семинар: Саяси технологиялар

1.Саяси технологиялар ұғымы

2.Сайлау жүйесі. ҚР-дағы сайлау жүйесі.

Саяси технологиялар ұғымы. Саяси технологиялар саясаттанудың ажырамас бөлімі ретінде. Саяси процестегі технологияны анықтаудағы амалдардың дамуы. Саяси технологиялардың мәні, ерекшелікті белгілері. Саяси технологиялардың құрылымы.

Саяси технологиялардың қоғамдық- саяси өмірді танып білудегі маңызы. Саяси технологиялардың типтері.

Саяси технологияларды қалыптастыру және олардыі қазіргі дүние жүзінде рөлінің артуы.

Саяси талдаудың мәні және ерекшеліктері. Саяси талдау процесі және оның негізгі кезеңдері. Саяси талдаудың әдістері. Саяси ақылдасу. Ақылдасудың сатылары және тәсілдері. Саяси шешімдерді қабылдау. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру технологиялары. Дағдарыстық технологиялар. Саяси жанжалдарды реттеудің технологиялары. Ақпаратты технологияларды қалыптастырудың факторлары. Шешім жасау мен қабылдауды ақпараттық технологиялары. Ақпаратты рыноктағы технологияның ерекшеліктері. Ақпаратты рыноктағы мемлекеттің стратегиялық тәртібі.

Үгіт- насихат типті ақпараттық технологиялар. Паблик технологиялар (PR).

Ақпараттық саяси рыноктағы компьютерлік технологиялар. Интернет мазмұны және технологиялары.

Сайлау жүйесі. Пропорционалды сайлау жүйесі. Мажоритарлық сайлау жүйесі. Аралас сайлау жүйесі, сайлау науқаның ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің типін анықтау проблемасы. Сайлау науқанының стратегисы. Сайлау науқанының тактикасы.

14-семинар: Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар

1. Әлемдік саясат, сыртқы саясат, геосаясат ұғымдары

2. Қазақстан дипломатиясы, қалыптасуы және дамуы

3. Қазіргі кезде ХХІ ғ. халықаралық қатынастардың даму жағдайын болжау

Дүниежүзілік саясат ұғымы. Халықаралық қатынастар жүйесі. Саяси, экономикалық, идеологиялық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени және басқа да байланыстар мен халықаралық қатынастар субъектілерінің арасындағы қатынастардың жиынтығы ретінде. Халықаралық қатынастар субъектілері (мемлкет, халықаралық ұйымдар). Халықаралық қатынастардағы қажеттіліктеро мен мүдделер, нормалар және құндылықтар. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері. Геосаясат.

Халықаралық институттар, олардың түрлері, мақсаттары және өмір сүру ерекшеліктері. Халықаралық қатынастардың себептері, олардың түрлері, салдарлары, алдын- алу және шешу тәсілдері.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, оның көпбағыттылық сипаты.

Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы және типтері: ядролық соғысты болдырмау және жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолданбау мен қысқарту, экологиялық, демографиялық және азық- түлік проблемалары. Лаңкестік және экстримизм проблемалары, есірткіні өндіру және тарату (есірткі бизнесі және есірткі трафигі), дамушы елдердің артта қалуы мәселелері. Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық. Адамзаттың XXI ғасырдағы әлеуметтік- саяси дамуына болжам жасау. Жаһандық проблемалар, халықаралық ұйымдар.

Қазіргі заманның жаһандық проблемалары жүйесіндегі Қазақстан.

15-семинар: Егемен Қазақстанның саяси мәселелері

1. Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері

3. Қазақстандағы демократиялық модернизация

4. Қазақстан – 2050

Қазақстан Республикасындағы саяси үдерістер.

Егемен Қазақстанның саяси нақтылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы. Қазақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастың субъектісі ретінде.

Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері:проблемалар және қиындықтар. Қазақстан қоғамының қазіргі кезеңдегі даму тенденциясы тұрғысынан саяси жаңарудың ерекшеліктері.

Ұлттық идеяны және мемлекеттік идеологияны жасаудың проблемалары.

Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастыру жолдары. Посттоталитарлық қоғамның саяси даму тәжірибесінің халықаралық маңызы.

Саяси болжамдау ұғымы, мәні мен ерекшеліктері. Саяси болжам аясы және негізгі принциптері. Саяси болжамдаудың мақсаты, объективті негіздері және міндеттері. Болжамдаудың кезеңдері және типтері. Ғылыми болжамның әдістері және құралдары. Саяси болжамдаудың негізгі әдістері және олардың өлшемдері (критерийлері).

Саяси болжамның функционалдық міндеттері. Негізгі функциялары: нормативтік, шамамен алу, алдын ала істеу (сақтық). Қазіргі Қазақстанда саяси болжамдаудың жайы және проблемалары.

Өзіндік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Компьютерді, мультимедиа, аудиовизуальді материалдарға негізделген оқытудың жаңа технологиялары ақпараттарды оңай игеруге, тез арада белсенді түрде сол ақпаратпен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Әрине бұл өте тамаша! Бірақ сонда да оқытудың негізгі әрі тиімді әдісі болып кітаппен жұмыс жасау қала бермек. Өкінішке орай, тәжірибеміз көрсетеді: студенттердің гуманитарлық ғылымдар бойынша күрделі және әр түрлі әдебиеттермен жұмыс жасау, олардан керекті ақпаратты ала білу және оны дұрыс қолдану дағдысы қалыптаспаған. Бұл жағдай оқу үдерісінде үнемі өсіп келе жатқан талаптарға қайшы келеді.

Әдістемелік нұсқаудың мақсаты студенттердің ақпараттық мәдениетін дамыту болып табылады.

1. Кітаппен жұмыс жасау. Оқытудың кредиттік жүйесінде студент тең жарты оқу жұмысын өз бетімен атқаруға тура келеді. Сондықтан ол әдебиеттерді қалай іздеуді, пайдалануды білуі қажет. Оқытушы студентке қажетті оқу әдебиеттерін табуға көмектесе алады, яғни, негізі әдебиеттер тізімін оқытушыдан алуға болады. Бірақ ең бастысы әрбір кітапты немесе мақаланы оқығанда келесі нұсқауларды пайдалану қажет:

- гуманитарлық пәндер бойынша кітаптар мен мақалаларды оқығанда рационалды-сыни бағытты ұстану қажет (себебі: кейбір ақпараттық және теориялық материалдар уақыт өте келе ескіреді, сыни көзқарасты талап етеді. Бірақ әрбір кітаптың өзіндік бағасы бар. Айталық, осыдан он, жүз несе екі мың жыл бұрынғы кітаптың маңыздылығы осы күнгі кітаптан жоғары болуы мүмкін. Аристотель, Платон, Әл-Фараби, Абай және т.б. ойшылдардың еңбектеріндегі білімге баға жетпейді);

- кітаптың мазмұнын толық түсіну үшін, оны ақылмен оқу қажет. Ол дегеніміз кітапты оқымас бұрын ол кітап оқуға тұра ма, соны анықтаған жөн (кітаптың аннотациясымен, кіріспесімен танысу қажет);

- кітаптың авторы туралы да мәлімдеме білген жөн, кітаптың негізгі міндетін де ұққан жөн;

- қандай тақырыпта ақпарат керек екенін нақты білген жөн, бұл уақытты үнемдейді, кітапты оқығанда керек жерлерді жазып алу үшін қағаз бен қалам пайдаланған жөн;

- кітапты оқып отырып оған өзінше зерттеу жүргізе білу қажет, оның бірнеше түрлері бар, оқыған кітап бойынша жоспар, көшірмелер, тезистер, аннотация, резюме (түйін), конспект.

Жоспар дегеніміз - оқығаныңыз туралы қысқаша жазба болады, оған кітапта немесе мақалада кездескен негізгі сұрақтар тізімін жазасыз.

Тезис дегеніміз - одан күрделірек, текст бойынша негізгі тұжырымдар мен теріске шығаруларды теру. Тезис материалды есте жақсы сақтау үшін және пікір-таластың негізі үшін қажет.

Аннотация дегеніміз – қысқаша мазмұндама, ол мақала, кітап туралы жалпы түсінік береді.

Резюме шығарманың негізгі қорытындысын сипаттайды.

Конспект дегеніміз – кең таралған жазба түрі, ол жоспар жасалынған соң, жазылады. Конспектінің негізі материалы тезистер, қосымша ой-тұжырымдары мен дәлелдер. Конспектінің үш түрі бар: текстуалді, еркін және тақырыптық. Текстуалді конспект кітаптан немесе мақаланың деректерін сол бетінше қысқаша құрылысын өзгертпей көшіру. Еркін конспект оқушының өз ойына, талабына, ыңғайына қатысты жазылады. Тақырыптық конспекте негізге тақырып немесе мәселе алынады да ол бірнеше дерек көздерінен алынуы мүмкін. Конспектінің негізгі ерекшелігі қысқартулар мен белгілерді пайдалану және уақытты үнемдеу. Конспект ұқыпты, түсінікті және жылдам жазылуы тиіс: минутына 120 белгі ең төменгі жылдамдық, ал 150 белгі – ең жоғарғы жылдамдық болып табылады. Өзіңізді тексеріп көріңіз.

Көптеген зерттеушілер сонымен бірге карточкаларды пайдалануды ұсынады. Ол да кітаппен тиімді жұмыс жасауға көмек. Карточка бірдей ақ қағаздан жасалынады, бір жақ бетіне ғана жазылады. Оған кітаптың, мақаланың авторын, атауын және негізгі мазмұнына қатысты сөздерді жазуға болады.

Кітаппен жұмыс жасауда жүйелілік қажет, жүйесіз жұмыс хаоспен тең. Атақты ойшыл К.Д. Ушинский былай деген екен: «Тек жүйе ғана біздің білімімізге билік береді. Қалдық, байланыссыз білімге толы бас шашылып жатқан қоймаға тең, онда қожайынның өзі ештеңе таба алмайды». Сонымен бірге мынадай да бір сөз бар «Жақсы бастан жаман қарандаш артық».

2. Реферат жаза білу. Әдебиеттермен толық танысып болған соң белгілі бір тақырып немесе мәселе бойынша реферат жазуды үйрену қажет. Реферат кітап пен мақалаларды көшіріп жаза беру емес. Ол кітап пен мақалалардың мазмұнын жеткізе білу, өз бетімен ойлау, сол ойларды ғылыми тілде жаза білу және сараптама (анализ) жасай білу. Конспектке қарағанда реферат шығармашылық белсенділікті, оқыған әдебиеттерді өз бетімен жинақтай білуді және сыни көзқарасты дәлелдей білуді қажет етеді. Рефераттың үш түрі жиі кездеседі: реферат-экстракт – алғашқы құжаттан алынған түпнұсқалық сөйлемдерден тұрады, қайта сөйлеткен реферат – түпнұсқалық сөйлемдерді өз бетінше қайта құрастыру арқылы жасалынады, түсіндіру рефераты деректерді түсіндіру міндетін атқарады.

Рефераттың көлемі компьютерлік текстпен 15-20 бетті құрайды. Оның құрылысы:

Кіріспе

1-Бөлім. § 1, § 2.

2-Бөлім. § 1, § 2.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Рефераттың тақырыбы бөлімдері мен параграфтардың тақырыптарын қайталамау қажет. Тақырып 3-5 сөзден құрылуы тиіс. Рефераттың тақырыбын өзіңізге таныс, қызықтыратын әдебиеттер төңірегінде таңдаған дұрыс. Реферат жазу үшін ең алдымен әдебиеттерге шолу жасалынады, содан кейін жоспар жасайсыз, оны оқытушымен келісіп жасауыңыз қажет. Нақты жоспар бойынша реферат жазу оңайырақ болады. Ең бастысы кіріспе мен қорытынды. Кіріспеде тақырыпты неге таңдадыңыз, оның маңыздылығы және бұл тақырыпты зерттеушілердің еңбектеріне шолу жасауыңыз қажет. Ал қорытынды да өз тұжырымыңыз, қандай нәтижеге қол жеткіздіңіз, бұл мәселе төңірегінде ұсыныстарыңыз болса, тың идеяларыңыз болса, сол туралы жазасыз.

Бөлімдерді жазғанға көмек: негізгі жұмысыңыз былай болуы тиіс: кітаптағы немесе мақаладағы тексті оқу – анализ жасау – ақпараттарды жинақтау – жаңа текст шығару:

- терминдер мен символдарға түсінік беру;

- кестелерді тек рефераттың мөлшерін азайту үшін, көп ақпаратты үнемді қылып жеткізу үшін пайдалану қажет;

- ұзақ сөйлемдерді қолдануға, қайталауға болмайды;

Егер кітаптағы немесе мақалады сөзді түпнұсқасын жазғыңыз келсе, оны тырнақша арқылы жазуыңызға болады. Тек ол тексті қайдан алғаныңызды көрсетуді ұмытып кетпеңіз. Пайдаланылған әдебиеттердің тізімін әртүрлі құруға болады: алфавит бойынша, рефератта қолданған кезекке байланысты, немесе шыққан жылдарын қарай. Әрбір бөлімді жинақы оймен аяқтаған жөн. Рефераттың сыртқы беті әдістемелік нұсқаудың соңында көрсетілген.

3. Рефератты қорғау немесе презентация. Бұл сіздің өздік жұмысыңыздың қорытындысын білдіреді. Яғни сіз өзіңіздің қандай жұмыс жасағаныңызды, шығармашылық деңгейіңізді көрсете аласыз. Бұған қалай дайындалуға болады? Ол үшін өзіңіз келесі жоспар бойынша дайындалуыңызға болады:

1. Жұмыстың мақсатын анықтау. Өзіңізге қанша уақыт бөлінгенін білу қажет. Егер нақты ақпарат жоқ болса, оқытушыдан сұрауды ұмытпаңыз.

2. Сіз ауызша сөйлеген кезде негізі ойы-бағытыңыз қандай болмақ. Бұл сіздің компасыңыз тәрізді болмақ және ойыңыз бәріне түсінікті болу қажет.

3. Сіздің сөзіңіз қандай жанрда? Өзіңіздің рөліңізге байланысты соттағы адвокаттың, үгіт-насихат кезіндегі кандидаттың, симпозиумдағы оқымыстының сөз сөйлеу үлгісін таңдауға болады немесе телевизордағы, кинофильмдерде көргендеріңізге ұқсауға болады.

4. Дәлелдерді жинақтау өз күшіңізді анықтап алу. Пікір-талас туып қалған жағдай болса сіз өз ойыңызды дәлелдей ала аласыз.

5. Сөз сөйлеудің де жоспарын дайындап алыңыз. Бірінші, екінші... деп пунктерге бөліп алыңыз. Үш-төрт пункт жеткілікті.

6. Тыңдаушылар жалығып кетпесін. Мысалдар мен афоризмдер, тіпті анекдотпен көркемдеуге болады. Тек оның бәрі сіздің ойыңызды ашуға көмектесуі тиіс.

7. Сөйлеу жылдамдылығы. Ол не тез, не баяу болмауы қажет, негізгі ойды айтқанда сөз сөйлеу ритмін өзгертуге болады.

8. Сөз сөйлеуге дайындалу қажет. Достарыңыздың немесе айнаның алдына отырып сөзіңізді дайындаңыз. Берілген уақытқа үлгеруге тырысу қажет. Тәжірибелі оратор, саясаткер Уинстон Черчилльдің өзі бірнеше күн бойы дайындалған.

9. Егер сіз жалғаз емес топпен бірге сөйлейтін болсаңыз өз текстіңізді басқалармен салыстырып алыңыз. Қайталанулар болмауы қажет.

Реферат тақырыбы бойынша студент семинар сабағында, конференцияда айтуға болады.

Рефератты бағалағанда келесі пунктерге баса назар аударылады:

- жазылған материалды толық әрі жүйелі түрде жеткізе білу;

- сұрақтар қойылғанда, өз ойын дәл айтып дәлелдемелерді дұрыс қолдана білу;

- рефератты жазу барысында өзіндік дағдының жоғарғы болуы;

4. Пікір-таласқа арналған тақырыптар мен сұрақтар

Бұл жұмыс түрі топпен бірге жұмыс жасай білу, ұжымдық жұмыстың ерекшелігін түсіндіреді. Топпен бірге жұмыс жасағанда келесі шарттарды есте ұстау қажет:

1. Алға қандай мақсат пен міндеттер қоясыздар? Сіздерден нені талап етеді?

2. Топ мүшелері қандай рөлдерді ойнауға тура келеді? Рөлдерді қатысушылардың қабілетіне, танымына, көзқарасына байланысты бөлу қажет. Топпен үнемі бірге жұмыс жасасаңыз, рөлдерді ауыстырып отыруға болады.

3. Сіздер біртұтас командасыз. Сондықтан топтың жеңуі әрқайсыңызға тікелей байланысты. Егер араларыңызда келіспеушілік болып жатса, оны жасырмай жеке бір «ерекше пікір» ретінде көрсетуге болады.

4. Топтағы қарым-қатынас еркін түрде болуы қажет, бұл сіздің ертең еңбек ұжымында өзіңізді қалай ұстауға үйретеді.

Келесі тақырыптарды оқытушымен бірге таңдап, семинар сабақтарында өткізуге болады.

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ

- Әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтарды қорғау мәселелері

1. Қазақстандағы жұмыспен қамту қаншалықты өткір мәселеге айналған?

2. Еңбекке құқық - экономиканың дамуындағы жетістік пе, әлде кедергі ме?

3. Мемлекет барлық азаматтарын жұмыспен қамти ала ма?

4. Жұмыссыз қалған адамдар қандай шара қолдану керек?

5. Мемлекеттік органдар қандай шара қолдану керек?

- Жеке құқықтар мен бостандықтар

1. Біздің қоғамымызда қандай жеке құқықтар мен бостандықтар сақталған?

2. Оны сақтауда қиындықтар кездеседі ме?

3. Мемлекет тұлға құқығын бұза ма?

4. Әрбір азамат өз жеке құқықтарын қорғау үшін не істеуі керек?

5. Жеке құқықтар мен бостандықтарды қорғайтын мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдар бар ма? Олардың іс-әрекеті қаншалықты тиімді?

6. Тұлғаны қорғай алатын дамыған азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет институттары қалыптасып болды деп айтуға болады ма?

- Білім мәселелері

1. Қазақстандағы білім жүйесі қандай бағытта дамуда? Мемлекет қандай шаралар қолдануда?

2. Білім мекемелерінің алдында қандай негізгі мәселелер тұр?

3. Неліктен балалардың барлығы мектепке бармайды?

4. Өкіметтік емес ұйымдар не істей алады?

5. Бұл мәселені шешуде мектеп пен биліктің жергілікті органдары арасында ынтымақтастық бар деп айтуға болады ма?

6. Мектептегі мәселелерді қоғамдастық пен билік органдары қалай айтады?

- Тоталитарлық қоғамдағы адам құқығы

1. Тоталитарлық режим адам құқығын қорғауға қалай қарайды?

2. Бостандық пен теңдік ұғымдары бұл қоғамда қалай сәйкес келеді?

3. Көркем және тарихи әдебиеттерден мысалдар келтіріңіздер, оларға анализ жасаңыздар.

4. Тұлғаның толық қанды өмір сүруі үшін не маңызды: мемлекеттің рұқсаты ма, әлде өзін еркін сезіну ме? Тоталитаризм жағдайында адам еркін бола алады ма?

- Адамның құқығы мен бостандығын қорғаудағы өкіметтік емес ұйымдардың орны

1. Біздің мемлекетімізде құқық қорғау ұйымдардың болуына қажеттілік бар ма?

2. Қандай құқық қорғау ұйымдардың жұмысы туралы білесіз? Олардың іс-әрекетінің негізгі бағыты неде?

3. Өкіметтік емес ұйымдардың осы саладағы жұмыстарының тиімділігі қаншалықты? Сізде азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаған ұйым жайында мәліметтер бар ма?

4. Мұндай ұйымдардың бірігіп жұмыс жасауына болады ма?

5. Жаңа құқық қорғау ұйымдарының құрылуы қажет пе?

6. Өкіметтік емес ұйымдар қоғамда адамның құқықтарының кез келген бұзылуына шыдамдылық танытпау керектігін қалыптастыра алды ма?

ЖАСТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ

- СПИД пен наркомания мәселелерін шешудегі жастар қоғалыстарының ролі

1. Нашақорлық пен СПИД: қаншалықты қауіпті.

2. Мемлекет қандай шаралар қолдануда?

3. Жастар ұйымдары не жасай алады?

4. Жағымды өзгерістер болып жатыр ма?

- Мемлекет және жастар: алыстық немесе достастық?

1. Республика жастарының негізгі мәселелері қандай?

2. Жастарға мемлекет тарапынан көмек қажет пе?

3. Жастарға қатысты мемлекеттің саясаты бар ма?

4. Бұл саясатты қандай мемлекеттік органдар жүргізеді?

5. Бұл саясат қаншалықты тиімді?

6. Жастар билікпен бірге жұмыс жасауға дайын ба?

7. Бұл достастыққа кедергілер болуы мүмкін бе?

- Жастар мәдениеті: руханисыздық немесе өзін өзі көрсету еркіндігі

1. Жастарға мәдениеттің қандай түрлері ұнайды?

2. Жастар мәдениеті деген ерекше мәдениет түрі бола алады ма?

3. Жастар мәдениетінің негізгі ерекшеліктері.

4. Жастар мәдениетін рухани жағынан жұрдай деп айтуға болады ма?

5. Кейбіреулер жастар мәдениет бұхаралық мәдениеттің ең жаман түрі деп қарайды. Сіз онымен келісесіз бе?

6. Жастар мәдениетінің деңгейін қалай көтеруге болады?

ДЕМОКРАТИЯ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛІСПЕУШІЛІКТЕР

1. Қазақстандағы демократиялық құрылысқа өту кезеңдері.

2. ТМД – дағы ұлтаралық келіспеушілік мәселелері.

3. Жаңа діндер мен секталардың таралуы.

4. Қалыптасқан саяси мәдениеттің Қазақстандағы демократияға әсері.

5. Саяси келіспеушілік: қалай шешуге болады және қоғамдағы келісімді қалай сақтауға болады?

6. Сайлау: саяси текетірес пе, әлде өркениетті үдеріс пе?

7. Сайлауалды үгіт-насихат: барлық әдістер адал ма?

8. Үкімет және оппозиция: диалог мүмкін бе?

5. Тақырыптық презентациялар, жобалар

Презентация мен жоба бойынша жұмыс істеуде қажет біліктер:

- әртүрлі ақпараттардан керектіні, негізгіні таба білу;

- мәліметтерді салыстыру және жинақтай білу;

- деректерге сыни сараптама жасау және фактіден субъективті пікірді ажырата білу;

- логикалық ойлай білу;

- қорытынды жасай білу;

Бұл жұмыс түрінде тек ауызша сөз сөйлеу ғана емес, сонымен бірге, қабырға газеттерін, пресс-релиз, аудио-видео құрылғылар, значоктар, рәміздер қолдануға болады

«Біздің заңдық жобамыз» атты презентация

Нұсқалар: елдің конституциясын, партия жарғысын, университет жалауын, қала таңбасын, топтың заңын немесе әнұранын жасау. Бұл жағдайда егер тақырып рәміздерге байланысты болса, онда оның суретін ғана көрсетпейді, сонымен бірге оның идеясын, мазмұнын да ашу қажет. Егер конституция жасау керек болса алдына ала оның көлемін анықтау қажет. Немесе белгілі бір тақырыпқа байланысты оның тек бір бөлімін ғана қысқаша түрде жасауға болады.

«Сайлау алдындағы бағдарлама» атты жоба

Студенттік топ бірнеше кіші топтарға бөлініп, жеке-жеке партия бағдарламасын жасауға болады. Партияның негізгі идеясына байланысты олар: оңшыл, солшыл, орталық, консерваторлық, революциялық, оппозициялық, т.б. болуы мүмкін. Бұл партиялар өз бағдарламаларында негізгі міндеттері туралы немесе қысқаша 2-3 мәселе төңірегінде өз бағдарламасын жасайды. Жобаға сайлаушылар да қатысып өз дауыстарын белгілі бір партияға берулеріне болады. Мәселені көтергенде оның шешілу жолдарын өз әлдерінше ұсынуға болады. Сонымен қатар, партияның аты, ұраны, нысаны болуы шарт.

Осы тақырыптағы жобамен қатар келесі тақырыптарды да таңдауға болады, бұл топтың жеке дайындығы мен таңдауына байланысты: «Саясаткермен кезедсу», «Біздің президент қандай болу қажет?», «Сот отырысы», «Парламент отырысы», «Министрлер кеңесі».

6. Заңдық құжаттармен немесе көркем әдебиеттермен жұмыс

Бұл жұмыс түрінің негізгі мақсаты, студенттердің бойында аналитикалық қабілеттің қалыптасуын қадағалау. Бұл жұмыс ерекше дайындықты қажет етеді. Құжаттың немесе әдебиеттің ерекшелігін таба білу қажет.

Заңдық құжаттармен (заң, декларация, конституция және т.б.) жұмыс жасағанда келесі сұрақтарға жауап бересіз?

1. Бұл құжат қандай тарихи жағдайда қабылданды?

2. Құжаттың жазылу тарихи туралы не білесіз? Авторлары кімдер?

3. Қоғамның қай саласына қатысты жазылған?

4. Құжаттың ерекшелігі, жазылу стилі туралы не айта аласыз?

5. Қандай идеяны, позицияны ұстанады? Осы құжат негізінде оны жазғандардың сенімдері туралы не айтуға болады?

6. Бұл құжат тарихта қандай рөл ойнады?

7. Бұл құжаттың қазіргі таңдағы маңызы туралы не айта аласыз?

Көркем әдебиеттермен жұмыс жасау: Бұл әдебиеттің ерекшелігі авторлар көбіне айтқысы келген жеке ойларын астыртын кейіпкерлердің іс-әрекеттері арқылы, сөздері арқылы, қандай да оқиға арқылы жеткізеді. Сондықтан негізгі міндет автордың ойын кейіпкердің ойынан ажырата білу немесе осы әдеби шығарма арқылы автордың ойын анықтай білу қажет. Осыған байланысты келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

1. Қандай тарихи оқиғалар шығарманың негізін құрады?

2. Неліктен автор тек осы оқиғаларды алды?

3. Оқиғаларды баяндай отырып автор қандай көзқарасты ұстанады?

4. Қай кейіпкерлер автордың позициясына жақын?

5. Қаншалықты автордың айтар ойы бұгінгі күнде маңызды?

6. Егер бұл оқиға қазіргі кезде болған болса сіз қалай аяқтар едіңіз?

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына қосымша сұрақтар мен тапсырмалар

Бұл тапсырмалар көбіне жалпы студенттік топқа берілетін жеке тапсырмалар, олар тақырыптар бойынша бөлінген, сұрақ түрлері әр түрлі. Алайда студент өзіндік жұмысқа реферат, ғылыми жоба, топтық жобалар, пікір талас немесе презентацияларды таңдайтын болса, бұл тапсырмалардан босатылады.

1. Қазақстанда саясаттанудың кеш оқытыла бастауының себебін көрсетіңіз.

2. Гуманитарлық емес мамандықтарда саясаттанудың оқытылу маңыздылығын түсіндіріңіз.

3. Кесте әзірлеу. «Саясат туралы анықтамалар»

Анықтама Авторы
     

4. Кесте әзірлеу. «Саясаттану әдістері»

Әдістің аталуы Негізгі мазмұны
     

5. Саясаттың деңгейлері бойынша Қазақстандағы саясатты салыстырып көріңіз.

6. Кесте толтырыңыз. «Саяси ойдың даму кезеңдері»

Уақыты Ойшыл Негізгі идеясы Еңбектері
       

7. Саяси ойдың даму кезеңдеріне байланысты салыстырмалы сараптама жасаңыз.

8. Ұлылардан қалған нақыл сөздер тақырыбында әңгіме өткізіңіздер.

9. Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуына әсер еткен ойшылдар кімдер?

10. Саяси билік тұжырымдамаларына байланысты кесте жасаңыз.

11. Саяси билік ресурстарының маңыздылығына мысалдар келтіріңіз.

12. Билік деген ұғымға өзіндік анықтама беріп көріңіз.

13. Билік пен адамгершілік принциптердің ара қатынасына назар аударыңыз.

14. Билікті жүзеге асыру формаларын атаңыз.

15. Тоталитаризмнің тек ХХ ғасырға тән құбылыс екендігін дәлелдеп беріңіз.

16. «Адамның әділеттілікке жақындығы демократияны мүмкін етеді, ал оның әділетсіздікке жақындығы демократияны қажет етеді» деген ойға өз түсінігіңізді беріңіз.

17. Авторитаризмнің қазіргі Қазақстанда алатын орны.

18. Кесте толтырыңыз. «Саяси режимдер»

Саяси режимдер Жағымды жақтары Жағымсыз жақтары
     

19. Демократия туралы ежелгі ойшылдардың көзқарастарын есіңізге түсіріңіз.

20. «Демократия тек Батысқа тән құбылыс па, жоқ әлде, барлық мемлекеттердің даму жолы ма?» атты пікір-таласқа дайындалыңыз.

21. Демократиядағы мемлекеттік биліктің жүзеге асуындағы ерекшеліктерді атаңыз.

22. Демократияның түрлеріне және тұжырымдамаларына қатысты кесте толтырыңыз.

23. Саяси жүйенің «кірісі» мен «шығысы» арасындағы өзара байланысқа мысалдар келтіріңіз.

24. Саяси жүйе, саяси билік ұғымдарының арасындағы ұқсастық мен айырмашылықты табыңыз.

25. Саяси тұрақтылық дегеніміз не? Оның түрлері.

26. Саяси тұрақсыздықты қалай анықтауға болады? Біздің қоғамымызда оның белгілері кездеседі ме?

27. Мемлекет деген ұғымға анықтама беріңіз. Ең алғаш бұл ұғым қай ойшылдың еңбегінде кездеседі?

28. Мемлекеттің басты белгілеріне нені жатқызасыз? Олардың әр қайсысының маңыздылығын атап көрсетіңіз.

29. Мемлекеттің түрлеріне қатысты, барлық критерийлерді ескере отырып кесте жасап, оны толтырыңыз.

30. Қазақстан осы жіктеу бойынша қандай мемлекет түрлеріне жатады?

31. Билік пен азаматтық қоғам арасындағы байланыстың күрделілігі.

32. Азаматтық қоғамның негізгі белгілері.

33. Азаматтық қоғам неліктен мемлекеттік биліктен тәуелсіз болуы шарт?

34. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас ерекшелігі.

35. Сіз өзіңізге қатысты барлық құқықтарыңызды білесіз бе?

36. Саяси дау-жанжал, шиеленіс, дағдарыс ұғымдарына анықтама беріңіз.

37. Мәмілелік дегеніміз не? Неге оны қазақ ұлтының менталитетімен байланыстырамыз?

38. Дау-жанжалды шешу жолдарына мысал келтіріңіз.

39. Дау-жанжалды позитивті құбылыс ретінде дәлелдеп беріңіз.

40. Партияның пайда болуы, негізгі кезеңдері.

41. Саяси партияны азаматтық қоғамның негізгі элементтерінің бірі ретінде дәлелдеп беріңіз.

42. ҚР-ның партия туралы заңы бойынша азаматтан оның қай партия мүшесі екенін сұрауға құқығыңыз бар ма? Оның сізге жауап бермеуге ше?

43. Сайлау жүйесі мен саяси партиялардың арасындағы байланысты атаңыз.

44. Сайлау жүйесінің түрлеріне қатысты кесте жасап, оны толтырыңыз.

45. Саяси элитаның тұжырымдамаларына қатысты кесте жасап, оны толтырыңыз.

46. Қазақстандағы саяси элитаны бағалауға тырысып көріңіз. Бізде саяси элитаға ену қандай жолдармен жүзеге асады?

47. Саяси көсем, көсемділік ұғымдарына анықтама беріңіз.

48. Сіздің ойыңызша қазіргі кезде саяси көсем болу үшін қандай қасиеттерді меңгеру қажет?

49. Адам, жеке адам, тұлға ұғымдарына анықтама беріңіз.

50. Әлеуметтік теңсіздік немесе әлеуметтік жіктелу туралы не білесіз.

51. Қазіргі қазақстандық қоғамдағы жаңа топтар туралы не айта аласыз?

52. Саясатқа қатысу қандай деңгейде жүргізілуі қажет деп ойлайсыз?

53. Саяси мәдениет пен жәй мәдениеттің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты атаңыз.

54. Саяси мәдениеттің негізгі элементтеріне не жатады?

55. Саяси әлеуметтену дегеніміз не? Ол адам бойында қалай жүреді?

56. Қазақстандық қоғамдағы саяси мәдениет пен әлеуметтенудің ерекшелігін көрсетіңіз.

57. Әлемдік саясат, халықаралық қатынастар, геосаясат ұғымдарының айырмашылықтары мен ұқсастықтарына тоқталыңыз.

58. Қазақстан қай елдермен қарым-қатынас жасайды және қандай халықаралық ұйымдарға мүше?

59. ҚР халықаралық беделінің өсуіндегі президент рөлі.

60. Саяси билік, саяси жүйе, саяси үрдіс ұғымдарының өзара қатынасын ашыңыз. Оларды бір-бірінен қалай айыра аламыз?

61. Саяси модернизация дегеніміз не?

62. Ұлттық мүдде мен жаһандану үрдісінің арасында қандай байланыс жатыр?

C аясаттану пәні бойынша студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары

1. Қазіргі адамның қажеттілігін және сонымен бірге талап-тілегін орындауға жағдай жасайтын не?

А) Қоғам;

В) Саясат;

С) Саяси мәдениет;

Д) Партия;

Е) Демократия.

2. Жасырынған сөзді табыңыз: «.... құлы болған жағдайда ғана адам еркін бола алады» Цицерон.

А) Мемлекеттің;

В) Заңның;

С) Халықтың;

Д) Құқықтың;

Е) Демократияның.

3. Демократия толқындары туралы айтқанда қандай негізгі идея бағыт бола алады?

А) Мемлекеттердің болашағы – демократиялық дамуға тығыз байланысты;

В) Демократияның басты жетістігі – оның дамыған саяси жүйе екендігі;

С) Демократияның басты кемшілігі – оның дамымаған саяси жүйе екендігі;

Д) Демократия – қазіргі таңдағы ең тиімді басқару түрі;

Е) Демократия – қазіргі таңдағы ең қауіпті басқару түрі.

4. Парадигма ұғымын ХХ ғасырдың 20-жылдарында ғылыми әдебиетке алғаш енгізген американ философы -...

А) Л. Фон Борталанфи;

В) Г. Кун;

С) Т. Парсонс;

Д) Д. Истон;

Е) Г. Алмонд.

5. Қоғамның саяси жүйесі «...........» және «..........» жағдайында жұмыс жасайды.

6. Саяси билікті жүзеге асыруға жағдай жасайтын саяси механизмдер және институттар жиынтығы қалай аталады?

А) Саяси режим;

В) Саяси жүйе;

С) Саяси үрдіс;

Д) Саяси мәдениет;

Е) Мемлекет.

7. «Саясат – қоғамдағы құндылықтарды билік арқылы реттеу» Авторы кім?

А) Д. Истон;

В) А. Бирс;

С) В. И. Ленин;

Д) К. Фримен;

Е) Г. Лассуэл.

8. Бихевиоризмнің негізін қалаушы кім?

А) Р. Михельс;

В) М. Вебер;

С) Ш. Л. Монтескье;

Д) Г. Алмонд;

Е) Г. Лассуэл.

9. Саяси ілім тарихында алғаш рет қай ойшыл мемлекеттік басқару түрлерін жіктеді?

А) Сиддартха Гаутама;

В) Конфуций;

С) Лао-цзы;

Д) Платон;

Е) Аристотель.

10. Ж. Ж. Руссоның пікірінше адами құндылықтар тек не пайда болғаннан кейін қалыптасқан?

А) Мемлекет;

В) Саясат;

С) Демократия;

Д) Билік;

Е) Қоғам.

11. Ең алғаш қай ойшыл адамгершілікті саясаттан бөліп қарастырған?

А) Ф. Аквинский;

В) Әбу Насыр Әл-Фараби;

С) Н. Макиавелли;

Д) Абай;

Е) Ж.Ж. Руссо.

12. Динамикалық саяси тұрақтылық нені білдіреді?

А) Мемлекеттің маңыздылығын;

В) Халықтың маңыздылығын;

С) Мемлекет пен халықтың бірлігін;

Д) Демократияның маңыздылығын;

Е) Қоғамның үздіксіз дамуын.

13. Экстрозаңды тұрақсыздық қай тарапта пайда болады?

А) Сыртқы саясатта;

В) Ішкі саясатта;

С) Сайлау кезінде;

Д) Соғыс кезінде;

Е) Реформа кезінде.

14. Қоғамда қандай саяси режим екенін қандай параметрлер арқылы анықтауға болдады?

А) Билік үшін күрес, саясатқа көпшіліктің қатысуы және саяси құндылықтар;

В) Билік үшін күрес, саяси идеология және плюрализм;

С) Билік үшін күрес, саяси жүйе және саяси үрдіс түрі;

Д) Билік үшін күрес, сөз бостандығы және азаматтық қоғам жағдайы;

Е) Билік үшін күрес, сайлау және адамның құқығы мен бостандығы.

15. «Демократияның үшінші толқыны» тұжырымдамасының авторы кім?

А) Ә. Кекілбаев;

В) Н. Ә. Назарбаев;

С) А. де Токвиль;

Д) С. Хантингтон;

Е) К. Хаусхофер;

16. ҚР Президентінің 2005 жылғы Халыққа Жолдауында көтерген ерекше идея не?

А) «Демокартия біздің даму жолымыз емес, мақсатымыз»;

В) Қазақстанның Орталық Азия барысына айналуы;

С) Орталық Азия ұйымын құру;

Д) Мемлекетке қауіп тудыратын терроризммен, экстремизммен және наркотрафикпен күрес;

Е) Жастарға байланысты «Жасыл ел» бағдарламасын құру.

17. Төмендегі көрсетілген нұсқалардың қайсысы саясаттанудың қызметіне жатпайды?

А) Гносеологиялық;

В) Саяси жүйені рационализациялау;

С) Танымдық қызметі;

Д) Саяси әлеуметтендіру;

Е) Болжам жасау қызметі.

18. Тоталитаризмнің негізгі түрлері:

А) Коммунизм, социализм;

В) Коммунизм, фашизм, диктатура;

С) Коммунизм, фашизм, национал-социализм;

Д) Фашизм, социализм, сталинизм;

Е) Фашизм, национал-социализм, сталинизм.

19. Саясаттану қай ғылымдар жүйесіне жатады?

А) Гуманитарлық;

В) Қоғамдық;

С) Жаратылыстану;

Д) Халықаралық;

Е) Жас ғылым.

20. Билік пен саясатты ерекше рух (күш) жаратқан деп түсіндіретін қай парадигма?

А) Әлеуметтік;

В) Рухани;

С) Теологиялық;

Д) Геосаяси;

Е) Психологиялық.

21. Қоғамдағы адамдардың әлеуметтік жағдайы мен оның саясатқа әсер етуін зерттейтін әдіс қалай аталады?

А) Әлеуметтанулық;

В) Антропологиялық;

С) Психологиялық;

Д) Салыстырмалы;

Е) Бихевиористтік.

22. Қазақстанда саясаттану қай жылдан бастап оқытыла бастады?

А) 1989 ж.;

В) 1990 ж.;

С) 1991 ж.;

Д) 1992 ж.;

Е) 1993 ж.;

23. Билік дегеніміз не?

А) Әсер ету;

В) Ықпал ету;

С) Мәжбүр ету;

Д) Пайдалану;

Е) Қорғау.

24. Биліктің объектісі мен субъектісі қай жағдайда орын ауыстырады?

А) Билік ауысқанда;

В) Саяси шешімдер қабылданғанда;

С) Саяси режим ауысқанда;

Д) Демократия кезінде;

Е) Ешқашанда.

25. Ежелгі Үндістанда еркін еңбекшілерді қалай атаған?

А) Шудралар;

В) Кшатрийлер;

С) Вайшийлер;

Д) Брахмандар;

Е) Ведалар.

26. Анархизмнің негізін қалаған кім?

А) Сиддхартха Гаутама;

В) Конфуций;

С) Лао-цзы;

Д) Платон;

Е) Аристотель.

27. Ф. Аквинский құқықты қандай түрлерге бөлген?

А) Позитивті, діни, саяси;

В) Позитивті, мәңгілік, діни;

С) Позитивті, мәңгілік, табиғи;

Д) Мәңгілік, табиғи, қоғамдық;

Е) Қоғамдық, саяси, табиғи.

28. Ең алғаш қай ойшыл мемлекеттік биліктің тармақтарын көрсеткен?

А) Дж. Локк;

В) Н. Макиавелли;

С) Т. Гоббс;

Д) Ж.Ж. Руссо;

Е) Ш. Л. Монтескье.

29. Саясатты бір жағынан әділеттілік деп, екінші жағынан келіспеушілік деп атаған ойшылды табыңыз.

А) К. Фримен;

В) А. Бирс;

С) Г. Моска;

Д) М. Дюверже;

Е) Н. Макиавелли.

30. Демократия гректің........... және........... сөздерінен шыққан.

31. Қоғамның барлық салаларын толығымен қамтамасыз етіп, билік жүргізеді...

А) Тоталитаризм;

В) Авторитаризм;

С) Демократия;

Д) Монархия;

Е) Діни мемлекет.

32. Элитаның басты ерекшеліктері -...

А) Байлық, билік, танымалдық;

В) Байлық, билік, білімділік;

С) Билік, танымалдық, білімділік;

Д) Билік, байлық, көсемділік;

Е) Даналық, байлық, билік.

33. Саяси себептермен жеке адамдарды, көпшілікті қорқыту, жазалау мақсаттарындағы қылмыстық әрекет -...

А) Экстремизм;

В) Соғыс;

С) Терроризм;

Д) Революция;

Е) Трайбализм.

34........... – көп ұлтты мемлекетте аз ұлт өкілдерінің бөлек мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия құруға ұмтылуы.

35. Мемлекеттің негізгі қызметі заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған түрі:

А) Құқықтық мемлекет;

В) Әлеуметтік мемлекет;

С) Конституциялық монархия;

Д) Республика;

Е) Демократиялық мемлекет.

36. Мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығы қалай аталады?

А) Халықаралық қатынастар;

В) Халықаралық саясат;

С) Әлемдік саясат;

Д) Жаһандастыру;

Е) Әлемдік даму.

37. Өз халқының, мемлекетінің мақсат-мүддесін сезініп, біліп, оны іске асыруға тырысушылықты......................... деп атаймыз.

38. Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің, соған бейімделудің негізгі төрт қыры бары сізге мәлім. Төмендегі нұсқалардан сол қырларға жатпайтын нұсқаны табыңыз.

А) Құрылымдық бейімделу;

В) Азаматтық;

С) Саяси қатынасу;

Д) Жаңашыл адам;

Е) Қазіргі адам.

39. Дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келу қалай аталады?

А) Компромисс;

В) Келісім;

С) Мәмілелік;

Д) Консенсус;

Е) Татуласу.

40. Бөлік деген қай саяси терминнің негізінде жатыр?

А) Партия;

В) Бихевиоризм;

С) Парламент;

Д) Плюрализм;

Е) Автономия.

41. ҚР мемлекеттік билік механизмдерін тарату жүйесінде Маслихатты қай билік тармағына жатқызамыз.

А) Заң шығарушы;

В) Атқарушы;

С) Сот;

Д) Жергілікті басқару органы;

Е) Сайлаушы орган.

42. Саяси режим, саяси жүйе және саяси үрдіс – үшеуінің арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз.

43. «Тоталитаризм» терминін саясатқа енгізген кім?

А) И. Сталин;

В) А. Гитлер;

С) Б. Муссолини;

Д) Х. Арендт;

Е) К. Маркс.

44. Қазақстандағы саяси партиялар ресми түрде тіркелуі үшін міндетті қанша мүшесі болуы қажет.

А) Электораттың 50 % болуы керек;

В) 5 мың мүшесі болуы керек;

С) 50 мың мүшесі болуы керек;

Д) 500 мың мүшесі болуы керек;

Е) Мүшелерінің нақты саны болуы міндетті емес.

45. Мәжіліске депутаттар қай сайлау жүйесі бойынша сайланады?

А) Мажоритарлық сайлау жүйесі;

В) Пропорционалды сайлау жүйесі;

С) Салыстырмалы сайлау жүйесі;

Д) Тікелей сайлау жүйесі;

Е) Жанама сайлау жүйесі.

46. Геосаяси тұжырымның негізін қалаған кім?

А) Ш. Л. Монтескье;

В) Г. Моргентау;

С) С. Хантингтон;

Д) К. Хаусхофер;

Е) Х. Маккиндер.

47. Идеологияның қай түрі бір этностық топтың террорлық және агрессиялық әрекеттер арқылы өз үстемдігін орнатуды көздейді?

А) Национализм;

В) Фашизм;

С) Расизм;

Д) Шовинизм;

Е) Либерализм.

48. Сайлаушылардың дауыс беруден бас тартуы қалай аталады?

А) Сепаратизм;

В) Анархизм;

С) Эклектизм;

Д) Абсентеизм;

Е) Популизм.

49. Егер сіз Президенттік постқа кандидат болып тіркелсеңіз бұл қандай сайлау құқығын пайдаланғаныңыз болып саналады?

А) Тікелей сайлау;

В) Жанама;

С) Ашық сайлау құқығы;

Д) Белсенді сайлау құқығы;

Е) Енжар сайлау құқығы.

50. Қазіргі демократиялық елдердегі саяси көсемдерден қандай қасиеттерді ерекше талап етеді?

А) Саяси білімі, басқару қабылеті және шешендігі;

В) Сыртқы келбеті, шешендігі және биліктегі тәжірибесі;

С) Саяси білімі, салмақтылығы және қарапайымдылығы;

Д) Салмақтылығы, қарапайымдылығы және өткен өмірі;

Е) Сыртқы келбеті, сымбаттылығы және шешендігі.

51. Мемлекеттің тар мағынада қолданылуы:

А) Тұтас жүйе ретінде;

В) Билік құрылымы ретінде;

С) Мемлекет деген – халық;

Д) Саяси институт;

Е) Билік көзі ретінде.

52. Саяси партияның басты органы:

А) Жарғы;

В) Хартия;

С) Конференция;

Д) Электорат;

Е) Бағдарлама.

53. Екі турлы сайлау жүйесі қалай аталады:

А) Мажоритарлық;

В) Пропорционалды;

С) Абсолютті көпшілік;

Д) Қатысты көпшілік;

Е) Мәжіліс сайлауы.

54. Әдетке негізделген саяси көсемділік қалай аталады?

А) Харизматикалық;

В) Дәстүрлі;

С) Заңды;

Д) «Ту ұстаушы»;

Е) «Қызметші».

55. Қоғамның екі тапқа бөлінуіне әсер еткен факторларды атаңыз.

А) Еңбектің бөлінуі, көпшіліктің билікке қызықпауы, басқарушы қызметтің статусының жоғары болуы;

В) Көпшіліктің билікке қызықпауы, тұлғалық қасиет, меншіктің пайда болуы;

С) Басқарушы қызметтің статусының жоғары болуы, меншіктің пайда болуы, еңбектің бөлінуі;

Д) Барлық жауаптар дұрыс;

Е) Барлық жауаптар дұрыс емес.

56. Саяси мәдениеттің негізгі элементтерінің бірі -...

А) Саяси пікір;

В) Саяси әлеуметтену;

С) Саяси ой;

Д) Саяси ілім;

Е) Маргиналдық.

57. Саяси партия қайсының элементі?

А) Азаматтық қоғамның;

В) Мемлекеттің;

С) Саяси жүйенің;

Д) Парламенттің;

Е) Саяси биліктің.

58. Азаматтық қоғам неге негізделеді?

А) Демократияға;

В) Конституцияға;

С) Құқықтық мемлекетке;

Д) Жариялылыққа;

Е) Сөз бостандығына.

59. Сайлаудың негізгі кезеңдері:

А) Кандидатттарды тіркеу, үгіт-насихат жүргізу, дауыс беру;

В) Кандидаттарды тіркеу, үгіт-насихат жүргізу, сайлау;

С) Сайлау кампанияларын құру, сайлау науқаны, дауысты есептеу;

Д) Сайлау кампанияларын құру, сайлау науқаны, сайлау қорытындысын шығару;

Е) Сайлау науқаны, дауыс беру, сайлау қорытындысын шығару.

60. Ежелгі Грецияда «қатты айқайлау» деген сөз ненің мәнін ашады?

А) Демократияның;

В) Плюрализмнің;

С) Жарнаманың;

Д) Дауыс берудің;

Е) Анархияның.

61. Д. Истон мен Г. Алмонд деген кімдер?

А) Саясаттанушылар;

В) Саяси мәдениетті зерттеушілер;

С) Саяси мәдениетті түрлерге бөлушілер;

Д) Саяси жүйені зерттеушілер;

Е) Саяси жүйені түрлерге бөлушілер.

62. Қарапайым халық және шешім деген қай терминнің мағынасын ашады?

А) Демократия;

В) Сайлау;

С) Референдум;

Д) Плюрализм;

Е) Плебисцит.

63. Саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саяси мәдениеттің қай қызметіне жатады?

А) Танымдық;

В) Реттеушілік;

С) Тәрбиелік;

Д) Біріктірушілік;

Е) Қорғау.

64. «Идеологияның ақыры» тезисін кім алғаш қолданған?

А) К. Мангейм;

В) Д. Истон;

С) Г. Алмонд;

Д) С. Верба;

Е) Л. Пай.

65. Бірлестік деген ұғым қай терминнің негізінде жатыр?

А) Либерализм;

В) Тоталитаризм;

С) Фашизм;

Д) Коммунизм;

Е) Социализм.

66. Заң жүзінде деген қай терминнің негізінде жатыр?

А) Де-юре;

В) Де-факто;

С) Абсентизм;

Д) Хартия;

Е) Эклектизм.

67. Адамдардың теңдігін, еркіндігін және еш шектеусіз бір-бірімен араласа алуын білдіретін идеология қалай аталады?

А) Геосаясат;

В) Либерализм;

С) Жаһандастыру;

Д) Анархия;

Е) Тәуелсіздік.

68. Ұлттық мүдденің негізінде не жатыр?

А) Демократияға;

В) Конституцияға;

С) Құқықтық мемлекетке;

Д) Жариялылыққа;

Е) Сөз бостандығына.

69. Халықаралық терроризммен күресетін негізгі ұйым...

А) Хартия;

В) Идеологиялық ұйым;

С) Интерпол;

Д) БҰҰ;

Е) Революция.

70. Мемлекетті құдай жаратты деген қай тұжырымдаманың негізгі идеясы?

А) Патриархалды;

В) Қоғамдық келісім;

С) Зорлық-зомбылық;

Д) Теологиялық.

71. Азаматтық қоғамның негізгі белгілерінің бірі –

А) Жариялылық;

В) Сөз бостандығы;

С) Сайлаудың болуы;

Д) Билік көзі – халықта.

72. ҚР туындағы күн белгісі қандай мағына береді?

73. Адамның қоршаған ортаның құндылықтарын меңгеру үрдісі қалай аталды?

А) Саяси мәдениет;

В) Саяси әлеуметтену;

С) Саяси дәстүр;

Д) Саяси идеология.

74. Халықтың саяси билікке сенімсіздікпен қарауы қай саяси мәдениеттің түріне жа


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: