Жалпы кітапхана ресурсы

ACTIVstudio бағдарламасы орналастырығаннан кейін «Жалпы кітапхана ресурсы» мыңдаған ресурстарды қолдануға мүмкіндік береді. батырмасын іске қосыңдар.

7. Ресурс тірегін қолдану

Кітапхана ресурсының сол жағындағы батырмада көптеген қажетті ресурс түрлерін таңдауға болады. «Жалпы кескіндер» батырмасын басыңдар. Тақтада бірнеше кішкентай картиналар шығады. Көптеген суреттерді табу үшін Ресурс тірегін қолданыңдар. Мұнда барлық жалпы кескіндер орналастырылған бумалар бар. Ресурс Тірегінен + таңбасы, мұнда тағы да кіріктірілген бумалардың бар екенін көрсетеді. Ресурс тірегімен жұмыс жасап көрейік.

8. Кітапхана ресурсынан жалпы кескіндерді таңдау

Қазір кейбір құстарды іздестіріп көрейік. «Жалпы кескіндер» батырмасынан «Аңдар» бумасын табыңдар. Ондағы + батырмасын шерт. «Құстар» бумасын ашыңдар. Тақтада буманың мазмұнын көреміз. Әрбір суреттің астында аттары жазылады. Егер де жазу жоқ болса, «Меню» батырмасының жоғарғы сол жақ шетіндегі Кітапхана ресурсы терезесіндегі менюден «жазбалар» командасын таңда.

9. Флипчарт бетіне Кітапхана ресурсының объектілерін қосу

Кітапхана ресурсы терезесінің төменгі бөлімінде төрт бөлім бар. «Түссіздендірілген» бөлімі белгіленгенін тексер. Бұл суреттің фонын түссіздендіреді. Енді «Тасымалдау» бөлімі белгіленіп алғанын тексер. Бұл суреттерді флипчарт бетіне тасымалдауға мүмкіндік береді. Енді құстарды флипчарт бетіне тасымалдаңдар.

10. Кітапхана ресурсын бүктеу

Суреттерді флипчарт бетіне қойғаннан кейін, Кітапхана ресурсын беттің сол жақтың жоғарғы жағына «Бүктеу» батырмасын басып орналастырыңдар. Бүктеулі күйінде Кітапхана ресурсы экранда аз ғана орын алады және де оны кез келген мезетте қалпына келтіруге болады.

11. Объектіні редакторлеу құралы тақтасын қолданып суреттердің көшірмесін алу

Бөліп алу құралының көмегімен суреттің ортасына шертіңдер. Объектіні редакторлеу құралы тақтасы іске қосылғанда, «Көшірмелеу» батырмасын үш рет шертіңдер, сонда бір суреттің үш көшірмесі пайда болады. Суреттерді жеке-жеке қойыңдар.

12. Объектінің көлемін өзгертіп және оны айналдыру

Объектіні редакторлеу тақтасының құралын қолданып, суреттердің сыртқы түрін өзгертуге болады. Үш суреттің бірін белгілеп алып, объектіні редакторлеу тақтасының көмегімен «Көлемін үлкейту» батырмасымен суреттің көлемін үлкейтеміз. Келесі суретті «Көлемін кішірейту» батырмасымен кішірейтеміз. Енді үш суреттің көлемі әр түрлі. Ал үшінші суретті «Бөліп алу» батырмасын шертіп көмегімен айналдырамыз.

13. «Өшіру» батырмасын қолдану

Кез келген суретте екі рет шерткенде объектіні редакторлеу тақтасынан «Өшіру» батырмасының көмегімен қажетсіз суреттерді өшіруге болады. Ескерту: Суретті флипчарттағы қоржынға салуға болады. Бірақ та объектіні редакторлеу тақтасындағы құралды пайдалану ыңғайлы және де ол бөліп алынған суреттің жанында тұрады.

14. Тану құралын баптау

Негізгі құралдар тақтасынан «Тану» құралын шерткенде, редакторлеу құралының тақтасы іске қосылады. Қосу\өшіру батырмасы жасыл түсті болу керек, егер де ол қызыл түсті болса батырманың үстінен шерткенде тану батырмасы іске қосылады. Баптаудың төрт параметрі болады. Оларды келесі параметрлер бойынша өзгертуге болады:

әріпті тану , форманы тану , санды тану және де санды және әріпті тану батырмалары.

Батырманы басып әріптерді жазыңдар. Құрылғы ағылшын тілінде (Великобритания) орнықтырылған. Жылжымақ ортасында тұру керек, бұл мәтінді қолжазбадан машина мәтініне айналдырады. Әзірше тану құралының тақтасын жаппаңдар.

Ескерту: Тану құралы тек қана ACTIVboard немесе ACTIVslate опциялары қосылғанда ғана жұмыс жасайды.

15. Тану құралының көмегімен мәтін құру

Тану батырмасын қосқаннан бастап ACTIVstudio қолмен жазылған мәтіндерді мәтіндік объектілерге айналдырып отырады. Соңынан бұл мәтінді редакторлеуге болады. Көк түсті таңдап ал да өлшемін үшке қойып мәтін жаз. Көрсеткіш бетте болған кезде, қосымша иконканы көруге болады. Оның атқаратын қызметі, тану құралының бапталуына байланысты мәтін немесе формаларды жазғаннан кейін, олардың өзгеріп тұратынын білдіреді.

Әрбір суреттің астына, оның атауларын жазып шық. Тану құралымен бірнеше рет жұмыс жасап жаттығыңдар.

16. Жалпы фонды таңдау

Кітапхана ресурсынан Жалпы фондар – Басқа Тірек ресурсын таңда. Қолдану алдында фондарды қарап шығуға болады. Тасымалдау опциясында тұрғанын тексеріп алып, құстарға қажетті фонды таңдап ал. Кейбір кезде фон барлық бетті алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда жаңа фонда екі рет шертіп, «Қасиет» батырмасында басып, терезенің сол жақ шетінде «Қасиет және іс-әрекеттер» опциясын қою керек. Қажет болғанда «Фонның орналасуы» менюінен «Тарту» опциясын таңдауға болады. Қажет болған жағдайда Фонды барлық бетке қоюға болады,

«Қасиет және іс-ірекет» терезесінен «Түр» опциясына ауысып, онда мозаика көлемімен жолынан ашылған команданың ішінен «Көлемнің өлшемімен тарту» опциясын таңдап алуға болады. Бұл терезелерді жауып, флипчартты сақтап қойып ACTIVstudio-дан шығыңдар.

№4 Лабораториялық жұмыс

«Өшір және көрсет», сонымен бірге«Прожектор»

1. Сақталған флипчартты ашу

ACTIVstudio-ны ашып, Флипчарт 2 – ні іске қос және де Флипчарт 3 атымен келесі флипчартты сақтап қойыңдар. Бұл флипчарт өте үлкен көлемді болмақ. Бірақ та, оны қайтадан жазбайсыңдар, көшірмейсіңдер және де қоймайсыңдар, өйткені барлық беттердің көшірмесін аласыңдар да, қажет емес элементтерді өшіріп тастайсыңдар.

2. Флипчарт беттерінің көшірмесін алу

Флипчарт құралдар тақтасынан «Бетті таңдау» батырмасын басып, 4-ші беттің активті екендігін нобайдан шертіп тексер. 4-ші беттің фонында екі рет шертіп редакторлеу құралдар тақтасына «Бетті Көшірмелеу» батырмасын таңдап алыңдар. 4-ші бетті активтендіру үшін оған шертіп, «Бетті таңдау» батырмасында шертіп, бетті қалыпты күйіне қоюға болады.

3. Беттің фонын өшіру

Енді беттегі фонды өшіріңдер – ал оның себебін кейінірек білеміз. Менюден «Фонды өшіру» опциясын таңдап ал. Фонды ақ түспен бояп қалдыру үшін, түстер палитрасынан ашық-көк түс құралын таңдап алыңдар. Флипчарт бетін ашық-көк түспен бояңдар.

4. «Өшір және көрсет» техникасы

«Қалам» құралын таңдап алып, ашық-көк түсін таңдап ал. Қаламның қалыңдығын таңдап ал, жазуды жауып қою үшін флипчартты сақтаңдар.

5. «Прожектор» құралын қолдану

Флипчартта кейбір арнайы презентацияны құру үшін ACTIVstudio-ның барлық құралдары қолданылмайды. Бұл құралдың бірі – «Прожектор» құралы. Оның опцияларының ішінен «Дөңгелек прожекторды» таңда. Енді экранның нақты аймағын белгілеп алуға болады, егер де флипчарт бетінде меңзерді жылжыта отырып, бақылау ортасының үлкейтіп немесе кішірейтіп бапта. Ал оны алып тастау үшін қайтадан «Прожектор» батырмасында шерту керек.

6. «Өшіргіш» құралын қолдану

«Өшіргіш» құралын таңдап алыңдар. Алдын-ала жазылған жазудағы ашық-көк түс маскасын өшіріңдер. Алғашқы жазулар өшірілмейді, себебі олар басқа қабатта. «Өшіргіш» құралы үстіңгі қабатта ғана активті. ACTIVstudio-ны жауып шығуға болады, ал беттегі элементтер сақталып қалады.

Ескерту: Аннотация негізгі қабатта, жазулар, тану құралының көмегімен құрылған ортаңғы қабатта орналастырылады.

№5 Лабораториялық жұмыс

Торлар

1. Сақталған флипчартты ашу

ACTIVstudio-ны іске қосып, Флипчарт 4-тің соңына жаңа беттер қос. Соңында флипчартта 5 бет болу керек. Енді оны Флипчарт 5 деп сақта.

2. Торлар құру

Торлар құру үшін фон торлары қажет. Бірақ та торларды басынан бастап құрмай-ақ, ACTIVstudio-ның дайын торларының фонын қолдануға болады. Кітапхана ресурсын іске қосып, «Жалпы торлар» бөлімінен торлардың наубайларын көруге болады. Мұнда ‘1х1 торын’ тауып, оны Жалпы торлардан жаңа флипчарт бетіне қойыңдар. Кітапхана ресурсын жабыңдар.

3. Торлардың көлемін өзгерту

Бұл мезетте торлардың өлшемі өте кішкентай; бірақ та оны өзімізге қажетті өлшемнің көлемімен өзгертуге болады. Ол үшін бізге үлкен торлар қажет. Тордың көлемін өзгерту үшін, флипчарт бетінде екі рет шерту қажет. Бетті редакторлеу құралдары тақтасын ашып, «Объектінің көлемін үлкейту» батырмасын беттегі горизонтальді сызықтар төртеу болғанша басып тұру керек.

4. Мәтін құру

Құралдар тақтасынан Тану батырмасын таңдап алыңдар. «Қаріпті таңдау» терезесінен 20-ші өлшемді таңдап ОК батырмасын шертіңдер. ACTIVpen немесе тышқанмен «ACTIVstudio» сөзін жазғаннан кейін, қолмен жазылған мәтін, пернетақтамен жазған мәтінге айналады.

Кезекпен «ACTIVstudio» бағдарламасының қосымша құрылғыларын жаз. Тану құралын жабыңдар.

5. Объектілерді тордың бойымен реттеу

Бөліп алу құралын қолданып, «ACTIVstudio» тышқанмен тордың горизонтальды сызығының шетіне орналастырыңдар. Әрекеттерді орындағанда мәтін тордың сызығының бойына орналасатынын байқауға болады. Енді келесі сөздерді жазғанда олар кезекпен сызықтың бойында орналасады. Әрбір сөз өзінің горизонтальды сызықтың бойында ретпен жазылады.

6. Кітапхана Ресурсына ресурстар қосу

Бұл сөздер алдағы жобаларды жасағанда қажет болатындықтан, оларды Кітапхана Ресурсына қосып қойыңдар. Флипчарттың құралдар тақтасынан Кітапхана Ресурсы батырмасын басып, менің Кітапхана Ресурсым батырмасын таңдау керек, бұл жерде кез келген ресурстарды сақтауға болады және өзің үшін ресурс жинақтайсың. Менің Мәтінім батырмасын басып, оң жақтағы бірінші сөздерді орналастырыңдар.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: