықаралық аймақтық экономикалық интеграцияның негізгі алғышарттары мен мақсаттары. Елдердің интеграциялық бірлестіктерінің негізгітиптері мен кезеңдері.

1.Экономикалық бірігу – бұл мемлекетаралық келісімдер формасын алатын шаруашылық механизмдерді жақындатуға әкелетін елдердің өзара ықпал ету процесі.

Қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен «integer» - толық) – экономикалық тұлғалардың бірігуі,олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция жеке елдердің ұлттық шаруашылығы деңгейінде және де кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, компаниялар арасында да жүреді. Экономикалық интеграция өндірістік–технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуді, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты, бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында айқын көрінеді.

Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.

Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.

Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге қарағанда қолайлырақ режим ұсынады. Бұл интеграцялық процестің дайындық кезеңі.

Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолднылады.

Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифті енгізу және біріңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады.

Әдетте кедендік одақ үйлестірілген сыртқы сауда саясатын қалыптастыратын мемлекетаралық органдардың дамыған жүйесін құруды талап етеді.

Интеграциялық процестің төртінші деңгейі –ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының – капитал және жұмыс күші – қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бұл экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі.

Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты, валюта, бюджет, ақша сияқты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтін экономикалық одаққа айналады. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің біршама бөлігінен бас тартады, яғни мемлекттік суверенитеттің бір бөлігін мемлекеттер үстіндегі органдар пайдасына береді. Бұндай қызметтерге ие болған мемлекеттер үстіндегі органдар бірлестікке қатысты мәселелерді мүше-мемлекеттер үкіметтерінің келісімінсіз шешуге құқы бар. Мысалы, ЕО – ғы (Еуропа одағы) шеңберінде – бұл ЕО комиссиясы.

Интеграцияның алтыншы деңгейінің де болуы мүмкін – бұл Саяси одақ (СО). Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен қатынасын қамтитын қызметтерінің басым көпшілігін мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді көздейді. Іс жүзінде бұл жеке мемлекеттердің егемендігін жоғалтып, халықаралық конфедерация құруды талап етеді.

Бірақ интеграциялық топтардың бірде-біреуі дамудың бұл деңгейіне жеткен жоқ, тіпті өз алдына бұндай мақсаттар қойған жоқ.

ЕО, НАФТА –ға кіретін Солтүстік Америка елдері, белгілі дәрежеде Латын Америка елдерінің регионалдық интеграция тәжірибесін қорыта келе, экономикалық интеграцияның кейбір заңдылықтарын шығаруға болады.

Біріншіден, бұл эволюциялық жол. Біртіндеп, интеграция кезеңдерін аттамай, өндірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де серіктестерді таңдау еркіндігін беріп, әкімшілік шектеулер мен тосқауылдарды алып тастау үшін жағдай жасап, сауда-экономикалық ынтымақтастық бірқалыпты (тұрақты) әрекет ететін нарықтық орта құру қажет.

Екіншіден, бұл интеграциялық міндеттемелерді біртіндеп, кезеңді түрде шешу. Ол үшін мүше-елдердің ассоциациялары көмегімен еркін сауда аймағы, кедендік одақ, капитал, тауар мен қызмет, еңбектің орта нарығын және біртұтас экономикалық кеңестіктің негізін қалау қажет.

Үшіншіден, бұл біртекті экономикалық орта құру, нарықтық қайта құрудың қарқыны мен деңгейін жақындастыру қажеттілігі.

Төртіншіден, интеграциялық процестің барлық мүшелерінің тең құқықтық серіктестігі, дискриминациясыз іс-әрекет етуі.

Пост социалистік мемлекттердің интеграциялық процестерге қатысуы.

20 ғасырдың сексенінші жылдарының соңындағы басты дүниежүзілік оқиға - Кеңес Одағының ыдырауы жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында қоғамдық өмірді қайта құру, көп жылдар бойы қалыптасқан экономикалық және гуманитарлық қатынастарды сақтай отырып, ұлттық мемлекеттерді қалыптастыру мен нығайту мәселері пайда болды. Посткеңестік кеңестіктегі мемлекеттер бұрынғы Одақтан әміршілік-бюрократиялық басқарудың әкімшілік органдарын, жоспарлы-бұйрықты және шығынды экономиканы мұраға алды, бірақ олар сыртқы саясат және сыртқы экономикалық іс-әрекеттің ескі принциптері мен әдістерін қабылдамады. Енді өзара және үшінші мемлекеттермен қатынаса заман ағымына сай жаңа нормалар мен ережелер қажет болды.

90-шы жылдар жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасу кезеңі болды. Бірақ бұл онжылдық бір-біріне қарамақайшы екі қоғамдық тарихи процестермен сипатталынды.

Біріншіден, бұл жаңа тәуелсіз мемлекеттердің ұйымдық-құқықтық тәркіленіп, экономиканың қалыптасуы, ол экономикалық дербестікті қалыптастыру жолында өзіндік қаржы-бюджеттік, валюталық, салықтық жүйелердің және де тәуелсіз мемлекеттің басқа да міндетті құрамаларының пайда болуынан басталады.

Екінші процесс – бұл халықаралық нормаларға негізделген өзара жаңа саяси және экономикалық қатынастар қалыптастыру қажеттілігі. Процесс қатаң орталықтандырылған қоғамдық – экономиканық жүйесінің біртұтас тоталитарлық мемлекеттің күшті әрі жан-жақты ықпалымен өтті. Бұл ықпалды бұзу және жаңа қатынастарды қалыптастыру біршама ұзақ мерзімді қажет етті.

Кейбір саясаткерлер басты мақсатты жаңа туған мемлекеттер интеграциясы деп таныды. Осыған байланысты 1991 жылы Беловеж келісімі нәтижесінде біртұтас мемлекет ыдырап, орнына жаңа 15 мемлекет пайда болды. Оның 12-сі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрды (Әзербайджан, Армения, Белоруссия, Грузия, Қазақстан, Қырғыстан, Ресей Федерациясы, Тәжікістан, Түркменістан, Украина, Өзбекістан).

Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы (ТМД) 1991 жылдың 8-ші желтоқсанындағы ТМД құру туралы Беловеж келісімі мен Келісімнің Протоколына және 1991 жылдың 21-ші желтоқсанындағы Алматы декларациясына сәйкес құрылды.

ТМД Жарғысы бірнеше бөлімдерден тұрады: мақсаты мен принциптері, ұжымдық қауіпсіздік және әскери – саяси ынтымақтастық, дау-жанжалдық алдын алу және келіспеушілікті бейбіт жолмен шешу; экономикалық, әлеуметтік және құқықтық салаларда бірігіп әрекет ету; Достастық органдары, парламенттік ынтымақтастық, қаржы-қаражат мәселелері.

27. ТҰК ұғымы, негізгікритерийлері мен белгілері.

ТҰК-тардың әлемдік экономикадағы рөлі. ТҰК қызметінің негізгісалалары.

Трансұлттық корпорациялардың (ТҰК) негізгі сипаты. ТҰК-дың әлемдік экономикадағы дуализм (екi жақты) жағдайы

Трансұлттық корпорациялар (ТҰК) – келісілген саясат пен ортақ стратегия жүргізуге мүмкіндік беретін шешімдер қабылдау жүйесіне сәйкес екі немесе одан көп елде жұмыс істейтін бөлімшелері бар, орналасқан еліне, меншік нысанына тәуелсіз жекеше, мемлекеттік немесе аралас кәсіпорын; шетелге тікелей қаржы (инвестиция) салушы фирма. Трансұлттық корпорацияның қай елдікі екені оның бас компаниясы орналасқан ел бойынша анықталады. Төлем балансы тұрғысынан шетелдік кәсіпорынның кез келген несие беруі немесе акцияларды (жарғылық капиталдағы жарнапұлды) сатып алуы шетелдің тікелей қаржы салуына жатады. Әлемдік экономикада ТҰК-тердің үлесіне әлемдік өнеркәсіптік өндірістің жартысына жуығы тиесілі, олар шамамен әлемдік сауданың 2/3 бөлігін басқарады, ал олардың өндірістік бөлімшелерінде барлық жұмысбастылардың 10%-ы жұмыс жасайды. Инновациялық сферада ТҰК-тер әлемдегі барлық патенттердің, лицензиялар мен ноу-хаудың 4/5-ін басқарады.

ТҰК-дың келесідей негізгі сапалық сипаттары:

• Фирма өзінің өнімдерінің көп бөлігін әлемдік нарықта жүзеге асырады;

• Оның филиалдары мен еншілес компаниялары ұлттық экономикадан тыс орналасқан;

• Жеке меншіктің субъектілік құрылымы әр түрлі елдердің азаматтарынан тұрады.

• Халықаралық еңбек бөлінісінің белсенді қатысушысы және оның дамуына ықпал етеді;

• ТҰК-ның капитал қозғалысы, корпорация орналасқан елдегі процестерге тәуелді емес;

• Халықаралық өндірістің жүйесін қалыптастырады;

• Өндірістің жоғары технологиялық және ғылыми салаларына терең енеді;

• Әлемдік шаруашылықтағы негізгі өндірістік және инновациялық салмақты көтереді;

• Өндірістің концентрация процесін және әлемдік шаруашылық шеңберіндегі капиталды күшейтеді.

БҰҰ-ның классификациясы бойынша келесідей сипаттарға ие корпорациялар ТҰК-тер деп аталады:

• Олардың өндіруші бөлімшелері кем дегенде екі елде орналасқан;

• Осы бөлімшелерді бір ғана орталықтан басқарады және олардың қызметтері келісілген;

• Өндіруші бөлімшелері бір бірімен белсенді өзара қарым қатынас жасайды және жауапкершілікті бөлісіп, ресурстармен алмасады.

ТҰК-дың әлемдік экономикадағы «дуализм» жағдайындағы – капитал бойынша ұлттық, бірақ компанияның қызмет ету сипаты бойынша халықаралық. ТҰК – бизнеске халықаралық әдіспен келетін компаниялар. ТҰК-терді басқалай жаһандық фабрикалар деп атайды. Олардың санының кенеттен өсуі соғыстан кейінгі жылдардан басталады. [1969 жылы-7 мың ТҰК, 1998 жылы-63 мың ТҰК, 2005 жылы-70 мың ТҰК және 700 мың шетелдік филиалдар, 2009 жылы-82 мың ТҰК және 810 мың шетелдік филиалдар]. Бір жағынан, ТҰК орналасқан елдің ұлттық бәсекеге қабілеттілігін анықтайды және жалпы ұлттық экономиканың дамуы соларға байланысты. Екінші жағынан, ТҰК бас компанияның стратегиясына сәйкес бірыңғай механизм ретінде қызмет атқарады. ТҰК мақсаты – жеке бөлімшелерінен ғана емес, барлық компаниялардың қызметінен пайда табу. Сонымен, әлемдік шаруашылықтағы ТҰК-ның дуализм жағдайы осыған байланысты.

Әлемдік экономикадағы трансұлттық корпорациялардың орны мен рөлі. ТҰК қызметінің негізгі салалары

Қазіргі трансұлттық корпорациялар (ары қарай ТҰК) әлемдік экономикада үстем рөл атқарады. Оның дәлелі кейіннен БҰҰ-ның сауда және даму конференциясына кірген, зерттеу материалдары мен статистикасы ТҰК дамуының негізгі ресми қайнар көзі болып табылған арнайы комиссияның құрылуы болды. Ол комиссия 1974 жылы БҰҰ-ның ТҰК феноменін зерттеу үшін арнайы құрылған еді. Трансұлттық корпорациялар экономикалық қуаттылығын ұлғайта отырып, халықаралық экономикалық қатынастарға және жалпы осы даму кезеңінде шаруашылықтың әлемдік жүйесінің маңызды экономикалық субъектілеріне айналып келе жатқандығын сеніммен айта аламыз. Бұған ЮНКТАД-тың кейбір статистикалық мәліметтерімен таныса отырып көз жеткізуге болады.ТҰК дүниежүзілік өнеркәсіптік өндірістің 70%-нан астамын, әлемдік сыртқы сауданың 80%-нан астамын, сонымен қатар жаңа техникаға, технология мен ноу-хауға лицензиялар мен патенттердің әлемдік базасының 80%-на жуық бөлігін бақылайды. ТҰК үлесіне дүниежүзіндегі тікелей инвестицияның көп бөлігі тиеді, оның ішіндегі ең алғашқы жүз ТҰК олардың жалпыәлемдік көлемінің 65%-ға жуығын өз қолына шоғырландырады. ТҰК бақылауына бидай, кофе, жүгері, орман материалдары, темекі, кендір мен темір кенінің әлемдік нарығының 90%-ы; мыс пен боксит нарығының 85%-ы; шәй мен қалайы нарығының 80%-ы; бана, табиғи каучук және өңделмеген мұнайдың 75%-ы тиесілі. ТҰК-ның халықаралық өндіріс, сауда, қаржы мен басқа да салалардағы мәні дүниежүзілік трансұлттық өндіріс көлемінің өсу қарқынына үздіксіз пропорционал ұлғаюда, оның динамика фрагменті байқалады.Қазіргі ТҰК-дың экономикалық қуатын және қызмет масштабын (көптеген сипаттамаларды нанымдылығына сәйкес) олардың дүниежүзінің барлық аймақтарындағы бөлімшелері мен еншілес компанияларының саны, сату көлемі, инвестициялар немесе алатын табыс көлемі бойынша ғана бағалау дұрыс болмаған болар еді. Атап өткен көрсеткіштердің кез келгені, әрине, ең алдымен жалпыәлемдік өндіріс пен айналымдағы салмақты үлесімен үлкен маңызға ие. Алайда бұл жағдайда экономикалық жаһандану дәуіріндегі әлемдік экономикалық үдерістердің объективті өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігінен пайда болатын жүйелік эффект маңыздырақ. Жүйелік эффектіні пайдаланудағы ТҰК артықшылықтары деп мыналарды атап көрсетуге болады.

1. Бір елде кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын және өз қажеттіліктерін экспорт-импорт мәмілелері арқылы шетелдік ресурстармен қанағаттандыратын компаниялар алдында табиғи ресурстарды, капитал мен білімді, әсіресе ҒЗҰКЖ нәтижелерін иемдену артықшылықтарын пайдалану.

2. Ішкі нарық көлемін, экономикалық өсу қарқынын, жұмыс күшінің құны мен біліктілігін, басқа да экономикалық ресурстардың құны мен арзаншылығын, инфрақұрылымның даму деңгейін, сонымен қатар саяси құқықтық факторларды, ең маңыздысы саяси тұрақтылықты есепке ала отырып, әртүрлі елдерде өз мекемелерін үйлесімді орналастыру мүмкіншілігі.

3. Ең төмен салық стратегиясын жасап шығару мақсатымен бүкіл жүйе шеңберінде қаржы есебінің консолидациясы – салық жеңілдіктерін және т.с.с. пайдаланатындары көбірек табыс алатындай етіп, корпорация құрамына кіретін компаниялар арасында табысты қайта бөлу мүмкіндігі.

4. Бүкіл дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің қаржы ресурстарын өз мақсаттарында пайдалану, себебі оларды қаржыландырудың қайнар көзі бас компаниялар ғана емес, қабылдаушы мемлекеттердің заңды және жеке тұлғалары болып табылады. Ол үшін ТҰК шетелдік құрылымдарды қабылдаушы мемлекеттердің, сонымен бірге үшінші мемлекеттердің қаржы институттарының займдарын кең түрде пайдаланады.

5. ТҰК басшылығының қатаң бақылауында болатын және тұрақты жетілдіріліп отыратын рационалды ұйымдастырушы құрылым екендігі.

6. Әртүрлі елдерде тауар, валюта және қаржы нарықтарының конъюнктурасы туралы тұрақты ақпаратпен қамтамасыз етілуі қомақты түрде пайда түсіру үшін жақсы жағдай қалыптастырған елдерге капитал ағымын жедел аударып отыруға және де ең төмен қауіппен қаржы ресурстарын бөліп таратуға мүмкіндік береді.

7. Жақсы диверсификацияланған ТҰК-дың дүниежүзілік шаруашылықтың жекелеген салаларындағы ұзақ мерзімді құбылыстардан салыстырмалы тәуелсіздігі.

ТҰК қызметінің маңызды да жағымды қырларын атай отырып, олардың жаһандық дүниежүзілік шаруашылыққа төмендегідей бағыттар бойынша айтарлықтай үлес қосатындығын айта кету керек:

• Ресурстардың барлық түрлерін тиімді бөліп таратуға ықпал етеді;

• Өндірістің тиімді орналасуына жағдай жасайды;

• Олардың арасында жаңа тауарлар мен технологиялар анағұрлым белсендірек таралады;

• Жергілікті монополиялардың ұстанымдарына кедергі келтіре отырып, бәсекелестіктің күшеюіне ықпал етеді;

• Олардың арқасында халықаралық ынтымақтастық кеңейеді.

ТҰК-дың дүниежүзілік қаржы, материалды-техникалық және еңбек ресурстары саласындағы, шаруашылықтың экономикалық мақсатқа сәйкес және тиімді түріне бірігу тәсілдеріндегі артықшылықтары, ұлттық корпорациялармен салыстырғанда, өндіріс тиімділігінің айтарлықтай өсімі мен кәсіпкерлік қауіптің

төмендеуін қамтамасыз етті.

28. Халықаралық экономикалық ұйымдардың классификациясы. БҰҰ экономикалық органдарының жүйесі.

Халықаралық экономикалық ұйымдар - елдердің белгілі бір топтарын біріктіретін, ал кейбіреулері әлемнің барлық елдерін дерлік біріктіретін және тауарлардың, капиталдың, жұмыс күшінің халықаралық қозғалысының дамуын реттеу, олардың осы мекемелерге қатысушы елдердің мүдделері үшін өсуіне жәрдемдесу мақсатын көздейтін халықаралық Үкіметаралық ұйымдар. Қазіргі Халықаралық экономикалық ұйымдардың басым көпшілігі 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін дүниеге келді. Олардың қызметінің негізгі бағыттары: әлемдік сауда ережелерін, халықаралық есептесулер| мен тасымалдарды ырықтандару және жетілдіру; аймақтық экономикалық ынтымақтастықты күшейту; қатысушылары арасында тең құқықты және өзара тиімді катынастар орнатуға, өнеркәсііттік дамуда артта қалған елдер үшін қолайлы режим белгілеу. Жетекші Халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметінде АҚШ ерекше рөл атқарады. Мүның өзі АҚШ-тың соғыстан кейінгі кезеңдегі басым саяси және экономикалық жағдайына байланысты болды, нәтижесінде АҚШ Батыс Еуропа мен Азия елдеріне соғыстан күйреген экономиканы қалпына келтіруге көмек көрсетуде жетекшілік рөлді өз қолына алды. Американ үкіметінің бұл күш-жігері Еуропада Маршалл жоспары, Азияға, әсіресе Жапония мен Қытайға көмектің түрлі бағдарламалары нысанында көрініс тапты. 1940 жылдың аяғында АҚШ-тың белсенді бастамашылығымен және басым рөлімен өткен көп жақты келісімдердің шешімдері негізінде бірнеше халықаралық ұйым, соның ішінде: Халықаралық валюта қоры(1944), Халықаралық жаңғыру және даму банкі (1945), Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім (1945), Біріккен Ұлттар Ұйымы (1949) құрылды. Басты халықаралық сауда ұйымы Дүниежүзілік сауда ұйымы. Ең жас және өкілдікті халықаралық сауда-экономикалық ұйым —БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы. Кеден ресімдерін бірегейлендірумен, оңтайландырумең оларды барынша азайтумен айналысатын Кеден ынтымақтастығы кеңесі көбінесе сауда байланыстарының тиімділігін арттыруға жәрдемдеседі.

Қазіргі таңда халықаралық экономикалық ұйымдарды келесідей жіктеуге болады:

1. Халықаралық әмбебап және арнайы экономикалық ұйымдар

(ЭКОСОС, ЭСКАТО, ОЭС, БКҰ, ЮНКТАД, ОПЕК, ДСҰ).

2. Халықаралық аймақтық экономикалық ұйымдар мен Одақтар

(ТМД, НАФТА, АСЕАН, МЕРКОСУР).

3. Халықаралық валюта - қаржылық ұйымдар

(ХВҚ, БӘБ, ХДА, МБРР, АДБ).

Экосос - Экономикалық және әлеуметтік кеңес - БҰҰ-ның басты органдарының бірі. Оған экономикалық, әлеуметтік, мәдени, білім, денсаулық сақтау салаларындағы халықаралық мәселелер бойынша зерттеулер жүргізу және баяндамалар әзірлеу, сондай-ақ Бас Ассамблеяға, БҰҰ-мүшелеріне, БҰҰ-ның мамандандырылған (самостоятельные международные организации, связанные с Организацией Объединённых Наций специальным соглашением о сотрудничестве. Специализированные учреждения создаются на основе межправительственных соглашений.) мекемелеріне мүдделі ұсыныстар жасап, тапсыру уәкілеттігі берілғен.

Пять региональных комиссий

• Европейская экономическая комиссия (ЕЭК)

• Экономическая и социальная комиссия для Азии и Тихого океана (ЭСКАТО)

• Экономическая и социальная комиссия для Западной Азии (ЭСКЗА)

• Экономическая комиссия для Африки (ЭКА)

• Экономическая комиссия для Латинской Америки и Карибского бассейна (ЭКЛАК)

29. Белоруссия, Қазақстан және Ресейдің Кеден Одағы: ерекшеліктері мен даму перспективалары.

Беларусь, Қазақстан және Ресей Кедендік одағы, пайда болуы мен даму нәтижелері. Біртұтас экономикалық кеңістіктің қалыптасу мәселелері

o Кеден одағы бұл – Беларусь, Қазақстан, Ресей арасындағы сауда – экономикалық интеграция;

o Бірыңғай кедендік аймақ;

o Өзара сауда қатынастарында баж салығы т.б экономкалық

сипаттағы кедергілердің қолданылмауы;

o Үшінші елдермен бірыңғай кеден тарифі, саудалық реттеу қолданылуы.

Құрылу тарихы

§ 1995 ж. Қазақстан, Беларусь, Ресей кейіннен Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан КО құру туралы келіссөз жүргізді

§ 2007 ж. Қазақстан, Беларусь, Ресей ортақ кедендік аумақ құру және КО қалыптастыру туралы келісімшартқа қол қойды;

§ 2009 ж. КО-ның негізін құрайтын 40 халықаралық келісімшартқа қол қойылды;

§ 2009 ж. 28 қараша. Үш ел басшыларының Минскіде, үш ел аумағында 2010 ж. 1 қаңтарынан бастап бірәыңғай кедендік кеңістік құру туралы кездесу өтті.

§ 2010 ж. көктемде қатысушы мемлекет басшылары арасында келіспеушілік туындап, 28 мамырда Ресей төрағасы В.В Путин одақ Беларусиясыз жұмыс жасайды деп мәлімдеді.

§ 2010 ж.маусымда Беларусия, КО үш жақты форматта КО-ның Кеден кодексі негізінде күшңне енеді деп растады;

§ 2010 ж. 1шілде. Кеден кодексі Ресей мен Қазақстан территориясында қолданыла бастады.

§ 2010 ж. 6 шілде. Кеден кодексі үш ел территориясында күшіне енді

§ 2011 ж. 1сәуір. Үш ел шекарасында кедендік бақылау жойылды;

§ 2012 ж. 1 қаңтар КО мен БЭК дамуын қамтамасыз ету үшін, Евразиялық экономикалық комиссия құрылды. Оның құрамына әр елден бір мүше кіреді.

§ Евразиялық экономикалық комиссияның қалаптасуы КО мен БЭК-тің Евразиялық одаққа айналуына жасалған қадам болып табылады

КО елдерінің өзара тауарағымдары:

2012 ж. қаңтар –желтоқсан. Өзара тауар операциялары:

Ресей- Беларусь: $43,9 млрд, өсім - 9,6%,

Ресей- Қазақстан: - $23,8 млрд, өсім - 6,8%,

Беларусь- Қазақстан: - $0,9 млрд, өсім - 15,1%,

Бірыңғай экономикалық кеңістік - КО елдерінің интеграциялық бірлестігі. БЭК 2012 ж. 1 қаңтарынан бастап жұмыс жасайды. Толыққанды 2012 ж. шілдесінен бастап жұмысына кірісті. БЭК- Нұрсұлтан Назарбаев бастама етіп жариялаған Еуразиялық одақтың бастапқы негізі.

Негізгі қағидалары:

ü Таурлар саудасының еркіндігі;

ü Қызметтер саудасының еркіндігі;

ü Қаржылық капиталдарыдың еркін қозғалысы;

ü Адам капиталының еркін қозғалысы.

БЭК-ті құрудың төрт принципті мәселесі:

Біріншіден, интеграция, ең алдымен, экономикалық қажеттілікке негізделген прагматикалық сипатта ғана бола алады.

Екіншіден, көпқабатты және түрлі жеделдіктегі ин­тег­рация идеясы.

Үшіншіден, қауіпісізідікті бір ғана елдің күш-жігерімен қам­тамасыз ету мүмкін емес, аймақтық қа­уіпсіздік тетіктерін іздестіру қажеттілігі.

30. Адамзаттың жаһандық мәселелері (проблемалары).

Әлемдік тәртіптер мен қатынастар үнемі өзгерісте болып отырады.. Әрбір мемлекет осы жүйеден өз орнын алуға тырмысады. Адамзаттың жалпы дамуы барлық мемлекеттер еріксіз есептесетін ортақ заңдылықтарды және даму тенденцияларын тудырады.

ХХ ғасыр адам баласына орасан зор жетістіктермен қатар шешуді қажет ететін проблемалар жиынтығын алып келді.

Әлемдік проблемаларға жаһандық экологиялық өзгерістер, Бейбітшілікті сақтау және қарусыздану, айналадағы ортаны қорғау, халықтың көбеюі, ядролық қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы, әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды құлдыққа сату, діни экстримизм, мұхитты пайдалану, артта қалған елдерге көмек, ғарышты бейбіт мақсатта игеру және т.б. жеке елдің емес, бүкіл адамзаттың ортақ мәселелеріне айналып отыр. Бұлар адам баласының тірі қалуына және жердің сақталуына ықпал етіп отыр. Ғаламдық проблемалар тікелей болсын, басқа нәрселер арқылы болсын біздің әрқайсысымызға да қатысты, өйткені кішкене ғана Маңғыстаудың өзінен аталған проблемаларға қатысты жетістік-тер мен қиыншылықтарды, “кіші” проблемаларды оңай табуға болады. Өйткені адам қанша жеке, қайталанбас болғанымен Дүние-бұртұтас, бір-бірімен байланысқан нәрселер жиынтығы болып табылады.

Адамзаттың барлық ғаламдық проблемаларын бір ғана жағынан, адам қоғамы мен табиғат арасындағы байланыс жағынан қарастыруға әбден болады.Адамзаттың іс-әрекеті табиғат заңдарына тәуелді. Табиғат адамды қажетті зат пен энергиямен қамтамасыз етеді. Адам табиғатты үнемі өзгертіп отырады белгілі бір шетке барғанда табиғат қарымта қайтара бастайды, өйткені қазіргі кезенднгі табиғат ресурстарын алудын, өндурудін жалпы өсуімен қатар, адам ала бастаған ресурстардың түрлері де көбейіп отыр. Сондықтан да табиғатқа түскен қысым өте күшті дәрежеге жетті және көптеген экологиялық проблемалар туындап отыр. Маңғыстау облысының табиғатына адамның тигереуінің күшеюі біздің алдымызға бірнеше мәселені қойғаны сөзсіз. Бүкіл адамзаттың алдындағы сияқты бізге де денсаулық сақтау, азық-түлікпен қамтамасыз ету, жерді сақтау жөніндегі қиыншылықтар таңсық емес. Табиғатты тиімді пайдалану мәселесі біз үшін әлі шешілмеген іс болып саналады.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап әлемдік жақындасу, бірлесу, ортақтасу, мүдделердің тәуелділігі сияқты үдерістердің күшеюі тереңдей берді. Ортақ экономикалық, сауда, транспорт пен коммуникация ғылым мен ақпарат байланыстары халықтар мен мемлекеттерді өзара тәуелді ете түсті. Өзара келісіп, ортақ мәселелерді бірлесіп шешу міндеттері зәрулікке айналды. Әлемдік жаһандану үдерісі тек объетивті ғана емес, түрлі субъективті факторлар ықпалымен жылдамдай берді. Әлемдік деңгейдегі ортақ мәселелер жүйесінің қалыптасуы ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында нақты нәтижелерін беріп жаһандық жаңа тәртіптер қалыптасты. Адамзат өркениетті бір сапалық деңгейден, екінші мүлдем жаңа сапалық деңгейге ауысты. Жаһандану үдерісі ХХІ ғасырдың бастапқы кезеңінде бұрынғыдан да әлеуетті бола түсті. Жер шары халқының саны 2012 жылғы 6,8 миллиард болса 2025 жылы 11 млрд. адамға өсуі болжануда. Өкініштісі халық өсуі тіршілік ортаның ластануымен қатарласа жүруде. Адамзаттың осылайша өсуі міндетті түрде экологиялық катастрофаға әкеледі деп есептейді сарапшылар.

Адамзаттың дамуы демографиялық дағдарыс, экологиялық қыспақ, азық-түлік тапшылығы сияқты дәстүрлі қауіптер мен қайшылықтарға қосарласқан жаңа қауіптерге душар болуда. Олар ядролық қарулардың және басқа да жаппай қыру қаруларының бақылаусыз таралуы, халықаралық терроризм, түрлі індет ауруларының жаңа түрлерінің қауіптері, адамдарды құлдыққа сату, жасырын миграция, аштық (әлем халқының 1 млрд. адамы қазір ашығуда), экстремизм, наркотрафик т.б. қауіптер мен қайшылықтар. Әлемдегі бейбітшілік пен тыныштықтың сақталуына зардаптарын тигізетін осы қауіп-қатерлерден келетін шығындарды азайтуға бағытталған тиімді де күшті саясатты басқа мемлекеттермен үйлестіре отырып жүргізуге әлемнің әрбір мемлекеті мүдделі.

Қазақстан өзінің географиялық орыналасуы жағынан әлемдік мүдделердің тоқайласқан аумағында тұр. Әлемге наша, наркотик өнімдерінің қомақты бөлігін шығарушы Ауғанстанның наркотрафигінің «солтүстік» бағытындағы Қазақстан жері арқылы ауған наркотиктері Ресей мен Батыс Европа елдеріне жол тартуда. Қазақстан әлемдік ВИЧ-СПИД індетінен тыс қала алмады. Егер 1987 жылы елде алғашқы ВИЧ - инфекциясы тіркелсе, 1996 жылы оның саны 46-ға жетті. 2009 жылдан бастап 2000-нан астам қазақстандықтар ВИЧ - инфекциясын жұқтыруда. Көршілес Өзбекстанда 2009 жылы 4016 адам, Қырғызстанда 687 адам ВИЧ-инфекциясын жұқтырған. Орта Азия мемлекеттерінде ВИЧ көбінесе инъекция жасалу кезінде таралатыны мәлім болып отыр.

Адамзаттың ғаламдық мәселелерінің шешу жолдарын табу үшін алдымен оның өзара тұтас байланыста бірлікте болатын адамзат қоғамдастығының дүниежүзілік проблемалар толқынының өткірлігін кеңдігін ұғынып түсініп алуды қажет етеді. Ол үшін жаңа саяси ойлау қажет. Бұл дегеніміз барша мемлекеттер және халықтар проблемалары ортақ бір планетарлық экипаждың (ұжымның мүшесі) ретінде сезіну. Адамзаттың техногендік заманда аман сау әрі қарай өмір сүруі, саясат пен халықаралық қатынастарда зорлық-зомбылықты болдырмауға, ядролық қарусыз дүниені құруға және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтарды мойындап, олардың әлеуметтік және ұлттық мүдделерін ең биік бірінші орынға қоюды қажет етеді.

Ғаламдық мәселелерді шешу міндетті түрде адамзат дамуының тұрақты әрі тиімді жолын іздеп табу. Табиғатты интенсивті игерілуі, экономикалық-әлеуметтік қызметті арттыру, экологиялық, демографиялық процестерге және космосты игеру мәселелері адамзаттың ой парасатының қатаң бақылауында болуы қажет. Қазіргі адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету және оны қанағаттандыру, келешек ұрпақтың несібесінің есебінен болмауы керек.

30. Адамзаттың жаһандық мәселелері (проблемалары).

Әлем ғалымдары мен мамандарының пайымынша, қазіргі заманда адамзат бұрын-соңды болып көрмеген орасан зор проблемалар қарсаңында тұр. Жер бетіндегі тіршіліктің таяу болашақтағы тағдыры біздің осы өзекті мәселелерді қаншалықты дәрежеде оңтайлы шеше алуымызға тікелей байланысты болмақ. Және бұл жұрттың жай үрейін туғызып, құлағын түргізіп, соңынан жылы жауып қоя салатын кезекті бір әсіре науқанның әуселесі емес. Дүниені түгел қусырып келе жатқан бұл жолғы даңғайыр дағдарыстың жөні тіптен бөлек. Проблеманың басы – экономика болып табылады.

Осыған орай, жер жүзінің сарапшылары жыл ұзаған сайын жаһанға қаупін қаттырақ төндіріп келе жатқан бұл проблемаларды шешуге қажетті ең басты тетіктердің бірі ретінде экономиканың рөлі бұрынғыдан бетер арта түсетінін ауызға алып отыр. Экономика жалпы адамзат тіршілігінің бір ғана бөлігі болып табылатынына қарамастан, оның


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: