Шытынап сыну

Шытынап сыну (жабық сыну) - бұл сынудың жай түрі. Мұндай сүйектің сынған жерінде шытынаған сызат пайда болады. Морт сынудағыдай (күрделі сыну) сүйек бөлініп, үгіліп теріні тесіп жарақаттамайды. Шытынап сыну да ауыртады, сынған жері домбығып іседі. Себебі сүйекте жүйкелер мен қантамырлар болғандықтан, ауырған жері тез білінеді. Мұндай жағдайда қатты таңып, ауырғаны әбден басылғанша тыныштық қалыпты сақтау керек.

Сынған сүйектерді орнына келтіріп салушы адамды сынықшы деп атайды.


47. Реанимация тәсілдерін сипаттаңыз.

Егер адамның аяқасты демалуы мен жүрегінің жұмыс істеуі тоқтап қалса жүргізіледі.
Реанимацияны қалай дұрыс жүргізу керек?
Бірінші минуттен-ақ зардап шеккеннің дем алуын қалыпқа келтіру керек. Бұл үшін еденде жатқан немесе жолда жатқан зардап шегушіге барынша оң қолыңызбен басын артқа жіберу керек, қолыңызды маңдайына қойып, екі саусақпен мұрынын қысу керек. Сол қолдың жұдырығын оның мойнының астына қой немесе буылтық болса, онда екінші қол бос болу үшін буылтықты қойған жөн.
Өзіңізге терең демді алып, бет орамал арқылы зардап шегушінің аузына дем шығарыңыз. Қалыпты дем алу орнына келгенше, ауаны минутіне 16-18 рет ырғақпен алу керек.
Аяқасты жүрек қызметін тоқтатқанда, бірден жүректі жанамалай сылау керек: оңы тегіс, қатты жерге шалқасынан жатқыз. Зардап шегушінің жанына тізе бүгіп тұрып, көкіреутің төменгі үштен бір бөлігіне өзге қолыңыздың алақаны қойылған қолдың үстіне қойыңыз. Минутіне 50-60 рет көкіректі қуатты ырғақпен басыңыз, көкірек клеткасының ашылуы үшін, әр итерген сайын қолды жібер. Көкірек клеткасының алдыңғы қабырғасы 3-4 см терендікке ғана басылу керек.
Жүректің жанама сылауы жасанды дем алумен сәйкес келу керек. Мұндай жағдайда зардап шегушіге 2 немесе 3 адам көмек көрсету керек. Біріншісі жүрекке жанама сылау жасайды, екіншісі – «ауызға ауыз» әдісі арқылы жасанды дем алдырады. Үшіншісі – зардап шегушінің басын оң жағында тұрып ұстап тұрады және жүрекке жанама сылау жасау мен жасанды дем алдыруды үздіксіз жүргізу үшін көмек көрсетіп жатқандардың біреуін ауыстыруға дайын тұруға міндетті. Дем алып жатқан кезде көкірек клеткасын басуға болмайды.бұл шаралар кезекпен жасалады: 4-5 рет көкірек клеткасын басу керек (демді алғанда). Жасанды дем алдыру мен жүректі жанама сылау сәйкестігі клиникалық өлу жағдайындағы адамды реанимация (тірілту) жасаудың қарапайым тәсілі.


48. Клиникалық және биологиялық өлім белгілерін ажыратыңыз.

Мидың өлімі – жүрек жұмыс істеп тұрғанда және өкпені ықтиярсыз желдету кезінде тіркелетін мидың барлық қызметінің толық және біржола тоқтатуы.

Мидың өлімі диагнозын белгілеу үшін мынадай клиникалық белгілердің жиынтықта болуы қажет:

1) естің толық және тұрақты жоқ болуы;

2) өкпені жасанды желдету аппараты ажыратылған кезде өз бетімен тыныстың тұрақты жоқ болуы;

3) барлық бұлшықеттердің атониясы;

4) сыртқы тітіркендіргіштерге және басқа да рефлекстерге жұлынның деңгейінен жоғары тұйықтаушы реакцияның жойылуы (тригеминальды, корнеальды, окулоцефалиялы, окуловестибулярлы фарингеальды, трахеялы нүктелер аймағында қатты ауыртатын тітіркендіргіштерге реакцияның болмауы):

5) қарашықтың тұрақты кеңеюі мен ареактивтілігі және орта жағдайда олардың бекітілуі, (қарашықты кеңейтетін заттар қолданылмағаны, көз алмалары қозғаусыз екендігі мәлім болу керек);

6) гипотензияға тенденция - 80 миллиметр сынап бағанасы және одан төмен, кенеттен болатын гипотермия.

7) Өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратынан қарапайым ажыратумен тыныс алудың жоқтығын тіркеуге жол өз бетімен тыныс алудың болмауы берілмейді, өйткені бұл даму үстіндегі гипоксияның ағзаға, ең бастысы миға және жүрекке зиянды әсерін тигізеді. Ауруды ӨЖЖ аппаратынан ажырату арнайы ажырату тестінің (апноэтикалық оксигенация тесті) көмегімен жүзеге асырылуы керек.

Клиникалық өлім - көрінетін өмір белгілері (жүрек қызметі, тыныс алу) білінбейтін, орталық нерв жүйесінің қызметтері өшетін, бірақ ұлпадағы зат алмасу үдерістері сақталатын, өмір мен өлім арасында шектесетін терминалдық жағдай. Бірнеше минутқа созылып, тіршілік қызметін қалпына келтіру мүмкін болмайтын биологиялық өліммен алмасады.


49. Жүрекке массаж жасау техникасын келтіріңіз.

Жүрекке жабық массаж жасау: жүрекке жабық массаж жасау нәтижесінде әдеттегі қан айналысының 10-30 пайыз қалпына келуі, бұл ми қабығы жасушаларының өліп қалмауына жағдай жасайды. Жүрекке сырттай массаж жасарда зардап шегушіні шалқасынан жерге, үстелге немесе қатты төсекке жатқызады. Кеудесін жоғарырақ көтеріп, ал басын шалқайтып қойған жөн.

Ауру адам клиникалық өлімде болған кезде кеуде бұлшық еттерінің тонусы төмендейді, осы кезде кеудені күшпен басатын болсақ, онда ол 5-6 см-ге майысады да, жүректі қысады. Сонда қан жүретің сол жақ қарыншадан қолқаға құйылып, одан бүіл денеге тарайды, миға барады, жүректің өзін көріктендіреді. Бір мезгілде қан жүректің оң жақ қарыншадан өкпеге барып, оттегімен қанығады. Кеудені басып тұрып қоя берген кезде, ол кеңейіп, қалпына келеді, сол кезде жүрекке көк қан тамыры арқылы қан сорылады. Осыны қайталай беріп қанды тамырларға уақытша жүргізуге болады.

Жүрекке жабық массаж жасау техникасы: көмек көрсетуші сол жағынан тұрады. Төстің төменгі жағына бірінші алақанды төсеп сонан кейін оның үстіне екінші алақанды қойған жөн. Саусақтармен кеудені қатты басуға болмайды, қабырғаларды сындырып алуға болады. Көмек көрсетуші омыртқаға қарай кеудені 4-5 см ығыстырады, массаж жасағанда құтқарушының қолы түзу болу керек. Мүндай қозғалыстар минутына 60-80 рет, балаларға 100-120 рет жасалынады.


50. Өкпені жасанды үрлеу техникасын келтіріңіз.

Өкпені жасанды тыныс алдыру: Алдымен зардап шегушіні қатты жерге жатқызып, басын артқа қарай шалқайтып, егінің астынғы жағын алға қарай жылжытып, науқастың аузын ашу керек. Содан соң салфеткаға оралған саусақпен науқастың ауыз-қуысын тазалау қажет: құсықтан, қаннан, құмнан, жасанды тістен. Тілін шығарып туйреуішпен бекітіледі. Алғашқы көмек кезіндегі жасанды тыныс алдыру. Ол екі әдіспен жүргізіледі: «ауызға-ауыз», «ауыздан-мұрынға».

«Ауыздан-ауызға» дем жіберу үшін, дем беруші бір қолымен маңдайынан басып, науқастың басын артқа шалқайтады да терең дем алып науқастын мұрнын қысып, аузына дем жібереді, содан кейін зардап шегушінің шамалы ауа шығаруына мүмкіндік береді. Дем жібергенде көкірек қуысы 4-5 см көтерілуі керек. Егер ауа өткізетін түтікшелер болса, солар арқылы да дем жіберуге болады. Сондай-ақ арнайы резенкеден немесе пластмассадан жасалған Амбу қапшықтарын қолдануға болады. Егер де реанимацияны бір құтқарушы жүргізсе, онда кеудені 15 рет басқанда өкпеге 2 рет ауа үрлейді.

«Ауыздан-мұрынға» әдіс кезінде зардап шегушінің жағы қарысып немесе жарақаттанған кезде, аузының шырышты қабығы күйікке шалдыққанда қолданылады. Бұл әдіспен жасанды демалуды жүргізу үшін құтқарушы бір қолымен маңдайынан басып зардап шегушінің басын артқа шалқайтады, мұрын қуысын тазалайды, екінші қолымен жақты жоғары көтеріп ауызды жабады. Мұрынға салфетка немесе қол орамал төсеп, ауа үрлейді. Тынысқа ауа беру жиілігі минутына 16-18 рет.

Балаларға жасанды тыныс алдыру кезінде ерінмен ауыз бен мұрынды қатар қамтиды, ауаны азырақ үрлейді, ересектерге қарағанда жиі, баланың жасына қарай. Басқа қолданылатын әдістер Сильвестр, Шефер әдістері.


51. ТЖ кезінде іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуін сипаттаңыз.

Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәні оның тезділігінде және жасалған іс-әрекеттердің тиімділігінде.

Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады:

§ көмекке келер күштердің жүрер жолдарын барлау;

§ жолдағы немес апат орындағы өрттің жайылынуына жол бермеу;

§ апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу;

§ құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру;

§ оларды шығару;

§ зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;

§ халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру;

§ адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазартудан өткізу;

§ территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.

Құтқару жумыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

§ басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;

§ зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);

§ зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;

§ зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру мыналарды қамтиды;

§ өрт сөндіру;

§ коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;

§ тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;

§ осал құрылыстарды күшейту.


52. Күйікке ұшырау, үсікке шалыну кезінде көрсетілетін

Күю - жоғары температура ықпалынан (термиялық күйіктер), қышқыл және сілті (химиялық күйіктер), электр тоғы, иондалушы сәулелену салдарынан болады.

Термиялық күйіктер. Үш түрде ажыратылады: жеңіл, орташа және ауыр. Күйіктің жеңіл түрінде күйіп қалған тері қызарады, қатты ауырады. Ауыр түрдегі күйікте тері күлдірейді, беті қызарады және күлдіреген теріде ақ бөліктер пайда болуы мүмкін. Кең көлемді күйіктерде адам естен танып, күйзелісте болғанда аурудан қатты сенделеді, қашуға тырысады, орнын және жағдайды бағдарлай алмайды. Абыржу тежелумен, көңілсіздікпен алмасады.

Ыстық ауамен, бумен, түтінмен дем алу тыныс алу жолдарының күюіне, көмейдің ісінуіне, дем алудың бұзылуына әкеп соғады. Бұл гипоксияға

әкеледі (организмдегі клеткалар тобына оттегінің жетіспеуі).

Алғашқы жәрдем. Шектеулі термиялық күйікте дереу күйген жерді құбырмен жеткізілетін сумен 10-15 минут уақыт салқындату қажет. Осыдан кейін күйген жерді таза, стерилденген таңғышпен байлау керек. Ауыруды бәсеңдету үшін ауыртпайтын дәрілер қабылдау керек (анальгин, амидопирин және т.б.). Көлемді күйіктерде стерилденген таңғыш байланған соң, азап шеккен адамға ыстық шай ішкізу кажет. Ауыртпайтын дәрілер беріп және жылылап орап, оны тез арада емдеу мекемесіне жеткізу керек. Егер тасымалдау кешіксе немесе ұзаққа созылса, сілтілі-тұз қайнамасының қоспасын беру керек (1 ас қасық қайнатылған тұз және ½ ас қасық ас содасы 2 стақан суға ерітілген). Бірінші 6 сағатта күйгеннен кейін азап шегуші 2 стақаннан кем емес ерітіндіні 1 сағат ішінде алу қажет.

Химиялық күйіктер. Химиялық күйіктерде теріде күлдіреу сирек пайда болады. Күйіктің тереңделуіне және жайылуына мүмкіндік туғызатын киімге сіңген қышқыл және сілті.

Алғашқы жәрдем. Тез арада химикат сіңіп кеткен киімді құрту керек. Теріні ағынды сумен молырақ жуады. Ауыртпайтын дәрілер беріп, азап шегушіні емдеу мекемесіне жібереді.

Үсік алу. Қолды үсік шалғанда саусақтарыңызда жұдырыққа жинап, киім астына салу, қолыңыз жылып, құрғаған соң ғана қолғабыңызды киіңіз. Егер қолқап ішінде қолыңыз тоңса, онда қолыңызды сермеңіз, қолды жұдырығыңызға түймеңіз. Қолыңызды ішіңізге салып жылытыңыз. Егер аяғыңызды үсік шалса,орныңыздан қимылдаңыз. Егер бетіңізді үсік шалса, бетіңізді төмен қаратып, алға жүріңіз, не 10-20 рет еңкейіп, қимыл жасаңыз, үсік шалған бетті жұмсақ матамен сүртуге болады, қармен сүртуге болмайды. Бетіңізді желден қатты матамен жасалған тұлша арқылы сақтауға болады.

53. Жануарлар тістеген, жәндіктер шаққан кездегі іс-әрекетке алгоритм құрыңыз.

Жыланның шағуы

Шаққан кезде жақын орналасқан екі жара, қастарындағы майда жара және ұлы емес тістердің ізі қалады. Кез келген жыланның шағуынан кейін удың қанға кетпеуіне шара қолдану керек. Уды тез арада сорып, түкіріп тастау қаже. Бұл 10-15 минут бойында жалғасады. Зардап шегушіге тыныштық жағдайын жасаңыз. Шаққан кезде қолды жұмулы қалыпта ұстаңыз. Аяқты шаққан кезде бірінші аяқты келесісіне таңып тастаңыз. Сұйықтықты жиі ішіп (шәй, минералды немесе күнделікті су), ауруды бәсеңдететін бір-екі дәрі ішу қажет. Таңу құралын шаққан жерден жоғары тағуға болмайды, тек қана шаққан жерді таңып немесе кесіп, отпен күйдіру қажет.

Кененің шағуы

Кене теріге еніп, оның сілекейі денені салдандырып тастайтын қасиетке ие, сондықтан оны тез анықтауға болады. Терінің нәзік жерлеріне тексеру жасау керек. Кененің сорған жерін келесі жолдармен жояға болады: кененің арқасына кез келген өсімдік майының тамшысын тамызады, одан кейін ақырын қысқашпен қасып, жай қозғалтып алып тастайды. Қысқаш болмаған жағдайда, жай жіпті алап, адамның денесі мен терінің ортасынан айналдырып қысады. Шаққан жерді иод тұнбасымен, спиртпен немесе зеленкамен сүртеді. Шаққан жерді кесіп немесе күйдірудің қажеті жоқ. Алғашқы көмек көрсеткеннен кейін емханаға алып бару артықтық қылмайды.

Улы өрмекшілердің шағуы

Шаққан жер қатты ауырады, ісік пайда болады, теріде ақшыл сұйықтыққа толы құтылар пайда болады. Кене шаққан кездегі профилактика:

Шаққан жерді сабынмен сулап жауып, салқан нәрсе қойыңыз. Шаққан жарді байлап тастаңыз. Ауруды бәсеңдететін дәрі ішу керек. Сұйықтықты көбірек ішіңіз.


54. ТЖ кезінде қолданылатын қорғаныс құралдарыңың жүйеленуін келтіріңіз.

ТЖ аймағында жұмыс атқарып жатқандарға қауіпті және зиянды факторлардың әсер ету дәрежесін болдырмау немесе төмендету үшін қорғаныс құралдары пайдаланылады. Жұмыс атқарушылардың қорғаныс құралдары пайдаланылу сипатына қарай екі түрге бөлінеді:

•топтық қорғаныс құралдары;

•жеке қорғаныс құралдары.

Топтық қорғаныс құралдары арналуына қарай келесі топтарға бөлінеді:

•жұмыс орны мен өндірістік ғимараттардың ауалық ортасын қалпына келтіру құралдары;

•жұмыс орны мен өндірістік ғимараттардағы жарықты қалпына келтіру құралдары;

•иондаушы сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

•инфроқызыл сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

•ултракүлгін сәулеленудің жоғарыланған немесе төменгі деңгейінен қорғау құралдары;

•электормагниттік сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

•жоғарыланған магниттік және электрлік кернеуліктен қорғау құралдары;

•лазерлік сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

•шудың, сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау кұралдары;

•дірілдің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары (жалпы және

жергілікті);

•ультрадыбыстың жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

•инфродыбыстық тербелістің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

•электр тоғымен зақымданудан қорғау құралдары;

•электр қуатының жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

•құрылғы, материал бетінің жоғарыланған немесе төмен температурасынан қорғау құралдары;

•ауаның жоғарыланған немесе төмен температурасынан және температура өзгерісінен қорғау құралдары;

•механикалық факторлардың әсерінен қорғау құралдары (жылжымалы машиналар мен механизмдер;

Жеке қорғаныс құралдары арналуына қарай келесі топтарға бөлінеді:

• оқшаулағыш сырт киім;

• тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары;

• арнайы қорғаныс киімі;

• аяқты, қолды қорғау құралдары;

• басты, бетті, көзді, есту мүшелерін қорғау құралдары;

• биіктен құлаудан қорғайтын және басқа да қорғаныс құралдары;

• теріні қорғайтын құралдар;

• аралас қорғаныс құралдары;


55. ТЖ кезінде қолданылатын тыныс мүшесін қорғайтын жеке бас қорғаныс құралдарын сипаттаңыз.

Қызметтік принцптеріне байланысты тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдары сүзгіш және оқшаулағыш болып екіге бөлінеді. Сүзгіш құралдар ауадағы оттегінің жеткілікті болуы және зиянды заттардың шектеулі мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етсе, оқшаулағыш құралдар ауадағы оттегінің жеткіліксіз болуы және зиянды заттардың шектеусіз мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етеді.

Сүзгіш үш түрге бөлінеді:

•аэрозольдан қорғануға арналған, шаңға қарсы;

•булы газ тектес зиянды заттардан қорғануға арналған, газға қарсы;

•ауада бір мезгілде болатын аэрозольдан және булы газ тектес зиянды заттардан қорғануға арналған, газды шаңнан қорғайтын.

Оқшаулағыш екі түрге бөлінеді:

•шлангты, ауа беруді қамтамасыз етеді, таза аймақтан ауа соруға арналған;

•автономды, ауамен қамтудың жеке көзінен тынысалу қоспаларының берілуін қамтамасыз етеді.

Тыныс алу органдарын аэрозольдан қорғау үшін әр түрлі маркадағы респираторлар қолданылады.Тыныс алу органдарын ауа құрамында болатын булы газ тектес зиянды заттардан және аэрозольдан қорғану үшін респираторлар қолданылады: газға қарсы, сорбитті – сүзгіш, газды шаңнан қорғайтын, клапансыз, бір рет қолданатын. Респираторлар негізінен резеңкелі жартылай маскадан және қуыстық сүзгіштерден (екі сүзгіш секция) тұрады. Қуыстық сүзгіштер қағаздан, матадан, шұғадан (фетра), мақталы материалдардан жасалады.

Автономды - адамды баллондағы тыныс алу қоспасымен қамтамасыз етеді (сығылған ауа немесе оттегі) немесе жұтылған ауаның регенерациялануы есебіндегі оттегісі бар заттардың көмегімен қамтиды.

Шлангті - тынысалу органдарына таза ауа шланг арқылы ауа үрлегіштен немесе компрессордан келеді.

Басты қорғайтын жеке қорғаныс құралдары

Сыртқы әсерлерден – ұсақ заттардың құлауы, жаздағы ашық күннің астында жүргізілетін жұмыс кезіндегі күн сәулесінен және т.б. басты қорғау үшін каскалар (фибрлі, виннипластты, дюралюминді, текстолитті, полиэтиленді, әйнекті пластиктен жасалған), шлемдер, шлемнің астынан киетіндер, бас киімдер, береттер, мен қалпақтарды пайдаланады. Каска корпустан, ішкі қабат пен иек асты бауынан тұрады. Каска корпусының бет пердесі өлшеміне қарай 400 және 460 г. болады.

56. ТЖ кезінде қолданылатын теріні қорғайтын жеке бас қорғаныс құралдарын сипаттаңыз.

Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары. Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары қорғау қызметі бойынша оқшаулағыш және сүзгіш болып екі топқа бөлінеді. Оқшаулағыш құралдардың матералдары газ бен сұйықтықтардың өтуіне жол бермейтін арнайы қабатпен (пленкамен) қапталған.

Сүзгіш қорғаныс құралдары улы заттар буларын залалсыздандыруға арналған, техникалық құраммен сіңірілген, арнайы материалдардан тігілген киім болып табылады. Құтқарушылар арнайы киімдердің ондаған түрлерін пайдаланады. Улы Заттардан қорғану тұрғысынан алғанда келесі топтағы қорғаныс киімдері жоғарғы сұранысқа ие:

• улы заттардан (сұйық, қатты және аэрозольдардан қорғауға арналған) қорғайтын арнайы киім;

• қышқыл ерітінділерінен қорғайтын арнайы киім;

• сілтілерден қорғайтын арнайы киім.

Басты қорғайтын жеке қорғаныс құралдары

Сыртқы әсерлерден – ұсақ заттардың құлауы, жаздағы ашық күннің астында жүргізілетін жұмыс кезіндегі күн сәулесінен және т.б. басты қорғау үшін каскалар (фибрлі, виннипластты, дюралюминді, текстолитті, полиэтиленді, әйнекті пластиктен жасалған), шлемдер, шлемнің астынан киетіндер, бас киімдер, береттер, мен қалпақтарды пайдаланады. Каска корпустан, ішкі қабат пен иек асты бауынан тұрады. Каска корпусының бет пердесі өлшеміне қарай 400 және 460 г. болады. Пайдаланушының талабына сай каскалар респиратор тағылатын құрылғылармен, шуға қарсы құлақ қалқандармен, көз бен бетті қорғайтын көзілдірік қалқанмен жабдықталады. Техникалық талаптарға сәйкес каскалар тік бағытталған энергиясы 80 + 0.2 Дж соққыға шыдамды болуы керек; сонымен қатар корпус шытынамауы және сынбауы керек, сондай – ақ ішкі қабаты да зақымданбауы керек.


57. ТЖ кезінде қолданылатын медициналық құралдарды (АИ-2 қобдишасы, ИПП) сипаттаңыз.

АИ-2 жеке қобдишасы өзіне және басқаларға көмек көрсетуге арналған, улағыш, химиялық және радиациалық заттардың зақымдаушы әсерін азайтуға және алдын алуға бағытталған. Қобдишада пластмас футлярларда 90х100-20 мм көлемде 130 г салмақпен рет-ретімен орналасқан медициналық заттар жиынтығы бар.

Қобдиша құрамы: Бактериаға қарсы №2 дәрі-дәрмек - сульфадиметоксин. Реңсіз келген үлкен пенал. Сәулеленуден кейін ішек-қарын аурулары кезінде қабылдайды.

№1 радиациядан қорғаушы дәрі-дәрмек - цистамин. Малина түсті екі пенал. Сәулелену қаупі кезінде пайдалану керек.

№1 бактериаға қарсы дәрі-дәрмек - тетрациклин. Реңсіз келген квадратты корпусты екі пенал. Бактералық улану мен қауіп кезінде және жарақаттар мен күйік алған кезде пайдалану.

№2 радиациядан қорғаушы дәрі-дәрмек – йодты калий. Ақ түсті пенал. Радиоактивті жауыннан кейін балалар мен үлкендер күніне 1 дәріден 10 күн қатарынан ішу керек, тағамды пайдаланған кезде жаңа сүтпен бірге пайдалану керек.

Жүрек айнуға қарсы дәрі-дәрмек - этаперазин. Көк түсті пенал. Сәулеленуден кейін бірден 1 дәрі ішу керек, сонымен қатар бас зақымдалғаннан кейін және жүрек айнуы пайда болған кезде. Кепілді сақтау мерзімі: 3 жыл. Қобдишаларды жылу берілетін склад қоймаларында, жылу көзінен 1 м қашықтықта 1 ден 20 градусқа дейінгі тепмературада сақтайды.


58. Радиациялық барлау құралдарының жұмыс істеу принципін келтіріңіз.

Радиологиялық барлауды жүргізу үшін құтқарушылар арнайы құралдарды (ДП-5А, ДРГ- 01Т, ДП- 22В) пайдаланады. Арнайы шамаларға радиоактивті сәулелену және қозғалу мен қорғану құралдарының әлсіздену коэффиценті жатады. Өлшеулер әрбір 50-100 м сайын қайталанып отырады. Бұл кезде құрал жер деңгейінен бірдей қашықтықта (10-15) болуы керек. Топырақтың, судың, құрылыстың ластануының дәл деңгейін алу үшін барлаушылар ластану аймағынан тыс жерлерде зерттелетін үлгілер алады. Үлгіні радиация деңгейі ең жоғары жерден алу керек. Әрбір өлшеу нәтижесі, дәл уақыты тіркеу журналына енгізіледі.

Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай АҚ құзырына жатады, олар мынаны қамтиды:

• қорғаныс ғимараттарындағы, панаханалардағы ауаны құралдармен сүзу және айдау;

• радиациялық барлау приборларымен (ДП 5В, ИПД 21);

• химиялық барлау приборларымен (ВПХР, ПХР, ХУЗ) мөлшерін анықтайтын индикаторлық түтікшелермен;

• залалсыздандыруды осы құралдарды әзірлікте ұстау;

• радиациялық және химиялық аухалды анықтау мен бағалау;

• радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жою;

• халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану туралы хабарларды, азық-түліктің, мал мен өсімдіктердің ластануына жол бермеу және оларды залалсыздандыру:

Радиациялық қауіпті объекті – ғылыми, шаруашылық немесе қорғаныс объектісі, апаттар немесе бүлінушіліктер кезінде адамдардың, хайуанаттардың, өсімдіктердің жаппай радиациялық зақыдануға ұшырауы және қоршаған ортаның радиоактивті ластануы мүмкін.

Радиациялық апат- радиоактивті өнімдердің тасталуының немесе иондаушы сәулеленудің РҚО аумағын тиімді пайдалануға арналған жобада қарастырылғандағыдан артық мөлшерде шығуына байланысты болған апат.


59. Химиялық барлау құралдарының жұмыс істеу принципін келтіріңіз.

Химиялық барлау ауаның, су көздерінің, халық шаруашылығы нысандарының химиялық ластану деңгейін анықтайды. Ол химиялық барлаудың әскери құралдарын және халық шаруашылығы нысандарында индикациялау үшін қолданылатын құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асады. Зақымдану ошағында химиялық бақылау жүргізгенде улы заттар мөлшері әрбір 20-30 м сайын анықталады. Ауа үлгілері улы заттар табылған жерлерден алынады. Химиялық барлау жүргізгенде улы заттар көп жиналуы мүмкін жерлерге (құдықтар, шахталар, қазандықтар) аса назар аударылады. Барлау нәтижелеріне байланысты әрбір ғимарат, құрылыс, тұрғын үй үшін ластану картограммасы құрылады. Егер радиация деңгейі жоғары болса, мекен ластанған деп есептеледі. Улағыш заттардың әсеріне ұшыраған аумақ химиялық зақымдау аймағы болып табылады. улы заттар шығаратын, сақтайтын, немесе пайдаланатын шаруашылық объектілері химиялық қауіпті объектілер деп аталады. Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар мынадан болуы мүмкін: қондырғының жұмыс істемеуінен, қызметшілер қатесінен, пайдалану тәртібінің бұзылуынан. Химиялық зақымдану аймағына улы заттар төгілген орынмен улаушы концентрациядағы улы заттары бар бұлт тараған аумақ кіреді. Химиялық зақымдау аймағы зақымдалған бұлттың таралуының тереңдігі менжәне енімен сипатталады. Залалсыздандыру топтары ең алдымен химиялық ластану ошағын оқшаулайды, нысандарға жету жолдарын дегазациялайды, зақымдалған орындардан адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізеді.


60. ТЖ кезінде қолданылатын ұжымдық қорғаныс құралдарын сипаттаңыз.

ТЖ аймағында жұмыс атқарып жатқандарға қауіпті және зиянды факторлардың әсер ету дәрежесін болдырмау немесе төмендету үшін қорғаныс құралдары пайдаланылады. Қорғаныс құралдарының нақты түрін таңдау аталған үрдіс немесе жұмыс түріне қойылатын талаптарды есепке ала отырып жүргізілуі керек. Жұмыс атқарушылардың қорғаныс құралдары пайдаланылу сипатына қарай екі түрге бөлінеді:

1. ұжымдық қорғаныс құралдары;

2. жеке қорғаныс құралдары.

Ұжымдық қорғаныс құралдары арналуына қарай келесі топтарға бөлінеді:

•жұмыс орны мен өндірістік ғимараттардың ауалық ортасын қалпына келтіру құралдары;

•жұмыс орны мен өндірістік ғимараттардағы жарықты қалпына келтіру құралдары;

•иондаушы сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

•инфроқызыл сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

•ултракүлгін сәулеленудің жоғарыланған немесе төменгі деңгейінен қорғау құралдары;

•электормагниттік сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

•жоғарыланған магниттік және электрлік кернеуліктен қорғау құралдары;

•лазерлік сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

•шудың, сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау кұралдары;

•дірілдің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары (жалпы және

жергілікті);

•ультрадыбыстың жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

•инфродыбыстық тербелістің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

•электр тоғымен зақымданудан қорғау құралдары;

•электр қуатының жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

•құрылғы, материал бетінің жоғарыланған немесе төмен температурасынан қорғау құралдары;

•ауаның жоғарыланған немесе төмен температурасынан және температура өзгерісінен қорғау құралдары;

•механикалық факторлардың әсерінен қорғау құралдары (жылжымалы машиналар мен механизмдер;

•өндірістік құрылғылар мен құралдардың жылжымалы бөліктері;

•қозғалмалы құралдар мен дайын заттар, материалдар;

•конструкция бүтіндігінің бұзылуы, құлаған тау жыныстары;


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: