Билет № 18

1. Менің Отаным – Қазақстан. Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан. Бұл – еркін адамдар елі. Қазақстан – таңғаларлық әдемі жер. Мұнда Іле Алатауы, Ертіс, Сырдария, Амудария өзендері және шетсіз – шексіз дала жатыр.. Қазақстан - әртүрлі халық өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел. Еліміздің ұлан – байтақ даласында есепсіз байлық бар, бұл – сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар. Біздің Қазақстанда Азия мен Еуропаның қалаларынан қалмайтын Астана, Алматы және Павлодар сияқты көрікті қалалар бар. Мен Қазақстанды өте жақсы көремін.Егер мұнда келетін болсаңыздар, сіздер де оны жақсы көріп кететіндеріңізге сенімдімін.

2 Қазақ тілінде орыс тіліндегі сияқты айтылмақ ойды дәл ұғуға тек тыныс белгісі ғана көмектеседі. Қазақ тіліндегі тыныс белгілер: нүкте (.), көп нүкте (...), қос нүкте (:),нүктелі үтір (;), сызықша (-), тырнақша («»), жақша (()), жаңа жол (абзац - Z), сұрау белгісі (?), леп белгісі (!),. Осы тыныс белгілерімен қатар, шартты белгілер де бар: дефис (-).

Нүкте (точка) мынадай жағдайларда қойылады:

Аяқталған ойды білдіретін сөйлемнен кейін қойылады:

Бұтақпен ағаш сымбатты,

Ұрпақпен адам сымбатты.

Жаман етікші біз таңдайды.

Егер сөйлемнің ішінде қыстырма сөйлем келсе, ол жақшаның ішіне алынып, соңына нүкте қойылады: Ахкем үйінде қонақ болдың, ішер асыңды іштің. (Ахкем деп ол қайнағасы Тәкежанды айтатын). (М. Әуезов).

Драмалық шығармаларда кейіпкердің атынан кейін және түсінігі ретінде айтылған жақша ішіндегі сөйлемдерден кейін нүкте қойылады: Шуақ. Сіздің үнедемегеніңіз жақсы, үндемеңіз (қалтылдап).

Қос нүкте (двоеточие). Бұл тыныс белгісі де орыс тіліндегідей құрмалас сөйлемнің түсінік берілетін сыңарынан (компонентінен) кейін, төл сөздің алдындағы автор сөзінен кейін, бірыңғай мүшелердің алдынан келген жалпылауыш сөздерден кейін, бірыңғай мүшелерден бұрын тұрған «мысалы», «атап айтқанда» сияқты сөздерден, жеке сөздерден кейін қойылады.

Нүктелі үтір (точка с запятой). Бұл негізінен мағыналық жақтан бір-бірінен жуық бірыңғай сөйлемдардан кейін, құмалас сөйлемдар бір-бірімен тығыз байланысты, бірыңғай болып келсе, т.б. жағдайларда қойылады.

Тырнақша («»). Тура өз мағынасында айтылмаған сөздер, шығармалардан үзінділер алғанда, диалог емес төл сөздер, біреудің сөзінен алынған жеке-жеке сөздер ойын, әдет-салт атаулары, пьеса, кино, музыкалық шығармалар, газет, журнал, кітап, шығарма, өлең, қаулы т.б. атаулар тырнақшаға алынады.

Жақша (скобка) қыстырма сөздер, белгілі бір сөзді түсіндіруде алынған сөз, сөйлемнің қайдан, кімнен алынғанын, ремаркалар, талас, күдікті сөйлемдерді басқа адамға көрсету үшін, алдыңғы сөйлемге қатысты бірыңғай мүшелерді санамалап көрсету үшін қолданылады.

Үтір (запятая) - өте көп қолданылатын тыныс белгілерінің бірі. Ол құрмалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдердің аралығына, сөйлем басында жай дауыспен айтылған иә, жоқ, жә, кәне, рас, қап сияқты сөздерден соң, сөйлемдердің бірыңғай мүшелерінің аралығына, қаратпа сөздерден кейін, қыстырма сөздерден кейін, одағайлар, оңашаланған мүшелерден кейін, төл сөз бен төлеу сөздердің ара жігін ажыратуда т.б. жағдайда қойылады.

Сызықша (тире). Үтір сияқты бұл да көп қолданылатын тыныс белгісі. Сызықша бастауыш пен баяндауыш екеуі де есімдерден болғанда, сілтеу есімдігінен болған бастауыштан соң, бастауыш та, баяндауыш та, тұйық етістіктен болғанда, бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздердің алдынан, төл сөздің диалог түрінің алдынан, жалғаулықсыз қарсылықты салаластың арасына, оңашаланған айқындауыш біреу болмай, бірнешеу болғанда т.б. жерлерде қойылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: