курс Жалпы медицина

1. Көкірек қуысының қай бөлігінде айырша без (тимус) орналасқан?

а) +Кеуде қуысының жоғарғы төстік бөлігінде

б) Кеуде қуысының жоғарғы жүректік бөлігінде

в) Кеуде қуысының төменгі төстік бөлігінде

г) Кеуде қуысының төменгі жүректік бөлігінде

д) Кеуде қуысының ортаңғы жүректік бөлігінде

2. Тимомегалия кезінде кардио-тимино-торакальдық индекс тең?

а)индекс 0,38ге

б) +индекс 0,38ден жоғары

в) индекс 0,38ден төмен

г) индекс 0,30дан жоғары

д) индекс 0,30ға тең

3. Лимфа түйіндерінің қалыпты жағдайда орташа өлшемі қанша деп қабылданған?

а) +10мм дейін

б) 10-15мм

в) 11мм

г) 15-20мм

д) 25-28мм

4. Лимфа түйіндерінің шетіндегі жиек бойында анэхогеннің пайда болуынені көрсетеді?

а) ағзаға ісіктің енгенін

б) +реактивті ісіктің пайда болғанын

в) майлы сіңбені

г) қабыну үрдісін

д) іріңдеуді

5. Көкбауырдың ауыр түрде қабынуы кезінде эхографияда не бейнелейді?
а) + көкбауыр өлшемі үлкейгенін,шеті дөңгелектенгенін,біркелкі ұсақ түйіршіктердің болуын және эхогеннің төмендеуін

б) көкбауыр өлшемі үлкейгенін,шеті үшкірленгенін, біркелкі ұсақ түйіршіктердің болуын және эхогеннің жоғарылағанын

в) көкбауыр өлшемі үлкейгенін,шеті дөңгелектенгенін,біркелкі емес құрылымын,эхогеннің жоғарылағанын

г) көкбауыр өлшемі үлкейгенін, шеті үшкірленгенін, біркелкі емес құрылымын, эхогеннің төмендеуін

д) көкбауыр өлшемі кішірейгенін, шеті үшкірленгенін, біркелкі емес құрылымын, эхогеннің төмендеуін

6. Көкбауыр жыртылуында эхографиялық қосымша белгілер қалай білінеді?

а) +Дуглосово төңірегінде сұйықтықтың болуы

б) Жыртық төңірегінде капсуланың гиперэхогені

в) Жыртық төңірегінде капсуланың гипоэхогені

г) Жыртылу аймағында дисталдық күшею

д) Жыртылу аймағында дисталдық азаю

7. Көкбауырдың дистопиясы бұл:

а) Дене жағдайының өзгерісі кезінде көкбауырдың жылжымалылығы

б) +Ұрықтану кезінде көкбауырдың дұрыс орналаспауы

в) Көкбауырдың өлшемі үлкейіп,паренхимасының қалыпты болу

г) Көкбауыр өлшемінің үлкеюі

д) Қалыпты жағдай

8.Ультра дыбысты зерттеу суреті созылмалы лимфаденитте бейнелейді?

а) +лимфа түйіндерінің өлшемін үлкеюін,эхогеннің түбегейлі төмендеуін

б) лимфа түйіндерінің өлшемін кішіреюін,эхогеннің түбегейлі төмендеуін

в) лимфа түйіндерінің өлшемін үлкеюін,эхогеннің түбегейлі жоғарлауын

г) лимфа түйіндерінің өлшемін кішіреюін,эхогеннің түбегейлі төмендеуін

д) ешқандай өзгеріс болмайды

9.Ультра дыбысты тексеруге созылмалы лимфаденит диагнозы бар 29 жастағы науқас келді,тексеру барысында анықталды: лимфа түйіндерінің өлшемдері айтарлықтай ұлғайғаны, анэхоген және эхогеннің түбегейлі төмендегенін,датчикпен басып тексергенде айтарлықтай ауыру сезімі барын,осы жағдай нені көрсетеді?

а) шықшыт лимфа түйіндерінің метастатикалық бұзылысын

б) шықшыт лимфа түйініндегі созылмалы лимфаденит

в) +шықшыт лимфа түйініндегі ірің араласқан созылмалы лимфаденит

г) қалыпты жағдайдағы шықыт лимфа түйіндерін

д) шықшыт лимфа түйініндегі Ходжкиндік лимфома

10.Кеудедегі ағзаларды рентгендік шолу кезінде 23 жастағы ер адамнан анықталды: сол жақ өкпесінде – дөңгелек көлеңке,биік әрі айқын,өлшемі 1см 0,9 бұл сурет қандай патологиялық жағдайға сәйкес келеді?

а) +көкірек ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

б) инфекциялық мононуклеаз

в) Ходжкин лимфомасы

г) созылмалы лимфоденит

д) саркойдоз Бека

11.Көкбауыр сол қабырға маңының қай деңгейінде орналасқан?

а) 6 дан – 9 қабырғаға дейін

б) +9дан – 11 қабырғаға дейін

в) 5тен -8қабырғаға дейін

г) 8ден -10 қабырғаға дейін

д) 7ден -9 қабырғаға дейін

12. УДЗ кезінде көк бауыр капсуласы мына түрде көрінеді:

а) қалыңдығы 2-3ммдейн үзікті гиперэхогенді сызықты құрылым

б)қалыңдығы 3-4 мм дейн үзікті гиперэхогенді сызықты құрылым

в) +қалыңдығы 2-3 мм дейн үзіксіз гиперэхогенді сызықты құрылым.Қақпасынан басқа барлық контуры

г) қалыңдығы 5 мм дейн үзіксіз гиперэхогенді сызықты құрылым. Қақпасынан басқа барлық контуры

д) қалыңдығы 1см дейн үзікті гиперэхогенді сызықты құрылым

13. Көкбауыр паренхимасының құрылымын қалыпты жағдайда

а) біртекті емес, майда түйіршікті

б) +біртекті, майда түйіршікті

в) біртекті, гипоэхогенді ошақпен

г) біртекті, шұңқырлы

е) біртекті, ірі түйіршікті

14. Созылмалы сплениттің эхографиялық сипаты

а) +көкбауыр өлшемі қалыпты, паренхима құрылымы «ала», көптеген біркелкі емес орналасқан, пішіні мен өлшемі жағынан әртүрлі гиперэхогенді қосындылар.

б) көкбауыр өлшемі үлкейген, паренхимасы гипоэогенді көптеген анэхогенді ошақтармен айқын түзу шекераларымен, пішіні мен өлшемі әр түрлі.

в) көкбауыр өлшемі күрт кішірейген, паренхима эхоқұрылымы шұңқырлы құрылымға ие болған, дөңгелек форма мен оның түзу шекара және көптеген ауалы кисталар әсерінен.

г) көкбауыр өлшемі өзгермеген, паренхимасы біртекті, гипоэхогенді.

д) шекараларының дөңгеленуі мен мүше паренхимасының диффузды төмендеуі нәтижесінде, көкбауыр өлшемі үлкейген, пішінінің өзгерісі көрінеді.

15. Лимфа түйіндерін іздеуде анатомиялық маркері қызметін атқаратын не?

а) +қантамырлар

б) сүйек құрылымы

в) әр аймақтың ерекше маркері

г) құрсақ аймақ мүшелері

д) кеуде аймақ мүшелері

16. Көкбауыр инфаркты кезінде алғашқы сағаттарда көрінетін көрністері

а) +инфарк болған аймақ үшбұрыш пішінді, эхогенділігі төмендеген.

б) инфарк болған аймақ дөңгелек пішінді, гиперэхогенді

в) инфарк болған аймақ алғашқы тәуліктерде басқа сау тінде визуалданбайды

г) инфаркт аймағы бұрыс пішінге ие болған, анық түзу шекераланған, эхогендігі көтерілген

д)инфаркт аймағы дөнгелек формаға ие болған, сау тінінен бөлінгенгиперэхогенді капсула әсірінен

17. Түтікті сүйектің сүйек кемігін құрайтын бөлігі

а) метафиз

б) эпифиз

в) +диафиз

г) метадиафиз

д) апофиз

18. УДЗ дәрігерге 32 жастағы науқас тұйық құрсақ жарақатын алған соң алғашқы сағатында қаралды. Дәрігер қарап тексерген соң мынандай тұжырымдама берді: көкбауырдың капсуласының жыртылуы. Осы тұжырымдамаға қандай эхографиялық көрініс сәйкес.

а) көкбауыр капсуласы бүтіндігі бұзылмаған, шеттерінде пішіні орақ тәрізі анэхогенді орындар анықталады.

б) көк бауыр паренхимасында дөңгелек пішінді гиперэхогенді аймақтар, капсула бүтіндігі бұзылған.

в)көкбауыр паренхимасы өзгермеген, капсуласы үзік-үзік болып анықталмайды

г)көкбауыр шеттерінде пішіні орақ тәрізді гиперэхогенді аймақтар анықталады.

д)көкбауыр паренхимасында бірнеше гипоэхогенді орындар (аймақтар)

19. Кеуденің жалпы шолу рентгенограммасында тұра бағытта 8 жасар балада: жоғарғы кеуде аралықта төс сүйегі көлеңкесінен сыртқа тегіс томпайған біртекті интенсивті қарайған көлеңке байқалады. Бүйір бағытта қосымша болған көлеңкенің төменгі жағы жүрек қан тамыр шоғыры көлеңкесіне сіңбеленеді. Бұл рентгенологиялық белгі қандай ақауға сәйкес келеді?

а) өкпенің ошақты туберкулезіне

б) + айырша безі гиперплазиясы

в) қалқанша безі гиперплазиясы

г) лимфогранулематоз

д) мадиастенит

20. Көкбауырда екі беткейді ажыратады.

а) асқазандық және бүйректік

б)қабырғалық және висцеральдік

в) +диафрагмалық және висцеральдік

г) диафрагмалық және ұйқыбездік

д) жоғары және төменгі

21. Көкбауырдың пішінімен қалпын, көлемін анықтауға көмектесетін арнайы рентгенологиялық әдіс

а) құрсақтың жалпы шолу рентгеногафиясы

б) құрсақтың тұра бағытталған рентгенографиясы

в) ирригография

г) +пневмонеритонеум

д) пневмоперитонеум

22. Қалыпты бауыр паренхимасының УДЗ кезіндегі құрылымы

а) +майда түйіршікті

б) ірі түйіршікті

в) бөліктерінің эхогенділігі жоғарылаған

г) бөліктерінің эхогенділігі орташа

д) бөліктерінің эхогенділігі төмен

23. Бауыр зерттеуінде қолданылатын датчик жиілігі

а) 2,0 Мгц

б) 5,0-7,5 Мгц

в) +3,5 Мгц

г) 10 Мгц

д) 10-15 Мгц

Жүрек қан тамыр жүйесі.

1. Жүректің негізгі (бастапқы) рентгенологиялық зерттеуі болып табылады:

1. Кеуде торының полипозициялық рентгеноскопиясы

2. тура бағыттағы рентгенография

3. өңешті контрастап кеуде торының үш стандартты бағында рентгенографиясы

4. + өңешті контрастап кеуде торының тура және сол бүйір бағытындағы рентгенографиясы

5. қиғаш бағыттағы рентгенография

2. Веналық іркіліс кезіндегі өкпе түбірінің өзгерісі:

1. өзгермейді

2. өзгермейді, кеңейеді

3. +кеңейеді, бірақ құрылымын жоғалтады

4. Кеңейеді және контуры полициклді болады

5. Асимметриялы болады

3. Тура бағыттағы жүректің көлденең өлшемі – бұл:

1. Жүрек ұшы мен оң жүрек-тамыр бұрышы аралығы

2. Оң кардио-диафрагмалды бұрыш пен жүрек ұшы аралығы

3. Оң жүрекше-тамырлық бұрыш пен оң жүрек-диафрагмалды бұрышты қосатын сызық аралығы

4. + кеуденің ортаңғы сызығына перпендикуляр болатын оң жүрекше мен сол қарынша жасайтын доғалардың ең алыс нүктелер суммасы

5. Қарсы жақтар аралығы

4. Қолқа диаметрінің кішіреюі көбіне анықталады:

1. Қолқа коарктациясы кезінде

2. Қолқалық жетіспеушілік кезінде

3. + митральді тарылу кезінде

4. Фалло тетрадасы кезінде

5. Митральді жетіспеушілік кезінде

5. Өкепе түбірінің «ампутациясы» симптомы анықталуы мүмкін:

1. Қолқа сағасының тарылуы кезінде

2. Қолқа қақпақшаларының жетіспеушлігі кезінде

3. +жоғарғы өкпелік гипертензиясы бар митральді тарылу кезінде

4. қолқа коарктациясы кезінде

5. Митральді қақпақша жетіспеушілігі кезінде

6. Сандық ангиографияны қолданған кездегі контрастық затты енгізу жылдамдығы:

1. Қарапайым ангиография кезіндегідей

2. + қарапайым ангиография кезіндегіден аз

3. қарапайым ангиография кезіндегіден 1,5 есе көп

4. қарапайым ангиография кезіндегіден 2-3 есе көп

5. қарапайым ангиография кезіндегіден 4 есе көп

7. Жүрек қуыстарындағы қанның бағыты мен жылдамдығын тіркейтін әдіс – бұл:

1. + Допплерэхокардиография

2. КТ-ангиография

3. Өңешті контрастаумен қоса жүректің рентгеноскопиясы

4. Ангиография

5. эхоэнцефалография

8. Жүрек қантамырларын зерттеу әдісі:

1. + селективті коронарография

2. аортография

3. к/т урография

4. флебография

5. ОФЭКТ

9. Жүректің жиырылғыштық қабілеті мен қақпақшаларының қызметін анықтайтын негізгі әдіс:

1. селективті коронарография

2. жүректің рентгеноскопиясы

3. + жүректің УДЗ

4. КТ

5. ОФЭКТ

10. Шынайы уақыт режимінде жүрек циклының соңғы-систололалық және соңғы-диастолалық фазаларын анықтайтын әдіс:

1. + МРТ

2. Жүректің рентгеноскопиясы

3. Жүрек УДЗ

4. КТ

5. ОФЭКТ

11. Коронарографияға қарсы көрсетілім болып табылады:

1. Зәрдің үлес салмағының төмен болуы

2. теміртапшылықты анемия

3. + контрасты зат жақпауы

4. В-12-тапшылықты анемия

5. глюкозурия

12. Жүректің митральді конфигурациясының пайда болу себебі болып табылады:

1. + сол жүрекше мен қарынша жұмысының артық болуы

2. оң жүрекше жұмысының артық болуы

3. сол қарынша мен қолқаның өрлеме бөлімі жұмысының артық болуы

4. сол қарынша жұмысының артық болуы

5. үлкен қанайналым шеңберінің жұмысының артық болуы

13. Жүректің аорталды конфигурациясының пайда болу себебі болып табылады:

1. сол жүрекше мен оң қарынша жұмысының артық болуы

2. оң жүрекше жұмысының артық болуы

3. + сол қарынша мен қолқаның өрлеме бөлімі жұмысының артық болуы

4. сол қарынша жұмысының артық болуы

5.үлкен қанайналым шеңберінің жұмысының артық болуы

14. Жүректің митральді тарылуының митральді жетіспеушіліктен айырмашылығының рентгенологиялық көрінісі:

1. + сол қарынша (IV доға) ұлғаймаған

2. сол қарынша (IV доға) ұлғайған

3. қолқа ұзарған

4. Сол жүрекше ұлғаймаған

15. Сол контур бойынша III доғаны мына анатомиялық құрылым жасайды

1. қолқа доғасы

2. жоғарғы қуыс венасы

3. сол қарынша

4. өкпе артериясы

5. +сол жүрекше

16. Жүректі магниттік өрісі 1,0 Тл және одан көп кернеумен МРТ зерттеген кезде мүмкін болмайды:

1. Шынай уақыт режимінде жүректің жиырылғыштығын анықтау үшін

2. Жүрек циклының берілген фазасында түсіру

3. Жүрек қызметінің көрсеткіштерін алу

4. Жүрек өлшемдерін өлшеу

5. + қанның қозғалу жылдамдығы

17. Контрасты затты жүрек қарыншасына тікелей енгізуді қалай атайды?

1. артрография

2. ангиография

3. + вентрикулография

4. дуоденография

5. ангиопульмонография

18. Жүрек және ірі қантамырлардың радионуклидтік зерттеу әдістеріне жататыны:

1. + тепе-теңдік вентрикулография

2. допплерография

3. селективті вентрикулография

4. коронарография

5. ангиография

19. Жүрек шекараларының біркелкі кеңеюі жиі байқалатын жағдай:

1. миокардит

2. миокард дистрофиясы

3. миокардиопатия

4. сұйықтық жиналған перикардит

5. + артериальді гипертензия

20. Жүрек қантамырының тарылу аймағын нақты анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі:

1. + коронарография

2. КТ-ангиография

3. Жүрек МРТ

4. миокард ОФЭКТ

5. селективті вентрикулография

21. Аортография кезінде зерттеу техникасына байланысты болатын жиі асқыну:

1. + қан кетулер және гематомалар

2. спазмдар

3. артерияның тромбозы мен эмболиясы

4. қолқа перфорациясы

5. артерио-венозды фистулалар

22. Ангиография жасалған науқасты қалай тасмалдау керек?

1. +науқасты горизонтальді жағдайда каталкамен медбике немесе дәрігер әкеледі

2. Науқас өзбетінше палатаға келеді

3. науқасты каталкамен өзге нақастар немесе туыстары палатаға әкеледі

4. науқасты медбике немесе дәрігер ілестіріп әкеледі

5. науқасты палатаға көтеріп әкеледі

23. Ашық артериальді өзектің рентгенологиялық белгісіне жатады:

1. + өкпе түбірінің кеңейіп, өкпе суретінің молаюы

2. Өкпе түбірінің тарылуы

3. Аорта доғасының тарылуы

4. Оң жүрекше кеңеюі

5. Өкпе суретінің азаюы

24. Жеке ҚАПД кезінде кездеспейтін рентгенологиялық симптом

1. Өкпе суретінің молаюы

2. Жүрек көлбеуінің кеңеюі

3. Сол жүрекше мен сол қарынша кеңеюі

4. + аорта интенсивті және кеңейген

5. Өкпе артериясы бағанының аневризмалық кеңеюі

25. ЖАПД рентгенологиялық белгісіне жатады:

1. + атриовазальді бұрыштың жоғарыға ығысуы

2. Өкпе суретінің азаюы

3. Кеудеішілік лимфатүйіндерінің ұлғаюы

4. Терең көктамырлардың тромбозы

5. атриовазальді бұрыштың төменге ығысуы

26. Өкпе артериясының жеке стенозының рентгенограммадағы сипатталуы:

1. + сол контур бойынша II доғаның ұлғаюы

2. сол контур бойынша IV доғаның ұлғаюы

3. атриовазальді бұрыштың төменге ығысуы

4. Терең көктамырлардың тромбозы

5. Өкпе суретінің молаюы

27. Миокардтың перфузионды сцинтигрфиясы үшін қандай радиофармпрепараттар қолданылады?

1. Т с 99m

2. I123

3. +TI 201 , Tc - 99 m - sestamibi, Tc-99м- teboroxim, Tc- 99м –tetrofosmin

4. пирофосфат (пирфотех)

5. Р 32

28. Аорта коарктациясы диагнозын қоюда таңдалатын әдіс болып табылады:

1. Коронарография

2. селективті вентрикулография

3. + аортография

4. рентгеноскопия

5. электрокимография

29. Фалло тетрадасы сипатталады:

1. жүректің сол контуры бойынша екінші доғаның батыңқы болуы және өкпе суретінің азаюы

2. өкпе түбірінің кеңеюі мен суретінің молаюы

3. қабырғалардың артқы кесіндісінің төменгі жиегінің кемірілуі

4. өкпе артериясы бағанының аневризмалық кеңеюі

5. атриовазальді бұрыштың төменге ығысуы

30. Оң жүрекше-қарыншаралық қақпақша жармаларының оң қарыншаға қарай ығысуымен, ентігумен, цианозбен, жүрек ауыруымен, систолалық шумен, рентгенограммада жүректің оң бөлімінің басым, сол бөлімінің аздап кеңеюімен сипатталатын жүректің туа болған ақауын атаңыз.

1. Фалло тетрадасы

2. + Эбштейн аномалиясы

3. Фалло триадасы

4. ҚАПД

5. Эйзенменгер синдромы

31. Жүректің рентгеноскопиясын жасағанда миокардтың коромысл тәрізді қозғалысы анықталатын жағдай:

1. ҚАПД

2. Аорта коарктациясы

3. + митральді қақпақша жетіспеушілігі

4. Эбштейн аномалиясы

5. аортальді қақпақша стенозы

32. Жүрек және ірі қантамырлардың рентгеноскопиясы кезінде контрасталған өңештің ығысуы қандай құрылымның ұлғаюы нәтижесінде болады?

1. Өкпе артериясының бағанасы

2. +сол жүрекше

3. Сол қарынша

4. Оң жүрекше

5. Оң қарынша

33. Науқас жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, физикалық жүктеме кезінде ентігуге, жөтелге шағымданады. Аускультацияда – өкпе артериясында II тонның акценті, жүрек ұшында I тонның күшеюі және диастолалық шу. Рентгенограммада – өкпе суретінің шеткі веналық іркіліс түрінде күшеюі, өкпе түбірінің кеңеюі, жүректің сол жиегі бойынша II және III доғаларының томпаюы, контрасталған өңештің артқа ығысуы, сол жүрекше ұлғаймаған, сол жиегі бойынша I доғаның айқын еместігі анықталды. Осы науқаста жүректің қандай ақауы бар?

1. Аорталық қақпақша стенозы

2. Митральді қақпақша жетіспеушілігі

3. Аорта доғасының стенозы

4. +митральді қақпақша стенозы

5. Жүрекшеаралық перденің дефекті

34. Сол жүрекшенің атриомегалиясы анықталуы мүмкін:

1. миокардитте

2. «өгіз жүректе»

3. +митральді қақпақша жетіспеушілігінде

4. Жүрекшеаралық перденің дефектінде

5. митральді қақпақша стенозында

35. Тура бағытта сол жүрекшенің барлық контурының анық көлеңкесі байқалуы мүмкін:

1. гипертония ауруында

2. қарыншааралық перденің дефекті кезінде

3. Фалло тетрадасы кезінде

4. + митральді жетіспеушілік кезінде

5. Митральді стенозда

36. Құрсақ аортасындағы тарылу локализациясын және коллатералдардың жағдайын анықтау үшін тиімді болып табылады:

1. рентгенография

2. ультрадыбыстық зерттеу

3. +аортография

4. Компьютерлік томография

5. томография

37. Қолқа қақпақшасының жетіспеушлігіне тән:

1. + сол қарынша мен аорта диаметрінің кеңеюі

2. Сол қарынша ұлғаймаған, өкпе суреті өзгермеген

3. Оң қарынша кеңейген және өкпе суреті молайған

4. Сол жүрекше ұлғайған және өкпе түбірі кеңейген

5. Оң жүрекше ұлғайған

38. Науқас жүрегінің ауыруына, басының айналуына, талма болуына шағымданады. Аускальтативті – төстен оңға қарай II қабырғааралықта дөрекі систолалық шу. Рентгенограммада – сол жақта IVдоға ұзарып, доғалданған, жүрек ұшының көтеріңкі болуы, жүрек шекараларының солға кеңеюі, жүрек белінің айқындалуы. Бұл қандай ақау?

1. Эбштейн аномалиясы

2. Эйзенменгер синдромы

3. + аортальді қақпақша стенозы

4. аорта коарктациясы

5. митральді стеноз

39. Контрасталған өңеш ығыспайтын жағдай:

1. + перикардит

2. митральді қақпақша стенозы

3. митральді қақапақша жетіспеушілігі

4. қосарланған митральді ақауда

5. ашық атриовентрикулярлы каналдың толық түрінде

40. Жүректің функционалды қызметін объективті тіркейтін әдіс – бұл:

1. томография

2. рентгеноскопия

3. + рентгенокимография

4. МРТ

5. КТ-ангиография

41. Кіші қан айналым шеңберінің артериальдық гипертензиясының жанама белгісі болып табылады:

1.сол қарыншаның гипертрофиясы

2.+оң қарыншаның гипертрофиясы

3.гемосидероз

4.бөлімаралық ісіну

5.оң жүрекшенің гипертрофиясы

42. Дені сау адамның эхокардиографиясында оң қарынша қабырғасының қалыңдығы диастола соңында болуы тиіс:

1. 5 мм дейін

2. 10 мм дейін

3. 2 мм дейін

4.+ 12 мм дейін

5. 3 мм дейін

43. 20 жасар қыз бала жүрегі қағуы, шаршағыштық, физикалық жүктемеге байланыссыз жүрегінің шаншып ауруына шағымданады. Эхокардиографияда митральді қақпақша жармалары қалыңдаған, систола кезінде екі жармасы да жоғары қарай, сол жүрекшенің ішіне қарай еніп кетеді. Мүмкін болатын қорытынды жасаңыз:

1. Митральді қақпақша жармаларының кальцинозы

2. бірлескен митральді ақау

3.+ Митральді қақпақша пролапсы

4. митральді стеноз

5. қалыпты жағдай варианты

44. Алмасу қантамырлары - бұл:

1. +капиллярлар
2. веналар
3. артериялар

4. венулалар

5. лимфа жүйесі

45. 34 жасар науқастың рентгенологиялық зерттеуінен сол жүрекше ұлғаюы, өкпелік гипертензия анықталды. Эхокардиографияның жүректің ұзынша осі бойынша парастернальді проекциясында митральді қақапақшаның алдыңғы жармасының хокке таяқшасы тәрізді диастолалық енуі анықталды. Бұндай өзгерістер мүмкін болатын жағдай:

1. митральді қақапақша жармаларының үзілуі

2. митральді қақапақша пролапсы

3. митральді жетіспеушілік

4. қосымша хорда

5. +митральді стеноз

46. 32 жасар науқас кеудесінде ауыру сезімінің болуына және дене қызуының көтерілуіне шағымданады, эхокардиография жасағанда анықталғаны: перикард жапырақшаларының бөлінуі, сол қарыншаның артқы қабырғасының артында эхонегативті кеңістік анықталады, перикард жапырақшасының қозғалмауы, жүректің эпикардиальді бетінің экскурсиясы жоғарлаған. Мүмкін болатын қорытынды жасаңыз.


1. миокардтың циркулярлық инфаркты

2. митральді қақпақша пролапсы

3. митральді жетіспеушілік

4.+сұйықтық жиналған перикардит

5. құрғақ перикардит

47. 43 жасар науқас Г. кеудесінде ауыру сезімінің болуына және дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Бір өлшемді эхокардиография жасағанда анықталғаны: перикард жапырақшаларының қалыңдауы, перикардтың артқы жапырақшасының эхогенділігінің жоғарлауы. Мүмкін болатын қорытынды жасаңыз.

1.гипертрофиялық кардиомиопатия

2.констриктивті перикардит

3. сол қарынша аневризмасы

4.сұйықтық жиналған перикардит

5.+құрғақ перикардит

48. 34 жасар науқастың жиі басының ауыруына және талмасының болуына шағымы бар, эхокардиография жасағанда анықталғаны: аортальді қақпақша жармаларының қалыңдауы және олардың систолада толық ашылмауы, аортаның айтарлықтай кеңеюі және сол қарыншаның артқы қабырғасы мен қарыншааралық перденің айқын гипертрофиясы. Осы науқасқа төменде аталған қорытындылардың қайсысы сәйкес келеді?

1.Вальсальва синусының аневризмасы

2.аортальді жетіспеушілік

3.+аортальді стеноз

4.аорта коарктациясы

5.аорта аневризмасы

49. Қарыншааралық перденің үлкен емес дефектісін (ҚАПД) анықтауда ақпараттылығы көп бейинвазивті әдісі болып табылады:

1.+Допплер режиміндегі эхокардиография

2.рентгенологиялық зерттеу

3. екі өлшемді эхокардиография

4. электрокардиография

5. аускультация

50.38 жасар науқас Т. митральді стеноз деп диагноз қойылды. Төменде келтірілген әдістердің қайсысының митральді қақпақшаның кальцинозының дәрежесін анықтауға ақпараттылығы басым болады?

1.жүрек қуыстарының катетеризациясы

2.миокард сцинтиграфиясы

3.электрокардиография

4.фонокардиография

5.+эхокардиография

51. 32 жасар науқас С. эхокардиография (екі өлшемді режим, датчиктің парастернальді орналасуы, жүректің ұзынша осі бойынша кесіндісі) жасағанда келесі көрініс анықталды. Мүмкін болатын қорытынды жасаңыз:

1.гипертрофиялық кардиомиопатия

2.+ дилятациялық кардиомиопатия

3. ашық артериальді өзек

4. қалыпты эхокардиограмма

5. митральді жетіспеушілік

52. 25 жасар науқасқа эхокардиография жасағанда (бір өлшемді режим) келесі көрініс анықталды. была выявлена следующая картина. Мүмкін болатын қорытынды жасаңыз:

1.+гипертрофиялық кардиомиопатия

2. дилятациялық кардиомиопатия

3. ашық артериальді өзек

4. қалыпты эхокардиограмма

5. митральді қақпақша пролпасы

53. 22 жасар науқас К. Жүрегінің қағуына, шаршағыштығына, жүрегінде физикалық жүктемеге байланыссыз шаншыған ауыру сезімі болуына шағымданады. Эхокардиографияда: митральді қақпақша жармалары қалыңдаған, систола кезінде екі жармасы да жоғары, сол жүрекше қуысына қарай енеді. Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз:

1. митральді қақпақша жармаларының кальцинозы

2. қосарланған митральді ақау

3.+ митральді қақпаша пролапсы

4. митральді стеноз

5. қалыпты жағдай варианты

54. 32 жасар науқас әйел Ф. физикалық жүктеме кезіндегі ентігуіне, жүрегінің қағуына шағымданады. Науқастың айтуы бойынша балалық шағында оның жүрегінен шу естіген. Эхокардиографияда: өкпе артериясының, оң қарыншаның кеңеюі, жүрекшеаралық перденің жұқаруы анықталған. Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз:

1. қарыншааралық перде дефекті

2. +жүрекшеаралық перде дефекті

3. Фалло тетрадасы

4. Фалло пентадасы

5. Фалло триадасы

55. 37 жасар науқас әйел С. эхокардиография жасағанда (М-режим) анықталғаны: диастола кезінде митральді қақпақшаның алдыңғы және артқы жармаларының бір бағытта қозғалуы; алдыңғы жарманың сол қарынша қуысына диастола кезінде науа тәрізді енуі; митральді қақпақшаның алдыңғы жармасының диастолалық қозғалысының П-тәрізді сипатта болуы, сол жүрекшеден келген қан сызықтық сипатқа ие. Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз:

1. митральді қақпақша жармаларының кальцинозы

2. қосарланған митральді ақау

3. ми тральді қақпақша пролапсы

4. +митральді стеноз

5. қалыпты жағдай варианты

56. Дені сау ересек адамның эхокардиографиясының М-режиміндегі сол қарыншасының соңғы-систолалық өлшемін (ССӨСҚ) көрсетіңіз:

1. 60 мм артық

2. 38-56 мм

3. + 22-37 мм

4. 15-22 мм

5. 13-14 мм

57. Апикальді жету жолында датчик қойылады:

1.+ жүрек ұшы маңына

2. III-IV қабырғааралыққа

3. II-III қабырғааралыққа

4. IV-V қабырғааралыққа

5. V-VI қабырғааралыққа

58. Науқастың ЭХОКГ-де жүрегінің барлық бөлімдерінің дилатациясы анықталды, ол тән:

1.миокардтың жедел инфарктына

2. +Дилатациялық кардимиопатияға

3. МҚ изоляциялық стенозына

4. Аорталдық жетіспеушілікке

5. қалыпты жағдай варианты

59. ЭХО кардиограммада қарыншааралық пердеден келген сигналдарда үзінділер бар, допплеркардиографияда қарыншааралық перде деңгейінде турбулентті систолалық қанағысы тіркелді. Осы көрініс қандай патологияға тән?

1. + ҚАПД

2. ЖАПД

3. Аортальді стеноз

4. МҚ пролапсы

5. Ф1лло тетрадасы

60. Сол жүрекшені бағалау үшін қандай проекция негізгі болады?

1. Тура

2.+ Оң қиғаш

3. сол қиғаш

4. сол бүйірлік

5. оң бүйірлік

61. Баланың ЭХО кардиограммасында аорта декстрпозициясы, өкпе артериясының стенозы және қарыншааралық перде дефекті оң қарынша миокардының гипертрофиясымен бірге анықталды. Осы өзгерістер қандай жағдайға тән?

1. ҚАПД

2. +Фалло тетрадасы

3. ЖАПД

4. митральді стеноз

5. МҚ пролапсы

62. Балалар эхокардиографиясындағы датчиктің тиімді жиілігі:

1. 1,0 – 7,5 МГц

2. 2,5-7,5 МГц

3. +5,0-7,5 МГц

4. 7,5- 10 МГц

5 3,5 МГц

63. Дені сау ересек адамның эхокардиографиясының М-режиміндегі оң қарыншасының соңғы-диастолалық өлшемін (СДӨОҚ) көрсетіңіз:

1. 60 мм артық

2. 38-56 мм

3. 20-35 мм

4. +15-22 мм

5. 13-14 мм.

64. Парастернальді жету жолымен сол қарыншаның ұзын осін алу үшін датчикті қалай орналастырады?

1. +III-IV қабырғааралыққа

2. II-III қабырғааралыққа

3. IV-V қабырғааралыққа

4. V-VI қабырғааралыққа

5. мойындырық ойысқа

65. Аталған эхокардиографиялық белгілердің қайсысы сол атриовентрикулярлық тесік стенозына тән емес?

1. митральді қақпақшаның алдыңғы жармасының сол қарыншаға диастолалық енуі

2. митральді қақпақшаның алдыңғы жармасының диастолалық қозғалысының П-тәрізді сипатта болуы

3. диастола кезінде митральді қақпақша жармаларының бір бағытта қозғалуы

4. сол жүрекшеден келген қан сызықтық сипатқа ие

5.+ сол қарынша қуысының дилатациясы

66. Аталған эхокардиографиялық белгілердің қайсысы инфекциялық эндокардит белгісі бола алады?

1. +аорта немесе митральді қақпақшада вегетациялар болуы

2. қақпақша жармасының жыртылуы немесе перфорациясы

3. лақтыру фракциясы 55% төмен

4. жүрек қуыстарының кеңеюі

5. қақпақша хордасының үзілуі

67. Эхокардиографияның артықшылығына жатпайды:

1. скрининг үшін қолдануға болады

2.+ Арнайы дайындықты талап етпейді

3. Науқаста ауыру сезім болмайды

4. биологиялық қауіпсіз

5. Жылдам зерттеу

68. Эхокардиографияда сол қарыншаның ұзынша осі бойынша парастернальді жету жолында анығырақ зерттелетіні:

1. аорта доғасы, өкпе артериясының оң тармағы, жоғарғы қуыс венасы

2. төменгі қуыс венасы, бауырлық вена және құрсақ аортасы

3. жүректің сол және оң бөлімдері

4. жүректің оң бөлімдері

5.+ жүректің сол бөлімдері

69. Эхокардиографияда супрастернальді жету жолында анығырақ зерттелетіні:

1.+ аорта доғасы, өкпе артериясының оң тармағы, жоғарғы қуыс венасы

2. төменгі қуыс венасы, бауырлық вена және құрсақ аортасы

3. жүректің сол және оң бөлімдері

4. жүректің оң бөлімдері

5. жүректің сол бөлімдері

70. Эхокардиографияда апикальді төрт камералық позицияда анығырақ зерттелетіні:

1. аорта доғасы, өкпе артериясының оң тармағы, жоғарғы қуыс венасы

2. төменгі қуыс венасы, бауырлық вена және құрсақ аортасы

3.+ жүректің сол және оң бөлімдері

4. жүректің оң бөлімдері

5. жүректің сол бөлімдері

71. Митральді қақпақшаның алдыңғы жармасының диастолада «хоккей таяғы» тәрізді иілуі жиі тән болады:

1. Митральді қақпақшада вегетациялар болуына

2. Митральді қақпақшаның үзіліп кетуіне

3. Митральді қақпақшаның пролапсына

4. Митральді қақпақша жетіспеушілігіне

5.+ Митральді қақпақша стенозына

72. Эхокардиограф датчигі жүректің ұзынша осі бойынша субкостальді жету жолында қай жерге орналыстырылады?

1. Жүрек ұшының жоғарғы жағында ультрадыбыстық сәуле жүректің ұзындығын бойлайды

2. Төстен солға қарай 3-5 қабырғааралықта орталық ультрадыбыстық сәулені төменге қарай бағыттайды

3. Төстен солға қарай 3-5 қабырғааралықта орталық ультрадыбыстық сәулені солға қарай бағыттайды

4. Төстен солға қарай 3-5 қабырғааралықта кеуде торы беткейіне перпендикуляр

5. +Төстің семсер тәрізді өсіндісінің астына ультрадыбыстық сәулені жоғарыға және солға бағыттайды

73. Эхокардиограф датчигі апикальді төрткамералық позицияда орналастырылады:

1. +Жүрек ұшының жоғарғы жағында ультрадыбыстық сәуле жүректің ұзындығын бойлайды

2. Төстен солға қарай 3-5 қабырғааралықта орталық ультрадыбыстық сәулені төменге қарай бағыттайды

3. Төстен солға қарай 3-5 қабырғааралықта орталық ультрадыбыстық сәулені солға қарай бағыттайды

4. Төстен солға қарай 3-5 қабырғааралықта кеуде торы беткейіне перпендикуляр

5. Төстің семсер тәрізді өсіндісінің астына ультрадыбыстық сәулені жоғарыға және солға бағыттайды

74. Дені сау ересек адамның эхокардиографиясының М-режиміндегі сол қарыншасының соңғы-диастолалық өлшемін (ССӨСҚ) көрсетіңіз:

1. 60 мм артық

2.+ 38-56 мм

3. 22-37 мм

4. 15-22 мм

5. 13-14 мм

75. Дені сау ересек адамның эхокардиографиясының М-режиміндегі оң қарыншасының соңғы-диастолалық өлшемін (СДӨОҚ) көрсетіңіз:

1. 60 мм артық

2. 38-56 мм

3. 20-35 мм

4.+ 15-22 мм

5. 13-14 мм.

76. Науқасқа эхокардиография жасағанда (а-бір өлшемді режим, б-екі өлшемді режим) митральді жарманың диастолалық иілуі, митральді қақпақша жармаларының қалыңдағаны және эхогенділігінің жоғарлағаны, қақпақшалық сақинаның тарылғаны анықталды. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз.


1. митральді қақпақшаның үзілуі

2. +митральді тесіктік стенозы

3. митральді қақпақшаның пролапсы

4. қалыпты эхокардиограмма;

5. митральді жетіспеушілік

77. 31 жасар науқасқа апикальді төрт камералық позицияда тіркелген екі өлшемді эхокардиограмма жасалды.Мүмкін болатын диагнозды атаңыз.

1. жүректің сол бөлімінің гипертрофиясы

2. +оң қарынша дилятациясы

3. сол қарынша дилятациясы

4. сол қарынша аневризмасы

5. қалыпты жағдай варианты

78. 18 жасар қыз балаға эхокардиография жасалды, онда систола кезінде митральді қақпақша жармаларының сол жүрекшенің ішіне қарай енуі, қақпақша жармаларының қалыңдағаны және деформацияланғаны анықталды. Мүмкін болатын қорытынды жасаңыз:

1. Митральді қақпақша жармаларының кальцинозы

2. қосарланған митральді ақау

3.+ Митральді қақпақшаның пролапсы

4. митральді жетіспеушілік

5. митральді стеноз

79. Науқас әйелге эхокардиография жасалғанда анықталғаны: сол жүрекшенің артқы қабырғасының қалыңдауы мен гиперкинезиясы, жалпы соғу көлемінің көбеюі, сол қарынша миокардының гипертрофиясы және қуысының дилатациясы. Мүмкін болатын қорытынды жасаңыз:

1. митральді қақпақша жармаларындағы вегетациялар

2. митральді қақпақша жармаларының кальцинозы

3. митральді қақпақша пролапсы

4. +митральді жетіспеушілік

5. митральді стеноз

80. 58 жасар науқасқа эхокардиография жасағанда анықталғаны: аортальдық қақпақша жармаларының қалыңдауы, олардың систолада толық ашылмауы, аортаның постстеноздық кеңеюі және сол қарыншаның артқы қабырғасы мен қарыншааралық перденің айтарлықтай гипертрофиясы. Мүмкін болатын қорытынды жасаңыз:

1. Вальсальва синусының аневризмасы

2. аортальді жетіспеушілік

3. +аортальді стеноз

4. аорта коарктациясы

5. аорта аневризмасы

81. Профтексеру кезінде 22 жасар науқаста синустық тахиаритмия анықталды. Жүрекке төрт камералық апикальді позицияда эхокардиография жасалды. Мүмкін болатын қорытынды жасаңыз:

1. митральді қақапақша жетіспеушілігі

2. жүректің сол бөлімінің гипертрофиясы

3. сопақша тесіктің бітелмеуі

4. митральді қақапақша пролапсы

5. +қалыпты жағдай варианты

82. Инфекциялық эндокардиттің эхокардиографияда анықталуы мүмкін белгісі:

1.+ аорта мен митральді қақпақшалардағы вегетациялар

2. қақпақшалар жармаларының үзілуі немесе перфорациясы

3. лақтырылу фракциясы 55% аз

4. жүрек қуыстарының кеңеюі

5. қақпақша хордасының үзілуі

83. Қарыншааралық перденің үлкен емес дефектісін (ҚАПД) анықтауда ақпараттылығы көп бейинвазивті әдісі болып табылады:

1. +Допплер режиміндегі эхокардиография

2. рентгенологиялық зерттеу

3. екі өлшемді эхокардиография

4. электрокардиография

5. аускультация

84. Эхокардиография жасағанда жүрекшеаралық перденің екіншілік дефектісі (ЖАПД) жиі орналасады:

1. венозды синус пен жүрекшеаралық перденің төменгі бөлімі аймағында

2. жүрекшеаралық перденің ұзына бойы

3. жүрекшеаралық перденің төменгі бөлімінде

4. венозды синуса аймағында

5. +сопақша тесік аймағында

85. Стресс эхокардиография жасауға төмендегі аталған аурулардың қайсысы қарсы көрсетілім болады?

1. жүректің созылмалы ишемиялық ауруы

2. гипертрофиялық кардиомиопатия

3.+ миокардтың жедел инфаркты

4. митральді стеноз

5. аорта коарктациясы

86. Оң қарыншаның систолалық дисфункциясына әкелмейтін факторларды атаңыз:

1. оң қарынша миокардыңы жедел инфаркты

2. үш жармалы қақпақша жетіспеушілігі

3. біріншілік өкпелік гипертензия

4.+ митральді қақпақша пролапсы

5. өкпелік жүрек

87. Екі өлшемді эхографияда митральді стеноздың нақты белгісі болып табылады:

1. +Митральді қақпақшаның алдыңғы жармасының диастолада «хоккей таяғы» тәрізді иілуі

2. оң жүрекше мен қарынша арасында қысым градиентінің азаюы

3. қақпақша жармаларының үзілуі немесе перфорациясы

4. жүрек қуыстарының кеңеюі

5. қақпақша жармаларының иілуі

88. Митральді қақпақшаның алдыңғы жармасының диастолада «хоккей таяғы» тәрізді иілуі жиі тән болады:

1. Митральді қақпақша жармалырының үзілуі

2. Қосымша хордалар болуы

3. Митральді қақпақшаның пролапсына

4. Митральді қақпақша жетіспеушілігіне

5. +Митральді қақпақша стенозына

89. Трикуспидальді қақпақша стенозына тән:

1. қан ағысының одан өтуінің баяулауы

2. +қан ағысының одан өтуінің жылдамдауы

3. аортальді регургитация

4. митральді регургитация

5. өкпелік регургитация

90. Турбулентті қан ағысы мынадай қантамырларда дамиды:

1.қуысы қалыпты
2.қуысы 60% аз тарылған
3.+ қуысы 60% көп тарылған

4. қуысы 80% көп тарылған

5. қуысы 100% көп тарылған

Несеп-жыныс жүйесі модулі бойынша тесттер

1. Нефроптоздың III дәрежесі кезінде астауша нешінші бел омыртқа деңгейінде орналасады?

A. бірінші

B. екінші

C. үшінші

+ D. төртінші

E. бесінші

2. Бүйрек мөлшері кішірейген, тостаған-астауша жүйесі деформацияланған, кіші тостағаншалар контуры тегіс емес, қыртысты қабатының ұсақ қантамырлары облитерациялануы жиі тән:

A. бүйрек туберкулезіне

+ B. бүйрек бүрісуіне

C. бүйрек гипоплазиясына

D. бүйрек ісігіне

E. бүйрек эктомиясына

3. Поликистоз кезінде анықталады:

A. бүйрек өлшемінің ұлғаюы

B. бүйрек өлшемінің кішіреюі

C. бүйрек өлшемдері өзгермейді

D. бүйрек деформациясы

+ E. бүйрек ұлғаюы және деформациялануы

4. Бүйрек және зәршығару жолдарының жиі кездесетін ауруы:

A. уролитиаз

B. туберкулез

C. гломерулонефрит

+ D. пиелонефрит

E. бүйректің патологиялық қозғалғыштығы

5. УДЗ кезінде қалыпты жағдайда ересектердің бүйрек астаушасының алдыңғы-артқы өлшемі:

+ A. 1-1,5 см артық емес

B. 0,5 см артық емес

C. 2,5 см дейін

D. қалыпты жағдайда көрінбеуі тиіс

E. 3 см дейін

6. Туберкулезді папиллитті анықтау кезінде ақпараттылығы көп әдіс:

A. экскреторлы урография

+ B. ретроградты пиелография

C. томография

D. ангиография

E. КТ

7. Балаларда жиі кездесетін бүйрек ісігі – бұл:

A. қатерлі лимфома кезіндегі метастаздар

B. нейробластомалар кезіндегі метастаздар

C. гипернефроидты рак

+ D. Вильмс ісігі

E. жеке ісік сирек кездеседі

8. Бүйрек шаншуының рентгеноскопиядағы қосымша белгісіне жатпайтыны:

A. бүйректің көрінбеуі

B. сәйкес жағында диафрагма күмбезінің қозғалғыштығы шектелген (болмауы)

C. тыныс алған кезде бүйрек қозғалғыштығының болмауы

D. омыртқа бағанысының бел бөлігінің сколиозы

+ E. патологиялық қозғалғыштық

9. Түрлі аурулармен сирек асқынатын бүйрек пен зәр жолдарының аномалиясы:

A. таға тәрізді бүйрек

B. дистопия

+ C. қосарланған бүйрек

D. қосымша (үшінші, төртінші) бүйрек

E. дисплазия

10. Созылмалы пиелонефрит әсерінен бүріскен бүйректің гипоплазиялық бүйректен айырмашылығы:

A. бүйрек мөлшерінің сау бүйректен айтарлықтай кіші болуы

B. жоғары эхогенділігі

+ C. бүйрек мөлшерінің сау бүйректен кіші болуы, контурының тегіс еместігі және паренхимасының өлшемі тостаған-астауша жүйесінен кіші болуы

D. өлшемінің айтарлықтай кішіреюі, тостаған-астауша жүйесінің гидронефроздық трансформация әсерінен кеңеюі және тегіс, айқын контуры болуы

E. орналасуы

11. Экскреторлық урографияның нефрографиялық фазасы кезінде бүйректің кавернозды туберкулезінің белгісі:

+ A. паренхима дефекті

B. "ақ" бүйрек

C. бүйректің контрасталмауы

D. бүйрек паренхимасының интенсивті біркелкі емес контрасталуы

E. нефрографиялық фазасының кідіруі

12. Гидронефроз кезінде маңызды:

A. экскреторлық урография

B. ангиография

C. ретроградты пиелография

+ D. ультрадыбыстық зерттеу

E. антеградты пиелография

13. Жалпы урограмма кезінде ісікке күдік туғызатын белгілер:

A. бүйрек аймағындағы әктену

B. бүйрек көлеңкесі қоюлығының жоғарлауы

+ C. бүйректің деформациясы және өлшемдернің ұлғаюы

D. бүйрек орналасуының өзгеруі

E. оң «псоас»-симптом\

14. Экскреторлы урография кезінде екіншілік бүріскен бүйрекке тән айқын белгі:

A. тостағанша –астаушалық жүйенің деформациясы

B. бүйректің пішінінің өзгеруі

+ C. бүйрек өлшемінің кішіреюі

D. айқын емес нефрографиялық фаза

E. бүйрек қозғалғыштығы

15. УД диагностика бүйрек тасының анықталуының тура белгісі:

A. тостаған-астауша бағытында эхопозитивті түзіліс

B. өлшемі 5 мм кіші емес гиперэхогенді түзілісі

+ C. артында акустикалық көлеңкесі бар айқын эхопозитивті түзіліс

D. құралдың жұмыс режимін азайтқанда жоғалатын эхопозитивті түзіліс

E. изоэхогенді түзіліс

16. Экскреторлық урография кезінде бүйрек ісігінің симптомдарына жатады:

+ A. тостағанша ампутациясы

B. әлсіз нефрографиялық фаза

C. бүйрек өлшемдерінің кішіреюі

D. тостағаншалар мен астауша гипотониясы

E. әлсіз концентрациялық қабілеттілік

17. Зәр жолдары тонусының жоғары болуына әсер етеді:

A. егде жас

B. гипертониялық ауру

+ C. бүйрек пен зәр жолдарының жедел қабыну үрдісі

D. жоғарғы зәр жолдарынан зәр ағып кетуіне кедергі болуы

E. науқастың артық салмағы

18. Бүйректе туберкулезді үрдістің жиі басталатын орны:

A. милы заты

B. қыртысты заты

C. тостағаншалар мен астауша

D. бүртікті аймақ

+ E. милы заты мен бүртікті аймақ

19. Гидронефрозға күдік туғанда таңдалатын зерттеу әдісі:

A. жалпы урография

B. экскреторлық урография

C. ретроградты пиелография

D. ангиография

+ E. ультрадыбыстық зерттеу

20. УДЗ кезінде несепағардың интрамуральді бөлімінде орналасқан тастардың қуықтағы тастан айырмашылығы:

A. мөлшері кіші және акустикалық көлеңке болмауы

B. дұрыс домалақ пішінді және контуры айқын

C. эхопозитивті түзіліс артында акустикалық көлеңке болуы

+ D. науқас дене қалпын өзгерткенде тастың орны ауыспауы

E. акустикалық көлеңке болмауы

21. Жоғарғы зәр шығару жолдарының "көрінбейтін" (рентгеннегативті) тастары болған кезде қолданылатын әдіс:

A. экскреторлық урография

B. жалпы рентгенография

C. томография

+ D. ультрадыбыстық зерттеу

E. сызықтық томография

22. Эксреторлы урография кезінде бүйрек "қызметінің болмауы" деген қорытынды болуы мүмкін жағдай:

A. тостағаншалар мен астауша контрасталмауы

+ B. нефрографиялық фазаның болмауы

C. ретроградты пиелография к


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: