Сұрақ №1
| V2 | Президенттің Республика аумағында ҚР Қарулы Күштерін қолдануға негіз болады: |
| мемлекеттін саяси тұрақтылығына тікелей қатер төнуі | |
| ҚР Президентіне тікелей қатер төнуі | |
| мемлекеттің демократиялық институттарына тікелей қатер төнуі | |
| табиғи зіл-залалардың болуы | |
| мемлекеттің тәуелсіздігіне, аумақтық тұтастығына тікелей қатер төнуі | |
| адамдардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарының бұзылуы | |
| республиканың өкілді органдарына сайлаулардың өткізілуі | |
| Парламенттің таратылуы |
Сұрақ №2
| V2 | Қазақстан Республикасының Президенті Республика аумағында төтенше жағдай енгізеді: |
| ҚР Парламенті таратылған жағдайда. | |
| республиканың демократиялық институттарына тікелей қатер төнген ретте | |
| Республикаға қарсы агрессия жасалған жағдайда. | |
| ҚР-ның қарулы күштері бейбітшілік орнату мақсаттарына пайдаланылған жағдайда. | |
| БҰҰ-ның сұрауы бойынша. | |
| Республиканың саяси тұрақтылығына, азаматтардың қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнген ретте. | |
| Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда. | |
| мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған ретте |
Сұрақ №3
| V2 | Қазақстан Республикасы Президенті тағайындайды: |
| ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасын | |
| Парламент палаталарының төрағаларын | |
| Үкімет мүшелерін | |
| Мәслихат хатшысын | |
| Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасын | |
| Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысын | |
| Мәжіліс депутаттарын | |
| ҚР Жоғарғы Сотының судьяларын |
Сұрақ №4
| V2 | Қазақстан Республикасының Президенті құқылы: |
| мәслихаттардың кезекті және кезектен тыс сайлауларын тағайындауға | |
| Парламент қабылдаған заңды қайталап талқылау мен дауысқа салу үшін кері қайтаруға. | |
| коммуналдық меншікті басқаруға | |
| заң жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге | |
| Премьер-Министрді тағайындауға және босатуға. | |
| заңдардың конституцияға сәйкестігін тексеруге | |
| Республика конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге. | |
| әкімдіктердің құрылымын айқындауға |
Сұрақ №5
| V2 | Президентті қызметінен кетіру бойынша түпкiлiктi шешiм қабылданады: |
| айып тағудың негiздiлiгi туралы Жоғарғы Сот қорытындысы болған жағдайда | |
| айып тағудың негiздiлiгi туралы Үкіметтің қорытындысы негізінде | |
| белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестiң қорытындысы болған жағдайда | |
| Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қорытындысы негізінде. | |
| Бас Прокурордың айыптау негіздемесіне сүйеніп Жоғарғы Сотпен | |
| әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында | |
| медицинаның тиiстi саласының мамандарынан тұратын комиссиямен | |
| анықтау және алдын-ала тергеуді жүзеге асыратын органның басшысымен |
Сұрақ №6
| V2 | Президентті қызметінен кетіруге негіз болатын мемлекетке опасыздық жасау ретінде ұғынылады: |
| Қазақстанның аумақтық тұтастығына нұқсан келтіру. | |
| елімізді экономикалық дағдарысқа соқтыру | |
| соғыс кезiнде жау жағына шығып кету | |
| Республика жерін шет елдіктерге жалға беру. | |
| шет мемлекеттiң Республикаға қарсы дұшпандық әрекетiн жүзеге асыруына көмектесу | |
| еліміздің табиғи байлықтарын пайдалануға шетелдерге рұқсат беру | |
| ілімізде ірі конституциялық реформалар жүргізу | |
| қарулы қақтығыс кезiнде жау жағына шығып кету |
Сұрақ №7
| V2 | Сайлау алдындағы үгiтті келесідей жолдармен жүзеге асыруға тиым салынады: |
| бұқаралық ақпарат құралдары арқылы | |
| сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен тауарлар беру | |
| сайлау алдындағы жиналыстар өткізу арқылы | |
| баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату арқылы | |
| ақша төлеу, лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткiзу арқылы | |
| сайлау алдындағы жария пікір таластар мен пiкiр алысулар өткізу арқылы | |
| сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен бағалы қағаздар беріп, қызметтер көрсету | |
| кандидаттардың және олардың сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушылармен (таңдаушылармен) жеке кездесулерін өткiзу |
Сұрақ №8
| V2 | Мәслихаттан өзге жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлау өзгешелігі: |
| тиісті органға сайлау кезiнде қалалық және селолық қауымдастықтардың аумақтарын қамтитын көп мандатты аумақтық сайлау округтерi құрылады | |
| сайлаушылардың басым көпшілігінің дауысын алған кандидат сайланады | |
| тиісті органға сайлау кезінде бүкіл ҚР аумағы біртұтас жалпыұлттық сайлау округі болып табылады | |
| тиісті органға сайлауда қайта дауыс беру өткізілуі мүмкін | |
| тиісті органға сайлауда қосымша сайлау өткізілуі мүмкін | |
| басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының көпшiлiк санын алған кандидат сайланады | |
| тиісті органға сайлауда бiр мандаттық аумақтық сайлау округтерi құрылады | |
| тиісті органның мүшелері таңдаушылармен сайланады |
Сұрақ №9
| V2 | Республика Президентiнiң жарлықтарымен жүзеге асырылады: |
| мемлекеттiк билiк тармақтарының келiсiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету | |
| заңдардың Конституцияға сәйкестігін тексеру | |
| республикалық бюджетті бекіту | |
| оның актiлер шығаруын талап ететiн конституциялық өкілеттігін жүзеге асыру | |
| халықаралық шарттарға қол қою | |
| конституциялық мәртебесi жоқ лауазымды тұлғаларды тағайындау | |
| өкiмет органдарының Қазақстан халқы алдындағы жауаптылығын қамтамасыз ету | |
| жеке сипаттағы мәселелердi шешу |
Сұрақ №10
| V2 | Республика Президентiнiң өкiмдерi шығарылады: |
| Жоғарғы Соттың үкімдерін жүзеге асыру үшін. | |
| Конституцияның негізінде және оны орындау үшін. | |
| Үкіметтің қаулыларының негізінде және оларды орындау үшін. | |
| Премьер-министрдің өкімінің негізінде және оны орындау үшін. | |
| заңдардың негізінде және оларды орындау үшін | |
| халықаралық шарттардың негізінде және оларды орындау үшін | |
| Президент жарлықтарының негізінде және оларды орындау үшін. | |
| Премьер-министрдің бастамасымен және оның еркіне сәйкес |
Сұрақ №11
| V2 | Республика Президентiнiң өкiмдерiмен жүзеге асырылады: |
| әкiмшiлiк-өкiмдiк сипаттағы мәселелердi шешу | |
| Үкімет мүшелерін тағайындау | |
| жедел және жеке сипаттағы мәселелердi шешу | |
| Парламентті тарату | |
| Үкімет мүшелерін қызметінен босату | |
| конституциялық мәртебесi жоқ лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау және босату | |
| Сенаттың он бес депутатын тағайындау | |
| Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдау арнау |
Сұрақ №12
| V2 | Республика Президентiне тұрғын үй және көлiк қызметiн көрсетудi қамтамасыз етедi: |
| Республика Үкіметі | |
| өзiнiң құзыретiне сәйкес Ұлттық қауiпсiздiк комитетi | |
| Республиканың Қорғаныс министрлігі | |
| Қаржы министрлігі | |
| өзiнiң құзыретiне сәйкес Республика Президентiнiң Күзет қызметi | |
| Мемлекеттік хатшы | |
| Президенттің өзі | |
| Президентiнiң Iс Басқармасы |
Сұрақ №13
| V2 | Президентке қатысты республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылатын шаралар: |
| Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiн қамтамасыз ету. | |
| Президентке және оның кеңесшілеріне тұрмыстық қызмет көрсету. | |
| тек Президентке ғана қызмет көрсету және оны күзету | |
| Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiне қызмет көрсету. | |
| тек Президенттің жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету | |
| Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiн күзету. | |
| Президентті, экс-Президенттi және оның отбасы мүшелерін қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және оларды күзету. | |
| қызмет етіп отырған Президентті және экс-Президенті күзету |
Сұрақ №15
| V2 | Республика министрлiгiнің мәртебесі: |
| жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады | |
| тиiстi мемлекеттiк басқару саласына басшылықты жүзеге асырады | |
| бүкіл атқарушы билік органдарының қызметіне басшылық жасайды | |
| заңдармен көзделген шекте - салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады | |
| жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырады | |
| Үкімет құрамына кірмейтін орган болып табылады. | |
| Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады. | |
| конституциялық қадағалауды жүзеге асырады |
Сұрақ №16
| V2 | Республика Үкiметiнiң өкiлеттiк мерзiмi: |
| Үкімет Президенттiң өкілеттік мерзімі бiткенше iс-қимыл жасайды. | |
| Үкiметтiң өкiлеттiк мерзiмi Парламенттің өкілеттік мерзіміне тең. | |
| Үкімет Сенат оған сенімсіздік білдіргенге дейін қызмет ете береді. | |
| Үкімет жыл сайын жаңадан құрылып отырады. | |
| Үкімет жаңадан сайланған Президент алдында өзiнiң өкiлеттiгiн доғарады. | |
| Үкімет жаңа сайланған Парламенттің 1-ші отырысында қызметін тоқтатады. | |
| Үкімет Президентпен таратылғанға дейін қызмет ете береді, яғни шексіз. | |
| Үкiметтiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн ол өз мiндеттерiн атқара бередi |
Сұрақ №17
| V2 | Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті мәні бойынша қандай қызметті білдіреді: |
| сайлаушылардың белгілі бір кандидатты жақтап дауыс беруге қатысуына түрткі болу мақсатындағы қызметті | |
| таңдаушыларды, сайлаушыларды сайлауға қатыстыру үшін тіркеуден өткізу жөніндегі қызметті | |
| сайлау органдарының сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын қызметін білдіреді | |
| сайлаушылардың белгілі бір кандидатқа қарсы дауыс беруге қатысуына түрткі болу мақсатындағы қызметті | |
| сайлаушылардың белгілі бір саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткі болу мақсатындағы қызметті | |
| кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті азаматтарды сайлауға қатыстыру жөніндегі қызметті | |
| кандидаттардың өзінің болашақ қызметі туралы баяндайтын құжатты | |
| демократиялық негізде дауыс беруді өткізу үшін қажетті жағдайлар жасауды |
Сұрақ №18
| V2 | Нормативтік актілердің сатысына сәйкес дұрыс орналасқан актілер тобын көрсетіңіздер: |
| ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы, конституциялық заң, кодекс | |
| конституциялық зан, конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заң, жай заң | |
| конституциялық заң, Парламенттің қаулысы, ҚР Президентінің нормативтік жарлығы | |
| Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң, конституциялық заң, жай заң | |
| Президенттің жарлығы, Үкіметтің қаулысы, әкімнің шешімі | |
| Президенттің заң күші бар жарлығы, конституциялық заң, кодекс | |
| Конституция, конституциялық заң, конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң | |
| Президенттің жарлығы, Парламент палаталарының қаулысы, кодекс |
Сұрақ №19
| V2 | Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру негіздері: |
| ҚР азаматтығынан айырылса | |
| оған қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енсе | |
| ҚР Президенттiгiне, Парламент не мәслихат депутаттығына кандидат болып тiркелсе | |
| судья басқа лауазымға тағайындалған жағдайда | |
| судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм берiлсе | |
| ҚР Президенті немесе өкілді органдардың депутаты болып сайланса | |
| судья заңды күшiне енген сот шешiмiмен хабарсыз кеткен деп танылса | |
| судья әрекет қабілеттігінен айырылса |
Сұрақ №20
| V2 | Судьяның өкiлеттiгi тоқтатылады: |
| ол ауырып қалған жағдайда | |
| оған қатысты қылмыстық іс қозғалса | |
| ол іс сапармен шет елге кетсе | |
| қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болып табылса | |
| қайтыс болса не соттың шешімі бойынша қайтыс болды деп жарияланса | |
| сот шешiмiмен хабар-ошарсыз кеткен деп танылса | |
| iс-әрекетке қабiлетсiз не iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылса | |
| оған қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енгенде |
Сұрақ №21
| V2 | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің өкілеттігі: |
| Үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды | |
| Парламент қабылдаған заңдарға қол қояды | |
| Республикалық референдум тағайындайды | |
| саяси баспана береді | |
| Үкiмет қаулыларына қол қояды | |
| Парламент қабылдаған заңдарға қарсылық білдіреді | |
| Үкiмет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде Президентке баяндап отырады | |
| Парламентті таратады |
Сұрақ №22
| V2 | Үкімет мүшелерінің мәртебесі: |
| Үкімет мүшелері жергілікті атқарушы органдарға басшылық етеді | |
| Президенттің өкілі болып табылады | |
| өмір бойы Конституциялық Кеңестің мүшесі болып табылады | |
| тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады | |
| бір мезетте өкілді органның депутаты болып табылады | |
| өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдауда дербестiкке ие болады | |
| ешкімнің тиіспеушілігі құқығын пайдаланды | |
| өздерiне бағынысты мемлекеттiк органдардың жұмысы үшiн Премьер-Министрiнiң алдында жеке-дара жауап бередi |
Сұрақ №23
| V2 | Қазақстан Республикасының Үкіметі жауапты болады: |
| Қазақстан халқы алдында | |
| Сенат алдында | |
| Парламент Мәжілісінің алдында | |
| Конституциялық Кеңес алдында | |
| Республика Президенті алдында | |
| Бас прокуратура алдында | |
| Республиканың жергілікті басқару органдары алдында | |
| Республика Парламенті алдында |
Сұрақ № 24
| V2 | Үкiмет мүшелерінің орнынан түсуiне негіз болады: |
| Парламент отырысына өз қызметі жөнінде есеп беруге келмеуі | |
| өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санауы | |
| Парламентте оның енгізген заң жобасының қабылданбауы | |
| саяси партияның мүшесі болуы | |
| Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспеуі немесе оны жүргiзбеуі | |
| ғылыми қызметпен шұғылдануы | |
| Республика Президентi өз бастамасымен Үкiметтiң кез-келген мүшесiн қызметiнен босатуға хақылы | |
| Парламенттің таратылуы |
Сұрақ № 25
| V2 | Конституциялық бақылауды жүзеге асырудың үлгілері: |
| президенттік үлгі - президенттің жүзеге асыруы | |
| монархиялық үлгі – монархтың жүзеге асыруы | |
| жалпы юрисдикциялық соттардың жүзеге асыруы | |
| үкімет мүшелерінің жүзеге асыруы | |
| арнайы құрылған сот органдарының жүзеге асыруы | |
| прокурорлық үлгі – прокуратураның жүзеге асыруы | |
| сот жүйесіне жатпайтын арнайы құрылған органдардың жүзеге асыруы | |
| халықтық үлгі – халықтың жүзеге асыруы |
Сұрақ № 26
| V2 | Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің мәртебесi: |
| Республика аумағында Конституцияның жоғары тұруын қамтамасыз етеді | |
| атқару билігі органдарының қызметіне басшылық жасайды | |
| жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырады | |
| өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде дербес және тәуелсiз болады | |
| өкілеттік мерзімі ішінде Президентке және Үкіметке тәуелді болады | |
| заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді | |
| Республика заңдары мен Президенттің жарлықтарына бағынады | |
| Конституцияға ғана бағынады, саяси және өзге себептердi негiзге ала алмайды |
Сұрақ № 27
| V2 | Конституциялық Кеңестiң құрамы және құрылу тәртібі: |
| толығымен Парламентпен сайланатын жеті мүшеден тұрады | |
| жетi мүшеден тұрады - төрағаны және екi мүшесiн Президент тағайындайды | |
| тұтастай Президентпен тағайындалатын алты мүшеден тұрады | |
| Үкімет мүшелері Конституциялық Кеңес мүшелері болып есептеледі | |
| жетi мүшеден тұрады, оның екi мүшесiн Сенат тағайындайды | |
| мүшелерінің саны – 20, Сенат пен Мәжіліс он-оннан сайлайды | |
| жетi мүшеден тұрады, оның екi мүшесiн Мәжiлiс тағайындайды | |
| Үкімет тағайындайтын алты мүшеден және экс-Президенттен құралады. |
Сұрақ № 28
| V2 | Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшесiнiң қызметi сыйыспайды: |
| оқытушылық қызмет атқарумен | |
| ғылыми қызмет атқарумен | |
| депутаттық мандатпен | |
| өзге шығармашылық қызметтердi атқарумен | |
| кәсіподақ мүшесі болумен | |
| кәсiпкерлiкпен айналысумен | |
| кафедра профессоры болумен | |
| коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен |
Сұрақ № 29
| V2 | Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелеріне қатысты қолдануға болмайды: |
| оларды өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге болмайды | |
| оларды іс сапармен шет елдерде жіберуге болмайды | |
| оларды әрекет қабілеттігі жоқ деп тануға болмайды | |
| олардың өкілеттігін тоқтатуға болмайды | |
| оларға сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға болмайды | |
| қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттердi қоспағанда, Парламенттiң келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды | |
| олардың өкілеттігін тоқтата тұруға болмайды | |
| оларды тұрғын үймен, көлікпен қамтамасыз етуге болмайды |
Сұрақ № 30
| V2 | Конституциялық Кеңес келіп түскен өтінішті қарауға қабылдаудан бас тартады: |
| заң жобасын Президент енгізген болса | |
| Республикада экономикалық дағдарыс болып жатса | |
| конституциялығы талас тудырып отырған акт тоқтатылған немесе күшiн жойған болса | |
| Президентті қызметінен кетіру туралы мәселе қаралып жатқан кезде | |
| өтiнiш тиiстi субъектiден туындамаса | |
| өтiнiште көрсетiлген мәселенiң конституциялылығын Конституциялық Кеңес бұрын тексерiп қойған болса | |
| Конституциялық Кеңестің төрағасы ауырып қалған жағдайда | |
| өтініш Президенттен туындаса |
Сұрақ № 31
| V2 | Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар: |
| қоғамдық бірлестіктер | |
| саяси партиялар | |
| экс-Президент | |
| Республика Президентi, Премьер-Министрi | |
| жергілікті өзін-өзі басқару органдары | |
| Парламент палаталарының төрағалары | |
| халықаралық ұйымдар | |
| актiлерiнiң конституциялылығы тексерiлетiн мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар |
Сұрақ № 32
| V2 | Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылады: |
| орнынан түсуi туралы өтiнiшi қанағаттандырылса | |
| жасы елуден асса | |
| науқастанып қалған болса | |
| қызметте болуының Конституцияда белгiленген мерзiмi аяқталса | |
| хабар-ошарсыз кеткен деп танылса | |
| Конституциялық Кеңестің отырысына дәлелді себептерсіз екі рет қатыспаса | |
| Жоғарғы соттың ол жөнiнде заңды күшiне енген айыптау үкiмi болса | |
| оны iс-әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы тиiстi іс қозғауға келiсiм берiлсе |
Сұрақ №33
| V2 | Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi төмендегідей нысанда қабылдануы мүмкін: |
| өкім | |
| заң | |
| қаулы | |
| бұйрық | |
| регламент | |
| қорытынды | |
| жолдау | |
| шешім |
Сұрақ № 34
| V2 | Конституциялық Кеңестің қосымша шешім қабылдау жағдайлары: |
| шешiмдерiне түсiндiрмелер беру туралы мәселе қойылса | |
| конституциялығы талас тудырып отырған акт күшiн жойған болса | |
| өтiнiште көрсетiлген мәселе Конституцияда шешiмiн таппаса | |
| Президент Конституциялық Кеңестің шешіміне қарсылық білдірсе | |
| шешiмінде жiберiлген редакциялық сипаттағы дәлсiздiктерді түзету қажет болса | |
| шешiмiнде орын алған редакциялық сипаттағы қателердi түзету қажет болса | |
| өтiнiш тиiстi субъектiден туындамаса | |
| өтiнiште көрсетiлген мәселенiң конституциялылығын Конституциялық Кеңес бұрын тексерiп қойған болса |
Сұрақ № 35
| V2 | Конституциялық Кеңес алғашқы шешiмiн қайта қарайды: |
| өз бастамасы бойынша | |
| құқық қорғау органдарының ұсынысы негізінде | |
| Премьер-министрдің қатысуымен | |
| қабылданған шешiмге негiз болған Конституция нормасы өзгерсе | |
| алғашқы шешім шыққан күннен бастап 5 жыл өткен соң | |
| шешiм қабылданған сәтте Конституциялық Кеңеске белгiсiз болған, өтiнiштiң мәнi үшiн жаңа елеулi нәрселер ашылса | |
| Парламент депутаттарының және Президенттің қатысуымен | |
| Парламент палаталарының бірлескен отырысында |
Сұрақ № 36
| V2 | Конституциялық Кеңес шешiмдерінің қабылданy тәртібі: |
| шешiмдер Үкімет мүшелерімен біріккен отырыста қабылданады | |
| Конституциялық Кеңес шешiмдерi төрағамен жеке қабылданады | |
| Конституциялық Кеңес шешiмдердi алқалы түрде қабылдайды | |
| Конституциялық Кеңес шешiмдерi мүшелерінің 100 пайыз дауысымен қабылданады | |
| Конституциялық Кеңес шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылдайды | |
| шешiм қабылдау кезiнде дауыс тең бөлiнген жағдайда Конституциялық Кеңес Төрағасының даусы шешушi дауыс болып табылады | |
| дауыс тең бөлiнген жағдайда қосымша шешім шығару жүргізіледі | |
| дауыс тең бөлiнген жағдайда қайта шешім шығарылады |
Сұрақ № 37
| V2 | Конституциялық Кеңес шешiмiне Республика Президентінің қарсылық енгізуі: |
| қарсылық Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiне тұтастай немесе белгiлi бiр бөлiгiнде енгiзiлуi мүмкiн | |
| қарсылық Конституциялық Кеңес өз шешімін қайта қараған жағдайда ғана енгізіледі | |
| қарсылық Президент шешiмнiң мәтiнiн алған күннен бастап он күн мерзiмнен кешiктiрiлмей енгiзiледi | |
| қарсылық шешім қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде енгiзiледi | |
| Президенттің қарсылығы Конституциялық Кеңес мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен еңсерiлуі мүмкін | |
| Президенттің қарсылығы түпкілікті болып табылады, яғни ол еңсеруге жатпайды | |
| қарсылықты алдымен Парламент қарайды, содан кейін барып Конституциялық Кеңестің қарауына беріледі | |
| қарсылық Конституциялық Кеңес мүшелерi көпшілік даусымен еңсерiлуі мүмкін |
Сұрақ № 38
| V2 | Сот билігінің мәні: |
| республика Президентіне ешкімнің тиіспеушілігін қамтамасыз етеді | |
| сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады | |
| жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырады | |
| шешімдер шығару арқылы Конституция нормаларына түсіндірме береді | |
| азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қызмет етеді | |
| жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге арналған | |
| әділсот республиканың тиісті аумағының атынан жүзеге асырылады | |
| Конституцияның, заңдардың, өзге де актiлердiң, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi |
Сұрақ № 39
| V2 | Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң бiрлiгi қамтамасыз етіледі: |
| барлық соттар мен судьялар үшiн ортақ және бiрыңғай сот төрелiгi принциптерiмен | |
| биліктің үш тармаққа бөлінуімен | |
| билік органдарының заң алдында теңдігімен | |
| судьялардың конституциялық бақылауды жүзеге асыруымен | |
| судьялардың сот төрелiгiн iске асыру кезiнде Президентке тәуелділігімен | |
| заңдарда судьялардың бiрыңғай мәртебесiн баянды етумен | |
| биліктің біртұтастығымен | |
| заңды күшiне енген сот актiлерiн Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында орындаудың мiндеттiлiгiмен |
Сұрақ №40
| V2 | Облыстық соттың органдары болып табылады: |
| тұрақты комитеттер | |
| жалпы отырыс | |
| есеп комитеті | |
| бірлескен комиссиялар | |
| апелляциялық сот алқасы | |
| тексеру комиссиясы | |
| әкімдік | |
| кассациялық сот алқасы |
Сұрақ №41
| V2 | Жоғарғы Соттың органдары болып табылады: |
| үйлестіруші органдар - Бюролар | |
| тексеру комиссиясы | |
| жалпы отырыс | |
| сессия | |
| есеп комитеті | |
| азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы | |
| қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы | |
| әкімдіктер |
Сұрақ № 42
| V2 | Қазақстан Республикасында судьялардың мәртебесі: |
| судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады | |
| судьялар өзін тағайындаған тұлға алдында тәуелді болады | |
| судьялар өз атынан сот билігін жүзеге асырады | |
| судьялар бес жыл мерзімге сайланады | |
| судьялар нақты iстер бойынша есеп бермейдi | |
| судьялар өзін тағайындаған тұлғаға қарауындағы істер жөнінде есеп береді | |
| судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады | |
| судьялар конституциялық бақылау функциясын да жүзеге асырады |
Сұрақ № 43
| V2 | Аудандық соттарды құру ерекшелігі: |
| тиісті соттарды Президенттің ұсынуы бойынша Парламент құрады | |
| Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады | |
| ҚР Үкіметінің ұсынуы бойынша Жоғарғы Сот құрады | |
| тиісті соттарды облыстық Соттар құрады және судьялардың санын анықтайды | |
| Тиісті соттың судьяларының санын анықтай отырып, оларды Жоғарғы Соттың Төрағасы дербес құрады | |
| аудандық соттар үшiн судьялардың жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша ҚР Президентi бекiтедi | |
| ҚР Парламенті арнайы конституциялық заң шығару арқылы бірнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiрнеше аудандық сот құруы мүмкін | |
| ҚР Президенті бірнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiрнеше аудандық сот құруы мүмкін |
Сұрақ № 44
| V2 | Заң мамандығы бойынша жұмыс стажына байланысты судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар: |
| барлық деңгейдегі судьялар үшін - кемінде 5 жыл | |
| Жоғарғы Соттың судьясы болу үшін - заң мамандығы бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс стажы немесе кемінде он жыл судьялық жұмыс стажы | |
| Жоғарғы Сот судьялары үшін 15 жыл, жергілікті сот судьялары үшін 5 жыл | |
| Жоғарғы Соттың судьясы болу үшін - кемінде жиырма бес жыл | |
| облыстық соттың судьясы болу үшін - кемінде он бес жыл жұмыс стажы немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс стажы | |
| облыстық соттың судьясы үшін – кемінде жиырма жыл | |
| аудандық соттың судьясы болу үшін - кемiнде екi жыл жұмыс стажы | |
| аудандық, мамандандырылған соттардың судьялары үшін - кемінде 3 жыл |
Сұрақ № 45
| V2 | Президентті, Парламент және мәслихат депутаттарын сайлауда сайлау қорлары мынадай қаражаттардан құралады: |
| кандидаттың сайлау қорына бөлген жеке қаражатынан | |
| республикалық бюджет қаражатынан | |
| жергілікті бюджет есебінен | |
| кандидатты ұсынған қоғамдық бірлестіктің қаражатынан | |
| халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бiрлестiктердің қаражатынан | |
| зейнатақы қорлары қаражатынан | |
| шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың қаражатынан | |
| Республика азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырмалдықтарынан |
Сұрақ № 46
| V2 | Қазақстан Республикасында сайлаулар өткізуде сайлау қорлары мынадай көздерден құралмайды: |
| кандидаттардың жеке қаражатынан | |
| жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қаражатынан | |
| кандидатты ұсынған қоғамдық бiрлестiк бөлген қаражаттан | |
| Республика азаматтары ерiктi қайырмалдықтарынан | |
| қайырымдылық ұйымдарының, дiни бiрлестiктердiң қаражаттарынан | |
| өздерiнiң жарғылық капиталында шетелдiк қатысушысы бар қазақстандық заңды тұлғалардың ерiктi қайырмалдықтарынан | |
| саяси партиялардың қаражатынан | |
| Республика ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан |
Сұрақ № 47
| V2 | Сайлау қорының сайлау науқаны мақсаттарына жұмсалмай қалған ақшалай қаражаты қайда жіберіледі: |
| толығымен республикалық бюджетке жiберiледi | |
| толығымен кандидатқа қайтарылады | |
| үштен екiсi республикалық бюджетке жiберiледi | |
| жартысы жергілікті бюджетке жіберіледі, жартысы кандидатқа қайтарылады | |
| үштен бiрi кандидатқа қайтарылады | |
| толығымен кандидаттың зейнетақы қорына аударылады | |
| Мәжілістің 98 депутатын сайлауда үштен бірі саяси партияға қайтарылады | |
| қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізуді мақсат ететін мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға аударылады |
Сұрақ № 48
| V2 | Сайлау науқанын өткізуге бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады: |
| тиiстi сайлау комиссиялары | |
| министрліктер | |
| банк мекемелерi | |
| Үкімет | |
| жергілікті әкімдік | |
| Прокуратура | |
| жергілікті өзін-өзі басқару органдары | |
| тиісті сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша аталған бақылауды жүргізуге тартылған мемлекеттік органдардың мамандары |
Сұрақ № 49
| V2 | Сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауысын қайта санауға мына жағдай негіз болады: |
| учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларында қателердің анықталуы | |
| жарамсыз бюллетеньдердің болуы | |
| тиісті сайлау комиссияларының хаттамаларында сәйкессiздiктердің анықталуы | |
| дауысты есептеудiң дұрыстығына күмән тууы | |
| кандидаттар саны екеу болып оның біреуі шығып қалса | |
| қайта сайлаудың тағайындалуы | |
| кандидаттардың ешбірі қажетті дауыс санын жинай алмаса | |
| республикада төтенше жағдай енгізілсе |
Сұрақ № 50
| V2 | ҚР Президенттігіне кандидаттарды қоғамдық бірлестіктердің ұсыну тәртібі: |
| Президенттікке кандидаттарды қоғамдық бірлестіктер атынан олардың жоғары органдары ұсынады | |
| Қоғамдық бірлестіктер осы бірлестіктің мүшесі болып табылмайтын адамдарды кандидаттыққа ұсынуға хақылы | |
| Президенттікке кандидаттарды ұсыну құқығын жергілікті қоғамдық бірлестіктер де иеленеді | |
| Қоғамдық бірлестік Президенттікке кемінде екі кандидат ұсынуға хақылы | |
| Бір қоғамдық бірлестік Президенттікке бір ғана кандидат ұсынуға хақылы | |
| Президенттікке кандидаттар ұсыну үшін қоғамдық бірлестіктер жергілікті әкімдерден рұқсат алады | |
| Президенттікке кандидаттарды ұсыну қоғамдық бірлестіктің барлық мүшелері қатысқан жиналыста жүргізіледі | |
| Президенттікке кандидаттарды республикалық және аумақтық қоғамдық бірлестіктер ұсынады |
Сұрақ № 51
| V2 | Қазақстан Республикасында сайлау қорытындыларын анықтайды: |
| Президентті сайлау қорытындысын учаскелік сайлау комиссиясы | |
| Президентті және Парламент депутаттарын сайлау қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы | |
| Барлық сайлаулардың қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы | |
| Мәслихат депутаттарының сайлау қорытындыларын аумақтық сайлау комиссиялары | |
| Республикалық деңгейде өтетін сайлаулардың қорытындыларын республикалық сайлау комиссиясы | |
| өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау қорытындыларын аумақтық сайлау комиссиялары | |
| жергілікті сайлаулардың қорытындыларын аудандық сайлау комиссиялары | |
| Қазақстанда сайлау қорытындылары өткізілу аумағына қарай тиісті аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларымен анықталады |






