Смагулова Г.М., 8 страница

НАТО-ның ғылыми бағдарламасы ішінара мынадай төрт бағдарламаларға бөлінеді:

Біріншісі «Ғылыми стипендиялар» деп аталады. Ол аты айтып тұрғандай жас зерттеушілерге көмек көрсету және оларды қолдау мақсатындағы шараларға бағытталған. Бұл стипендиялар НАТ-ға мүше немесе серіктес мемлекеттердің ғалымдарына НАТО елдерінің бірінде білім алуға немесе оқуларын жалғастыруға және арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тағайындалады.

«Ғылыми-техникалық ынтымақтастық» деп аталатын екіншісі, бірлескен ғылыми-техникалық жобалар үшін берілетін гранттар негізінде зерттеушілердің арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру үшін және ғалымдардың арасындағы мықты байланыстарды орнатуға арналған. Сол сияқты бағдарлама «Арнайы зерттеулер институты» және «Перспективалы зерттеулер семинары» деп аталатын жоғары деңгейдегі семинарлар ұйымдастырумен айналысады. Бағдарлама ғылыми-зерттеулердің барлық бағытын қамтиды. Ол үшін бағдарламаға қатысушылардың жеке өтініштерін физика-техникалық ғылым және технология, экология, жер туралы ғылым және технология, қауіпсіздікті қорғау мақсатындағы азаматтық ғылым және технология бойынша құрылған арнайы сараптамашылар комиссиясы қарайды.

Үшінші бағдарламаның аты «Зерттеу инфрақұрылымын қолдау». Оның мақсаты НАТО-ның әріптес-мемлекеттеріне қажетті инфрақұрылымдарды құруға арналған зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға көмектесу болып табылады. Ол негізінен мынадай екі бағыттағы іс-шараларды қолдауға көмектеседі: 1. ЭВМ жүйесін құру; 2. ғылыми-техникалық саясат және ұйымдастыру.

Төртінші бағдарлама – «Бейбітшілік жолындағы ғылым». Бұл бағдарламаның мақсаты – ғылыми зерттеулер аясын кеңейту, олардан алынатын нәтижелерді өндірісте іске енгізу немесе мемлекет-әріптестердегі экологиялық проблемаларды шешуге арналған зерттеулерді қолдау, көмектесу. Бағдарлама НАТО-ға мүше мемлекеттер мен оның әріптес мемлекеттеріндегі ғылыми зерттеу орындарында жұмыс істейтін ғалымдардың басын біріктіреді.

НАТО-ның ғылыми бағдарламасы алғаш рет 1956 жылы құрылған болатын. Бұл бағдарламаның қалыптасып дамуына негіз болған сол кездегі Норвегияның сыртқы істер министрі Ланге, Италияның министрі Мартино және Кананданың министрі Пирсон болатын. Тарихқа «үшеудің комитеті» немесе «үш сиқыршы» деген атпен кірген олар ғылыми-техникалық прогресс Атлантикалық қауымдастықтың болашағы үшін өте маңызды деген қорытындыға келеді. 1957 жылы НАТО-ға мүше елдердің мемлекет және үкімет басшыларының кездесуінде ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа арналған баяндаманы тыңдап, НАТО-ның ғылыми комитетін құру туралы шешім қабылдайды. Ғылыми комитеттің бірінші отырысы 1958 жылы өтеді. Міне осы уақыттан бастап НАТО-ның ғылыми бағдарламалары өз жұмыстарын бастайды. Ғылыми бағдарламалардың аясы өткен ғасырдың 90-шы жылдарында кеңейе түсті. Олардың алға қойған мақсаты елдердің қауіпсіздігін анықтауда ғылым мен техниканы дамыту шешуші фактор болуы мүмкіндігін және олардың нәтижелерін халықаралық қатынастардағы жағдайды реттеуде қолдану болып отыр.

Ғылыми бағдарламалардың қатары жыл өткен сайын жаңа жобалармен толыға түсуде. Сондай жобалардың бірі «Виртуальды жібек магистралі» деп аталады. Бұл атау тегіннен тегін таңдап алынған жоқ. Жоба кезінде Еуропа мен Азияның арасын сауда қатынастары арқылы байланыстырған Ұлы жібек жолының құрметіне байланысты аталды. Ұлы жібек жолы тек сауданы ғана дамытқан жоқ, тарихтан білетініміздей оның бойында тамаша қалалар бой көтерді; қалалар мәдениет пен өркениеттің, ғылым мен білімнің орталығы бола білді.

«Виртуальды жібек магистралі» немесе «Жібек жобасы» туралы идея 2000 жылдардың басында туындады. «Жібек жобасы» - бұл ЭВМ, қазіргі заманғы инфрақұрылым жүйелерін құру туралы жоба. НАТО-ның Ғылыми комитетінің 29 қазан 2001 жылғы Грузияда өткен күзгі отырысында жоба бекітілді. Жобаға Орталық Азия және Кавказдың сегіз мемлекеті тартылды. Отырыстан кейін жобаны тәжірибеде іске асыру үшін Ғылыми комитеттің ЭВМ жүйелері бойынша жұмыс істейтін консультациялық комиссиясы өз жұмысын бастады. 2003 жылы жоба іске кірісті. Нәтижесінде жобаға қатысушы мемлекеттердің кейбірі қазіргі заманғы ең озық спутниктің технологияның жетістіктерін пайдалану мүмкіншілігіне ие болды. Жобаға қатысушы мемлекеттердің әрқайсысында НАТО арқылы ғылыми-зерттеу мекемелері мен жоғары оқу орындарын ұлттық жүйелерге қосылу қажеттілігін қанағаттандыратын ұлттық-ғылыми зерттеу ұйымдары және білім беру жүйелері құрылады. Олар жүйені пайдаланудың негізгі принциптерін, ғылыми зерттеулер мен жобалардың типтерін, жүйені пайдаланатындарға арналған талаптарды т.б. анықтайды. Бірақ «Жібек жобасын» қолдану кезінде ұлттық жүйелер Еуропа елдеріндегі ұлттық-ғылыми зерттеу ұйымдары және білім беру жүйелері қолданатын принциптерді мұқият орындаулары керек.

«Жібек жобасында» қолданатын технология қазіргі заманғы әдістерді қолдануға мүмкіншілік жасайды. Сондай әдістің бірі берілетін ақпараттарды, мәліметтерді буферлік еске сақтауға жазу (буферная память – Г.С.) немесе ол басқаша кэширлеу әдісі (метод кэширование –Г.С.) деп аталады. Мұндай механизм «Жібек жобасын» пайдаланатын мемлекеттердің әрбір сайтында бар. Оның жақсы әрі тиімді жағы сіз іздеген ақпарат сол сайтта бар болса, спутниктік байланыссыз-ақ, сол жерден-ақ пайдалана бересіз. Бұл жұмыстың тиімділігін арттырады.

«Жібек жобасының» инфрақұрылымына Интернеттегі мәліметтермен алмасу Пункіті кіреді. Онда жергілікті жүйедегі прокатчиктер кездеседі. Интернеттегі мәліметтермен алмасу Пункіті жүйенің прокатчиктеріне ұлттық мәліметтер ағынымен алмасуға мүмкіндік береді, әрі іштей өзара байланысудың есебінен қымбат тұратын халықаралық байланыстардан айналып өтуге себебін тигізеді. Әрине, оның Интернет желісін пайдалануда мемлекеттердің қаржы мәселесін жеңілдетуде де септігі бар.

«Жібек жобасын» басқару мен бақылау Орталық жетекшіліктің құзырында. Жүйені бақылаудың маңызды ерекшелігі бірнеше себептермен түсіндіріледі: жүйенің жұмыс істеу сапасы; оның істен шығып қалуын тез арада жойып, қалпына келтіру; жобаны қолданатын елдердің әрқайсысының жүйеге өту қабілетінің қажетті шегін қолдану үшін т.б. Мысалы, Гамбургте «Жібек жобасының» оперативті орталығы құрылды. Онда орыс тілді операторлар қызмет атқарады. Орталық пульт арқылы туындаған мәселелер жөнінде хабар береді, жүйе туралы сұрақтарға жауап береді, сондай-ақ техникалық көмек алуға және «ЕвразияСат» компаниясымен байланыс орнатуға жағдай жасайды. Пульт арқылы жүйенің өткізу қабілетін бақылайды.

НАТО жобаны осылайша ойдағыдай іске асыра отырып, басқа да ұйымдарға қолдау көрсетуде. Мысалы, «ДЭСИ» («Дойче Электронен-Синхротон) деп аталатын германдық ғылыми-зерттеу институты өзінде еуропалық жүйелердің орталығын тегін орналастыруға және жүйені техникалық жағынан қамтамасыз етуге жетекшілік жасауға ұсыныс білдірді. Бұл қызмет түрі 350 мың АҚШ долларына тең деп бағаланды. Бұдан басқа «ДЭСИ» «Жібек жобасын» «ГЕАНТ-қа» (общеевропейской гигабитной исследовательской сети ЕС) қосуға келісімін білдірді. Бұл дегеніміз «Жібек жобасын» қолданушыларға әлемнің басқа да көптеген зерттеу жүйелеріне қосылуға мүмкіндік береді. Мұндай қызмет көрсету 125 мың АҚШ долларына тең деп бағаланды. Бұған қосымша ретінде Еуропалық Комиссия екі еуропалық оқу орнына – Лондон университеті колледжі және Гронигем университетіне жобаға жетекшілік ету мен инфрақұрылым объектілерін қолдауға қызмет көрсетуге қаржылай қолдап отыр.

Сонымен, бүгінгі таңда, «Жібек жобасы» НАТО-ның Ғылыми комитеті демеулік жасау арқылы іске асатын ең ірі жобасы болып отыр. Ол 2005 жылға дейін жоспарланып, оның қаржыландыру көлемі 2,5 млн.АҚШ долларын құрап отыр, яғни бюджеттің 40%-н ЭВМ жүйелерін құруға жұмсалады. Сондықтан да жобаның келешегі бар ма? Ол әрі қарай жалғасын таба ма? – деген орынды сұрақтар тууы әбден мүмкін. Мамандардың пікірінше жоба жалғасын табады. Өйткені ХХІ ғасыр – ақпараттар технологиясының ғасыры болғандықтан, жоба бірқатар оң нәтижелер береді деп күтілуде.

Жалпы НАТО-ның ғылыми бағдарламасының негізгі бағыттары физика, инженер-техникалық ғылым (математика, физика, ядролық физика т.б.); өмір туралы ғылым (биология, ауыл шаруашылығы, медицина т.б.); қоршаған орта және жер туралы ғылым (топырақ туралы ғылым, атмосфера, қоршаған орта т.б.); азаматтық ғылымдар (қауіпсіздікті сақтау, экстремизм мен лаңкестікке қарсы күрес т.б.) болып отыр. Көрсетілген бағыттар бойынша жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары НАТО және мүше-мемлекеттер мен әріптес-мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қалыптастырып қана қоймай, оны одан әрі дамытуға жағдай жасайды. Сол сияқты НАТО-да ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау мақсатындағы тақырыптар бар. Мысалы, қазіргі халықаралық қатынастардағы өзекті проблемалардың біріне халықаралық лаңкестік мәселесі айналып отыр. Сондықтан лаңкестіктен қорғану мақсатында НАТО ғылыми-зерттеу тақырыптарын ұсынады әрі оларға қолдау көрсетеді. Солардың кейбірін атап өтсек:

- су ресурстарын тиімді пайдалану;

- азық-түлік қауіпсіздігі;

- ақпараттық қауіпсіздік;

- әлеуметтік динамика және басқалары.

Ал Қазақстан мен НАТО арасындағы ғылыми ынтымақтастық мәселесінің кейбір аспектілеріне тоқталатын босақ, екі арадағы байланыстардың бастамасы 1992 жылдың қарашасында ұйымның бұрынғы бас хатшысы Манфред Вернердің Қазақстанға келу оқиғасынан басталды. Сол жылы Қазақстан Солтүстікатлантикалық ынтымақтастық Кеңесіне мүше болып кірді. 1993 жылы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Брюссельдегі НАТО-ның штаб-квартирасында болды. Ал Қазақстан Республикасы және НАТО-ның арасындағы ынтымақтастықтың саяси-құқықтық базасының ірге тасы «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» деп аталатын рамолық құжатқа Брюссельде 27 мамыр 1994 жылы қол қоюдан басталды. 10 жылдан артық уақыт ішінде екі жақты ынтымақтастықтың шарттары мен талаптарына сәйкес Қазақстан мен НАТО-ның арасында берік байланыс орнады. Әсіресе «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы шеңберінде жүргіліп жатқан іс-шаралар Қазақстан үшін оң өзгерістерге толы. Қазақстан мен НАТО/БЖС (ПИМ –Г.С.) ынтымақтастығы халықаралық лаңкестік пен аймақтағы діни экстремизмнің таралуына тосқауыл ретінде роль атқарады және тұрақтылықты сақтауға кепілдік береді. НАТО-ның өз жағынан негізгі мақсаты еуропалық мемлекеттердің қауіпсіздігін сақтау болса, ал құрамында Қазақстан да бар Орталық Азия кеңістігінде өзінің стратегиялық қызығушылықтарының бірнеше себептері бар: біріншіден, Орталық Азияның геостратегиялық орналасуы мен шикізат көздерінің мол қоры еуропалық державалардың объектісіне айналуда; екіншіден, Еуропаға қауіп Еуропадан тыс жерден шығуы мүмкін, мысалы ауған проблемасы, Каспий проблемасы т.б. Сондықтан НАТО Орталық Азияның барлық мемлекеттерімен, оның ішінде Қазақстанмен ерекше ынтымақтастықты дамытуға мүдделі болып отыр. Ал Қазақстанға деген НАТО-ның ерекше назар аударуы да бірнеше себептермен түсіндіріледі: біріншіден, Қазақстан - Орталық Азия елдерінде көш бастаушы мемлекет; екіншіден, Қазақстан экономикасының тез қарқынмен дамуы; үшіншіден, Қазақстандағы саяси тұрақтылық; төртіншіден, аймақтағы қауіпсіздікті сақтаудағы Қазақстанның аймақтық ұйымдар – Ұжымдасқан қауіпсіздік келісімінің ұйымы (ҰҚШҰ), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) т.б. Сондықтан НАТО-ның Қазақстанға ерекше көңіл аударуының орынды себептері бар деп тұжырым жасауға болады. Ал НАТО-ның ғылыми бағыты соңғы жылдары «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасына мүше елдердің, оның ішінде Қазақстанның ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға, қаржыландыруға, қолдауға өз себтігін тигізуде. 2003 жылы Қазақстанда НАТО-ның халықаралық секретариатымен бірлесіп өткізген «Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздіктің шақырылуы», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырған «НАТО және Орталық Азия: аймақтық және ұлттық қауіпсіздік пен стратегиялық әріптестік» тақырыптарындағы халықаралық конференциялар және Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен «11 қыркүйектен кейінгі Орталық Азиядағы геосаяси өзгерістер» атты семинар Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастықтың тез қарқынмен дамып отырғандығын көрсетеді. Қазақстанда ұйымдастырылған конференциялар мен семинарлар НАТО-ның тарапынан өте жоғары бағаға ие болды.

Ғылыми бағыттағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуына НАТО жетекшілігі үлкен қызығушылықпен қарсы алған, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі А.Есімовтың ұсыныстары себеп болды. Онда Сырдария өзені байланысты туындап отырған проблемаларды шешуге бағытталған бірлескен экологиялық қауіпсіздік жобасын жасап, іске асыру айтылды. Қазіргі уақытта НАТО-ның ғылыми комитеті осы жобаны іске асыру үшін осы ұсыныстарын әзірлеуде.

Жалпы, Қазақстан Республикасының сыртқы істер ведомствосы қызметкерлерінің мәліметтері бойынша, «тек 1999-2002 жылдардың аралығында қазақстандық ғалымдардың қатысуымен жүргізілген 30 зерттеу тобы НАТО-ның ғылыми комитеті тарапынан қаржыландырылған. 1993 жылдан бастап қазақстандық ғалымдарға НАТО елдерінде зерттеулер жүргізу үшін 40 стипендия бөлген». Бұл сандық көрсеткіштер Қазақстан мен НАТО арасындағы ғылыми ынтымақтастықтың белсенділігін көрсетеді.

2003 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым академиясында НАТО өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстанның «Виртаульды жібек магистраліне» қосылуы және оның Қазақстан үшін перспективалы жақтары айтылды. Мамандардың пікірінше, «Бейбітшілік жолындағы ғылым» бағдарламасы аясында Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтасты Семей полигоны, Арал және Каспий теңіздерінің экологиялық проблемаларын шешу барысында жалғастыруға мүмкіншіліктер бар.

2006 ж. 1-14 тамыз күндері Алматы қаласында Қазақстандағы АҚШ елшілігінің ақпараттар бөлімі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырған Орталық Азия және Кавказ елдерінің жоғары оқу орындарының жас зерттеушілеріне (аспиранттар, ғылыми зерттеушілер, сарапшылар) арналған «НАТО ынтымақтастығы және ХХІ ғасырдағы аймақтық қауіпсіздік контексіндегі Орталық Азия елдері» атты Жазғы мектеп өз жұмысын жүргізді. Онда көрсетілген тақырып бойынша лекциялар оқылып, семинарлар жүргізілді; тыңдаушыларға НАТО-ның орыс және ағылшын тілінде басылған кітапшалар мен арнайы әдебиеттер таратылды. Соңында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып, оның қорытындысы бойынша Жазғы мектепке қатысқандарға сертификаттар берілді. Мұндай Жазғы Мектеп жұмысы жыл сайын атқарылып келеді Соңғы жылдары аталмыш мектеп студенттер мен магистранттар үшін ұйымдастырылуда. Жазғы мектептің жұмысын да НАТО-ның ғылыми ынтымақтастықты дамытуға арналған шараларының бірі деп қабылдауға болады.

Қазіргі халықаралық жағдайларға байланысты қауіпсіздік, қоршаған орта әрі осылардың басын қосу арқылы ғылымды дамытуда НАТО тағы бір бағдарлама ұсынып отыр. Ол бағдарлама «Безопасность посредством науки» деп аталады, яғни қазақша «Ғылым арқылы қауіпсіздікті сақтау» немесе «Ғылымның қауіпсіздіктегі қызметі» деген мағынаны білдіреді. НАТО-ның Ғылыми комитеті ұсынып отырған бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – халықаралық қатынастардағы маңызды мәселелерді шешу үшін ғылымның жетістіктерін пайдалана отырып, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа өз үлесін қосу, елдердің арасындағы берік байланысты дамыту. Бағдарлама лаңкестіктен қорғану немесе қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерден сақтануға арналған зерттеу тақырыптарына ерекше назар аударады.

НАТО-ғы одақтас және әріптес мемлекеттер үшін лаңкестікпен күрес жүргізу сыртқы саясаттарындағы басым бағыттардың бірі болып отыр. Сондықтан НАТО химиялық, биологиялық, ядролық қаруларды немесе олардың агенттерін табуға арналған ғылыми-зерттеулердегі тиімді әдістерді жасау саласын қолдайды. Әсіресе экологиялық және киберлаңкестіктен қорғану, заңсыз жасалатын есірткі саудасымен күрес, адам өмірінің қауіпсіздігін сақтау бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Сондықтан осы мәселелерге арналған және олармен арнайы шұғылданатын ғалымдардың басын біріктіру мақсатында семинарлар, конференциялар, симпозиумдар ұйымдастырылады. Тәжірибеде қолдану үшін зерттеу тақырыбының аясы кең болуы мүмкін. Лаңкестіктің себебі, оның әлеуметтік және психологиялық салдары сияқты кең көлемдегі сұрақтар зерттеу тақырыбының құрамдас бөлігі болып табылады. Бағдарламаның екінші бір міндеті - алға қойған нақты алғашқы мақсаттарға қол жеткізу үшін, әріптес-мемлекеттерге технологияны бірлесіп пайдалануды және жеткізіп беруді дамытуға жағдай жасау.

Негізгі әдебиеттер:

1. Международные отношения: теории, конфликты, движения, организации / Под ред.П.А. Цыганкова: Учебное пособие. Изд.2-е, перераб. и доп.-М.: Альфа-М: ИНФРА-М, 2008.-320 с.

2. Улахович В.Е. Международные организации: Справочное пособие.-М.: АСТ; Мн.:Харвест, 2005.-400 с.

3. Справочник НАТО. Office of Information and Press NATO – 1110 Brussels-Belgium, 2001.

Қосымша әдебиеттер:

1. Хан Г.Б., Суворов Л.С., Рахманова Г.Б. Внешняя политика Республики Казахстан: Монография.-Алматы: КазГЮА, 2001.-С.241.

2. Партнерство во имя мира: Рамочный документ. Брюссель, 27 мая 1994 г./Сборник документов по международному праву. Том І. / Под общ. Ред. К.К.Токаева. Сост. Атанов М.М., Ибрашев Ж.У., Ауталипова А.С. и др.-Алматы: САК, 1998.-С.300-303.

3. Смагулова Г.М. НАТО және оның бағдарламалары («Бейбітшілік жолындағы ғылым» бағдарамасы мысалында) ҚарМУ хабаршысы. Тарих, философия, құқық сериясы.- 2005.- № 4 (40). –Б.48-53.

4. Смагулова Г.М., Нуржанова С.М. Kazakhstan-NATO: evolution and prospects of the development of rekations / Сотрудничество НАТО и стран Центральной Азии в контексте региональной безопасности в XXI веке: реалии и перспективы: Сборник материалов круглого стола.-2005.-С.42-49.

5. Имандосов С.А. Вопросы реализации сотрудничества Казахстана с НАТО // НАТО и Центральная Азия: региональная и национальная безопасность и стратегическое партнерство. Сборник материалов международного семинара (Алматы, 10 қараша 2003 ж.).-Алматы, 2003.-С.161-162.

6. Безопасность посредством партнерства.//NATO/OTAN, 2005.-С.33.

7. Смагулова Г.М. Мухаметқали Г. Қазақстан Республикасының НАТО-ның кеңеюіне көзқарасы және өзара қарым-қатынастар / Жуасов оқулары – 11: Дәстүрлі ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.-Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2007.-Б.234-239.


6 Лекцияның тақырыбы: Әлемдік және трансаймақтық форматтағы

халықаралық ұйымдар (2 сағат)

Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы -

ИНТЕРПОЛ (1-ші сағаты)

Лекцияның жоспары: 1. Интерполдың құрылуының алғышарттары.

2. Интерполдың мақсаты мен міндеті.

3. Интерполдың негізгі органдары және

ынтымақтастықтың негізгі қағидалары.

4. Интерпол мен Қазақстан Республикасы арасындағы

ынтымақтастық.

1905 жылы халықаралық қылмыстық мәселелерді шешуге арналған конференцияда халықаралық қылмысқа қарсы барлық күштерді біріктіру жоспарланды. Гамбургте өткен 10-шы халықаралық Ассамблеяда қылмыстық офицерлер, туризм мен шет мемлекеттерге сапарлардың кюбеюіне байланысты пайда болатын халықаралық қылмысқа қарсы резолюция қабылдады. Осы резолюцияда қылмыстың алдын алу үшін оны бірігіп зерттеп, қолданатын шаралар қарастырылды. Ассамблеяның нәтижесі ретінде барлық мемлекеттерде полиция бөлімшелері бар, халықаралық қылмысқа байланысты ақпарат алмасудың орталық бюросын құру ұсынылды.

Сонымен қатар, осындай халықаралық қылмысқа арналған конференциялар мен конгрестер 1905 жылы Буэнос-Айрес, 1909 ж. - Мадрид, 1910 ж. Буэнос-Айрес, 1912 ж. Сан-Пауло мен Берлин, 1913 ж. Вашингтон калаларында өтті. 1914 жылы 17-20 сәуір аралығында өткен Монакодағы I-ші халықаралық қылмыстық полиция Конгрессінде Франция, Италия, Ресей, Австрия және Ұлыбритания мемлекеттерінің өкілдері қатысты.

Конгресстің күн тәртібіне келесі сұрақтар қойылды:

- қылмыскерлердің қайтару процедурасының унификациясы;

- халықаралық превентивтік антропометрия;

- халықаралық қылмыстың ақпаратты тіркеу және қылмыскерлерді тез арада ұстау тәртібін анықтау;

Нәтижесінде, Конгресс мүшелері Монако үкіметіне Парижде унификациялардырылған жеке куәлік стандартын жасау мен халықаралық қылмыстың идентификацияландырылған халықаралық бюроны құруды өз қолына алу ұсынысымен шықты. Бірақ басталып кеткен I-ші дүниежүзілік соғыс осы Монакода қабылданған барлық резолюцияларды нәтижесіз қалдырды.

I-ші дүниежүзілік соғысынан кейін халықаралық полиция ұйымын құру қажеттігі одан әрі өрши түсті. Ол халықаралық қылмыстың ұлғаюына байланысты болды және оның салдарынан болатын қаржылық және басқа да тигізетін әсері көбейе түсті. Соған қарамастан қылмыспен күресетін жеке мемлекеттердің күштері жетпеді. Олар өте төмен дәрежеде жұмыс істеді. Сол кездегі заңсыз есірткі саудасы және трафигі; мәдени, тарихи мұраларды ұрлау мен контрабандалау; заңсыз ақша жасау (фальшивомонетчество) көркеген кез еді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: