Билет № 9. Барыс септік (дательно-направительный падеж) образуется при помощи окончаний -ға, -ге, -қа

Барыс септігі

Барыс септік (дательно-направительный падеж) образуется при помощи окончаний -ға, -ге, -қа, -ке,- на, -не, -а, -е, которые присоединяются к корню или основе сушествительных. Слова в Барыс септік отвечают на вопросы кімге? (кому? к кому?), неге? (чему? к чему? зачем?), қайда? (куда?) и имеют следующие значения:

  1. Направления действия: Жазда ауылға бардым. Летом ездил в аул.
  2. Цели действия: Алматыға оқуға келдім. Приехал в Алмату учится.
  3. Стоимость предмета: Газетті он бес теңгеге сатып алдым. Газету купил за пятнадцать тенге.
  4. Возраст человека: 1995 жылы Абай ақынның 150 жасқа толу тойын тойладық. В1995 году Абаю исполнилось 150 лет. Глаголы келу, толу в значении “достижения человеком какого либо возраста”.
  5. Выражения необходимости: Сабаққа кешікпеу керек. Нельзя опаздывать на занятие. Қыста бізге жылы киіну керек. Зимой нам нужно одеваться тепло.
  6. Выражения разрешения: Кіруге болады. Войти можно. Шығуға болмапты. Оказывается, нельзя было выйти.

Билет № 9

1. АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада дүйсенбіден бастап балаларды тасу кезінде автоорындық қолданбаған 20 жүргізушіге айыппұл салынды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-інде өткен брифингте Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Сабыр Жүсіпбеков айтты.

"Біз Заң күшіне енген алғашқы 10 күнде жүргізушілерге ескерту жасап, алдын алу шараларымен айналыстық. Оқу жылының үшінші тоқсанының басталуын күттік. Қысқы демалыс болып жатқандықтан, ата-аналарға мүмкіндік бердік. Енді осы дүйсенбіден бастап аталған санкцияларды қолдана бастадық", - деп атап өтті ол.

С.Жүсіпбековтің айтуынша, қазір полиция қызметкері жүргізушілерге ескерту жасамайды.

Атыраудың теміржол вокзалы бастан-аяқ қайта жарақтандырылып жатыр. Жалпы құны 670 млн. теңгелік күрделі жөндеуден соң еліміздің батыс қақпасы адам танымастай өзгеретін болады. Атырау теміржол вокзалы 40 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген. Онда тек терминал ғана емес, шатырдан бастап жерасты жолдары, перрон және қосымша қызмет кабинеттері де жаңа кейіпке енеді. Вокзал ішінде ана мен бала бөлмесінен өзге транзиттік жолаушылар үшін 12 жатын жай орналастырылады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін баспалдақ жанынан арнайы көтергіш қондырғы орнатылуда. Жолаушыларды қабылдау мүмкіндігі 500 адамнан 3500-ға дейін көбейеді. Сөйтіп батыстағы басты вокзал желтоқсан айында жаңарған қалпында халыққа қалтқысыз қызмет көрсетпек. Марат Ахметов, мердігер мекеменің жетекшісі: - Вокзал – қаланың қақпасы. Бірінші келген адамның қала туралы ойы вокзал мен аэропортта қалыптасады. Сол себепті көркем Атырау сұлулығын алғашқы сәттен бастап көрсеткіміз келді.

2. Мекен үстеу
Мекен үстеу, қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері де негізінен етістікпен тіркеседі. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, алды-артынан орады, әрі-бері жүрді, жолшыбай ала кетті т. б.
Көмекші есімдер -мағынасы есім сөзге жақын. Зат есімнің мекендік, мезгілдік, мағынасын дәлдеп көрсететін грамматикалық қызметке ауысқан сөздер.

Мыс: алды, арты, жаны, қасы, маңы, тұсы, арқасы, арасы, ортасы, іші, маңы, бойы, беті.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: