Сұрақ № 1
| V2 | Мемлекеттік органдардың белгілеріне жатады: |
| жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырады | |
| қоғамдық бірлестік болып табылады | |
| мемлекеттің функциялары мен міндеттерін жүзеге асырады | |
| өзін-өзі қаржыландырады | |
| құрылтай құжаттары – жарғы негізінде қызмет етеді | |
| мемлекет белгілеген тәртіпте құрылады, қызмет етеді | |
| ұсынушылық сипатта болатын шешімдер шығарады | |
| мемлекеттік-өктем өкілеттіктерді иеленеді |
Сұрақ № 2
| V2 | Өз өкілеттігі шегінде мемлекет атынан билік жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдар: |
| Сенаттың тұрақты комитеттері | |
| Үкімет | |
| Мәжіліс Бюросы | |
| Республика Премьер-Министрiнiң Кеңсесi | |
| Парламент | |
| жергілікті өзін-өзі басқару органдары | |
| өзге де мемлекеттік органдар | |
| облыс әкімінің аппараты |
Сұрақ № 3
| V2 | Республика заңдарының іске асырылуын, орындалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар: |
| Конституциялық Кеңес | |
| Үкімет | |
| Жоғары Сот | |
| Ұлттық қауіпсіздік комитеті | |
| Парламент | |
| Мәслихаттар | |
| Министрліктер | |
| Әкімдіктер |
Сұрақ №4
| V2 | Мемлекеттік құрылым нысаны бойынша мемлекеттік органдардың түрлері: |
| монархиялық органдар | |
| біртұтас мемлекеттерде - мемлекеттік биліктің жоғары органдары | |
| біртұтас мемлекеттерде - мемлекеттік биліктің жергілікті органдары | |
| құқық қолданушы органдар | |
| демократиялық органдар | |
| федералдық органдар | |
| партиялық органдар | |
| кеңестік органдар |
Сұрақ № 5
| V2 | Қазақстанда президенттік институты енгізілді: |
| 1995 жылы 30 тамызда | |
| 1990 жылы 24 сәуірде | |
| 1991 жылы 16 желтоқсанда “Мемлекеттік тәуелсіздік туралы” заңмен | |
| Қаз ССР-ң “Мемлекеттік егемендік туралы” Декларациясымен | |
| 1991 жылы 25 қазанда | |
| “Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және ҚазССР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңмен | |
| 28.01.1993 жылы – Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясымен | |
| ҚазССР Жоғарғы Советімен 1990 жылдың 24 сәуірінде |
Сұрақ № 6
| V2 | Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Президенті: |
| Қарулы Күштердің қызметкері болып табылады | |
| Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы | |
| Қарулы күштерді қаржыландыруға бақылау жасайды | |
| Республиканың Қарулы күштерін қолданады | |
| Республиканың Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіреді | |
| Күзет қызметін және Республикалық ұланды жасақтайды | |
| Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы | |
| жоғары әскери атақтарды белгілейді |
Сұрақ №7
| V2 | Қазақстан Республикасы Президентіне тиесілі өкілеттіктер: |
| Қазақстан халқы Ассамблеясын құру | |
| республикалық бюджетті бекіту | |
| республикалық референдум өткiзу жөнiнде шешiм қабылдау | |
| заңдардың конституциялығын тексеру | |
| Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру | |
| азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыру | |
| рақымшылық жасау | |
| соғыс және бітім мәселелерін шешу |
Сұрақ №8
| V2 | Республика Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн: |
| науқастануына байланысты өзiнiң мiндеттерiн жүзеге асыруға қабiлетсiздiгi дендеген жағдайда | |
| мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда | |
| оның жүргізген саясаты экономикалық құлдырауға соқтырса | |
| Парламент пен Үкімет арасында келіспеушіліктер болса. | |
| Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiгiмен | |
| Үкіметтің Сенатпен келісілген шешімінің негізінде. | |
| медицинаның тиiстi салаларының мамандарынан тұратын комиссияның және Конституциялық Кеңестің қорытындысы негізінде | |
| соғыс және төтенше жағдайларда |
Сұрақ №9
| V2 | ҚР Президентіне заң шығару өкілеттігі беріледі: |
| Мәжіліс депутаттарының көпшілігінің даусымен 1 айға | |
| соғыс жағдайында - Қорғаныс министрлігінің ұсынысы бойынша | |
| Президенттің бастамасы бойынша Парламет Палаталарының бірлескен отырысында | |
| Республика Үкіметін тарату барысында | |
| Парламенттің әр палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің даусымен | |
| Парламент таратылған жағдайда - 1 жыл мерзімге | |
| бір жылдан аспайтын мерзімге | |
| жылына бір рет - Президенттің ұсынысы бойынша |
Сұрақ №10
| V2 | Республика Президенті заң күшi бар Жарлық шығарады: |
| Президентпен басымдылығы белгiленген заң жобасын Парламент заңмен белгіленген мерзімде қарамаса. | |
| Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда. | |
| Қазақстан Республикасыны Парламентi оған бұл құқықты берген кезде. | |
| заң жобасын жедел қарау туралы талабын Парламент орындамаған жағдайда | |
| Республика Үкiметi өзіне жүктелген мiндеттемелердi орындамаған жағдайда. | |
| Парламент таратылған жағдайда. | |
| Парламент заң шығарып үлгермей жатқан кезде. | |
| басымдығы анықталып, жедел қаралу тиістілігі белгіленген заң жобасын Парламент бір ай ішінде қарамаған жағдайда |
Сұрақ №11
| V2 | Президент қол қоятын Парламент актiлерi, Үкiмет бастамасымен шығарылатын Президент актiлерi алдын-ала тиянақталады: |
| Парламент Мәжілісінің Төрағасының қолымен | |
| Үкімет мүшелерінің қолдарымен | |
| Парламент Сенатының Төрағасының қолымен | |
| Парламент депутаттарының көпшілігінің қолымен | |
| Сенат депутаттарының қолымен | |
| Премьер-Министрдiң қолымен | |
| Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Мәжіліс депутаттарының қолымен | |
| Президентпен тағайындалған Сенаттың он бес депутатының қолымен |
Сұрақ №12
| V2 | Республика Президентiнiң жарлықтары шығарылады: |
| Премьер-министрдің өкімінің негізінде және оны орындау үшін | |
| Үкіметтің қаулыларының негізінде | |
| Республика Конституциясының негізінде | |
| өзінің өкімдерін орындау үшін | |
| Республика заңдарының негiзiнде | |
| Жоғарғы Соттың үкімдерін жүзеге асыру үшін | |
| Парламент депутаттарының еркіне сәйкес әрі олардың мүддесінде | |
| Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшiн |
Сұрақ №13
| V2 | Республиканың экс-Президенттерiн қамтамасыз ету шаралары: |
| ол Премьер-министр лауазымын иеленеді | |
| ол өмір бақи Президенттің кеңесшісі болып тағайындалады | |
| оған ел iшiнде тегiн жүрiп-тұру, тегiн медициналық, санаторий-курорттық емдеу қызметi көрсетiледi | |
| оған өмір бойы президентік жалақысы толығымен төленіп отырады | |
| оған Президенттiң лауазымдық жалақысының 80%-ы мөлшерiнде зейнетақы тағайындалады | |
| ол ел ішінде және сырт жерде резиденциялармен қамтамасыз етіледі | |
| оған өмір бойға шет елдерде пәтер, саяжай, кітапхана беріледі | |
| оған пәтер, саяжай, жеке күзет, жүргiзушiсiмен бірге автомобиль берiледі |
Сұрақ №14
| V2 | Республика Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдар, мекемелер мен ұйымдар: |
| Республика Үкіметі | |
| министрліктер | |
| Қазақстан халқы Ассамблеясы | |
| агенттіктер | |
| департаменттер | |
| Қауіпсіздік Кеңесі | |
| мәслихаттар | |
| Жоғары Сот Кеңесі |
Сұрақ №15
| V2 | Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктеледi: |
| Республика Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету. | |
| Республика Президентін зейнетақымен қамтамасыз ету. | |
| Республика Президентiн елдегi iстiң жайы туралы уақтылы әрi толық хабардар етiп отыру. | |
| Президенттің атынан өкілеттік беру негізінде заң шығару. | |
| Президент шығарған актілерге қол қою. | |
| Республика Президентiнiң шешiмдерiн сөзсiз және тыңғылықты орындау және олардың орындалуын бақылау. | |
| Президенттің антын қабылдау. | |
| мемлекетке опасыздық жасағаны үшін Президентті қызметінен кетіру |
Сұрақ №16
| V2 | Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі атқарады: |
| Республика Президентін күзету | |
| Президенттi елдегi iстiң жайы туралы үнемі хабардар етiп отыру | |
| Президентке опасыздық жасады деп айып тағу | |
| Президенттің атынан жыл сайын халыққа жолдау арнау | |
| Президенттi арнайы байланыс құралдарымен қамтамасыз ету | |
| Президенттің атынан халықаралық қатынастарға түсу | |
| Республиканың халықаралық шарттарын бекіту | |
| өзiнiң құзыретiне сәйкес Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiне тұрғын үй және көлiк қызметiн көрсету |
Сұрақ №17
| V2 | Тарихи миссиясына байланысты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне өмiр бойына тиесілі болатын құқықтар: |
| мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк құрылыстың аса маңызды мәселелерi бойынша бастамалар жасау | |
| Республика аумағында міндетті заңдар шығару | |
| Республика Үкіметін құру, оның құрамын және құрылымын анықтау | |
| Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде бастама білдіру | |
| Парламент пен оның палаталарының алдында, Үкiметтiң отырыстарында ел үшiн маңызды мәселелердi талқылау кезiнде сөз сөйлеу | |
| Ұлттық Банк Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындау | |
| мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілеу | |
| Қазақстан халықтары Ассамблеясын басқару, ҚР Конституциялық Кеңесiнiң, Қауiпсiздiк Кеңесiнiң құрамына кiру |
Сұрақ №18
| V2 | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне ешкiмнiң тиiспеушiлiгi білдіреді: |
| оны Парламенттің келісімінсіз жауапқа тартуға болмайды | |
| Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды | |
| тұңғыш Президент мемлекетке сатқындық жасау жағдайларын қоспағанда, өз мәртебесiн жүзеге асыруға байланысты iс-әрекеті үшiн жауапты болмайды | |
| ол аса ауыр қылмастар жасау жағдайынан басқа реттерде жауапқа тартылмайды | |
| тиiспеушiлiк оның үй-жайларына, қол жүгiне, көлiгiне, жазылатын хат-хабарларына... қолданылады | |
| тиіспеушілік оның жеке басы қауіпсіздігіне қатысты ғана қолданылады | |
| ол президенттіктен босағаннан кейін де жасаған ешбір іс әрекеті үшін жауап бермейді | |
| ол мемлекеттің құрылысына қарсы жасаған қылмысы үшін жауапты болады |
Сұрақ №19
| V2 | Қазіргі Республика Парламентінің мәні: |
| Парламент өкілдік сипатқа ие, яғни ол Қазақстан халықтарының мүддесін көздейді, оның атынан өкілдік етеді | |
| Парламент республиканың барлық мәселесін шешуге құқылы | |
| Парламенттің мемлекеттік өкімет жүйесіндегі қызмет мақсаты – заң шығаруды жүзеге асыру болып табылады | |
| Парламент саяси партиялардың мүддесін көздейтін партиялық орган | |
| Парламент Үкіметтің заңдарды жүзеге асыруына қадағалау жасайды | |
| Парламент Президенттің, Үкіметтің мүддесін көздейтін өкілдерден тұрады | |
| Парламент тұрақты жұмыс істеу нәтижесінде заң шығару қызметінің үздіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді | |
| Парламент заңдар шығару арқылы сот әділдігін жүзеге асырады |
Сұрақ №20
| V2 | Жоғарғы және жергілікті атқарушы органдардың қарым-қатынасы: |
| олар көлденеңінен байланыста болады | |
| жоғарғы атқарушы орган жергілікті атқарушы органның қызметiне басшылықты жүзеге асырады | |
| жергілікті атқарушы орган жоғарғы атқарушы органның бір бөлігі болады | |
| жоғарғы атқарушы орган жергілікті атқарушы органның заңдарды, Президент пен Үкiметтiң актiлерiн орындауын бақылайды | |
| олар бір-бірінен толығымен дербес, тәуелсіз қызмет етеді | |
| олар бір-бірінің алдында жауапты болып табылады | |
| олар бір-бірімен саяси партияға мүшелігі арқылы байланысады | |
| жоғарғы атқарушы орган жергілікті атқарушы органдардың актiлерiнiң күшiн жоя алады |
Сұрақ №21
| V2 | Республика Үкiметiн құруға қатысты Президенттің өкілеттігі: |
| Үкімет отырыстарына төрағалық етеді | |
| Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады | |
| Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады | |
| Үкіметтің актілерінің күшін жояды не қолданылуын тоқтата тұрады | |
| Премьер-Министрінің актілерінің күшін жояды. | |
| Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды | |
| Үкіметті таратады | |
| Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды, қызметтен босатады |
Сұрақ №22
| V2 | Республика Үкiметiн құруға қатысты Президенттің өкілеттігі: |
| Үкімет отырыстарына төрағалық етеді | |
| Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады | |
| Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады | |
| Үкіметтің актілерінің күшін жояды не қолданылуын тоқтата тұрады | |
| Премьер-Министрінің актілерінің күшін жояды. | |
| Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды | |
| Үкіметті таратады | |
| Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды, қызметтен босатады |
Сұрақ №23
| V2 | Республика Үкiметiнiң құзыретi: |
| мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi | |
| сот төрелегін жүзеге асырады | |
| заң жобаларын талқылайды | |
| соғыс және бітім мәселелерін шешеді | |
| республикалық бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi | |
| заңдардың конституцияға сәйкестігін тексереді | |
| құқықтық саясатты іске асыруды қамтамасыз етедi | |
| саяси баспана береді |
Сұрақ №24
| V2 | Үкіметтің Республиканың қауіпсіздігіне қатысты құзыреті: |
| ғылым мен техниканы дамытудың мемлекеттiк саясатын белгiлейдi | |
| айналадағы табиғи ортаны қорғау жөнiнде шаралар әзiрлейді | |
| Республиканың қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады. | |
| еңбекке ақы төлеу шарттарын белгiлейдi | |
| Республиканың аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асырады. | |
| мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады | |
| мемлекеттiк баға түзу саясатын талдап жасайды және жүзеге асырады | |
| Республиканың мемлекеттiк шекарасын күзетудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады. |
Сұрақ №25
| V2 | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің республикалық бюджет жөніндегі құзыреті: |
| Мәжiлiске заң жобаларын енгiзедi және заңдардың орындалуын қамтамасыз етедi | |
| республикалық бюджеттi әзiрлейді | |
| сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді | |
| Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады | |
| жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық жасайды | |
| бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi | |
| мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады | |
| Республиканың сыртқы саясатын жүргiзу жөнiнде шаралар әзiрлейдi |
Сұрақ № 26
| V2 | Республика Үкiметi қаулылар шығарылады: |
| Республика Конституциясының негiзiнде және оны орындау үшiн | |
| халықаралық актілерді орындау үшін | |
| Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін | |
| Республика заңдарының негiзiнде және оларды орындау үшiн | |
| конституциялық қадағалауды жүзеге асыру үшін | |
| Президент актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн | |
| Конституцияға қайшы заңдардың күшін жою үшін | |
| соттардың шешімдерінің негізінде және оларды жүзеге асыру үшін |
Сұрақ № 27
| V2 | Премьер-Министрдiң өкiмдерi шығарылады: |
| Парламенттің сессиясын шақыру туралы | |
| депутаттарды тәртіптік жауаптылыққа тарту жөнінде | |
| әкiмшiлiк-өкiмдiк сипаттағы мәселелер бойынша | |
| соғыс жариялауға қатысты | |
| рақымшылық жасау жөнінде | |
| жедел сипаттағы мәселелер бойынша | |
| жеке-дара сипаттағы мәселелер бойынша | |
| саяси баспана беру бойынша |
Сұрақ № 28
| V2 | Премьер-Министрдiң өкiмдерiнiң күшiн жоя алады: |
| Республика Президентi | |
| Республиканың Жоғары Сотының төрағасы | |
| Бас прокурор | |
| Әділет министрі | |
| Республика Үкiметi | |
| Премьер-Министрдің өзі | |
| Астана әкімі | |
| Орталық сайлау комиссиясының төрағасы |
Сұрақ № 29
| V2 | Конституциялық Кеңестің конституциялық бақылау қызметінің мәні: |
| Республиканың бүкіл аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету | |
| Президенттің заңдарға қарсылық білдірмеуін қамтамасыз ету | |
| Конституцияның бұлжымастығын, яғни нормативтік актілерді қабылдау кезінде оның нормаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету | |
| заңдардың Президент қалауына сәйкес келуін мүмкін ету | |
| депутаттардың заң шығару қызметіне белсенді қатысуына ықпал жасау | |
| халықтың құқықтық санасының көтерілуіне әсер ету | |
| сайлаулар өткiзу кезінде конституциялық нормалардың мүлтіксіз органдалуын қамтамасыз ету | |
| билік тармақтарының келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
Сұрақ № 30
| V2 | Конституциялық Кеңес мүшелiгiне кандидаттарға қойылатын талаптар: |
| жоғары білімінің болуы | |
| мемлекеттік тілді еркін меңгеруі | |
| Республика аумағында тұратын отыз жасқа толған ҚР азаматы болуы | |
| туғанынан Қазақстан Республикасының азаматы болуы | |
| жоғары заң бiлiмiнің болуы | |
| жасы қырықтан кем емес, алпыстан жоғары емес болуы | |
| заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажының болуы | |
| Қазақстанның құрметті азаматы деген атаққа ие болуы |
Сұрақ № 31
| V2 | Конституциялық Кенеске өтiнiш бiлдiрушi су6ъектiлер: |
| Премъер-Министр | |
| Бас прокурор | |
| Ішкі Істер Министрі | |
| Қазақстан Республикасы Президентi | |
| экс-Президенттер | |
| Сенат және Мәжіліс Төрағалары | |
| Орталық сайлау комиссиясының төрағасы | |
| ҚР азаматтары |
Сұрақ № 32
| V2 | Конституциялық Кеңестің өкілеттіктері: |
| дау туған жағдайда Президенттiң, Парламент депутаттарының сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi | |
| Республика Парламентін таратады | |
| Парламент қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды | |
| Үкіметке сенімсіздік білдіреді | |
| Парламенттің қарауына заң жобаларын енгізеді | |
| Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды | |
| Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi | |
| депутаттарды мандатынан айырады |
Сұрақ №33
| V2 | Конституциялық iс жүргiзудi тоқтату жағдайлары: |
| отырысқа Конституциялық Кеңес мүшелерінің қажетті санының қатыспауы | |
| субъектінің өзi мәлiмдеген өтiнiштен бас тартуы | |
| Конституциялық Кеңес төрағасының отырысқа қатыспауы | |
| конституциялылығы талас тудыратын актiлердің күшiн жоюы | |
| Конституциялық Кеңесте дауыстың теңдей бөлінуі | |
| өтiнiштің Конституциялық Кеңестiң қарауына жатпауы | |
| Конституциялық Кеңес шешіміне Президенттің қарсылық білдіруі | |
| өтініш Конституциялық Кеңестің қарауына жатса |
Сұрақ № 34
| V2 | Конституциялық Кеңес мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатыла тұрады: |
| ол қайтыс болса | |
| заңды күшiне енген сот шешiмiмен ол iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылса | |
| оны қамауға алуға немесе қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм берiлсе | |
| Жоғары соттың ол жөнiнде заңды күшiне енген айыптау үкiмi болса | |
| денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы өз мiндеттерiн орындай алмаса | |
| егер ол антты бұзса | |
| заңи талаптар бұзыла отырып тағайындалған болса | |
| заңды күшiне енген сот шешiмi бойынша хабар-ошарсыз жоқ болған деп танылса |
Сұрақ № 35
| V2 | Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi: |
| қабылданған күннен бастап күшiне енедi | |
| Парламентпен бекітілуі тиіс | |
| Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi | |
| жергілікті сипатта болады | |
| түпкiлiктi болып табылады және шағымдануға жатпайды | |
| Конституциялық Кеңес шешімдеріне жергілікті сотқа шағым берілуі мүмкін | |
| Үкіметтің оң қорытындысы болғанда қабылданады | |
| Премьер-министр қол қойғаннан бастап күшіне енеді |
Сұрақ №36
| V2 | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының мәртебесі: |
| жергілікті және басқа соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады | |
| қылмыстық және азаматтық істерді қарайтын өкілді орган болып табылады | |
| мемлекеттік қызметшілерге қатысты қылмыстық істерді қарайтын орган | |
| барлық мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықтың сақталуына бақылау жасайтын сот органы | |
| заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында жергілікті және басқа соттардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады | |
| конституциялық қадағалауды жүзеге асыратын жоғары сот органы | |
| сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер бередi | |
| конституция нормаларына ресми түсіндірме беретін орган |
Сұрақ №37
| V2 | Заңды қолданған кезде судья басшылыққа алуға тиiс принциптер: |
| мемлекеттік биліктің біртұтастығы | |
| мемлекеттік биліктің заң шығару, атқару, сот тармақтарына бөлінуі | |
| сотта кез-келген істі қорғаушының қатысуынсыз қарауға болмайтындығы | |
| бiр құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де қайтадан қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартуға болмайтындығы | |
| кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапқа тартылмайтындығы | |
| айыпталушы өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi еместігі | |
| адам жасаған қылмысы үшін өмір бойы жауап беруі | |
| заңсыз тәсiлмен алынған айғақтардың заңды күшi болмайтындығы |
Сұрақ №38
| V2 | Судьяға қатысты қолдануға болмайтын шаралар: |
| республикалық бюджет қаражатының есебiнен қаржыландыру | |
| тұтқынға алу, күштеп әкелу | |
| республикалық бюджет есебінен материалдық, әлеуметтiк қамтамасыз ету | |
| сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдану | |
| республикалық бюджет қаражатының есебiнен тұрғын үй беру | |
| өкілеттігін тоқтата тұру | |
| қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда, ҚР Президентiнiң (Сенаттың) келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тарту | |
| қызметтен босату |
Сұрақ №39
| V2 | Судьяның қызметi сыйыспайды: |
| оқытушылық қызметті атқарумен | |
| ғылыми қызметті атқарумен | |
| депутаттық мандатпен | |
| шығармашылық қызметтерді атқарумен | |
| кәсiпкерлiкпен айналысумен | |
| соттың төрағасы болумен | |
| сот алқасының төрағасы болумен | |
| коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен |
Сұрақ №40
| V2 | Республика заңнамасына сәйкес судьяға қойылатын талаптар: |
| ҚР Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға, судьяның антына адал болуға мiндеттi | |
| депутаттық әдеп ережелерін бұзбауға міндетті | |
| Қазақстан Республикасының азаматтығынан шықпауға міндетті | |
| сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне қарсы тұруға мiндеттi | |
| мемлекеттің саяси өміріне белсенді қатысуға міндетті | |
| судьяның адалдығына, әдiлдiгiне күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға мiндеттi | |
| саяси партияның мүшесі болуға міндетті | |
| республикалық және жергілікті сайлауларға қатысуға міндетті |
Сұрақ №41
| V2 | Қазақстан Республикасының прокуратурасының мәртебесі: |
| конституцияның жоғарылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган | |
| заңдардың, өзге де актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына қадағалауды жүзеге асыратын орган | |
| заң шығару қызметін жүзеге асыратын орган | |
| заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық белгілейтін орган | |
| жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын орган | |
| Қазақстанда сот төрелігін жүзеге асыратын мемлекеттік орган | |
| жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын орган | |
| әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асыратын орган |
Сұрақ №42
| V2 | Прокуратура органдарының бiртұтас жүйесiне кіреді: |
| Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары | |
| Бас прокуратура, жергілікті және төтенше прокуратуралар | |
| мемлекеттік және жергілікті прокуратуралар | |
| республикалық маңызы бар қалалар мен астананың прокуратуралары | |
| республикалық, аймақтық және жергілікті прокуратуралар | |
| Бас прокурор және жергілікті прокурорлар | |
| ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестiрiлген прокуратуралар | |
| облысаралық, ауданаралық прокуратуралар |
Сұрақ №43
| V2 | Республиканың Бас Прокурорының мәртебесі: |
| ол қызметіне Президентпен өмір бойына тағайындалады | |
| оны Парламент палаталарының бірлескен отырысында сайлайды | |
| оны Сенаттың келiсiмiмен Президент бес жылға қызметке тағайындайды | |
| қызметіне Президент тағайындайды, Үкімет босатады | |
| өз қызметі жөнінде жолдау арнау арқылы халыққа есеп береді | |
| Бас прокурорды қызметтен Республика Президентi босатады | |
| халық алдында жауапты, Президент алдында есепті болады | |
| Бас прокурор Республика Президентiне есеп бередi |
Сұрақ №44
| V2 | Республика Бас Прокурорының өкiлеттiгi: |
| Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді | |
| төменгi прокуратуралардың қызметiне басшылық етедi | |
| республика Конституциясына қайшы келетін заңдарға қарсылық білдіреді | |
| прокуратурамен қоса сот органдарының қызметінің заңдылығын қадағалайды | |
| прокуратураларды құрады, қайта құрады және таратады | |
| ҚР Президентін қызметінен кетіреді | |
| прокуратура органдарының қызметi туралы Президент алдында есеп бередi | |
| Парламент депутаттарын ешкімнің тиіспеушілігі құқығынан айырады |
Сұрақ №45
| V2 | Аумақтардың прокурорларының құрылу тәртібі: |
| облыс прокурорларын Президентiнiң келiсiмiмен Бас Прокурор тағайындайды | |
| облыс прокурорларын Үкімет тағайындайды | |
| қалалық прокурорларды Республиканың Бас Прокуроры тағайындайды | |
| қалалық прокурорларды Сенат сайлайды | |
| аудандық прокурорларды Республиканың Бас Прокуроры тағайындайды | |
| аудандық прокурорларды аудандық мәслихаттар сайлайды | |
| барлық прокурорларды Президент дербес тағайындайды | |
| прокурорлар жергілікті аумақтың халқымен сайланады |
Сұрақ №46
| V2 | Төменгi прокурорлардың жоғары тұрған прокурорларға бағыныстылығын байқатады: |
| жоғары тұрған прокурорлардың ұйымдастыру және қызмет мәселелерi жөнiндегi нұсқауларының төменгi прокуратуралар үшiн мiндеттiлiгi | |
| жоғары тұрған прокурорлардың төменгі прокурорларды партиядан шығаруы | |
| жоғары тұрған прокурорлардың төменгілерді қылмыстық жауапқа тартуы | |
| төменгi прокурорлардың жоғары тұрған прокурорлар алдында қызмет мiндеттерiн орындауы үшiн жауапкершiлiгi | |
| жоғары тұрған прокурордың төменгі прокурорларды құқықтарынан айыруы | |
| жоғары тұрған прокурорлардың төменгi прокурорлар актiлерiнiң күшiн жоюы, қайтарып алуы, өзгертуi | |
| жоғары тұрған прокурорлардың төменгі прокурорларды тұтқынға алуы | |
| жоғары тұрған прокурордың төменгі прокурорларды өкілеттігінен айыруы |
Сұрақ №47
| V2 | Прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметiнiң принциптерi: |
| прокуратура мүддесінің жеке тұлға мен органдар мүддесінен басымдығы | |
| прокуратураның өзін-өзі қаржыландыруы | |
| өз қызметiн тәуелсiз жүзеге асыруы | |
| прокурорлардың сайланбалығы | |
| прокурорлық қадағалау актiлерiнің жалпыға мiндеттiлігі | |
| прокуратура қызметінің жариялылығы | |
| халық билігін жүзеге асыруы | |
| прокуратура актілерінің жоғары заңи күші |
Сұрақ №48
| V2 | Жергiлiктi мемлекеттiк басқару – бұл: |
| жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асыратын қызмет | |
| тиісті аумақ шегінде заң шығармашылықты жүзеге асыратын қызмет | |
| сот шешімдерін жүзеге асыруға бағытталған қызмет | |
| орталық атқарушы органдар жүзеге асыратын қызмет | |
| тиiстi аумақта мемлекеттiк саясатты жүргiзу мақсатында жүзеге асырылатын қызмет | |
| мемлекеттік басқарудан толығымен бөлек, дербес жүргізілетін қызмет | |
| облыс, аудан, қала шегіндегі барлық мемлекеттік органдардың қызметі | |
| мәслихат пен әкімияттардың тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты болып табылатын қызметi |
Сұрақ №49
| V2 | Жергілікті мемлекеттік басқару органдарына кіреді: |
| министрліктер | |
| агенттіктер | |
| мәслихаттар | |
| бөлімдер мен басқармалар | |
| департаменттер | |
| әкімдіктер | |
| инспекциялар | |
| әкімдер |
Сұрақ №50
| V2 | Әкімдіктер құрылмайды: |
| облыстарда | |
| аудандарда | |
| ауылдарда | |
| астанада | |
| поселкелерде | |
| республикалық маңызы бар қалаларда | |
| ауылдық округтерде | |
| облыстық маңызы бар қалаларда |
Сұрақ №51
| V2 | Республика әкімдерінің мәртебесі: |
| жергiлiктi атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын тұлға | |
| жергілікті өкілді органның қызметіне басшылық ететін лауазымды тұлға | |
| жергілікті жерлерде қызмет ететін Республика Үкіметінің бір мүшесі | |
| тиісті аумақтық дамуы үшін жауапты болатын Парламенттің өкілі | |
| тиiстi аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн тұлға | |
| тиісті аумақта заңдылықты қамтамасыз ететін бақылаушы | |
| жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жасайтын Үкімет өкілі | |
| тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты ҚР Президентi мен Үкiметiнiң өкiлi |
Сұрақ №52
| V2 | Әкімдердің қызметіне орналасу тәртібі: |
| облыстардың әкімдерін Премьер-министр тағайындайды | |
| облыс әкімдерін тиісінше облыстардың мәслихаттары сайлайды | |
| облыстардың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың мәслихаттарының келісімімен Президент тағайындайды | |
| облыс және астана әкімдерін Президент, қалғандарын Үкімет тағайындайды | |
| республикалық маңызы бар қала және астана әкімдерін тиісінше аумақтың мәслихаттарының келісімімен Президент тағайындайды | |
| облыс, аудан әкімдерін Президент, қала әкімдерін Премьер-министр құрады | |
| өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері қызметке Президент белгілейтін тәртіппен тағайындалады немесе сайланады | |
| барлық әкімдерді Президенттің ұсынысы бойынша Парламент сайлайды |
Сұрақ №53
| V2 | Мәслихаттардың мәртебесі: |
| облыс (республикалық маңызы бар қала және астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) халқы сайлайтын жергiлiктi өкiлдi орган | |
| заңдардың орындалуын қамтамасыз ететін атқарушы орган | |
| конституциялық бақылау органы | |
| тиісті аумақтың халқының еркiн бiлдiретiн жергiлiктi өкiлдi орган | |
| сот төрелігін жүзеге асыратын жергілікті сот органы | |
| өз қызметінде Үкіметке жауапты болып табылатын басқарушы орган | |
| жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын өкілді орган | |
| Парламент депутаттарымен сайланатын, олардың еркін білдіретін орган |
Сұрақ №54
| V2 | Мәслихаттардың құрылу тәртібі: |
| мәслихаттарды Парламент Сенаты құрады | |
| мәслихаттар Республика халқымен жеті жылға сайланады | |
| мәслихаттарды тиiстi аумақ халқы бес жыл мерзiмге сайлайды | |
| мәслихаттарды әкімнің ұсынуымен Президент құрады | |
| кәмелеттік жасқа толған Республика азаматы мәслихатқа сайланады | |
| жиырма жасқа толған ҚР азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады | |
| мәслихаттар жанама сайлау құқығы негізінде таңдаушылармен сайланады | |
| мәслихаттар жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде құрылады |
Сұрақ №55
| V2 | Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгілейтін мәслихат депутаттарының шекті саны: |
| облыстық мәслихатта, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарында - елуге дейiн | |
| облыстық, қалалық мәслихаттарда – 40-қа дейін, ауданда – 20-ға дейін | |
| қалалық мәслихатта - отызға дейiн | |
| барлық деңгейдегі мәслихаттарда – отызға дейін | |
| аудандық мәслихатта - жиырма беске дейiн | |
| барлық деңгейдегі мәслихаттарда кемінде 20 депутат болуы тиіс | |
| барлық маслихат үшін депутаттар саны он мен отыз аралығында болуы тиіс | |
| барлық деңгейдегі мәслихаттарда – елуге дейін |
Сұрақ №56
| V2 | Қазақстанда аудандық судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар: |
| жиырма бес жасқа толған Республика азаматы болуы | |
| Республика аумағында 15 жыл тұруы | |
| жоғары білімінің болуы | |
| заң мамандығы бойынша ғылыми дәрежесінің болуы | |
| жоғары заң бiлiмi, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажының болуы | |
| туғаннан Республика азаматы болуы | |
| бiлiктiлiк емтиханын тапсырған болуы | |
| мемлекеттік тілді еркін меңгеруі |
Сұрақ №57
| V2 | ҚР Парламентінің жұмыс органдары болып есептеледі: |
| Палата аппараты | |
| Сенат Бюросы | |
| Сенаттың тұрақты комитеттері | |
| Мәжілістің тұрақты комитеттері | |
| палата төрағаларының орынбасарлары | |
| палаталардың бірлескен комиссиялары | |
| Палата төрағалары | |
| Мәжіліс Бюросы |
Сұрақ №58
| V2 | Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісті тұрақты комитеттері құрылады: |
| заң жобалары жұмысын жүргiзу үшін | |
| Президентке қарсы айып тағы үшін | |
| комиссиялардың жұмысын үйлестіру үшін | |
| заңдарды шығару үшін | |
| Президенттің қарсылықтарын қарау үшін | |
| Палаталардың құзырына қатысты мәселелердi алдын-ала қарау үшін | |
| Палаталардың құзырына қатысты мәселелердi алдын-ала қарап, дайындау үшiн | |
| Үкіметке сенімсіздік білдіру үшін |
Сұрақ №59
| V2 | Парламент Палаталары арнаулы уақытша комиссиялар құрады: |
| өз құзыретiндегi мәселелер бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзуде | |
| палата төрағаларын сайлауда | |
| Президенттің заңға білдірген қарсылығын қарауда | |
| Үкімет мүшелерінің есептерін тыңдауда | |
| заң шығару бастамашылығын жүзеге асыруда | |
| Республика Президентін науқастануына байланысты қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатуда | |
| Президенттің Премьер-министрді тағайындауына келісім беруде | |
| Президентке заң шығару өкілеттігін беруде |
Сұрақ №60
| V2 | Мәжіл
Сейчас читают про:
|






