Тапсырма. 1. Жұмыс үстелінің бос аймағында тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз

1. Жұмыс үстелінің бос аймағында тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.

2. Жанама менюден Қасиеттер: Экран (Свойства Экран) командаларын орындап, Жұмыс үстелі (Рабочий стол) ішкі бетіне өтіңіз.

3. Фондық сурет (Фоновый рисунок) тізімінің ішінен өзіңізге ұнаған суретті таңдап <ОК> батырмасына басыңыз.

4. 1-3 пунктерді қайталап орындап, Фон ішкі бетіндегі Орналастыру (Расположить) ішкі астарлы беттегі Созу, Ортаға туралау, замостить (Растянуть, По центру и Рядом) командаларының айырмашылықтарын анықтаңыз.

Тапсырма.

1. Тапсырма тақтасын (Панель задач) тақтасындағы Іске қосу (Пуск) батырмасына басыңыз.

2. Тышқан көрсеткішін Бағдарламалар (Программы) жолына нұсқап компьютеріңізде қандай бағдарламалар бар екенін оқып шығыңыз. Ішкі менюі бар командаларға назар аударыңыз.

3. Анықтама (Справка) жолын таңдаңыз.

4. Мазмұны (Содержание) ішкі бетіне өтіңіз.

5. Ұсынылған тақырыптардың ішінен Windows –та жұмыс істеу негіздері (Основы работы в Windows) тарауын таңдаңыз.

6. Бағдарлама нұсқауларына сүйене отырып жұмыс істеңіз.

7. Анықтама (Справка) терезесін жабыңыз.

Тапсырма.

1. Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесінде немесе Негізгі менюде (Главное меню) Баптау®Басқару тақтасы) (Настройка® Панель управления) командаларын орындаңыз.

2. Тышқан тетігі (Мышь) шартбелгісін ерекшелеңіз.

3. Программаны іске қосып, Тышқан батырмалары (Кнопки мыши) ішкі бетіне өтіңіз.

4. Егер сізге сол қолыңызбен жұмыс істеген ыңғайлы болса, Батырма қызметін ауыстыру (Обменять назначение кнопок) ауыстырып қосқышының тұсына қанат белгі қойып, Қолдану (Применить) командасын орындаңыз.

5. Нұсқаушылар (Указатели) ішкі бетіне өтіңіз. Келтірілген тізімді мұқият қарап шығыңыз.

6. Орын ауыстыру (Перемещение) ішкі бетіне өтіңіз. Егер тышқан бағыттауышы жылдамырақ жылжысын десеңіз Нұсқауғыштың орын ауыстыру жылдамдығы (Скорости перемещения указателя) белгісін оңға қарай жылжытыңыз.

7. Басқару тақтасы (Панель управления) және Тышқан (Мышь) терезелерін жабыңыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: