Тапсырма. 1.Басқару тақтасы (Панели управления) терезесінде Пернетақта (Клавиатура) жарлығын таңдап

1. Басқару тақтасы (Панели управления) терезесінде Пернетақта (Клавиатура) жарлығын таңдап, оны ашып, танысып шығыңыз.

4-сурет. Тілдер және мәтінді енгізу қызметтері.

2. Есеп тақтасындағы клавиатура индикаторының жанама менюін ашып одан Параметрлері (Параметры) бөлігін таңдап ашыңыз. Сонда Тілдер және мәтін енгізу қызметтері (Языки и службы текстового ввода) сұхбат терезесі ашылады. Параметрлер (Параметры) ішкі бетіне өтіңіз. Компьютеріңізде үнсіз келісім бойынша қандай тіл қолданылатын анықтаңыз.

3. Пернетақтаның параметрлері (Параметры клавиатуры) астарлы бетін ашып, қандай батырмалардың сәйкестігімен тіл режимі ауыстырылатын қараңыз. Әдетте <сол жақтағы Alt +Shift> батырмалары болады. <Ctrl+Shift> батырмаларына ауыстырыңыз. Бұл мәтінмен жұмыс істегенде әрбір тілді ауыстыру қажеттігі болғанда тышқанмен ауыстырғанға қарағанда өте ыңғайлы.

4. Қолдану (Применить) басыңыз.

5. Тілдер және мәтін енгізу қызметтері (Языки и службы текстового ввода) сұхбат терезесінің Тілдер тақтасы (Языковая панель) астарлы бетіне өтіңіз. Сонда ашылған Тілдер тақтасының параметрлері (Параметры языковой панели) сұхбат терезесінде Тілдер тақтасын жұмыс үстеліне шығару (Отображать языковую панель на рабочем столе) өрісінде қанатбелгі жоқ болса, оны қойып ОК батырмасына басыңыз.

6. Жұмыс үстеліне (Рабочий стол) оралыңыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: