Кесте 1

Қазақстанда арнайы және еркін экономикалық аймақтардың қалыптасу кезеңдері

Атауы 1990 ж. 1991-1994 жж. 1996 ж. 2000 жылдан жылдан қазіргі уақытқа дейін
Нормативтік құжаттар 30.11.90ж. «Қазақ ССР арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заң Жоғарғы Кеңес Қаулысымен 5 еркін аймақтарды құру және «Атакент» сауда аймағын құру 26.01.96 ж. № 2823 ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Жарлығы. Лисаковск,Қызылорда, Акмола, Жәйрем-Атасу АЭА құру. 06.07.2005 ж. № 1605 ҚР Президентінің «Оңтүстік» АЭА құру туралы Жарлығы; 24.11.2011 ж. №181, ҚР Президентінің «Сарыарка» АЭА құру туралы Жарлығы; 24.11.2011 ж. №187 ҚР Президентінің «Қорғас – Шығыс қақпалары» АЭА құру туралы Жарлығы; 29.11.2011 ж. №186 ҚР Президентінің «Павлодар» АЭА құру туралы Жарлығы
Аймақтарды құру тұжырымдамалары мен мақсаттары Аймақ территориясын жедел әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін шетелдік капиталды, жетекші шетелдік технология мен басқарушы тәжірибені тарту мақсатында құрылады Аймақтарды жедел дамыту, тиімділігі жоғары экспортқа бағдарланған өндірістерді құру, инвестициялар тарту, әлеуметтік мәселелерді шешудің заманауи әдістерін енгізу үшін құрылады Индустриалды әлеуетті, құрылыс әлеуетін, инновациялық технологияларды, металлургия саласын, тасымалдау-логистикалық әлеуетті, химия және мұнай газ салаларын дамыту үшін құрылады
Аймақтардың рұқсат етілетін түрлері мен таңдау критерийлері Аймақ типі анықталған Аймақ типі анықталмаған Арнайы экономикалық аймақ – ҚР шектеулі территориясы (қла, аудан, қаладағы аудан).
Жеңілдіктер мен артықшылықтар -Жарияланған пайда алу сәтінен бастап 2-5 жылға пайда салығынан босату; -жергілікті еңбек ресурстары төлемдерінен босату; -ҚР территориясында өткізу үшін аймақ шеберінде өндірілген тауарды салықтан босату Территорияда іс әрекетін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға салық салу 20% ставка бойынша салық салуға тиесілі. Оларға еркін кеденді аймақ режиміне сәйкес жеңілдіктер ұсынылады.
Тәжірибелік нәтижелері Заңды жүзеге асыру үшін оларды орындаудың құқықтық және ұйымдық механизмдері өңделмеді Кейбір аймақтардың экономикалық мүмкіндіктерін ескремей құрылған. Аймақтың дамуы үшін экономикалық потенциалды жүзеге асыру Индустриалды әлеуетті, құрылыс әлеуетін, инновациялық технологияларды, металлургия саласын, тасымалдау-логистикалық әлеуетті, химия және мұнай газ салаларын дамыту барысында сәйкес жұмыс орындарын құрып, шетелдік инвестициялар мен озық технологиялар тарту
Е с к е р т у – Арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамалық актілер негізінде құрылған
           

Құру барысында әр арнайы экономикалық аймақ үшін негізгі мақсаттары, қызмттері мен даму міндеттері нақты анықталуы тиіс. Тек сонда ғана бағдарламаны қабылдау, қандай да бір жеңілдіктерді ұсыну басымдықтарын анықтау мүмкін болады.

Аймақты құру жобасының нұсқалылығы әр нақты жағдайда оның дамуы маңыздылығы мен басымдықтарды, әрекет етуші материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын, жобаларды жүзеге асыру мерзімдері мен мақсаттарға қол жеткізу жолдарын ескеретінін айта кету керек.

Аймақтарды құрудың кезеңділігі құру мен дамытудың өмірлік циклының негізгі кезеңдерін анықтайды, технико-экономикалық негіздеуге сәйкес қызмет етуін кезеңдік кеңейтудің қаржылық мүмкіндіктерін ескереді. Арнайы экономикалық аймақтарды құру қағидалары мен сипаттамалары төменде келтірілген (кесте 2):

Кесте 2

Арнайы экономикалық аймақтардың қағидалары мен сипаттамасы

Қағидалары Сипаттамасы
1. Ұйымдық
1. Функционалды-мақсаттық Негізгі мақсаттары мен қызметтерін анықтау
2. Аймақ құру жобасының нұсқалылық қағидасы Құру, қызмет ету және даму нұсқасын таңдау
3. Кезеңділік қағидасы Кеңейту, қызмет ету және даму кезеңдерін анықтау
4. Территориялық тұтастық қағидасы Әкімшілік-территориялық бөлініс шекарасында құру (қала, қаладағы аудан)
2. Экономикалық
1. Ресурстық қағида Аймақты қажетті материалдық, еңбек, табиғи және өзге ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін негіздеу
2. Тиімділік қағидасы Аймақты дамытудың озық нұсқасын анықтау, барлық шығындарды күтілетін әлеуметтік-экономикалық нәтижелермен өлшеу
3. Болашақтылық қағидасы Ұзақ мерзімді кезеңге әрекет ету
4. Жалпыұлттық мақсаттар қағидасы немесе басымдылық Республикалық қызығушылықтары мен жалпыұлттық мақсаттары сәйкес келу
3. Демократиялық
1. Келісімділік қағидасы Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, халықтың қызығушылықтарын есепке алу
Е с к е р т у – зерттеу негізінде автормен құрылған

Территориялық тұтастық қағидасы аймақтардың әкімшілік-территориялық бөлінісі нақты анықталған шекараларда құрылуын қарастырады. Ресей мен Қазақстанда арнайы экономикалық аймақтардың даму тәжірибесі облыстарды, зор территорияларды еркін экономикалық аймақтар ретінде жариялаудың тиімсіздігін көрсетті, сондықтан зоналардың тиімді қызмет етуі үшін олардың шекаралары мен оптималды көлемін анықтау аса маңызды болып табылады.

Территориялық тәсілдеме аймақ ерекшелігін максималды есепке алып, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Мұнда, оларды қалыптастыру барысында экономикалық және географиялық орналасуы, белгілі шаруашылық инфрақұрылымның болуы, өндірістікғ материалдық, қаржылық және еңбек ресурстары түріндегі белгілі шаруашылық инфрақұрылымның болуы, аймақтағы отандық және шетелдік инвесторлардың қызығушылығы ескерілуі мүмкін. Дәр осы территориялық қағида арнайы экономикалық зонадағы салықтық, кедендік, құқықтық және өзге режимдерді толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді [14].

Ұйымдық қағтдалармен қатар экономикалық қағида – ең алдымен, ресурстардың болуын, тиімділікті, қандай да бір аймақтар дамуының болашағы мен басымдығын ескеруі тиіс.

Ресурстық қағида – бұл аймақтардың қалыптасуы мен дамуын қажетті материалдық, еңбек, материалды-техникалық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіндігі.

Тиімділік қағидасы аймақтарды қалыптастырудың негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Мұнда ресурстарға деген қажеттілікті республика экономикасының мүмкіндіктерімен салыстыру, барлық шығындарды өлшеу қажет.

Болашақтық қағидасы аймақтардың қалыптасуы мен дамуының ұзақ мерзімге арналу қажеттілігін анықтайды. Қазақстан Республикасы бойынша құрылған арнайы экономикалық аймақтар бойынша қызмет етуінің минималды мерзімі 10 жылды құрайды.

Жалпыұлттық мақсаттар қағидасы, ең алдымен, нақты аймақтарды құру шешімін қабылдау барысында қарастырылады, яғни құрылуы Қазақстанның жалпыұлттық мақсаттары мен қызығушылықтарына жауап береді.

АЭА қызмет етуінің көлік-транзиттік және географиялық тұрғысынан жоғары потенциалға Лисаковск-Астана, Қызылорда – Жезқазған аймақтары ие және Өзбекстан, Түркменстан, олар арқылы Иран мен Түркияға шығатын автокөлік жолдарының сәйкес инфрақұрылымына ие [15].

Демократиялық қағидалар арнайы экономикалық аймақтардың территорияда өмір сүретін халықтың басым бөлігінің пікірін ескере отырып, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың ұсынысы негізінде құрылатынын қарастырады. Әрине, кәсіпорыннан бастап қандай территориялық бөлініс болсын, аймақтар болсын әрқайсысының басқару органдары болады. Сол себептен арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдарының мәні мен олардың қызметтеріне зерттеу төмендегі бөлімшеде жүзеге асырылады.

11.2.АЭА деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары

Елдің қандай да бір аймағында арнайы экономикалық аймақты құру, бір жағынан, нақты аймақ мәселесін шешуге мүмкіндік береді (әлеуметтік-экономикалық даму қарқындарының жылдамдауы, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі), ал екінші жағынан, жалпымемлекеттік мәселелердің шешілуін қамтамасыз етеді (елге шетелдік инвестицияларды, алдыңғы қатарлы технологияларды тарту және т.б.). Жалпы түрде АЭА-мен шешілетін мәселелер мынадай блоктарға топтастырылады:

1. Экономикалық блок мәселелері: арнайы жеңілдікті экономикалық механизмнің, тұрақты заңнамалық базаның, түрлі ұйымдық мәселелерді жеңілдету есебінен шетелдік және ішкі капиталды тарту; дайын өнім экспортын кеңейту, импортты оңтайландыру және тауарлар өндіруде импорттың орнын басу механизмін құру мақсатымен халықаралық еңбек бөлінісі мен капитал айналысынан артықшылықтарға ие болу; АЭА барлық ұйымдары мен кәсіпорындарының сыртқыэкономикалық іс-әрекеттің түрлі формаларына қол жетімділігін қамтамасыз ете отырып, сыртқы сауда монополиясын жою; ел мен аймақтар бюджетіне валюталық түсімдердің артуы.

2. Әлеуметтік блок мәселелері: нақты аймақтардың дамуын жылдамдату; жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың жұмысбастылығын арттыру; ұйымдастыру, басқару, қаржылар саласындағы әлемдік тәжірибені зерттеу мен енгізу жолымен жұмыс күшінің біліктілігін арттыру; басқару технологиясына қатысты әлемдік талаптарға бағдарланған менеджмент мәдениетін тәрбиелеу; халықты сапасы жоғары тауарлармен қанағаттандыру.

3. Ғылыми-техникалық блок мәселелері: алдыңғы қатарлы технологияны тарту; инновациялық процестерді жылдамдату; шетелдік ғалымдар мен мамандарды тарту; қуаттылықтарды пайдалану тиімділігін арттыру.

Алғашқы еркін экономикалық аймақтардың Батыс Еуропада пайда болуына қарамастан, қазіргі таңда олар бүкіл әлем бойынша кеңінен таралған. Бүгіндері әлемде шамамен 4000-ға жуық еркін экономикалық аймақ түрлерінің болуы олардың үлкен тиімділігін дәлелдейді. Мұнда еркін экономикалық аймақтардың құрылуын елдердің басым бөлігі инвестициялық салаға шетелдік және ұлттық капиталды тарту, өнімнің (қызметтер мен жұмыстар) экспортын кеңейту, валюталық түсімдердің өсімін қамтамасыз ету, жаңа технологияларды пайдалануға жол ашу, халықтың жұмысбастылығын арттыру, кадрларды даярлау мен қайта даярлауға жаңа мүмкіндіктер алу, ұйымдастыру мен басқару саласына алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибені енгізу, ішкі нарықты сапасы жоғары тауарлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қарастырады.

Әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда еркін экономикалық аймақтар аймақтық саясаттың айтарлықтай тиімді құралы ретінде пайдаланылады. Осылайша, елімізде әрекет етуші экономикалық аймақтар алдына қойылған стратегиялық мақсаттар мен мәселелер ретінде жаңа және жоғары технологияларға негізделген өндірістерді дамыту үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тартуға, экспорттың кеңейтілуі мен аймақтардың экономикалық өсімі үшін қолайлы жағдай жасауға аса назар аударылады. Арнайы экономикалық аймақтар республиканың ғылыми-инновациялық және инвестициялық саясатының элементі ретінде де қарастырылады, себебі оларда экономиканы басқарудың жаңа механизмдері, экономиканың инновациялық, ресурс жинақтаушы, әлеуметтік-бағдарланған сипатын анықтайтын басымды салалар мен өндірістердің дамуына инвестицияларды тарту мүмкіндігі пайдаланыла алады.

Арнайы экономикалық аймақ құру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілетін арнайы экономикалық аймақ туралы ережеде оның қызметінің басым түрлерінің тізбесі айқындалады.

Арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсынысты жергілікті және (немесе) орталық атқарушы органдар, кәсіпкерлер қауымдастықтары мен одақтары арнайы экономикалық аймақ құрудың қоршаған ортаға әсерін бағалай отырып, өтінішті, арнайы экономикалық аймақ құрудың тұжырымдамасын, экономикалық негіздемесін және арнайы экономикалық аймақ туралы ереженің жобасын ұсыну арқылы өкілетті органға енгізеді.

Өкілетті орган мынадай жағдайларда арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсынысты қабылдамайды:

1) сарапшылық кеңестің қорытындысы негізінде арнайы экономикалық аймақ құру мақсатқа сай болмаған;

2) арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсыныс мемлекеттік экономикалық саясаттың басымдықтарына сәйкес келмеген;

3) ұсынылған материалдар толық болмаған немесе дәйексіз болған;

4) ұсыныстар қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға сәйкес келмеген.

АЭА 25 жылға дейінгі мерзімге құрылады. Арнайы экономикалық аймақтар мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерінде не Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың иелігінен мәжбүрлеп шығарылған жер учаскелерінде құрылады. Бұл үшін қажет жер учаскелері мемлекет меншігінде болмаған жағдайда арнайы экономикалық аймақтар құру осылай иеліктен мәжбүрлеп шығаруға негіз болып табылады. Арнайы экономикалық аймақ құрылған жер учаскесіне қатысты арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуі кезеңінде жерге меншік иесі ретінде мемлекеттің құқығын жүзеге асырады.

ҚР-ң 2007 жылғы 6 шілдедегі N 274 «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңына сәйкес арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы жер учаскелерін арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуі кезеңінде сатуға және өзге де иеліктен шығаруға тыйым салынады. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан, қызмет жүргізу туралы келісім шеңберінде тұрғызылған жылжымайтын мүлік объектісінің иесі арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуі аяқталғаннан кейін ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен оның кадастрлық (бағалау) құны бойынша тиісті жер учаскесін басымдықпен сатып алу құқығына ие болады.

Арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде жеке меншікке сатып алынбаған жер учаскелерін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің балансындағы инфрақұрылымдық ресурстарды арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына береді.

11.3 АЭА кызмет етуінің әлемдік тәжірибесі

Әлемдік тәжірибеде арнайы экономикалық аймақтар атқаратын қызметтері, экономикаға интеграциялану дәрежесі мен ұсынылатын қызметтер жүйелері бойынша жіктеледі.

Қызметтері бойынша АЭА:

- Еркін сауда зонасы (аймағы) (ЕСЗ) — кедендік территорияның шекарасынан тыс шығарылған территория. Ішінде тауарларды қоймалау мен оларды сатуға даярлау операциялары жүзеге асырылады (буып-түю, маркерлеу, сапаны бақылау және т.б.).

- Өнеркәсіптік-өндірістік зона (ӨӨЗ) — нақты өнеркәсіптік өнімнің өндірілуі жүзеге асырылатын ұлттық кедендік территорияның бөлігі; мұнда инвесторларға түрлі жеңілдіктер ұсынылады.

- Технико-енгізушілік зона (ТЕЗ) — ғылыми-зерттеу, жобалық, конструкторлық бюро мен ұйымдар орналастырылатын ұлттық кедендік территорияның шегінен тыс шығарылған территория. Олар: технопарктер, технополистер.

- Туристік-рекреациялық зона (ТРЗ) — туристік-рекреациялық іс-әрекет жүзеге асырылатын территория — туризм мен демалыс объектілерін құру, қайта жөндеу, дамыту, туризм саласында қызмет көрсету.

- Сервистік зона — қаржылық және қаржылық емес қызметтерді көрсетумен айналысатын фирмалар үшін жеңілдікті тәртіп ұсынылатын территория (экспортты-импорттық операциялар, қозғалмайтын мүлікпен жасалатын операциялар, тасымалдау операциялары).

- Кешенді зоналар – жекелеген әкімшілік аудан территориясында шаруашылық іс-әрекеттің жеңілдікті тәртібі бар зоналар. Бұл – депрессивті аудандардағы Батыс Еуропа, Канададағы еркін кәсіпкерлік зоналары, Қытайдағы арнайы экономикалық зоналар, Аргентина, Бразилиядағы ерекше тәртіп территориялары.

Экономикаға интеграциялану дәрежесі бойынша:

- зонаға (аймаққа) енбейтін ұлттық экономика салаларымен байланысты дамытуға бағдарланған және экспорттық өндіріс, өндірістің технологиялық деңгейін арттыру, ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыратын өнімнің сапасын арттыру мәселесін шешуге жәрдемдесетін ұлттық экономикаға интеграцияланған зоналар.

- Анклавтық (экспортты бағдарланған) зоналар, ондағы өндіріс экспортқа және валюталық түсімді толықтыруға бағдарланған, ал ішкі экономикамен байланысы минималды.

Жеңілдіктер жүйесі бойынша:

- Салықтық: салықтық «каникулдар» — инвесторларды мүлік салығы мен ҚҚС-тан және т.б. салық түрлерінен жартылай немесе толық босату.

- Кедендік (импорт) — зона ішінде пайдалану үшін енгізілетін жартылай фабрикаттар, шикізаттарға импорттық баждардан жартылай немесе толық босату;

- Кедендік (экспорт) — зона ішінде дайындалған өнімге салынатын экспорттық баждардан жартылай немесе толық босату.

- Қаржылық — инвестициялық субсидиялар, мемлекеттік жеңілдікті несиелер, коммуналдық қызметтер ақысы мен өндірістік ғимараттарды жалға алу ақысын төлеудің төмендетілген ставкалары.

- Әкімшілік — кәсіпорындарды тіркеудің жеңілдетілген тәртібі, шет ел азаматтарының елге кіру-шығуының жеңілдетілген тәртібі, шет ел азаматтарының алған пайдасын шетелге тосқауылсыз шығаруы.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: