Поль С. Брэгг 12 страница

Біз ашығу ілімінде адамның жанымен, санасымен және тәнімен істес боламыз.

Ойлау және денсаулық

Ауру адам ешуақытта жазылмаймын деп ішінен қайталай берсе, ол ешуақытта жазылмайды, оның ойлағаны дәл келіп, өзінің зардабын көрге бірге ала кетеді.

ТӘН АҚЫМАҚ. Осыны еш уақытта есіңізден шығармауыңызды сұраймын. Сондықтан да осыны қайта, қайта қайталаймын. Бізді нақ басқаратын санамыз! Міне сондықтан да сіз, ылғи жақсы ойларды ғана ойлауыңыз керек. Тәнді әрқашанда жан басқаруы керек!.

Біз өзіміздің жаман ойларымызды, жақсы ойлармен алмастыруымыз керек. Мысалы, егер сізді мынандай жаман ой билеп алса: «Менің көз жанарым тая бастады, себебі қартайғанда бәрібір көрмей қалады», осыны жақсы оймен алмастырыңыз: «Адамның жасаған жасы у емес, ол менің көзімнің көрмеуінің себебі емес. Бұның себебі басқада, мен осымен қүресуге тиіспін».

Ми мылқау денені басқарады, тән мидың соңынан ереді. Ми тәнді арбап тастайды. Өз санаңыздың тәніңізді басқаруына мүмкіншілік беріңіз, егер керісінше болса, тәніңіз санаңызды басқарса сіз ауру құлға айланасыз.

Бәңгіге (наркотик) әдеттену, тәннің сананы басқаруының айқын мысалы. Тәннің бәңгіге құмарлығы, мидың денеге қылмыс жаса деп бұйрық беруіне әкеп соғады, бәңгінің көмегімен тән мен сана теңеседі. Осының ішімдікке, шәйға, кофеге т.б. қоздырғыштарға қатысы бар. Осы жағдайда сана емес тән уланады. Біздің жаман әдеттерден құтыла алмауымыздың себебі, санамыз тәннің құлы болғандықтан.

Тән мынандай жалған философиямен басқарады: «Іш, же көңіл көтер, ертеңгі күнді ойлама». Бұл адасу. Сіз ертеңіне өлмейсіз, бірақта осы бағдарламамен жүріп 15 – 20 жылдан кейін күндіз түні аурудың азабын тартатын, мезгілсіз қартайған адамға айналасыз.

Есіңізде болсын, сіз жаман әдеттеріңіз үшін жазаланасыз. Бұл заңдылық. Ауру, азап, тәннің зардап шегуі сіздің қандай адам екеніңізді көрсететін көрсеткіш. Сіз өз денеңізге қарсы қылмыс жасадыңыз, себебі сананың және табиғаттың заңдары басқару мүмкіншілігін пайдаланбадыңыз. Денсаулық пен ұзақ өмір сүру үшін санаңыз не істей алады? Осының көптеген еркектер мен әйелдердің де санасына қатысы бар. Өз ойыңызды пайдалану әдісіне байланысты тартып алатын немесе итеріп жіберетін магнит деп есептеңіз.

Көптеген адамдар жақсы да, жаман да ойлай алмайды. Жақсы ой табысқа алып келеді, жаман ой талқандалуға, нәтижесіздікке, жамандыққа жетелейді. Сондықтан әрбір адам жақсы ой ойлауға әдеттенуі керек. Бұған табандылықпен, бірбеткейлікпен қол жеткізуге болады. Көптеген адамдарды бұзатын, әр клеткаға әсер ететін ойлар бар. Ең күштісі қорқыныш және оның өнімдері – мазасыздану, үміт үзу, шарасыздық, көре алмаушылық, қызғаныш, жігерсіздену, ынжықтық, ашу – ыза, аямшақтық, ерегесу, жауығу, өкпелеу, өзін өзі мүсіркеу. Осының бәрі ми мен дененің қуат жоғалтатын қозуына, жүйкенің жұқаруына, біртіндеп немесе жылдам улануына әкеп соғады. Жаман әсерге, ойға берілуді өз өзінен улану іске асырады. Қорқыныш пен мазасыздану тағы басқа жаман ойлар, ой өрісті бейберекетсіздікке алып келеді. Дұрыс ойлау мен дұрыс шешім қабылдау үшін мидың таза болуы қажет. Былғаныш ми дұрыс шешім қабылдай алмайды, не мүлдем қабылдамайды.

Дұрыс пайымдау дегеніміз не? Бұл дегеніміз тыныштық, талқандайтын күштерге қарсы тұратын сана мен ішкі мамыражайлылық. Өз миыңыздың денені басқаруына мүмкіншілік беріңіз.

Ми өзіңіздің кім екеніңізді жиынтықтайтын орын. Табиғаттың 9 дәрігерін өзіңізге көмекші қылып алып, өзіңіздің қалай болуын қаласаңыз, солай қылып жасап шығара аласыз. Жақсы ойға сеніңіз, теріс ойлардың санаңызды жаулап алуына жол бермеңіз. Егер сіз осылай өмір сүрсеңіз, миыңызды дұрыс ойдың ошағына айландырасыз.Әрбір ашыққан сайын, өз санаңызды күшейтіп жақсарта бересіз. Әрбір ашыққан сайын, қорқыныш пен мазасызданудан құтыла бересіз. Ашығу рухыңызды, санаңызды, тәніңізді жоғарғы деңгейге көтере береді. Өмірден осыдан артық не тілеуге болады?

Ашығудың көмегімен өзіңізден өзіңіз ойлағандай адам жасап шығаруыңызға болады. Осыған тек қана өзіңіз алдыға жақсылыққа қарай ұмтыла берсеңіз ғана жетесіз.

Тән мен сана жымдасқанда ғана, рухани тепе теңдікке қол жеткізесіз. Еш уақытта ұмытпаңыз, адамда рухани бірінші, ойлау екінші, тән үшінші орында екенін, екінші мен үшінші екеуі сәйкескенде ғана рухани сау өмірге қол жеткізуге болады. Рухани бастау, ойлауға қарағанда, адамның басқа да болмысынан көп тәуелді, біз әрқашан естен шығармауымыз керек, біз осы үш бастаудың байланысын терең түсінсек, бізде осы тепе теңдікті сақтайтын мүмкіншілік жасырынып жатыр.

Өзіңіз жаңа даналық ілімімен үнемі алға жылжи беруіңіз үшін, санаңызды пайдаланыңыз. Денсаулықтың жақсы жағын ғана ойлаңыз. Бұл сіздің рухани өміріңіз үшін керек. Егер осы бағытпен жүрсеңіз рухтың, сананың, тәннің саулығы қамтамасыз етіледі.

Ашығу мен өмірлік дұрыс бағдарлама, жер бетінде санаулы ғана адамдар ләззатанатын өмірдің ақиқатын түсінуге алып келеді. (Санаңды түземей, денеңді түземейсің – аудармашыдан).

ТАРАУ

Жетінші дәрігер – дененің түзулігі

Сіздің бұлшық еттеріңіз мықты болғанда, омыртқаңызды күш түсірмей, қиналмай – ақ ұстап тұрады. Жердің тартылысымен күресуден бұлшық еттеріңіз босады. Мүмкін, мезгілсіз қартаюыңыз немесе артық салмағыңыз, денеңізді не еркін, не бос қалыпта ұстай алмауыңызға кінәлі шығар.

Арқаңызды тіктеймін, шалқаямын деп талпынған кезде, омыртқаңыз аурды ма? Егер осылай болса, тездеп қолға алу керек. Ең алдымен босаған бұлшық еттерді қатайту керек.

Айнаға өзіңізге қараңыз! Еңкіш тартқан жоқсыз ба? Жотаңыз бүкірейіп бара ма? Арқаңыздың ауратын себебін түсіндіңіз бе? Егер арқаңыз бұлшық еттің босағанынан, омыртқаның қисықтығынан аурса, тіпті асқынып кетсе де қыңқ етпеңіз, жағдайды жөндеп алуға болады. Арқаның ауруы – екі аяқпен жүру артықшылығына ие болғанға немқұрайлы қарағаныңыз үшін берілген жаза. Пайымдауымша, адамзаттың арғы аталары төрт аяқты болған сияқты. Түзу тұру мен жүру адам үшін табиғи қалып. Қызық, бізден басқа ұсақ қоректілерден, тіпті маймылдар шимпанзе мен горилла да екі аяқпен жүрмейді.

Адамның омыртқасындағы табиғи иін, жердің тартылыс заңына қарсы тұратын қабілетке ие, бұлшық етке арқаны түзу ұстауға мүмкіндік береді. Осы бұлшық еттер күшті болғанша арқа түзу болады. Бұлшық еттер әлсіреген кезде, омыртқа майысып, ауру пайда болады.

Егер сіз дұрыс тамақтансаңыз, өз ағзаңызға қамқорлықпен қарасаңыз, сымбатты болу мәселе емес. Ағза ең қажетті керектісінен айырылғанда, омыртқа қисая бастайды. Егер теріс әдеттерге әдеттеніп алсаңыз, онда түзету шараларына, арнайы жаттығулар жасауға және омыртқаны бақылауға үнемі бақылауға кірісу керек.

Дұрыс тамақтанбаудың салдарынан бастау алатын, адамды сорлы қылатын бұл көңілдің құлазуы, ынжықтық пен топастық және жігерсіздік. Д –Р ДЖЕЙМС МАКЛЕСТР

Қалай дұрыс тұру, жүру және отыру керек

Сіз отырған кезде басыңыз көтеріңкі, кеудеңіз шалқақ, қарныңыз тартулы, омыртқаңыз түзу болуы керек. Қолыңызды бүгіңіз немесе тізенің үстіне қойыңыз. Жүрген кезде, адымыңызды кеуденің ортасымен шамалаңыз. Бұл адымыңызды алшақ, серіппелі қылады. Бірқалыпты серіппелі қадам өзіндік қуат тудырып отырады. Әдеттерді не қалыптастырамыз, не жоғалтамыз, омыртқаны тік ұстап әдеттену, сымбатты да қайратты денені қалыптастырады.

Отырған кезде, аяқты бірінің үстіне бірін еш уақытта қоймаңыз. Тізенің астында, бұлшық еттерге қан апаратын екі үлкен қан тамырлары бар. Сіз аяғыңызды айқастырып қойған кезіңізде, қан айналымын қолма қол бұзасыз. Қан мен қорек айналысының жетіспеуі, қанның ұйуына әкеп соғады. Аяғын айқастырып отыруға әдеттенген жас адамдардың аяғына қараңызшы. Сіз тамырлар мен тамыршықтарының қалай бұзылғанын көресіз. Аяқтың бұлшық еттері қоректі толық алмағанда, аяқ әлсіз, қан айналымы нашар болады.

Белгілі жүрек емдеу дәрігерінен сұрағанда: «Қай уақытта жүрек жиі қысады?». Ол жауап берді: «Адам аяғын айқастырып дем алып отырғанда» - деп. Ең дұрысы аяғыңды жерге қойып отыру.

Омыртқаның қандай болмасын қисаюы, кеуденің ауруына және иықтың салдырап шаршауына әкеледі. Мойның, белің аурады. Ең бір қарапайым да пайдалы әдет – түзу тұру, түзу отыру, түзу жүру және аяқты айқастырып отырмау. Осыған ешқандайда қуат шығындап қажеті жоқ, бірақта адам тұрғанда, жүргенде, түзу отырғанда, омыртқа өзінен өзі түзеледі және өмірлік маңызы бар барлық мүшелер қалпына келіп, қызметін мінсіз атқара береді.

Сонымен, сіз омыртқаңыздың түзулігін қадағалап, күнделікті әдетке айландыруға тиіссіз.

Біз жақсы әдеттерімізге марапатталамыз, жаманына жазаланамыз. Менің дұрыс ойламайтынымды және теріс әрекеттеріме көзімді жеткізген адамның кеңесін қуана қабылдап, өз іс әрекеттерімді өзгертемін. Білуге ұмтылмай, білместігімен жүре берген адамдікі қате. ПОЛЬ С. БРЭГГ

ТАРАУ

Сегізінші дәрігер – дене шынықтыру

Қимылдамау – тат басу, ал таттану дегеніміз күш қуатыңның кемуі. Басқаша айтқанда, қимыл өмір, қимылдамау - өлім. Егер біз бұлшық еттерімізді пайдаланбасақ, онда біз осыдан айырыламыз. Бұлшық еттерімізді күшті және жас қалпында сақтағымыз келсе, біз оларды үнемі пайдалануымыз керек.

Тынымсыздық өмірдің және көтеріңкі көңіл күйді сақтаудың заңы. Әр мүшенің күші мен жетілуі, қалай пайдаланғаныңызға байланысты. Біз денемізді жаттықтырған кезімізде, оны күшті қылып жаңартып өмір сүргіштігін арттырамыз. Біз бұлшық еттерімізді пайдаланбай ерінгенімізде, құлдырап барып өлеміз. Күнделікті жаттығу, біздің қан айналысымызды тездетеді, ал еріншектердің қаны еркін айнала алмайды, сондықтан онда денсаулықты сақтауға қажетті өзгерістер жүре алмайды. Үзбей дене шынықтыру жасамаған адамның өмір сүргіштігі әлсіз. Керісінше тынымсыз қозғалыс, теріміздегі 96 миллион тесіктер арқылы денеміздегі тері бездерінің еркін жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Тері ағзамыздағы ең көп шығаратын мүше. Егер теріңізге майлы бояу жағып қойса, адам аз ғана уақытта өмір сүре алмайды.

Дене жаттығулары термен бірге ағзадан улы заттарды шығарады. Тері табиғи тазалағыш. Егер біз күнделікті жаттығудан бас тартсақ, онда терінің тесіктері атқаратын жұмыстар, басқа мүшелерге ауыр салмақ болып ауады. Шапшаң жасалатын дене жаттығулары қан қысымы мен жүрек соғысын да реттейді, антикогулянт болады, яғни қан тамырларын тромбоз деп аталатын бікетілуден сақтайды, тромбоз жиі – жиі жүректің қысылуына ұрындырады.

Әрбір тірі жан иесі, мейлі адам не хайуан өздерінің бұлшық еттерінің қимылы арқылы ағзасын қалдықтардан тазалайды.

Егер де сіздің бұлшық еттеріңіз қимылсыз болса, нәтижесі келеңсіздікке алып келеді. Бұлшық еттер босап, күші мен серіппелілігінен айрылып қоқысқа толу қаупі төнеді. Сізде шығарлуға тиіс қоқыс шоғырлана береді, өзін өзі улануға ұшырайсыз. Қимылдың жоқтығы – аурулардың ең кең тараған себептерінің бірі.

Ашығу мен табиғи мәзір – ұзақ ғұмыр, денсаулық, жастық пен ымдастықтың тамаша одақтасы. Денеге қимылдап салмақ салу, тамақты молырақ ішуге сеп болады, себебі осы тамақ жаттығу жасағанда ысырап еткен қуатыңыздың орнын толтырады.

Өмір сүру үшін жүру

Әрине, барлық дене жаттығулары пайдалы, бірақта жаяу серуендеу – бәріне ортақ. Ол сізді жалықтырмау керек. Аяғыңызды нық, аршындап баспаңыз, ең дұрысы еркін бос жүріңіз. Кеудеңізді шалқақ, басыңызды жоғары, еңкіштенбей табиғи қалыпта адымдаңыз.

Өз алдыңызға жақсы желаяқ болмасам да, қажымайтын жүрдек болам деген мақсат қойыңыз, жылдың қай мезгілі болмасын, күнделікті жаяу серуендеуді әдетке айландырыңыз. Егерде сізді қоршаған орта қызықтырмаса, өз жан дүниеңізге қараңыз. Сіз серуендеген уақытта күнделікті күйбіңнен азатсыз, егер қаласаңыз сіз ақын жандылық пен философияға жақынсыз. Әркім өзі біледі, бірақ мен үшін жаяу серуендеу доп қуғаннан көп жақсы. Бірақ нәтижесі біреу – бұлшық еттердің жақсы жұмысы, қанның жылдам айналуы, осыларға қосымша жарасымдылық пен бақытты екеніңді сезіну.

Бау бақшаның өзі керемет нәрсе. Ол таза ауада болуға тамаша мүмкіндік береді. Сіз толып кетуіңіз мүмкін, себебі бау бақшада қимыл аз, сіз тек бүкшиіп қана отырып жұмыс істейсіз. Сондықтан ман жаяу жүрісті таңдап алдым. Сіздің бірінші бау бақшада жұмыс істеп, сонан кейін серуендегіңіз келетін шығар. Мен өзім жылдам жаттығулар мен жаяу жүрісті, жүгіруді қосамжарлаймын.

Қарын бұлшық еттері үшін жаттығу

Әрине, ең жақсы жаттығулар бүкіл дененің бұлшық еттерін дамытатын. Арқаңыздың, беліңіздің, кеудеңіздің, ішіңіздің еттерін мықты да серіппелі болатындай дамытыңыз. Осы арқылы өкпеңіздің, бауырыңыздың, жүрегіңіздің, асқазаныңыздың және бүйрегіңіздің неғұрлым жақсы жұмыс істеуіне көмектесесіз.

Кеуде сүйегіңізді кеңейте, өкпеңіздің еркін қозғалуына мүмкіншілік жасайсыз. Серіппелі диафрагма жүрек насосының жұмысын тіптен жандандырады. Іш еттері қатайғанда асқазанның жұмысы жақсарады. Бұлтылдаған бұлшық еттер уақыт тезіне төтеп бере алатын қуат жинап, ішкі мүшелердің саулығын арттырады.

Неғұрлым көп ашықсаңыз, соғұрлым улы заттар мол мөлшерде ағзадан шығарылады. Сіздің ағзаңыз тұрақты түрде тазаланған сайын, бұлшық еттеріңіз қуат жинай береді, ашығып болғаннан кейін еріншектіктің орнына тынымсыздыққа деген зор құлшыныс пайда болады.

Ашығу барысында дене жаттығуларымен шұғылдануға бола ма?

Осы сұраққа тек ашығушы ғана жауап бере алады. Егер ашығу барысында жаттығумен шұғылданғыңыз келмесе шұғылданбай – ақ қойыңыз. Ашығу сізге демалыс береді, қимылдағыңыз келмесе, онда дем алыңыз. Сіздің ағзаңыз бүкіл қуатын, өмірлік күшін ішкі тазалауға шығындап жатыр. 7 – 10 тәуліктік ашығуда серуендегіңіз келсе, серуендеңіз, бірақ өзіңізді қинап зорламаңыз.

Жаттығумен шұғылданбаған адамдардың аяқтарын ісік жиі басып кетеді, себебі қан айналымының нашарлығынан клеткалар қалдықтарды уақтылы шығара алмайды. Жаттығудан бас тартқандарға ақталу жоқ. Адам тәндік жетілген бе, жоқ па дене жаттығуы бәріне бірдей әдет болып қалыптасуы керек. Бұл аурудың, мезгілсіз қартаюдың алдын алады және ағзаның шыдамдылығы мен қарсыласуын арттырады.

Дене жаттығулары байсалды қалыпты және тұнық ақылды сақтауға жәрдемдеседі. Таза ауадағы күнделікті 8 шақырымға серуендеу барлық келеңсіздіктерді басады. Жаттығу еркіңді шыңдап, көтеріңкі көңіл күй әкеледі. Ашығу бағдарламасы мен дене жаттығуларының көмегімен өзіңізді керемет жақсы сезінетін боласыз.

ТАРАУ

Тоғызыншы дәрігер – демалыс

Көпшілік ойлайды, дастархан басында кофе, шәй, ішімдіктерді сыздықтата тартып дем алудамыз деп. Нақтылысына келсек демалыс дегеніміз – толықтай тыныштық, барлық іс қимылдан азат болып еркіндік алу және бүкіл жүйке жүйеңіздің мамыражай қалыпқа түсуі. Сіз демалғанда аяғыңызды бірінің үстіне бірін айқастырып қоймаңыз, бұл жағдайда аяқты қоректендіретін қан тамырын қысып тастайсыз. Негізінде сіз демалып отырған жоқсыз, керісінше жүрекке ауыр салмақ салып отырсыз. Демалу – бүкіл ағзада қан айналымын еркін қамтамасыз ету. Егер сіздің аяқ киіміңіз тар, галустігіңіз буындырса, бас киіміңіз симаса, жағаңыз қылқындырса біліңіз, сіз дем алған жоқсыз. Жақсы демалыс – киімдеріңді шешіп тастағанда. Кейбір адамдар дем алып отырғанда, бір орында тыныш отыра алмай мазасызданып, саусақтарымен столдың үстін тырсылдатып, қозғала береді. Дем алудың әдісі, жинақтала білу. Осының бір әдісі қатты төсекте шешініп жатып дем алу. Бұлшық еттер мен жүйкені мамыражай қалыпқа түсіруде, жақсы күн шуағының алатын орны ерекше. Дем алған кезіңізде, өз миыңызды барлық толқу, шырғалаңдар мен қамқорлықтардан арылтуыңыз керек. Бұлшық еттеріңіз бен жүйкеңіз мамыражай қалыпқа түскен мезетте, жүрегіңіздің соғысы баяулап, тыныс алуыңыз ақырындап барып бірқалыпқа түседі. Осы толықтай босаңсуға, дем алуға алып келеді. Ал ұйқы сіздің бұлшық еттеріңізді толықтай босаңсытып, тамаша дем аласыз. Түнгі ұйқы мені жақсы қалпыма келтіреді. Көптеген адамдар шаршаған жүйкені қамшылайтын қоздырғыштарды қолдануға әдеттенген – темекі, дәрілер, кофе, шәй, ішімдік және сусындар. Сондықтан қоздырғыштарды қолданатын адамдар, ешуақытта толық мамыражай қалыпта дем ала алмайды, олардың жүйкесі үнемі қозу жағдайында болады. Демалысты – денелік, және ақыл – ойлық жұмыс істеп табу керек, себебі екеуі қояма қолтық бірге жүреді. Адамдардың басым бөлігі ұйқысыздықтан зардап шеккендіктен, ұйықтау үшін көптеген дәрілерді ішіп, жасанды ұйқы алады. Бірде бір адам, дәрімен толық дем ала алмайды. Бір де бір дәрі сау, тынықтыратын, рахаттанып ұйықтайтын қалыпта ұйқы әкелмейді. Уларға толы ағза, жүйкені үнемі қоздырып тұрады. Қозып тұрған жүйкемен түнді қалай тыныш өткізе аласыз? Ашығу барысында, адамдар қоздырғыштардан бас тартқан мезеттен бастап, терең ұйқтап, толық дем алады. Ағзаңыз тазалана бастаған кезде, босаңсуға қабілетіңіз артып, терең де тыныш ұйқыдан ләззат ала бастағаныңызды өзіңіз де байқайсыз. Іс әрекетіңізді жиі алмастыру да, денсаулықты жақсы сақтаудың кепілі. Жұмыс күні барысында, іс әрекетімізді жиі алмастырып отыруға тиіспіз. Біз бәсекелестік жайлаған есалаң әлемде өмір сүреміз. Біздің өркениетті жағдайымызда «адам адамға – қасқыр» болғанда, біз ауыр соққыларға және зор қысымға төзуге мәжбүрміз. Адамдардың темекіге, ішімдікке, кофеге т.б. қоздырғыштарға үйір болуының себебі осы екеніне мен сенімдімін. Іскер әлемде, тек қана бәсекелестік емес, өзін көрсетіп, бекітуге деген қалау да орын алған. Адамдардың қажымай талмай, бір бірінен асып түсу ұмтылысы мәңгілік жалғасуда. Осы жалған көзқарасқа көптеген қуат шығындалады.

Өмір қуаныш болуы керек

Бүгінгі күнде бізде 15 миллион созылмалы маскүнемдер мен дәрі бәңгішілерінің бары таңқаларлық емес пе? Өмір сүру өзіңді қуанышты, тірі сезіну екенін ұмытып кеттік. Байсалды өмір сүру – біздің қоғамда аз ғана адамдардың бақыты. Қазіргі өмір – асығу, аптығу, тағы асығу. Біз қайда асығамыз? Емханаға ма, әлде молаға ма?

Мамыражайлыққа, демалуға, ұйықтауға қабілетті болу үшін, әр күніңде – демалуға, көңіл көтеруге, дене шынықтыруға және жақсы ұйқыға уақыт қалатындай қылып жоспарлауыңыз керек. Егер сіз тамаққа тойып алғаннан кейін, таза ауада жаттығу немесе бақшаңызда жұмыс жасамай, не 3 шақырым жүріп қайтпасаңыз рахаттанып ұйқтай алмайсыз. Мен үй жұмыстары және күнделікті өз шауаларым денеге көп күш түсіреді деп ойламаймын. Таза ауада жұмыс істеу, қыдыру, жүгіру қажетті нәрселер. Сіз өз денеңізді табиғи тамақпен, таза сумен, таза ауамен, күн шуағымен қуантуыңыз керек. Әрине «табиғатқа қайта қайтайық» деген адамдарды келемеждеп күлу оңай, бірақта біз табиғат жолымен жүретін адамдар соңынан күлетін боламыз.

Өзіңіздегі табиғатқа сезімталдығыңызды дамыта беріңіз

Осы кітаптың негізгі ойы, сізді неғұрлым табиғи өмір сүруге шақыру. Тамақтануда, демалғанда, ұйықтағанда және өмірдің қарапайым әдеттерінде табиғатқа неғұрлым жақын болуға тырысыңыз. Табиғаттың қалауы бойынша өмір сүре бастаңыз, сіз шексіздіктің бір бөлшегісіз. Тағдырыңызды табиғаттың қолына тапсырыңыз, оған сеніңіз. Егер сіз қала тұрғыны болсаңыз, қаланың сыртына немесе теңіз жағасына барып нақтылы демалыңыз, мамыражай қалыпқа түсіп, өзіңізді тәртіпке келтіріңіз.

Мен сізге мына ережелерді басшылыққа алуыңызды нұсқаймын. Бірінші – бақытты болу, деніңіздің сау болуы тікелей өзіңізге ғана байланысты. Егер өз ағзаңызға қуат жинайтын уақтылы демалыс бермесеңіз, сіздің ағзаңыз сау болмайды. Екінші – сіз өз ағзаңызға машинаға қарағандай, қамқорлықпен мұқият қарап отыруыңыз керек. Үшіншіден – жасымыз ұлғайған сайын, табиғатқа жақындағанның үстіне жақындай түсуіміз керек. Қоздыратын іс әрекеттердің орнына, тыныштық пен бейбітшілікке ұмтылуымыз керек. Қарапайым да таза өмір сүре, сіз Брэгтің бақшасындағы сәбіз сияқты сау боласыз


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: