Тапсырма. 1. Іске қосу – Программалар – Стандартты – Блокнот командаларын ретімен орындай отырып, Блокнот мәтіндік редакторын іске қосыңыз

1. Іске қосу – Программалар – Стандартты – Блокнот командаларын ретімен орындай отырып, Блокнот мәтіндік редакторын іске қосыңыз.

2. Төмендегі 1-мысал бойынша мәтін енгізіңіз:

1-мысал. HTML тілінің бірінші бағдарламасының коды.

<HTML>

<HEAD>

</TITLE>

</HEAD>

<BODY>

Бірінші Web-парақша құрылды және Zadanie1.htm атымен бумада сақталады.

</BODY>

</HTML>

Фон құру үшін BODY жалаушасын былыай жазу керек:

<BODY bgcolor=blue text=red>

немесе

<BODY bgcolor=2.jpg text=yellow>.

Бірінші жағдайда фон көгілдір болады, ал мәтін қызыл түске енеді. Екінші жағдайда фон картинкамен 2.jpg атымен, ал мәтін сары түспен беріледі.

3. Өз бумаңызда құжатты Zadanie1.htm атымен және екінші рет Zadanie1.txt атымен сақтаңыз. Zadanie1.htm атымен сақтау алдында тіркелген файл типтеріне арналған ауқымды көрсетпеу жалаушасының босатылғанына көз жеткізіңіз. Ол үшін Іске қосу – Баптау – Бума қасиеті(Свойства папки) – Түр командаларын іске қоу керек. Егер жалаушаны босатпаса, онда Блокнот редакторы автоматты түрде тапсырмалар атына txt ауқымын қосуы мүмкін. Ауқымды ауыстыру керек пе деген сұраққа нақты жауап берілу керек.

4. Zadanie1.htm атындағы таңбашаға екі рет шертіңіз немесе Іске қосу – Программалар - Internet Explorer командаларының көмегімен Internet Explorer бағдарламасын іске қосыңыз немесе Жұмыс үстелінде орналасқан осы бағдарламаның таңбашасының көмегімен орындауыңызға да болады. Содан кейін Файл – Ашу(Открыть) командасын орындаңыз. Шолу(Обзор) батырмасына курсорды апарып тышқанның сол жағын шертіңіз. Бумада сіздің аты-жөніңізбен табылуы тиіс Zadanie1.htm файлын ашыңыз.

5. Бұл файл қалай шыққанын көріңіз <TITLE> және </TITLE> жалаушаларының арасында орналасқан құжат тақырыпшасының және <BODY> және </BODY> жалаушаларының арасына орналасқан негізгі құжатты көріңіз.

6. Internet Explorer бағдарламасының көмегімен құрылған құжат төмендегі келтірілген 1.1-суреттегідей түрге енеді:

Студент Қайырбаевтың бірінші Web-парақшасы Бірінші Web-парақшасы 15.09.06ж. құрылған және Қайырбаевтың бумасында Zadanie1.htm атымен сақталады.

1.1-сурет.Менің бірінші Web-парақшам

Тапсырма

1. Өз бумаңызға Zadanie1.txt атымен файлды көшіріңіз.

2. Осы файлды ашыңыз және <BODY> және </BODY> жалаушасының арсындағы мәтінді өшіріңіз.

3. Бірінші деңгейдегі тақырыпша <H1> және </H1> жалаушасының арасында тұрады, екінші деңгейдегі тақырыпша <H2> және </H2> жалаушасының арасында тұрады. Төменде келтірілген тапсырмадағы мәтінде көрсетілгендей жеке жаңа жол <р> жалаушасынан енгізіледі.

4. <BODY> жалаушасынан кейін жаңа мәтін енгізіңіз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: