Астана, 2014 ж. 1. Тақырып №2: Жалпы рецептура

1. Тақырып №2: Жалпы рецептура. Сұйық дәрілік түрлер. Инъекцияға арналған дәрілік түрлер - 3.

2. Мақсаты: білім алуға мүмкіндік және түсініктеме беру:

- сұйық дәрілік түрлер мен инъекцияға арналған дәрілік түрлерге рецепт жазудың жалпы ережелеріне;

- сұйық дәрілік түрлерді дайындау кезінде мөлшері мен концентрациясын есептеуге.

3. Оқыту мақсаты:

1. Жалпы рецептура бойынша студенттердің білімін жүйеге келтіру:

- сұйық дәрілік түрлер мен инъекцияға арналған дәрілік түрлерге рецепт жазудың жалпы ережелері мен негізгі ерекшеліктерін;

- сұйық дәрілік түрлер мен инъекцияға арналған дәрілік түрлерге қойылатын талаптарды;

2. рецептте дәрілік заттардың мөлшері мен концентрациясын есептеуді студенттерге үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Сұйық дәрілік түрлерді мөлшерлеудің жалпы қабылданған көлемдік өлшем бірліктері. Ерітіндіні дайындау кезінде мөлшері мен концентрациясын есептеу принциптері. Ерітінділердің концентрациясын көрсету әдістері.

2. Сұйық дәрілік түрлер:

а) Ерітінділер: анықтамасы, жіктелуі. Еріткіштердің түрлері. Рецептте жазу

ерекшіліктері.

б) Тұнба және қайнатпа: дайындау, сақтау және мөлшерлеу, рецептте жазылу

ерекшеліктері.

в) Тұндырма және сығындылар (экстракттар): анықтамасы, тұнбадан

айырмашылықтары. Дайындау және мөлшерлеу. Галенді және жаңагаленді

препараттар.

г) Суспензиялар: ерітінділерден айырмашылығы. Рецептте жазылу ережелері.

д) Микстуралар: анықтамасы, олардың түрлері. Микстураның құрамындағы

компоненттердің мөлшерін есептеу ерекшеліктері, рецептте жазылу ережелері.

е) Эмульсиялар және кілегейлер: анықтамасы, тағайындалуы, рецептте жазылу

ережелері.

3. Инъекцияға арналған дәрілік түрлер: Инъекцияға арналған дәрілік түрлерге қойылатын талаптар. Рецептте жазылу ережелері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: ауызша сұрау, рецепттер жазу, ақуалды есептерді шешу, тесттік тапсырмаларды орындау, кіші топтарда жұмыс жасау.

6. Әдебиет:

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2010.- 734 с.

2. Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004.-452с.

Қосымша:

1. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2011.-516 с.

2. Шайдаров М.З. и др. Основы фармакологии с рецептурой, учебник.- Астана. – 2011. – 352 с.

3. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 с.

4. Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., 2010.- 1216 с.

5. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 2008.- 1043с...

6. Клиническая фармакология /Под ред. В.Г.Кукеса/- М.: Изд-во ММА, 2009.-760с.

7. Яковлев В.П., Яковлев С.В. Рациональная антимикробная фармакотерапия (руководство для практических врачей). М.: Литтерра. 2003. - 1002 с.

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Перевод на каз. язык. 2009.- 451 с.

Ағылшын:

Негізгі:

1. Padmaja Udaukumar. Textbook of Medical Pharmacology. New Dehi, 2009, Second Edition, 558 p.

2. Rang H.P., Dale M.M. Pharmacology.-Edinburgh. 2012, 830 p.

7.Бақылау: ауызша сұрау, бақылау билет (рецепт жазу және тақырып бойынша сұрақтар).

Рецепттер жазу:

1. 30% - 10 мл Сульфацил-натрий (Sulfacyli-natrium) ерітіндісіне рецепт жазыңыз. Көз тамшысы. Тәулігіне 1-2 тамшыдан 3 рет тағайындаңыз.

2. Құрамында 2,5% Гидрокортизон ацетаты бар (Hydrocortisoni aсetas) 5 мл сулы суспензияға рецепт жазыңыз. Көз тамшысы. Тәулігіне 2 тамшыдан 3-4 реттен тағайындаңыз.

3. 0,6 г Термопсис шөбінің 180 мл тұнбасына (herbae Thermopsidis) рецепт жазыңыз. Тәулігіне 1 ас қасықтан 3 рет тағайындаңыз.

4. 200 мл Емен қабығының қайнатпасына (cortех Quercus) рецепт жазыңыз. Ауыз қуысын шаю үшін тағайындаңыз.

5. 25 мл Валериана тұндырмасына (Valeriana) рецепт жазыңыз. Тәулігіне 25 тамшыдан 3-4 реттен тағайындаңыз.

6. 20 мл Крушинаның (Frangula) сұйық экстрактысына рецепт жазыңыз. Тәулігіне 20 тамшыдан 3 рет қабылдауға тағайындаңыз.

7. Бір рет қолданғанда құрамында 0,015 г. Кодеин фосфаты (Codeini phosphas) және 0,5 г. Калий бромиді бар (Kalii bromidum) 180 мл микстураға рецепт жазыңыз. Тәулігіне 1 ас қасықтан 3 рет тағайындаңыз.

8. 5% - 25 мл арнайы Синтомицин (Synthomicini) линиментіне рецепт жазыңыз. Зақымдалған тері аймағына жағыңыз.

9. 0,25% - 200 мл стерильді Новокаин ерітіндісіне (Novocainum) рецепт жазыңыз. Өткізгіштік анестезия үшін, 2-3 мл – ден бұлшықетке тағайындаңыз

10. 5 мл (40 ЕД в 1 мл) инсулиннен (Insulinum) тұратын 6 флаконға рецепт жазыңыз. Тәуілігіне 0,5 мл (20 ЕД) 2 рет тері астына енгізуге тағайындаңыз.


Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаУ

Пәні: Фармакология - 1

Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»

Тақырып №3: Жалпы фармакология. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы және фармакодинамикасы.

Сағат саны: 3

Курс: 2

Құрастырушы: Д.С. Уайсова


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: