Дезактивтендіру», «дегаздау»

ДЕЗАКТИВАЦИЯ дегеніміз -радиоактивті (РЗ) заттармен ластанған нәрселерді тазалау. Оларды дененің үстінен сыпырып немесе жуып кетіруге болады.Немесе Дезактивация – жұмысшының денесі мен киіміндегі радиоактивті дақтардан жою, сонымен қатар бөлме, лабораториялық жабдықтар, ыдыстар.

Дегаздау – улы объектілердің жұғу дәрежесінің рұқсат етілген нормаларына дейінгі төмендеуі (техниканың, кийімнің, адам терісінің жамылғысы, су және т.б.). Немесе қатты әсер ететін улы заттарды жою, бейтараптандыру немесе оларды үстіңгі бетпен зақымданудың жол берілетін нормаларына дейін немесе толық жою-дегазация деп аталады. Оны жүзеге асыру заттардың сапасына және түрлілігіне байланысты болады. Тағы бір анықтама дегазация – ластанған денелерден УЗ-ды жою.

ДЕЗИНФЕКЦИЯ(ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ) – бұл жұқпалы аурулар мен бактериалдық қоздырғыштардың, вирустық этиологиялардың (тұрғын жайдың үстінен, инвентарларды, қондырғыларды немесе микробтарды, вирустарды, күнделікті қолданатын заттарды препарат ерітіндісімен жуу арқылы жоюдың) алдын-алу шаралар кешені. Еден жуу, сүрту, кір жуу арқылы жұқпалы микробтар жойылмайды. Оларды тек жоғарғы температураны пайдаланып және 2-3 сағат қайнатып қана жоюға болады.

ДЕРАТИЗАЦИЯ – алдын-алу және жойғыш шаралар жүйесі, кеміргіштердің санын азайту мен эпидемиологиялық жағдайда өте қауіпті және экономикалық шығындар әкелуін жоюға бағытталған.

Халықты қалайша санитарлық тазалаудан өткізеді?

Адамдарды санитарлық тазалаудан өткізу дегеніміз – радиоактивті және улағыш заттарды, сонымен қатар адамның терң қабатындағы және сілекелі оболочкалардағы бактериалық заттарды жою. Адамдарды санитарлық тазалау кезінде киімдерге, аяқ киімдерге және жеке санитарлық заттарға дезактивизация, дегазация және дезинфекция жасалады. Өткізу шарттарына, уақыт пен қажетті материалдарға байланысты санитарлық тазалау толық және сирек болып бөлінеді. Адамдарға санитарлық тазалауды сирек өткізу түрі негізінде профилактикалық сипатқа ие. Ол зақымдану ошағындағы химиялық зақымдану кезінде және зақымдану ошағынан шыққаннан кейінгі радиактивті зақымдану кезінде жүргізіледі. Санитарлық тазалауды адамдардың зақымдануын максималды түрде төмендету үшін және алдын алу үшін жүргізеді, әсіресе тері қабаттарының зақымдану деңгейінің жоғары болған кезінде.


20.Зиянды химиялық заттардың жүйеленуін келтіріңіз

Зиянды химиялық заттардың жүйеленуі.

Химиялық өнiмдi жiктеу адамның өмiрi мен денсаулығын сақтауды, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi тиiстi шараларды қолдану мақсатында жүргiзiледi. Химиялық өнiм өндiрiлу және қолданылу процесiнде мынадай қауiп түрлерiн:
1) өрт қаупiн; 2) жарылыс қаупiн;

3) коррозиялық активтiлiктi;

4) уыттылықты төндiруi мүмкiн.
Адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиянды әсер етуi мүмкiн қасиеттерi бар химиялық заттар мынадай санаттарға бөлiнедi: физикалық-химиялық қасиеттерi бойынша:

1) жарылғыш заттар;

2) тез тұтанатын газдар;
3) тез тұтанатын сұйықтар;

4) тез тұтанатын қатты заттар;

5) тотықтырғыш заттар және органикалық пироксидтер;

6) уытты заттар;

7) коррозиялаушы заттар;
уыттылық қасиеттерi бойынша:
1) күштi әсер ететiн улы заттар;

2) улы заттар; 3) зиянды заттар;

4) күйдiргiш заттар;
5) көздiң және (немесе) терiнiң кiлегей қабықшаларының тiтiркенуiн туғызатын заттар;
6) сенсибилизациялайтын әсерi бар заттар;
адамның денсаулығына ерекше әсер етуi бойынша:
1) канцерогендер; 2) мутагендер;

3) ұрпақты болу функциясына уытты әсер ететiн заттар;
қоршаған ортаға әсер етуi бойынша:
1) қоршаған сулы орта үшiн қауiптi заттар; 2) қоршаған ауа ортасы және топырақ үшiн қауiптi заттар.
Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосарлы әсері. Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар. Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді. Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті.


21.«Шу», «діріл» ұғымдарына анықтама беріңіз, ағзаға әсері, олардан қорғану жолдарын сипаттаңыз.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдай – адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттармен қирауларды айтады. Сондай қауіптердің бірі – шу болып табылады. Шу – қалалардағы атмосфераның ластану түрі. Атмосфераның ластануының адам ағзасына өте қауіптілігімен маңызды. Оның жағымсыз әсері шудың белсенділігіне, спектрлік құрамына және әсер ету ұзақтығына байланысты болады. Шудың жазық түрі азырақ әсер етсе, ол тар интервалдағы шу көбірек әсер етеді. Ең үлкен дәрежеде зиян келтіретін шу 3000 – 5000 Гц диапозонды болады. Шу тек қана есту мүшелеріне ғана емес, сонымен қатар адамның жүйке жүйесінің орталығына, жүрек жұмысына, басқа да аурулардың тууына әсер етеді. Дыбыстардың ішінен өте күшті әсер етуші вертолеттер мен самолеттер болып табылады.

Вибрациялар – серпімді дене мен айнымалы физикалық өрістің ықпалында болатын шамалы механикалық толқулар берілу жолдары бойынша, бағыты бойынша, уақыты бойынша классификацияланады. Вибрация жоғары биологиялық іскерлікке ие факторлар қатарына жатады. Әсер тетуші вибрация деңгейімен ағзаның жауап беру реакциялары арасында сызықтық байланыс жоқ. Оның себебі резонанстық байланыс жоқ.

Виброизоляция – вибрация тарапынан қорғаныс. Виброизоляция жасау үшін серпімді материалдардан алынған амортизаторлар қолданылады. Вибрация белгілі бір мөлшерде адам ағзасына жағымды ісер етеді. Алайда вибрациялық потология пайда болады. Бұл вибрация кезінде туындайтын ауру түрі.


22.Лазер сәулесі, ультрадыбыс, инфрадыбыстың ағзаға әсерін көрсетіңіз.

Ультрадыбыс (лат. ultra – шектен тыс, үстінде және дыбыс) – адам құлағына естілмейтін жиілігі 20 кГц-тен жоғары серпімді толқындар. Ультрадыбысты жануарлар (жарғанаттар, балықтар, жәндіктер) қабылдай алады. Ал тербеліс жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыс толқындары инфрадыбыстар деп аталады. Бұл дыбыстарды адам құлағы қабылдамайды, бірақ олар белгілі бір дәрежеде адам организміне әсер етеді. Мысалы, 5 Гц-тен 9 Гц-ке дейінгі жиілік аралығында инфрадыбыстар бауырдың, асқазанның, көкбауырдың тербеліс амплитудаларын арттырады, көкірек қуысында ауыртпалық туғызады, ал 12—14 Гц жиіліктерде құлақта шуыл пайда болады. Инфрадыбыстардың адам организміне кері әсері болғандықтан, олар техникада кеңінен қолданыс таппаған. Алайда инфрадыбыстардың бірнеше жүздеген километрге таралу мүмкіндігі оның әскери мақсатта, балық аулау кәсібінде пайдаланылуына жол ашты. Ультрадыбыстар, керісінше, физикалық және технологиялық әдістерде кеңінен қолданылып отыр. Бұл дыбыстарды адамдар арнайы құралдардың көмегімен естиді және қабылдай алады. Ультрадыбыс толқындарының басты ерекшелігі — оларды дыбыс көзінен белгілі бір бағытта таралатындай етіп бағыттауға болады. Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық тексеру үшін пайдаланылады. Сүйек, май және бұлшық еттер ультрадыбысты түрліше шағылдырады. Электр импульстеріне түрлендірілген бұл шағылған толқындар экранда кескін береді. Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат адамның денесіндегі әртүрлі ауытқулар — қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады. Ультрадыбыстың көмегімен тастар ұнтакталады, металдарды және аса қатты материалдарды кесу және дәнекерлеу жүзеге асырылады. Алайда ультрадыбысты адамның ұзақ уақыт бойы қабылдауы жүйке жүйесіне әсер етеді, қанның құрамының, сапасының және қысымының өзгеруін, бас ауруын тудырады, құлақ та естімей қалуы мүмкін.

Лазерлі құрылғылар, күшті жарық көзі болып табылады, оптикалық диапазондағы электромагниттік сәулелермен, ол қалыпты жарық көздерінен монохромдылығымен, когеренттілігмен, сонымен қатар күн сәулесінен бөлінетін энергияға тең 109 Вт көлеміндегі энергияның жоғарғы қарқындылығымен бөлінуі. Лазерлі сәулелермен сәулелену кезінде ағзада, мүшелерде, тіндерде, тірі жасушаларда дамитын, биологиялық нәтиже, лазерлі сәулелердің арнайы ерекшеліктеріне жатады.


23.Иондаушы сәулелер, олардың ағзаға әсерін, қорғану жолдарын сипаттаңыздар.

Иондаушы сәулелер, олардың түрлері және сипаттамасы. Қазіргі кезде иондаушы бөлшектердің бақылау және тіркеу үшін өте нәзік тәсілдер мен құралдар қолданылады. Иондаушы сәулелер деп электрон, протон, нейтрон, альфа-бөлшек, мезон, фотон және т.б. сол сияқты қарапайым бөлшектер ағынын айтамыз. Бөлшектердің заттың атомындағы электрон немесе ядромен өзара әсерлесу кулондық, электромагниттік, ядролық күштер арқылы жүзеге асады. Мысалы, газдарға түскен иондаушы бөлшектердің әсерінен еркін электрондар мен иондар туындайды. Сәулеленудің үш түрі грек харіпінің алғашқы әріптерімен аталды: альфа, бета және гамма. Кейіннен альфа-бөлшектің гелийдің алты, ондық ядросы; бета-бөлшектің электрон екендігі, гамма-сәуленің электромагнитті сәулелену екендігі анықталды. Радиоактивтік ыдырау кезінде шығатын бөлшек пен гамма-квант заттармен ықпалдаса отыра өз энергиясын иондануға жүмсайды. Осы сәулелердің ортақ термин ретінде мына сөздер пайдаланылады: иондаушы сәулелену, иондағыш радиация немесе жай ғана радиация. Иондаушы сәулелену - элементті бөлшектер ағынынан (электрон, протон, нейтрон, позитрон) және электрон магнитті сәулелену кванттарынан түратын сәулелену, олардың заттар мен ықпалдасуы бүл заттарда әр түрлі заттардың пайда болуына алып келеді. Радионуклид - атомдық салмағы мен атомдық заряды бар радиоактивті заттың атомы. Бірдей зарядтары бар, алайда атомдық салмағы әр түрлі атомдар осы элементтің изотоптары деп аталады. Радон - дәмі мен иісі жоқ түссіз газ, ауадан 7,5 есе ауыр, радийдың ыдырау өнімі болып табылады. Радон жер қыртысынан біртіндеп бөлінеді, алайда оның сыртқы ауадағы жинақталуы көлемнің әр түрлі нүктелері үшін елеулі ерекшеліктерімен көрінеді. Топырақ эмиссиясын қоспағанда минералдық тектегі қүрылыс материалдары: қиыршық ақ тас, цемент, кірпіш және т.б. радон көздері бола алады. Барлық жыныстарда уран мен торий кездеседі. Ал кейбір жыныстарда, мысалы гранитте уран көбірек жинақталуы мүмкін. қүрылыс материалдарына радон радий ыдырағанда пайда болады. Пайда болған радонның бір бөлігі көзге көрінбейтін тесік арқылы ғимаратқа түседі. Егер ғимарат нашар желдетілсе, ал қүрылыс материалдары мен топырақ уран мен радийдың едәуір үлкен мөлшерін бойында үстаса, онда радон үлкен мөлшерде жиналуы мүмкін. Адамның ғимаратта едәуір уақыт болатындығын ескергенде, ол ала алатын тиімді сәулелену дозасы кәсіпқойлар алатын доза жүктемесінен асып түсуі мүмкін.


24.Төтенше жағдай кезінде халықты және аймақты қорғау,

Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады. Оған, адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолдануы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс уақытында қауіп төнген аймақтардағы жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.

Уақытша көшіру шаралары:

*ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін — өндірістік принцип бойынша;

*халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;

*көшіруді ұйымдастыру және меншік көлік иелерінің көліктерін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.

Көшіру жөнінде құлақтандырған соң адамдар өзімен қандай заттарды алуы қажет? Көшіру кезінде бірінші кезекте жасалатын іс-қимыл адамдар өздерімен бірге ең алдымен құжаттар алу керек, одан кейін киім және тамақ алу керек. Жалпы көшіру кезінде өзімен бірге ала жүретін ең қажетті құжаттар: куәлік(паспорт), әскери билет,еңбек кітапшасы немесе зейнеткер куәлігі, оқу орнын бітіргендігі туралы диплом,неке және балалардың тууы туралы куәлік пен ақша. Заттар мен азық-түлік мөлшері оны алып жүретін адамға шақ болуы тиіс. Көлік құралдарымен көшіру кезінде бірге алып жүретін мүлік пен азықтың жалпы салмағы әрбір адам үшін 50-кгнан аспауы тиіс.Ал жаяу жүрген кезде ол әрбір адамның төзімділігіне орай айтарлықтай аз болуы тиіс. Барлық заттар мен азық-түлік тағамдары арқа қапшыққа, қапқа, сөмкелерге, шабадандарға буып салынуға тиіс.Жаяу жүрген кезде оларды алып жүруге ыңғайлы болуы үшін арқа қапшық пен зат салатын қапшыққа салған дұрыс. Жүк пен азық салынған әрбір қапшыққа адамның аты-жөні, тегі, тұрақты мекен-жайы және соңғы барар нүкте жазылған белгі тігіледі. Көшірудің бір түрі уақытша көшіру – бұл ТЖ туындаған немесе қауіп төнген жағдайда халықты қауіпті аймақтарынан қауіпсіз орындарға көшіру. Қоғамыздың өмір сүру деңгейі өзгерді, осыған орай, халықты қауіпті аймағынан көшіру жұмысын ұйымдастыру және уақытша тұрғын орындарымен қамтамассыз ету мақсатымен қонақ үйлердің басшыларына ТЖ туындаған жағдайда көшірілген халыққа уақытша баспана ұсыну, сонымен қатар қауіпсіз аймақтарында орналасқан арнайы – орта және жалпы білім беру оқу орындарының басшыларына көшірілген халықты қабылдау және орналастыру.


25.Электромагнитті сәуленің ағзаға әсері және олардан қорғану шараларын сипаттаңыз.

Электромагниттік сәулелену дегеніміз-электромагниттік өрістердің кеңістіктегі жағдайының өзгерісі. Магнит және электр өрістерінің кез келген өзгерістері қоршаған кеңістікті сүзіп өтетін күш сызықтарының өзгеруін туындатуы керек, яғни ортада таралатын импульстар (немесе толқындар) болу керек. Осы толқындардың таралу жылдамдығы ортаның магниттік және диэлектриктік өтімділігіне тәуелді болып, электромагниттік бірліктің электростатикалық бірлікке қатынасымен анықталады. Компьютерлік техниканың пайда болуы мен қарыштап дамуы қоршаған ортада электромагниттік ахуалдың өзгеруіне алып келді. Компьютерлік техника электромагниттік өрістің сәулелену көзі болып табылады, ал ол өз кезегінде адам денсаулығына қауіп төндіретіні белгілі. Компьютерлік жұмыс орындарының дұрыс ұйымдастырылмауы электромагниттік өрістің адам денсаулығына кері әсер етуіне әкеліп соғады. Компьютердің ең қауіпті бөлігі – монитор. Ол адам ағзасын сәулелендіреді. Медицина өкілдерінің зерттеулері электромагниттік өрістің әсері метаболизм мен электромагниттік баланстың бұзылуына ықпал ететінін дәлелдеген. Ол, сонымен қатар, нерв, жүрек-қан тамырлары, эндокринді жүйе жұмысында да ақаулардың пайда болуына әсер етеді.
Қалта телефонын пайдалан­ған кезде одан бөлі­не­тін элек­тро­магниттік өріс тұты­нушының миына әсер ететіні анықтал­ған. Қал­та телефондарындағы қауіп­сіздік стандарттары ересектер үшін жасал­ған, олар бала ағзасының ерекшеліктерін ес­кер­­мейді. Осы мәселе бо­йынша Ресейдегі тұ­тынушылар құқығын қор­ғау комитеті бала­лардың қалта теле­фо­нын пайдалануын мей­лінше төменгі деңгейге жеткізу мәселе­сін Думада қарас­тыр­мақ.Өйткені қалта телефондарын пайдалану балаларда мидың ісігіне соқтыруы мүм­кін дейді мамандар. Сондықтан жас балалардың қалта телефонымен ойнап, музыка тыңдауына жол бермеу керек. Бала­ларды мей­лін­ше зиянды нәр­се­ден аулақ ұс­таған жөн. Қорғау шаралары радиожиілік диапазондардың электромагниттік өрісінің қоршаған ортаның жай-күйіне әсерін шекті жол беруге болатын-деңгейлердің нормативтерін анықтау мақсатында зерттеу және биологиялық қауіпті және санитарлық қорғау аймағын есептеу әдістемелерін әзірлеу.


26. Компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпті, қорғану шараларын бағалаңыз.

Техникалық дәуір адамзаттың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып қалды. Әсіресе, күнделікті өмірі мен жұмысы төртбұрышты мониторға телмірумен өтетіндер үшін компьютердің маңызы да зор, одан тиер зиян да зор. Бірақ кез-келген мәселенің шешімі бар екенін ұмытпаған жөн. Компьютердің мониторындағы кескіндер адамның көзінің көру өткірлігін нашарлатады. Компьютерлендірудің алғашқы жылдарында дисплейлердiң қолданушыларында ерекше шаршау байқалған. Оның себептерi бiрнешеу: дисплейдегi сурет бақылау объектілерiнiң үйреншiктi көздерiнен принциптi айырмашылығы бар дискреттi нүктелерден тұрады; оның нақтылы жиiлiгi бар, бұл нүктелер жылтылдап, яғни, жана бастайды да, өшедi; компъютердің түрлi- түстi суреті табиғи түстерге сәйкес келмейдi. Компьютермен жұмыс жасаудың пайдалы жағымен қоса зияды жақтарына да тоқталып көрелік. Компьютерде жұмыс істейтін адамдардың денсаулық жағдайына теріс ықпал ететін негізгі факторлар:
• монитордың электромагнитті сәулеленуінің әсері;
• көзге салмақ түсуі,
• шаршау;
• білезіктердің буындарына шамадан тыс салмақ түсуі;
• мәлімет жоғалтуына орай стресс жағдайы.
Адам компьютерде босаң қалыпта отырады, ол денесінің қандай тұрғыда қисайғанына мән бере бермейді. Бұл ағзаға кері әсер етеді; омыртқа, мойын, бастың бұлшық етi, қол және иықтарға артық салмақ түскендіктен балаларда-сколиоз, остехондроз аурулары пайда болады.
Компьютермен жұмыс жасау барысында оның зияндылығынан сақтанудың бірден бір жолы жұмыс үстелі басында дұрыс отыру және жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуында болып табылады. Егер біз әрбір екінші адамның үйінде компьютер барын ескеретін болсақ, ол балалардың болашағы қалай болады деп еріксіз ойланасыз. Қорыта келе айтар болсақ, компьютер,әрине, адам өмірінде өте пайдалы, қажетті құрал. Қазіргі таңда компьютерсіз қоғамды елестетіп көру де мүмкін емес. Дегенмен, компьютердің пайдасына қоса зияны да бар.


27.Сәулелі ауруға сипаттама беріңіз.

Радиоактивті заттармен зақымданған жөрде түрған адам әрдайым сыртқы сәулеге үшырауы немесе сәуле ауруына үшыратуы мүмкін радиоактивті заттардың организмге өту нәтижесінде зақым-дануы ықтимал. Жарық сәулесі күндікінен әлде қайда күшті, ал жарылыс кезінде пайда болған ядролық шар жүздеген километрден көрінеді. Жарық сәулесінің зақымдағыш әсері жарық серпінімен, яғни жарық сәулесі бағытына қарсы орналасқан үстінгі беттегі Ісм2 сәулелену кезінде өткен жарық энергиясының санымен сипатталады. Жарық серпінінің өлшем бірлігіне 1 кал/см2 алынады. 2-4 кал/см жарық серпіні кезінде қорғанбаған адамдарда бірінші дәрежедегі күйік, 4-7,5 кал/см2 кезінде екінші дәрежедегі күйік (бүршіктердің пайда болуы). 5-12 кал/см2 кезінде үшінші дәрежедегі күйік (тері жамылғыларының толық жансыздануы), 12 кал/см2 өнан жоғары болса, төртінші дәрежедегі күйік алады (тері жаппай жансызданып үлбірейді). Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адам популяциясының техногенді-ластанған аймақтарда ұзақ уақыт мекендеуі, олардың тұқым қуалау аппаратының өзгеруіне әкелуі мүмкін. Сондықтан, иондық радиацияның тұрақты төменгі дозасымен сәулеленген популяцияларды бақылаудың ғылыми практикалық маңызы зор. Адамға радиацияның әсері. Адам сәулеленудің екі түріне - сыртқы және ішкі сәулеленуге үшырайды. Сәулеленудің сыртқы көздеріне Галактика жүлдыздарының жарылысы мен күннің қатты сәуле шығару кезінде пайда болатын космостық сәулелену жатады. Космостық сәулелөну дозасы адамға әсер етеді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауаның, азонның қорғаныс қабаттары жүқара түседі, сондықтан да сәлелену жоғары. Космостық иондаушы сәулелену табиғи радиациялық аумақты құрайды, оған жердегі барлық тірі организмдер үшырайды. Сәулеленудің жердегі көздері жер қойнауындағы, атмосфера-дағы, судағы және өсімдіктердегі радиоактивті заттар болып табылады.
Жер шарының көптеген аудандарында дозаның қуаты 4-12 мкр/сағ шегінде болады. Осы аудандарда түратын адамдардың жылдық дозасы 30-100 мбэр (0,03-0, Ібэр).
Табиғи көздерден адамның сыртқы сәулеленуі организмге азық-түлік тағамдары, су мен ауа өткен кезде болады. Балықты көп жейтін адамдар, бүғы етімен қоректенетін солтүстік аудандар түрғындары салыстырмалы түрде сәулеленудің жоғары дозасын алады, өйткені бүл тағамдарда радиоактивті заттардың мөлшері көбірек кездеседі.


28.Өндірістегі өрт кезіндегі халықтың іс-әрекетін көрсетіңіз.

Өндіріс орындарындағы өрт кезінде әр қызметкердің бірінші міндеті болып материалды бағалы заттар мен адамдарды құтқару болып табылады. Өрт шыққан кезде әр қызметкер міндетті:

1. бірден 01 телефонына звондап, жақын маңдағы өрт сөндіруші мекемеге өрт туралы хабарлау және жоғарғы мекемеге, басқармаға жағдайды айту.

2. мекемеден адамдарды шығаруда қолынан келетін іс-әрекеттерін аямау. Адамдарды шығаруды ең алдымен өрт басталған ғимараттан, содан кейін өрттің таралу қаупі бар ғимараттардан шығару керек. 3. эвакуацияланған адамдарды қауіпсіз жерге орналастыру.

4. эвакуциямен қатар шама келгенше өз күшімен және ғимаратта бар өрт сөндіргіш заттармен өртті сөндіруге ат салысу.

5. шақырылған өрт сөндірушілердің бастығына болған жайды дұрыс түсіндіріп бере алатын адамды дайындау.

- өрт шыққан жерге жақындау жолдарын;

- өрт гидранттарының орналасуын;

- жанып, түтінденіп жатқан ғимараттан адамдардың бәрі эвакуация жасалды ма және қай ғимараттарда тағы адамдар бар екендігін.

Егер сіз отырған ғимаратта жарылыс болған болса, ең бастысы – сабырлылық сақтау. Аман шығатыныңызға сенімді болыңыз. Жарылыс болғаннан кейін бұл ғимараттан мүмкіндігінше тезірек шығу керек. Қажетті заттарыңызды жинаймын немесе қоңырау шаламын деп ғимаратта бөгеліп қалмаңыз. Егер сіздің айналаңызда заттар, бөлшектер құлап жатса жедел парта немесе столдың астына заттардың құлауы тоқтағанша тығылып қалыңыз, содан кейін тез арада ғимараттан шығуға тырысыңыз. Лифтпен пайдаланушы болмаңыз! Жарылыстан кейін өрт шыққан болса, сізге мүмкіндігінше төмен иіліп тіпті еңбектеп жүруіңіз керек, бұл жағдайда сіз тезірек ғимараттан шығуыңыз керек. Бетіңізді сулы шүберкпен немесе киіммен орап алыңыз, сол арқылы демалыңыз. Егер ғимаратта өрт болып жатса ал сіздің алдыңызда есік жабық тұрса, оны ашпастан бұран тұтқасын қолмен ақырын ғана түртіп көру керек. Егер тұтқасы ыстық болмаса ақырын ашып, көрші ғимаратта өрт жоқ па деп көріңіз де кедергілер болмаса басыңызды төмен басып сыртқа шығып кетіңіз. Егер түтін мен өрт шығуға кедергі жасаса есікті жауып басқа шығатын жол іздеңіз. Ғимараттан сонымен қатар терезе арқылы шығуға болады. Егер сіз ғимараттан шыға алмасаңыз құтқарушыларға көмек керектігі жайында белгі беріңіз. Бұл үшін киіммен немесе затпен бұлғаңыз


29. Өндірісте жарылыс болған кездегі халықтың іс-әрекетін көрсетіңіз.

Егер сіз отырған ғимаратта жарылыс болған болса, ең бастысы – сабырлылық сақтау. Аман шығатыныңызға сенімді болыңыз. Жарылыс болғаннан кейін бұл ғимараттан мүмкіндігінше тезірек шығу керек. Қажетті заттарыңызды жинаймын немесе қоңырау шаламын деп ғимаратта бөгеліп қалмаңыз. Егер сіздің айналаңызда заттар, бөлшектер құлап жатса жедел парта немесе столдың астына заттардың құлауы тоқтағанша тығылып қалыңыз, содан кейін тез арада ғимараттан шығуға тырысыңыз. Лифтпен пайдаланушы болмаңыз! Жарылыстан кейін өрт шыққан болса, сізге мүмкіндігінше төмен иіліп тіпті еңбектеп жүруіңіз керек, бұл жағдайда сіз тезірек ғимараттан шығуыңыз керек. Бетіңізді сулы шүберкпен немесе киіммен орап алыңыз, сол арқылы демалыңыз. Егер ғимаратта өрт болып жатса ал сіздің алдыңызда есік жабық тұрса, оны ашпастан бұран тұтқасын қолмен ақырын ғана түртіп көру керек. Егер тұтқасы ыстық болмаса ақырын ашып, көрші ғимаратта өрт жоқ па деп көріңіз де кедергілер болмаса басыңызды төмен басып сыртқа шығып кетіңіз. Егер түтін мен өрт шығуға кедергі жасаса есікті жауып басқа шығатын жол іздеңіз. Ғимараттан сонымен қатар терезе арқылы шығуға болады. Егер сіз ғимараттан шыға алмасаңыз құтқарушыларға көмек керектігі жайында белгі беріңіз. Бұл үшін киіммен немесе затпен бұлғаңыз


30. Жанартау атқылауы кезіндегі халықтың іс-әрекетін сипаттаңыз.

Жанартау атқылауы - магма балқымаларының немесе өте ыстық қатты кесектердің, сұйық лавалардың және газ бөлшектерінің жер бетінен көрініс беру процесі. Жанартау атқылауы тек қана лавалардың төгілуімен немесе осы процеспен орайлас өрбитін қопарылыстармен сипатталады, қопарылыс барысында магма құрамындағы газдар және сол магма есебінен қалыптасқан кесектер мен күлдер зор қарқынмен аспанға атылуы ықтимал. Нақ осы жанартау өнімдерінің жер бетінен көрініс беру ерекшелігіне орай жанартау атқылауы экструзиялық, эффузиялық, эксполозиялық және эффузиялық-эксполозиялық (аралас) әрекеттер төрт түрге бөлінеді. Экструзиялық әрекет нәтижесінде өте тұтқыр лавалар жанартау тостағанынан сығымдала көтеріліп, байырғы күмбездерге ұқсас денелер түзеді; жанартаудың эффузиялық әрекеті оның көмейінен көтерілген сұйық лава ағындарының лақылдай төгілуімен сипатталады; жанартаудың эксполозиялық әрекеті жарылыстар мен қопарылыстардың көбеюімен, ірілі-ұсақты кесектер мен күлдердің және жанартау газдарының аспанға атылуымен ерекшеленеді; эффузиялық-эксполозиялық (аралас) әрекет барысында лавалардың төгілуі және ірілі-ұсақты қопарылыстар бір-бірімен алмасып отырады. Жанартау атқылауының үзақтығы бірнеше сағаттан бірнеше жылға дейін, кейде одан да көп уақытқа жетуі мүмкін.Жанартау атқылауының сипатына қарай жарылыстық атқылау, вулкандық типті атқылау, гавайялық типтегі атқылау,пелей типтегі атқылау және т.б. болып сараланады. Жанартау атқылауының күнілгергі белгілері вулкандық жерсілкіну,акустикалық құбылыстар, магниттік қасиеттердің, фумаролдық саздар құрамының өзгеруі және т.б. Белгілі бір ортаны да сол жерге тән емес жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфераның табиғи жлмен ластануы жанартаудың атқылауына (жер шарында бірнеше мың жанартау бар, олардың 500 астамы белсенді), тау жыныстарының үгітілуінен, шаңды дауылдардың тұруынан, орман өрттерінен (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауынан, өлген органзмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты


31. Су басу, сел кезіндегі халықтың іс-әрекетінсипаттаңыз.

Су басу – құрғак жерді уақытша су алу, апаттық құбылыс болып табылатын судың жоғарғы деңгейі. Судың басуынан сақтауды қажет ететін және алу мүмкін емес мүлікті жоғарғы қабатқа, шатырға шығару керек. Үйден /пәтерден/ шығадың алдында электр мен газды ажырату, пешті өшіру, есікі, терезені, ғимараттағы желдету және басқа да саңлауларды нығыздап жабу керек.

Құтқару жұмыстары кезінде, ұстамдық танытып, құтқарушылар талабын қатаң орындау керек. Құтқару құралдарын /катер, қайық,желкен және т.б./ шектен тыс толтыруға болмайды, өйткені бұл адамардың өміріне қауіпті. Көмектің бірінші кезекте балаларға, ауру адамдар мен қарттарға көрсетілетінін есте ұстаға жөн. Суда қалған кезде ауыр киім мен аяқ киімді шешіп, жақында жүзіп жүрген затты пайдалану, көмек күту керек. Жақын маңдағы су баспаған жерге, ағыс қырындай жүзе тұрып бару керек.

Батқан адамға шалқалай жүзіп барған жақсы. Жақындаған оны басынан, иығынан, қолынан, жағасынан ұстап, оны шалқалай жатқызып, бос қолмен аяқты семей отырып жағаға қарай жылжу керек.

Қайықта батқан адамдар ағысқа қарсы, жел соққан кезде жел мен толқынға қарсы жақындау керек. Су кеткеннен кейін үзілген және ілулі тұрған электр өткізгіштерінен, зақымдалған газ желісінен сақтану қажет. Үйге кірерде оның бөлшектерінің су толқынының соққысынан теңселмейтіндігіне көз жеткізу қажет. Судан табылған азық – түлікті тасқынннан кейінгі іркілен суды пайдалануға болмайды.

Сел- тау өзенінің арналарында 3-5 м/с жылдыамдықпен биіктігі 10-20 м дейін (кейбір жағдайларда 40-50 м дейін) жекелеген толқындармен қозғалатын, су мен үгілген материалдар қоспасындағы қасқағым сәтте өтетін тау тасқаны, ол салмағы 300 тонна үлкен тастың өзін оңай дөңгелетіп әкетеді.

Сел қауіпі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіз шаралары:

*Сел қауіпі бар биіктікте қатты нөсер жауа бастаса жылдам кетіңіз.

*Сел тасқынына 50-70 м артық жақындамаңыз.

*Тік жартас пен құлама беткейдің жанына тоқтамаңыз, өйткені тасқынның соққысынан сырғыма мен опырылма түсуі мүмкін.

*Сел арналарымен жүрген кезде адамдардың арасындағы қашықтық кемінде 20-30 м болуға тиіс.

*Сел қауіпі бар арналардың, өзен бөгеттерінің жанына демалуға тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз.

*Сел тасқынның белгісін сезген бойда арнадан қашығырақ кетіп тау беткейі бойынша мүмкіндігінше жоғары көтеріліңіз.


32. Халықтың қар көшкіні, сырғыма, опырылма кезіндегі

Қар көшуі бір қарағанда аяқ асты болатын құбылыс тәрізді. Ал шын мәнінде ол аяқ асты болмайды. Қардың жоғарғы қабатының температурасы -10° және -20° түскен кезде, жерге жақын қар қабатындағы температура 0° болып сақталады (шамамен -2°). Осылайша, қалыңдығы тіпті 40-50 см болатын қар қабатының аралығында температура айырмашылығы болады. Температураның әр түрлі болуының нәтижесінде қардың төменгі қабатында су буының қозғалыстары және қардың булануы басталады. Ақырындап қардың төменгі қабаты қопсый бастап өзінің тұрақтылығынан айрыла бастайды да, қауіпті, көшкінді қар қабатына айналады. Қар көшкінінің пайда болуы үшін бұл себептер аз. Қар көшкіні тек қардың шұғыл тау баурайында (15° тен бастап және жоғары) жинақталған кезінде ғана пайда болады. Әсіресе 30-35° шұғыл жатқан тау баурайларында өте қауіпті, мұнда қар айтарлықтай қауіптілікке жеткенше жиналады, содан барып қар көшкіні жерге қарай сырғиды. Қардыі құлауы жылы кезеңде қар жауғаннан кейін екі күннен кейін жүзеге асады. Қар көшкіні – жер шарының таулы аймақтарына тән табиғи сипат. Опырылмалардың анықтамасы – опырылмылыр деп шұғыл жар беткеәлерінде өзінің тұрақсыздығын жоғалту, байланысының әлсіздеуі салдарынан тау жыныстарының белгілі бір массасының тез бөлініп құлауы (жер, құм, тас, балшық). Тау жыныстарының опырылуы жер асты және жер үсті суларының, желдету процессі әсерінен болады.

Тау жыныстарның опырылуына жер сілкінісі немесе жарылыс салдарынан жер қыртысының сәл ғана қозғалуы және жар шетіне салмақтың көп түсуі себепкер болады. Тіпті опырылманың болуы үшін адам салмағы да жеткілікті. Опырлманың пайда болына сынықтар, олардың қабатты болу сипаты себепкер болады, егер қатты және мақты блоктар арасында балшық болса, оған кішкене су немесе қар тигенде ол әлсіздене бастайды. Сол себепті опырмалар әсіресе жаңбырлы кездері, қар еріген кезде және жарылғыш заттармен жұмыс істеген кездерде жиі болады.

Сырғымалар анықтамасы – сырғымалар деп ауырлық массасы нәтижесінде тау беткейімен төмен жылжитын тау жыныстарын айтамыз. Сырғымалардың пайда болу себептері. Сырғымалар көбіне белестерде, тауларда және жыра сайларда, өзендердің шұғыл жағаларында пайда болады.


33. Халықтың химиялық қауіпті заттардың сырт ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс-әрекетіне алгоритм құрыңыз.

ХҚО жумысшылары мен қызметшілері хабарлау дабылын естіген бойда жеке қорғану құралын киеді.Ең алдымен, оқшауландырғыш ж\е өнеркәсіптік газқағарлар киіледі. Әркім өз жумыс орнында, аварияның жойқын ссалдарын төмендету ушін барлық мумкіндікті жасауға тиіс: электр көздерін дурыс ажыратуды қамтамасыз ету, агрегатты, апаратты тоқтату, технологиялық процесс шарттарына ж\е қауіпсіздік техникасы ережесіне сәйкес газ, бу ж\е су коммуникацяисын жабу. Будан кейін қызметкерлер әзірленген панаханаға жасырынады не зақымдану аймағына шығады. Құрамаға кіретін қызметкерлер авария туралы дабыл бойынша жиналу орнына келіп, химиялық зақымдану ошағын жайлтпау мен жоюға қатысады. ХҚО төңірегінде туратын халық ҚӘУЗ шыққан авария жағдайында хабарлау дабылы мен радио бойынша хабарлауды естіген бойда тыныс алу органдарын қорғауды қамтамасыз етіп, есік пен терезені жабуға, электр қыздырғыш ж\е турмыстық приборларды ажыратуға, пешті сөндіруге, балаларды киіндіруге қажетті киім мен тамақты табуға, көршілерді ескертуге, абыржымай көрсетілген бағытта желге қарсы уйден жылдам шығуға ТЖ жөніндегі нусқайларды алғанаға дейін шыққан жерінен кемінде мың жарым км қаышқтықтағы жақсы желдетілетін участокке баруға тиіс. Газ қағар жоқ жағдайда бірнеше секунд бойы дем алмай, зақымдану аймағынан жылдам шығу қажет. Тыныс алу органдарын қорғау ушін суға шайылған қолда бар мата буйымдарын, киісмнің тері ж\е мақталы жерлерін пайдалануға болады. Зақымдалған орын бойынша қозғалған бойда мына ережелерді сақтау керек: желге қарсы бағытта жылдам қозғалу, алайда, жугіріп, шаңдатпау қажет; жабық аулаларды, шуңқырды, құрылысты, учаскені айналып оту керек: ғимаратқа суйкенбеу ж\е айналадағы затқа тиіспеу; теріде, киімде, аяқ киімде ҚӘУЗ тамшысын байқаған бойда, қағаз ширатпасымен не бет орамалмен оны алу; мумкіндігінше, зардап шеккендерге, балаларға, қарттарға не өз бетімен қозғала алмайтындарға жәрдем корсету керек.


34. АЭС-тегі авария және қоршаған ортаға радио белсенді заттар шығуы туралы хабарланғандағы халықтың іс-әрекетіне алгоритм құрыңыз.

Атом энергетикалық станцияларын пайдалану кезінде бірқатар елдерде жүзден астам авария болып, қоршаған ортаға радиоактивті заттар шығарады. Радиоактивті заттардың ядролық энергетикалық реактордан тысқары шығуының нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін көтеріңкі радиациялық қауіп радиациялық авария деп аталады. Жалпы авариялар ішінде радиациялық салдары АЭС аумағының шекарасына таралады. АЭС-да авария болғанда радиоактивті заттар сыртқы ортаға шыққан кездегі халықтың іс-әрекеті:

1)«Баршаңыздың назарыңызға!» ескеру дабылы берілген бойда радионы, теледидарды қосып, радиоактивті заттар мен шығуымен болған авария туралы хабарды ести сала, екі нұсқадан тұруы мүмкін барлық ескерту шараларын тез, саспай және мұқият орындау қажет;Бірінші нұсқада көрсетілген уақыт бойында қажет шараларды орындау.

2)Тұрғын үй мен өндірістік ғимараттарды және сумен жабдықтау көздерін қамту жөніндегі жұмыстарды орындау;

3)Жеке қорғаныс құралдарын сауатты пайдалану;

4)Қозғалысты шектеу;

5)Цистамин таблеткасын қабылдау арқылы сәуле ауруынан сақтандыру;6)Йодтың немесе калий йодының 3-5 % тұнбасын пайдаланып, йодтық сақтандыруды жүргізу: қолдану схемасы екі жасқа дейінгі балаларды йодтың басымен жеті күн бойы үш рет тамақтан кейін 100 мл суға немесе шайға калий йодының 3-5 тамшысын қосып беру; екі жасқа дейінгі балаларға жеті күн бойында тәулігіне бір рет тамақтан кейін 40 мл 2 жастан жоғары балалар мен ересектерге 125 мл мөлшерде суға қосып ішкізу; судығ азық-түлікті қорғау, оларды шаң мен өтпейтін ыдысқа сақтау; тағам өнімдерін жуып шайып; мал қораларын қымтау; радио мен теледидарды қосып қою; ықтимал көшуге даярлану; (жеке қорғаныс құралдарын, азық-түлік қорын, дәрі дәрмекті, маусымдық киім мен аяқ киімді, іш киімд, құжаттарды, ақшаны, басқа құнды және аса қажетті) заттарды әзірлеу. Екінші нұсқада көшу шараларына қатысу қажет. Яғни шекті нормадан жоғары зақымдалуы мүмкін аймақтан кету. Ғимараттан шығар алдында көшу үшін мұздатқышты тазалап, барлық электр және газ приборларын ажыратып, қоқыс салғышқа жылдам бұзылатын азық-түлікті, сұйықты, қоқысты апару керек.


35. Радиациялық зақымдалу ошағындағы адамдардың іс

Авария - технологиялық процесстердің бұзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Улағыш заттар авариясы кезінде не істеу керек

-тыныс алу органдарын қорғауды қамтамасыз ету қолдағы қорғаныс құралдарымен (суланған орамал, қолғап, мойынорағыш, ескі-құсқы заттар);

- терезені жабу, газды, электржылытқышты және тұрмыстық аспаптарды сөндіру, пештегі отты сөндіру;

- балаларды киіндіріп, қажетті жылы киімдерді және азық-түлікті, дәріқорапты алу, көршілерді ескерту;

- тез және дүрлікпей көрсетілген бағытпен ұйымнан, үйден шығу керек;

- егер Сіз «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» сигналын далада жүргенде естісеңіз, мұндай жағдайда құқық қорғау органдарының қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің нұсқауына сәйкес әрекет ету керек.

ЙОД – бұл ерекше қасиеттерге ие болып келетін химиялық элемент.». Қарапайым йод микробқа қарсы әрекет етеді, оның ерітінділері жараны зарасыздандыруда кеңінен қолданылады. Теріге тиген кезде сілекейлі қабаттар тітіркену әрекетін көрсетіп, организм әрекетіне рефлексті өзгерістер әкелуі мүмкін. Денеге сіңген кезде йод зат айналымына белсенді әсер етеді, диссимиляция процесін күшейтеді. Адам ағзасында йидтың мөлшері өте аз, бар болғаны: 20-30 мг. Йодтың адам ағзасындағы ең басты қызметі – щитовидная железа гармондарын түзуге ат салысу. Ол гармондар кез келген механикалық процесстерді жүзеге асыру үшін ағзаны энергиямен қамтамасыз етуге ат салысады, сонымен қатар толыққанды зат айналымын, биосинтез процессінің қалыпты ағысын, ағзаның дамуы мен өсуін, оның тері қабаттарының жаңарып отыруын қамтамасыз етеді. Радиациялық зақым алғанда қалқанша безінің жұмысы бұзылады, бұл зақымның соғында ағзада қалыпты йод бөлінбей қалады. Сол себепті йодты сыртай қабылдау керек. Йод көптеген ішкі ағзаларға қажет заттардың бірі. Сол себепті де оған деген қажеттілік жоғары. Қолдануды арнайны алдын ала анықталған тәртіппен қабылдаған жөн. Йодпен алдын алу 36ж үшін тұрақты йодпен йодты калиий ерітіндісін қолдану керек. Йодты калиийді тамақтан кейін шаймен, компотпен немесе сумен күніне бір рет 7-10 күн арасында қабылдау керек. 2 жасқа толмаған балаларға 1 рет қабылдау мөлшері- 0,04 грамм. 2 жастан асқан жасөспірімдерге- 0,125 грамм. 2 жасқа жетпеген баларға 5% ерітіндісінің 1-2 тамшысын 100мм сумен қабылдау керек. Ересектер үшін- 5%, 3-5 тамшы. 1 апта бойы 1 рет йод ерітіндісін тырнаққа жағып отыру қажет.


36.Қоршаған ортаға аса қауіпті ауру қоздырғыштар таралғандығы

ТЖ - ның пайда болуы және дамуы көбінесе зардап шегуші халықтың арасында індет аурулары мен жұқпалы аурулардың таралуын арттырады. Стихиялық апаттар мен техногендік сипаттағы апаттар ошағында, сондай – ақ әскери әрекет зоналарында тіршілік ету жағдайы бірден төмендейді, адамдардың көпшілігінде механикалық жарақаттар, күйіктер және организмнің табиғи қарсы тұруын айтарлықтай төмендететін оттың шарпуы, күйзеліс жағдайын туындатады. ТЖ кезінде биологиялық қарудың аса үлкен қоры ай­маққа кең жайылып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда жарақаттанған халық төтенше дәрігерлік – санитарлық көмекті қажет етеді, ұйымдастырудың ең радикалды өзгерісі және басқару органдарының, емдеу – алдын алу мекемелерінің және санитарлық – экономикалық қызметтің жұмыстарының әдеттегі ырғағы талап етіледі. Індетке қарсы шаралар медициналық (емдеу мекемелері, төтенше медициналық көмек орталықтары және т.б.) және меди­циналық емес (құтқарушылар, халық және т.б.) күштермен және қаражат – құралдармен өткізіледі. Әрекеттердің келісілгендігін ұйымдастыру үшін әкімшілік бірақ бір – бірімен байланыссыз әртүрлі атқарушылар, жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың жанынан құрамында әртүрлі ведомостардың мамандары бар санитарлық – эпидамияға қарсы комиссиялар құрылады. Індет процесі жұқпалы аурулардан пай­да болады. Сонымен қатар, жұқпалы аурулардың таралуы жалпы сипаттамаға ие болып, уақыт пен кеңістіктің белгілі бір шекараларында эпидемологиялық ошақ қалыптастырылады.

Инфекция жұғу ошағының пайда болғанда зақымданған аймақта карантин немесе обсервация енгізіледі.

Карантин – зақымдалу ошағын қоршаған халықтан толығымен окшаулауға және ондағы инфекциялық ауруды жоюға бағытталған эпидемияға қарсы және тәртіптік іс – шаралардың жиынтығы. Ошақ айналасында қарулы күзет орнатылады, кіруге және шығуға, сондай-ақ, заттарды алып шығуға тыйым салынады. Жабдықтау арнайы пункттер арқылы, қатаң медициналық қадағалаумен жүргізіледі.

Обсервация – оқшаулау – шығу мен кіруге және қауіпті деп жарияланған аумақтағы адамдардаң қарым – қатынас жасауын шектеуге, медициналық бақылауды күшейтуге, жайылудың алдын алу мен инфекциялық ауруларды жоюға бағытталған шектеулі іс – шаралардың жүйесі. Обсервация аса қауіпті топқа жатпайтын инфекция қоздырғыштарын анықтаған кезде, сондай – ақ карантин аймағының шекарасымен тікелей жанасатын ауданда енгізіледі


37. Аса қаупті ауру қоздырғыштары ауаға таралғанда карантин мен обсервация қалай жүргізілетінін түсіндіріңіз.

Инфекциялық аурулар, соғысқа қарағанда адам өмірін көптеп алып кеткенін статистиканың өзі дәлелдеп отыр. Деректер мен жылнамалар орасан зор аумақты қиратқан және миллиондаған адамды жойып жіберген жан түршігерлік пандемияның сипаттамасын біздің заманымызға дейін жеткізген. Кейбір инфекциялық аурулар тек адамдарға ғана тән: азиялық тырысқақ, шешек, іш сүзегі, бөртпе сүзек және т.б. Сондай – ақ адам мен жануарларға ортақ аурулар да бар: топалаң, маңқа, сарып, туляремия және т.б. Соңдай – ақ эпидемиялар, үлкен санды адам өлімін, елдерде ашарлылық жайлауын, үлкен аймаққа созылатын ірі құрғақшылық тудыратын апатты құбылыс кезінде де орын алады. Инфекция жұғу ошағының пайда болғанда зақымданған аймақта карантин немесе обсервация енгізіледі.

Карантин – зақымдалу ошағын қоршаған халықтан толығымен окшаулауға және ондағы инфекциялық ауруды жоюға бағытталған эпидемияға қарсы және тәртіптік іс – шаралардың жиынтығы. Ошақ айналасында қарулы күзет орнатылады, кіруге және шығуға, сондай-ақ, заттарды алып шығуға тыйым салынады. Жабдықтау арнайы пункттер арқылы, қатаң медициналық қадағалаумен жүргізіледі.

Обсервация – оқшаулау – шығу мен кіруге және қауіпті деп жарияланған аумақтағы адамдардаң қарым – қатынас жасауын шектеуге, медициналық бақылауды күшейтуге, жайылудың алдын алу мен инфекциялық ауруларды жоюға бағытталған шектеулі іс – шаралардың жүйесі. Обсервация аса қауіпті топқа жатпайтын инфекция қоздырғыштарын анықтаған кезде, сондай – ақ карантин аймағының шекарасымен тікелей жанасатын ауданда енгізіледі


38. Бұлшықетке ине шаншу қалай жүргізілетінін түсіндіріңіз.

Бұлшық еттік инъекциялар

Бұлшық етке енгізілген дәрілік заттар тері астылық инъекцияларға қарағанда тезірек сіңіріледі. Бұлшық еттік инъекция жасау үшін көбінесе бұлшық ет қабаттары жақсы дамыған жерлерді таңдап алады: жамбастың жоғарғы сыртқы квадранты, жауырын асты аймағы. Бұлшық еттік инъекция кезінде дәрілік зат тері асты шел қабатына қарағанда тамырлардың көптігінен қанға тезірек түседі. Инъекция жасауға болатын жерді сүйекке бағдарлап анықтауға болады. Бұл үшін 5 бел омыртқаның қылқанды өсіндісінен сан сүйегінің үлкен істігіне дейін ойша сызық жүргізу керек. Құйымшак нерві осы сызықтан төмен орналасқан, және инъекцияны сызықтан жоғары, яғни жамбастың жоғарғы сыртқы квадрантына жасау керек. Инъекция жасағанда науқас бір қырына немесе ішіне жатады, тек түрегеп тұруға болмайды.

1) Спиртке матырылған мақтамен алдымен жоғарғы сыртқы квадранттың үлкен бөлігін, содан кейін инъекция жасайтын жерді өңдейді;

2) Шприцті былай ұстайды: оң қолдың екінші саусағымен поршеньді, бесінші саусағымен иненің канюлясын, ал қалғандарымен цилиндрді ұстайды, поршеннің сабы бос. Шприцті науқастың денесіне тік ұстайды;

3) Инъекция жасайтын жерді сол қолмен тартыңыз;

4) Шприцті теріге тік ұстаған бетте шешімді қимылмен инені канюляға таман Ісм қалтырып, 7-8 см тереңдікке кіргізеді;

5) Сол қолды поршеньге ауыстырыңыз да дәрілік затты енгізіңіз. Майлы ерітіндіні енгізер алдында поршеньді тартыңқырап, қан тамырына түспегеніңізге көз жеткізіңіз, тек содан кейін ғана ерітіндіні енгізіңіз;

6) Спиртке матырылған домалақ мактаны теріге басып, тез қимылмен инені шығарыңыз.

Санның бүлшық етіне енгізгенде шприцті сүйек қабығын зақымдамас үшін, жазатын қауырсын сияқты бұрыштап ұстау қажет.


39. Атмосфера мен литосфераны ластаушы заттардан қорғаушараларын сипаттаңыз.

Белгілі бір ортаны да сол жерге тән емес жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфера ауа қабаты. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына, тау жыныстарының үгітілуінен, шаңды дауылдардың тұруынан, орман өрттерінен, теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауынан, өлген органзмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты. Атмосфераның ластануы табиғи және антропогенді жағдайда жүруі мүмкін. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, я&


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: