Билет № 19. 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы. Мемлекеттік тудың түсі – көгілдір. Көгілдір түс – адалдықтың, тазалықтың белгісі. Тудағы қыран бейнесі – еркіндік белгісі. Ол мемлекеттіктұтастық идеясын білдіреді. Мемлекеттік ту - мемлекетке тән ресми белгілердің бірі. Тудағы ұлттық өрнек қазақ халқының мәдениетін, өнерін білдіреді. Мемлекеттік ту – мекеме үйлерінде, шетелдегі елшіліктер мен консулдықтарда, кемелерде, т.б. жерлерде көтерілетін арнаулы белгі. Мемлекеттік тудың барлық белгілері бар жалаушалар да болады. Олар келіссөз үстелдеріне қойылады, ресми қонақтарды қарсы алу және шығарып салу кезінде машиналарға қадалады.

Сөздік: адалдық-честность, тазалық-чистота, тұтастық-целостность, бейне-изображение, білдіреді-обозначает, елшілік-посольство, келіссөз-переговоры, қарсы алу-встречать, шығарып салу-провожать

Елтаңба

Біздің Елтаңбамыз шеңбер ішінде. Шеңбер мағынасы – тіршілік, шексіз өмір дегенді білдіреді. Елтаңбадағы ең негізгі белгі - шаңырақ. Шаңырақ бар елтаңба тарихта болған жоқ.. Елтаңба композициясында ай мүйізді алтын қанатты қос пырақ бар. Ұлттық өрнек қазақ халқының тұрмысымен тығыз байланысты. Ат, тұлпар – қазақ тұрмысының негізі. Елтаңбадағы ең басты белгінің бірі – бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты. Елтаңбаның негізгі бояуы – алтын түстес.

2. Сын есімнің шырайларын түрлері

Жай шырай шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ. Мысалы, ол ауаның тазалығын, дүниенің кеңдігін, адамның жомарттығын ешқандай салыстырусыз білдіреді.

Салыстырмалы шырай аналит. тәсілмен жасалады, заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.

Күшейтпелі шырайды Төлеуов аналитикалық және синтетмкалық жолмен жасалады десе, Ысқақов осы екі тәсілді шырайдың екі түріне бөліп тастайды, яғни күшейтпелі буын күшейтпелі шырайды, ал күшейткіш үстеулер асырмалы шырайды жасайды деп есептейді. Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен.

Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай.

Кейде шырайлар аралас қолданылып, бірінің үстіне бірі жалғана береді. Мысалы: тым қызылдау, үлкеніректеу. Кейбір зерттеушілер шырай категориясының лексика-грамматмкалық екі түрін ғана (салыстырмалы, күшейтпелі) атайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: