Тапсырма. 1. HTML-де қарапайым файлды құр

1. HTML-де қарапайым файлды құр.

2. Құрылған Web-беттерiн сақтайтын “Lesson HTML” бумасын құр.

3. Блокнот программасын iске қос.

4. HTML-дiң қарапайым мәтiндерiн Блокнот редакторы терезесiнде теріңіз.

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> HTML-де практикалық жұмыс </TITLE>

</HEAD>

<BODY>

HTML-де құжатты құру алгоритмi

</BODY>

</HTML>

5. Lesson 1.HTM файлымен сақта.

6. Файлды ашудың екi тәсiлi бар: Бiрiншi тәсiл: Құрылған Web-беттi қарау үшiн Microsoft Internet Explorer браузер программасын жүктеңiз де, мына команданы орындаңыз: Файл ® Открыть. “ Открыть ” хабар алмасушы терезе ашылады да, “ Обзор ” белгiсiне басып, қажеттi файлды ашасыз. Екiншi тәсiлi: Lesson 1.HTM файлына курсорды апарып, екi рет тышқанның оң жақ батырмасын бассаңыз, файл ашылады. Аталған әрекеттер орындалғаннан кейiн Сiз экраннан Web-бетiн көре аласыз. Оның атауы браузер жолының жоғарғы оң жақ бұрышында «HTML-де практикалық жұмыс» бейнесiн байқайсыз.

Тапсырма

1. Web-бетiн ашу үшiн мына команданы орындаңыз: Вид®В виде HTML. Блокнот программасы ашылады, онда Web-бетi HTML командасы түрiнде өрнектелген.

2. HTML файлындағы мәтiнге өзгерiстер енгiзiңiз, «HTML-де» «құжатты құру»«алгоритмi» сөздерiн түрлi жолдарға қойыңыз:

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> HTML-де практикалық жұмыс </TITLE>

</HEAD>

<BODY>

HTML-де

құжатты құру

алгоритмi

</BODY>

</HTML>

3. Lesson 1.HTM файлына енгiзiлген өзгерiстердi мына команданы орындау арқылы сақтаңыз: Файл ®Сохранить. Блокнот программасын жабыңыз.

4. Алынған Web-беттi F5 пернесiн басу немесе Вид®Обновить командаларын орындау арқылы Microsoft Internet Explorer браузерде қарай аласыз.

Ескерту:. Web-беттерiне өзгерiстер енгiзгеннен кейiн 2-тапсырмадағы 3 — 4 пункттердi орындаңдар.

Жолдарға өту мен азат жолдарды беру үшiн арнаулы командалар қолданылады. Сонымен қатар, браузерде мәтiндердi форматтауды өзгерту мен мәтiндердiң үзiндiлерiн экранға шығаруға тиым салатын командалар да бар.

Жолдарға өту үшiн <BR> тэгасы, ал азат жолдардан бастау үшiн <Р> тэгасы қолданылады.

Тапсырма

1. Lesson 1. HTM файлына өзгерiстер енгiз:

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> HTML-де практикалық жұмыс </TITLE>

</HEAD>

<BODY>

<B> HTML-де</В> <BR>

<I> құжатты құру </I><BR>

<U> алгоритмi </U>

</BODY>

</HTML>

2.Алынған Web-бетiн қараңыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: