Лекция № 25 Тақырыбы: Гносеология: жалпы мәселелер

Жоспары:

1. Таным: мәні, субъектісі мен объектісі.

2. Таным және практика.

3. Сезімдік және рационалдық таным. Рационализм және иррационализм.

4. Ғылыми танымнын ерекшеліктері.

5. Ғылыми танымнын деңгейлері және формалары.

6. Ғылыми танымнын әдіс-тәсілдері.

7. Философиядағы ақиқат мәселесі

Лекцияның мақсаты: Танымның әдіс-тәсілдерімен, формаларымен ғылыми танымның ерекшеліктерімен танысу

1. Таным дегеніміз - адамнын жаңа білімдерді игеру процесі. Дүниетану
деген не, оның негізгі формалары қандай, білмеуден білімге, үстірт білімнен
терең білімге өтудің заңдылықтары қандай? ақиқат деген не? және оған жетудің
жолдары қандай? ақиқаттың критерийі не? - міне осыларды және осылардан өзге де
көптеген философиялык мәселелерді таным теориясы немесе гносеология
(гректің gnosis – таным, және Іоgоs - сөз, ілім деген сөздерінен шыққан болып.
таным туралы ілім дегенді білдіреді) қарастырады.;

Танымның мәнін, заңдылықтарын түсіну үшін оның субъектісі кім екенін, яғни оны іске асыратын кім екенін анықтау қажет. Мұның киын еместігі, танымның субъектісі адам екені өзінен-өзі түсінікті. Бірак, біріншіден, адам - танымның субъектісі деп жай айта салу жеткіліксіз, оны таным субъектісіне айналдыратын не екенін аныктау қажет, ал бұл үшін адамнын қоғамдық мәнін білу қажет. Екіншіден, казіргі уакытта таным процесі және оның теориялык ойлау сияқты формасы адамға ғана тән емес, олар соңдай-ақ адам жасаған Әлектрондық Есептеу Машинасы сиякты техникалык конлырғыларға да тән деген пікір тарап жүр.

Қазіргі философияда танымнын субъектісі деп жеке адамдарды, сонымен бірге әлеуметтік топтар мен таптарды тарихи нақтылы қоғамды айтады. Әрине, акыл-ойы бар, өндіре алатын, жеке басының ерекше қабілеттері бар дара адамдарсыз таным процесі жүзеге аспайды. Бірақ ол жеке дара адамдар өзара белгілі бір қоғамдық қатынастар орната отырып, әлеуметтік құрылыстың сол сатысында қол жеткен өндірістік кұрал-жабдықтарды қолдану арқылы ғана танымнын субъектісі бола алады.

Танымның объектісі рстінде табиғатты, қоғамды және қоғамдық қатынастарды атау қажет. Олар таным объектісіне субъектінің өндірістік, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы айналады. Осыдан келіп, объект-субъект, субъект-объект қатынастарының таным процесінде алатын орны, жалпы практикалык табиғатын, даму процесін қарастыруда рөлі ерекше екенін көреміз.

2. Таным процесі адамнын өз әрекетінің түрі ретінде оның басқа түрлері, практика және бағалаумен тығыз байланысты. Практика дегеніміз адамдардың табиғи және әлеуметтік объектілерді мақсатқа сай өзгертуге бағытталған іс-әрекеті. Практикаға екі түрдегі қызмет кіреді, олар: 1) материалдық игіліктерді жасау, 2) әлеуметтік қызмет.

Практиканын таным теориясына қатысты үш түрлі функциясы бар. Практика, біріншіден, танымның негізі, білімнін кайнар көзі болып табылады. Екіншіден, практика білімдердін іске асуының тәсілі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, ол - танымның мақсаты болады. ҮшІншіден, практика танымнын нәтижесінде алған білімнін ақиқаттығын анықтаушы өлшеуіш -критерий! рөлін орындайды.

Танымның практикаға тәуелділігі бізге танымнын қоғамдық-тарихи табиғатын түсіндіріп береді. Танымның барлық жақтары, формалары қоғаммен тығыз байланысты және сол арқылы анықталады.

Таным - адамдардың теориялык қызметі. Теория өздігінше шындықты өзгерте алмайды. Алайда практиканы жалпылай отырып, теория практикаға кері әсерін тигізіп, оның дамуына көмектеседі. Теориясыз практика - көзсіз, ал практикасыз теория - дерексіз, мәнсіз. Теория - практикаға жол көрсетуші, практика - теорияға нәр беруші.

Теория мен практиканын бірлІгі - таным теориясынын ең басты принципІ.

3.Сезімдік таным дегсніміз - сезім мүшелері: көру, есту, сезіну және басқалар арқылы жүзеге асырылатын таным. Сезім мүшелері дегеніміз - біздің айналамыздағы дүние жайындағы мәліметтердің санамызға қабылдануына жағдай жасайтын бірден-бір дене мүшелері. Сондықтан таным процесі қандай да болсын материалдық заттардың сезім мүшелеріне ықпал етуі нәтижесінде туатын әсерлерден басталады. Сезімдік таным негізгі үш формада: түйсіктер, қабылдаулар және елестету арқылы жүзеге асырылады.

Түйсік дегеніміз сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін объективтік дүниенің заттары мен нәрселерінің жеке қасиеттері мен сапаларынын бейнеленуі.

Қабылдау нәрсенің біртұтас бейнесі болып табылады, яғни нәрседе қанша сапалык белгі, қасиет болса, олардың бәрі сол нәрсенің біртұтас бейнесін күрады.

Елестету дегеніміз бұрын қабылданған заттар мен нәрселердің көрнекі бейнесін сезім мүшелері арқылы қайта жаңғырту процесі.

Объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстарға тән заңдылықтарды, нәрселердің ішкі мәнін сезімдік танымнын көмегімен ашу мүмкін емес, оны ойлау процесінде жүзеге асыруға мүмкін болады.

Ойлау дегеніміз заттар мен құбылыстардың мәнді қасиеттері мен қатынас-байланыстарын мақсатқа сай абстрактілі, жанама және жалпылау формасында бейнелендіру процесі. Ойлаудың тууының, дамуынын және жүзеге асуының негізгі формалары: ұғым, пікір және ой қорытынды.

Ұғым дегеніміз ойлаудың заттар мен құбылыстардың жалпы, мәнді және қажетті қасиеттері мен белгілерін бейнелендіретін логикалык формасы. Мысалы "адам", "үй", "мемлекет", "материя", "қозғалыс" т.б. ұғымдар болып табылады.

Пікір дегеніміз - ұғымдар байланысының көмегімен белгілі бір нәрсе жайында мақұлдайтын, немесе терістейтін ойдың формасы. Мысалы, "қарағай-ағаш" деген пікірде қарағайға ағаштық белгі тән екендігі айтылып отыр.

Ой қорытынды дегеніміз бір немесе бірнеше пікірлерден (алғышарттардан) қорытынды деп аталатын тұжырымдарды шығарудың логикалык тәсілі. Мысалы, "Егер адам ауырып қалса, онда ол жұмысқа келе алмайды", "Сәрсен ауырып қалыпты, демек Сәрсен жұмысқа келе алмайды".

Таным процесінде сезімдік таным мен рационалдық танымнын өзара қарым-қатынасы қандай, қайсысы маңыздырақ рөл атқарады деген сұрақтарға философтар түрліше жауап береді. Біреулер ссзімдік танымды бірінші орынға койса, екіншілері оған қарама-қарсы абстракциялык ойлаудың рөлін асыра бағалайды.

Сенсуализм (лат. sentia-сезім, түйсік дегенді білдіреді) бағытын жақтаушылар таным процесінде түйсіктер мен қабылдаулар шешуші рөл атқарады деп санады (мәселен, Локк, Беркли, Юм). Сенсуализм эмпиризммен (гректің еmреігіа-тәжірибе деген сөздең келіп шықкан) тығыз байланысты. Эмпиризм тұрғысынан алғанда, білім өзінің шығу тегі бойынша түйсіктер мен қабылдаулардың шеңберінен шыкпайды.

Рационализм (лат. Ratio- ақыл-ой, пайымдау дегенді білдіреді) деп аталатын басқа бір бағыттың өкілдері ойлаудың таным процесіндегі рөлін асыра бағалайды (мәселен, Декарт Спиноза).

Иррационализм (лат. Irrationalis- ақыл-ойсыз деген сөзден шыққан) бойынша танымнын негізінде ақыл-ой емес, сезім, түйсік жатады.

Білім шындықты танып білудің сезімдік және рационалдық бейнелеуінін бірлігі болып табылады.

4)Таным, білімнің формалары мен түрлері көп. Ең алдымен таным ғылыми және ғылыми емес болып екіге бөлінеді.Ғылыми емес танымның түрлеріне күнделікті түрмыстағы танымдар, көркем бейнелер діни танымдар т.б. жатады.Ғылым, таным процесінін ең дамыған түрі.

Ғылыми танымнын міндеті - заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін олардың өмір сүру және даму мәнін ашу.Алайда олардын зандары мен мәні сырт көрінісінде емес, ішкі табиғатында.Ғылыми таным мен ғылымның пайда болуына әлеуметтік және логикалық факторлар әсер етті. Әлеуметікке практикалык қызметтің, қоғамдық қатынастардың, қоғамдық енбектің бөлінуіңің өндірістік - техникалық талаптары, ал логикалыққа ғылыми таным дамуының ішкі логикасының мұқтаждығы жатады. Ғылымнын әлеуметтік мәнін, негізгі ерекшеліктері мен заңдалықтарын ашуда әлеуметтік және логикалык факторлардың бірлігі қажет.

Ғылымның негізгі ерешеліктеріне тоқталайык; Ғылым, тарихи заттық дүниенің объективтік зандарын ашу және олардьң негізінде қарастырылып отырған құбылыстарды түсіндіру және жаңа процестерді болжай білу тарихи. Химия ғылымындағы тамаша мысал 1869 жылы Д.И.Менделеев ашқан периодтық заң. Жаңа процестерді болжауға мысал:2126 жылғы қазанның 16 күні сағат 1400-де күннің толық тұтылуы Мәскеу қаласында байқалатыны қазірдің өзінде аян.

Ғылымды математикаландыру, ғылым мен техниканың дамуында есептеу техникасы мен информатиканы колдану, адам қызметінің көптеген саласына компьютерлік техниканын еркін енуі қазіргі ғылымның ерекшеліктерінің бірі.

Ғылымға енетін қағидалар дәлелденген және негізделген болуы керек. Күмән туғызатындар ғылым аясынан шығарылады.

Ғылымның қоғамның өндіргіш күшіне тікелей айналуы -қазіргі ғылымның ерекшеліктерінін бірі. Ғылымды техникамен және өндіріспен байланыстыратын қажетті буын - қолданбалы зерттеулер мен техникалық ізденісте р.

5) Болмыстың объективті заңдылықтарың ашу үшін субьект
шындықты бейнелендірудің түрлі формаларын пайдаланады, танымның
түрліше әдіс-тәсілдерін, зерттеу құралдарын колданады. Ғылыми таным негізгі
екі денгейден{сатыдан) түрады: олар - әмпириялық және теориялық деңгейлер.
Әмпириялық - танымның міндеті - фактілер жинау ісімен айналысу. Әмпириялық
таным жиналған фактілерді түсіндірумен аяқталады. Теориялық таным - заттар
мен құбылыстардың мәнін, заңдылығын білуге бағытталған таным. Ол аса
жоғары абстракциялык дәрежеде іске асады: теориялық таным ұғым,
категория, заң, және жорамал т.б. формаларда жүзеге асады.

Әрбір таным процесі "бұл не нәрсе?" деген сұрақтан басталатыны белгілі. Бұл сұраққа тиянақты жауап беру үшін ғылыми таным, әлі шешімін таппаған сұрақ - проблеманы дұрыс коя білуі қажет, өйткені проблеманы анықтап, қоя білу оңай іс емес. Адамзатты "толғандыратын"проблемалар -онын даму деңгейінің көрсеткіштеріндегі қоғамдарды толғандырған проблемалар мен казіргі заманғы проблемалардың айырмашылығы жер мен көктей.

6) Эмпирикалық және теориялық деңгейлердің бір-бірінен ең алдымен
танымның әдіс-тәсілдері жағынан айырмашылығы бар. Эмпирикалық деңгейде зерттеу,
бақылау, тәжірибе жүргізіледі, жинақталған мәлеметтер топтастырылып, оларға
түсініктеме беріледі.

Бақылау - таным объектілерінің мәнді қасиеттерін және қатынастарын анықтау мақсатымен зерттелетін құбылыстар мен процестерді мақсатты түрде қабылдау.

Эксперимент - зерттелетін құбылыстарды лабороториялық жағдайда жасанды жолмен тудырып, ол процестін барысын мақсатқа сәйкес бақылауды ұйымдастыру.

Теориялык таным әдістеріне - логикалык және тарихилық формальдандыру, идеаландыру, абстрактіліктен нақтылыққа өту және т.б. жатады. Ғылыми танымның әмпириялық және теориялық денгейлерінде жалпы логикалық әдіс-тәсілдер де қолданылады. Оларға салыстыру, анализ(талдау), синтез(жинақтау), абстракциялау, жалпылау, индукция, дедукция. Осы әдіс-тәсілдердің кейбіреулерін қарастырайық. Зерттелетін құбылыстардың ұксастығы мен айырмашылығын, жалпы қасиеттері мен жекелеген ерекшеліктерін анықтау үшін салыстыру әдісі қолданылады.

Абстракция {латынша аbstғасtіо-көңіл аудармау дегенді білдіреді) әдісінің нәтижесінде зерттелетін кұбылыстың мәнді, жалпы, қажетті қасиеттерін ойша бөліп алып, мәнсіз, кездейсоқ қасиеттеріне көңіл аударылмайды. Бұдан кейін бөліп алынған мәнді, қажетті, жалпы белгілерді, қасиеттерді ойша біріктіріп, біртұтас нәрсеге айналдыру қажет.Бұл әдісті синтездеу деп атайды.

Белгілі бір топқа (классқа) жататын нәрселердің жеке түрлерін зерттеулердің нәтижесінде тұжырымдалған білімді сол топқа жататын нәрселердің бәріне ойша қолдануды жалпылау деп атайды.

Бір де бір ғылыми теория дайын күйінде бірден пайда бола қойған емес және олай болмайды да. Алдымен ол гипотеза (ғылыми жорамал)түрінде өмір сүреді, Гипотеза дегеніміз зерттелетін кұбылыстардың себепті байланыстарын ашып, ішкі мәнін түсіндіру үшін қолданылатын логикалық пайымдауларға негізделген болжам.

Кең мағынада алғанда, белгілі бір құбылысты түсіндіретін ақиқат түсініктердін, идеялар мен принциптердің жүйесін - теория деп айтады. Теория-әбден негізделген, логикалык жағынан қайшылықсыз, жалпылаудың жоғары деңгейіне жеткен ғылыми білімдердін жүйесі. Ол шынайы дүниенін белгілі бір саласының мәнді қасиеттері, даму заңдылықтары, себеп-салдарлық байланысы жайындағы біртұтас көзқарас болып табылады. Ғылыми теориянын өзегін, негізін заң, заңдылық құрайды.

7. Нағыз білім ақиқат болуы тиіс. Практикалык қызметте табысқа жету үшін адамға ақиқат білім қажет. Олай болса, ақиқат дегеніміз не, ол қандай болуы тиіс, ақиқат білімді ақиқат емес, жалған білімнен калай айыруға болады? Ежелгі дүние философиясынан бері қарай талас тудырып келе жаткан бұл сұрақтарға әдетте мынадай жауап беріледі: ақиқат деп шындыққа сайкес келетін білімді айтады. Бірак бұл аныктаманың жалпылығы мен айқынсыздығы сонша, онымен көбіне бір-біріне қарама-қарсы философиялык бағыттар де келісті. Оған тіпті агностиктер де келісіп, "сайкестік" және "шындық" деген терминдерге өз түсіндермелерін берді: олар жалпы білімге қарсы емес екенін тек тәуелсіз өмір сүретің заттар мен құбылыстардын бейнеленуі деп қарастырылатын білімге ғана қарсы екенін ескертеді. Сөйтіп, философтардын көпшілігі ақиқатка жетуді танымның мақсаты деп санайтын болып шықты.

Шын мәніңде ақиқат дегеніміз субъекті мен объекті арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жатқан әлеуметтік - тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол объективтік ақиқат. Объективтік ақиқат деп қоғамның, адамның санасына, біліміне, субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Ақиқат өзінін мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті. Сонымен ақиқат дегеніміз - объективтілік пен субъсктивтіліктің бірлігі. Танымнын даму барысында белгілі бір объекті жөніндегі біздік біліміміз тереңдей түседі, сөйтіп, оның объективтік жағы кеңейіп, толығып, отырады да,соған сайкес оның субъективтік жағы азайып отырады. Білім объектіге дәлірек сайкес келеді. Дегенмен,білімнің объективтік және субъективтік жақтары ылги бірлікте болады.

0сы объективтік ақиқатты адам калай танып біледі? Бірден, тұтас, абсолютті түрде танып біле ме, әлде біртіндеп, бөлшектеп, относительдік, яғни салыстырмалы түрде тани ма?

Абсолюттік және салыстырмалы ақиқаттардын бір-бірінен айырмашылығы білімнің шындықка сайкес келу дәрежесіне қарай, адам ойының, заттардын мәнін каншалықты терең танып белгеніне қарай анықталады. Осы тұрғыдан алғанда абсолюттік ақиқат дегеніміз материалдық дүниенің заттары мен құбылыстарының мәнің толық және жан-жақты бейлендіретін объективтік ақиқат (білім).

Осы абсолюттік ақиқатты бірден танып білуге бола ма? Бір жағынан алғанда, иә деуге болады, өйткені дүниеде таным білуге болмайтын нәрселер жоқ және онын үстіне адамның танып білу қабілетінің шегі жоқ. Бірак екінші жағынан алғанда әрбір жеке адамның әрбір жеке ұрпақтың дүниетаным мүмкіндігі шектеулі -олардың дүниетанымының шектеулілігі нақты тарихи жағдайларға өндірістің ғылым мен техниканың даму дәрежесінс байланысты. Сондықтан адамнын әрбір нақты тарихи кезендегі білімдері толық болмай, салыстырмалы сипатта болатын сөзсіз.

Салыстырмалы ақиқат - дегеніміз жалпы алғанда шындықты дұрыс бейнелендірген бірақ әлІ толық емес білімдер мен теориялар. Олар ғылым мен қоғамдық практиканың даму барысында үздіксіз анықтала нақтылана және тереңдей түседі.оларды абсолюттік ақиқатға жету жолының сатылары, кезендері десе де болады.

Абсолюттік және салыстырмалы ақиқаттар диалектикасын білудің, ақиқат жайындағы екі сыңаржақ көзқарас - реактивизм мен догматизмге қарсы күресте алатын маңызы зор. Реактивизм (латынша геаttivus - салыстырмалы деген сөз) ғылыми білімдердің объективтілігін мойындамайды оның салыстырмалылығын асыра бағалайды, ойлаудың танымдық қабілетіне деген сенімді жояды, сөйтіп нәтижесінде дүниені танып білу мүмкіндігін теріске шығаруға әкеп соғады.

Догматизм - білім мәңгі -бақи өзгермейді оларды тек жаттап алып, өмірдің барлық саласына қолдануға болады деп дәлелдейтің философиялық ағым.

Реактивизм мен догматизм ақиқаттың табиғатын бұзып көрсетеді. Абстрактілі, өзгермейтін ақиқат жоқ, ақиқат әрдайым нақты болады. Ақиқаттың өлшеуішін табу - ақиқатты, ақиқат білімді қателесуден сақтандыруға мүмкіндік беретін объективтік негізді табу дегенді білдіреді. Ақиқаттың негізгі өлшеуіші - қоғамдық практика. Қоғамдық практикада расталған теориялар мен идеалар ғана ақиқат деп саналады. Практика ақиқаттың объективтік өлшеуіші екенін әрбір ғылыми теория практикада тексерілуі тиіс екен дегсн мағынада түсінбеу керек. Мұндай жағдайда ешқандай да ғылымның ойдағыдай дамуы мүмкін болмас еді, өйткені адамдардың әрбір жаңа ұрпағы бұрынғы ұрпақтардың тұжырымдаған теорияларының бәрін практикада қайта тексеріп отыруға мәжбір болар еді, яғни таным процесін кейінгі ұрпақ қайтадан басынан бастар еді. Сондықтан ғылыми теориялар логикалық дәлелдеу жолымен негізделген болса да олар ақиқат деп саналады, өйткені логикалық дәлел ретінде келтірілген негіздер бұрын қоғамдық практикада тексерілген, дәлелдеген. Таным процесінің өзі сияқты, оның өлшеуіші практика да тарихи салыстырмалы сипатта болады.

Бақылау сұрақтары

  1. Теория дегеніміз не?
  2. Танымдағы әдістердің қызметі қандай?
  3. Диалектика және метафизика
  4. Қазіргі ғылымның ерекшеліктері


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  




Подборка статей по вашей теме: