Ажырату диагноз

Ажырату диагнозын жүргізетін аурулардың тізімі.

Біріншіден жалпы симптомдарды сипаттау, екіншіден а ажырату симптомдарын сипаттау.

Ажырату диагнозын жүргізу тәртібі: шағымдары, параклиникалық тексеру әдістерінің нәтижелері

14. Клиникалық диагноз және оны негіздеу.

Клиникалық диагноз алғашқы 1-3 тәулікте қойылуы тиіс және ол алғашқы диагноздардың негізінде және лабораториялық анықтамалардың, рентгенологиялық текерудің, инструментальдық әдістердің қорытындыларының негізінде қойылады.

Негізгі ауруға, оның асқынуына және қосымша ауруларды жеке-жеке жазған жөн болады.

Емдеу.

Ауруды емдеу хаттамасы бойынша жүргізіледі. Бұл бөлімде, қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы науқастағы ауруды хирургиялық әдістермен емдеудің негізгі тұжырымдамалары келтіріледі.

Операцияның қажеттілігі негізделеді, оның қандай түрі жасалатыны көрсетіледі, баланы операция кезінде ұйықтатту мәселесі еғжей-тежгейлі сөз етіледі, жасайтын операцияның әсері айтылады. Егер ауқас бала операцияға дайындалып жатса, операцияның алында жасалатын көмектің жоспары келтіріледі. Егер науқас балаға операция жасалмайтын болса, ауруды тудыратын және қоздыратын себептерді, аурудың бөлімдерін, оның ауырлық дәрежесін, асқынуын, қосымша аурудың бар немесе жоқ екенін ескере отырып консервативтік ем қолдану негізделеді.

16. Күнделік.

Күнделік жазу науқасты көрген уақыты, айы, күнін көрсетудеен, баланың шағымынан, жалпы денсаулық жайын бағалаудан басталады, және негізгі дертке ұшыраған ағзаға, жүйеге өте-мөте мән беріліп, олардың күй-жайының өзгерістері жазылады. Емдеу кестесінде баланы тамақтандыру, жату тәртібі, тексеру әдістерінің және дәрі-дәрмек беру тәртібін белгілеу қажет.

17. Қорытынды диагноз

Науқасты клиникалық тексерулердің қорытындыларының негізінде, оны әредік-әредік байқап қараудың арқасында, аурудың белгі классификациясына сәйкестігін, аурудың түрін, ауырлық дәрежесін, асқынуын, қосымща аурудың бар немесе жоқ екенін ескере отырып қойылады.

18. Қорытынды пікір (операция алдындағы, аурудың барысындағы, науқас ауруханадан шығар алдындағы, 10 күн сайын, егер науқас ұзақ уақыт жатса)

Науқас шығар алдындағы пікірде қысқаша ауру тарихын, оның барысын, жасалған тексерулерді, аурудың түрін анықтау әдістерін емдеу жолдарын, науқастың болашағын көрсету қажет.

Бұл пікірде науқас баланың есімі, әкесәнәі есімі, фамилиясы, туған уақыты (жаңа туған сәбилер үшін – неше күн, емшектегі сәбилерде – неше ай, ал ересек балаларда – неше жыл екені көрсетіледі), ауруханаға түскен күні, сағаты, шағымы, ауру хикаясынан негізгі мәліменттер клиникалық және қосалқы тексерулердің, инструмент альды, рентген сәулесімен тексерудің қорытындылары көрсетіліп, солардың негізінде жан-жақты түгел қамтитын диагноз қойылады. Жасалған емдер, олардың әсері, ауруханадан шыққан кейін қандай ем қолданылатындығы жазылады. Шығардағы қорытындыда науқастың ауруының болашақтағы жайы және науқастың өміріне тигізер әсері жазылады. Ауру барысы туралы қорытынды ұзақ ауырған немесе операцияға дайындалып жатқан науқастарға жазылады. Операция алдындағы қорытынды пкір ауыру барысы туралы пікірден басқа операцияның қажеттігін негіздейді., оның түрін, аумағын, операция негізінде науқас баланы ұйықтату мәселелерін, операцияның немен аяқталуы мүмкін екендігін көрсетеді. Мұнда операцияның негізгі аумағы және операция алдындағы науқасқа жүргізілетін емнің тәртібі көрсетіледі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: