Тану батырмасын баптау: тіл

Бұл уақытқа дейін тану батырмасы, ағылшын тілінде (Великобритания) таниды. Ал ол көптеген тілдерді тани алады.

Ескерту: қажет болса Кітапхана Ресурсында кез келген жерде жаңа бума құра аласыңдар. Кітапхана Ресурсы тақтасының кез келген жерінде оң жақ батырманы шерткенде кішкентай терезелер ашылады. Жаңа бума құру опцияларын таңдап, тақырыбына сай ат қойыңдар. Ақпарат енгізу опциясын таңдап, «Қол жазуларын тану тілі» бөлімін қараңдар. Онда ағылшын тілі (Великобритания) көрсетілген болар.

8. Тану құралын қолдану

Енді,тану құралын қолданғанда, ACTIVstudio қолмен жазылған мәтінді машиналық мәтінге айналдырады. Бірақ та, естеріңде болсын, ол аударма жасамайды.

9. Көрінетін Торды өшіру

Флипчартқа соңғы штрихтарды қосыңдар. Флипчарт бетінде екі рет шертіп редакторлеу құралы тақтасынан Тор беті құралын таңдап алыңдар. Бұл ауыстыратын-құрал, батырманы тағы да бір шерткенше, функциялар активті болып қалады. Торды жауып қойған кезде, олар көрінбейді, бұдан функциялау тоқтап қалмайды. Соңғы штрих ретінде, құю батырмасымен бетті ашық-көк немесе ашық сары түске бояңдар. Түс өзіңе ұнағанда, флипчартты сақтап қойыңдар.

10. Перде құралын презентация кезінде қолдану

Флипчарттағы презентацияны жандандыру үшінACTIVstudio-ның перде құралын пайдалануға болады. Бұл құралды активтендіргенде, экранды тек қара түсті қалыпта көруге болады.

Меңзерді экранның жоғары бөлігінде төмен қарай жылжытқанда экранның ашылғанын көреміз. Оңнан солға, төменнен жоғары немесе сол жақтан оңға қарай экранды ашуға болады. Перде батырмасын алып тастау үшін, сол құралдың үстінен шерту керек. Енді ACTIVstudio- да ешқандай өзгерісті сақтамай жабыңдар.

№6 Лабораториялық жұмыс

Суреттермен жұмыс

1. Сақталған флипчартты ашу

ACTIVstudio-ны іске қосып, Флипчарт 4 терезесін іске қос, соңында жаңа беттер құрыңдар.

Беттің Селектор құралын қолданып, флипчарттың беттерін тексеріп шығып, флипчартты қайтадан сақтаңдар.

2. Тақырып құру

Мәтін құралын алып беттің тақырыбын құрыңдар. Қаріптің көлемін таңдап «Дүниежүзі картасы» сөз тіркесін жазыңдар.

3. Жалпы суреттерді қодану

Кітапхана Ресурсын ашып Жалпы Кітапхана – Жалпы Суреттер – Карталар командасын орындаңдар. Флипчарт бетінде «Дүниежүзі материктері» сөзін жазыңдар.

Ескерту: Кітапхана Ресурсы менюінен суреттердің қысқаша аттары жазылмаған, «Жазуларды» таңдап алыңдар. Егер картаны табу қиындық келтірсе, онда кез келген түрлі-түсті картаны пайдалану арқылы табуға болады. Алдағы уақытта үйрену бағдарламасына мұхиттардың аттарын да қосуға болады, бірақ ол үшін бос орын барлығына көз жеткізу керек. Кітапхана Ресурсын жабыңдар.

4. Аспектілі өлшемді қолдану

Суреттерді бөліп алғанда шетіндегі төртбұрыштарға көңіл бөліңдер.Төменгі оң жақтағы төртбұрышта басқаларына өзгеше өзгеріс бар екенін байқауға болады. Бұл төртбұрыш Объектінің өлшемі (пропорциясын сақтайды). Оны қолданғанда суретті үлкейткенде бастапқы пропорциясын сақтап қалады. Төртбұрыштың көмегімен картаның диагоналы бойынша үлкейтіңдер. Бұл төртбұрышты қолдана отырып, картаны беттің өлшемімен бірдей етіп үлкейтіңдер.

5. Объектілерді қабаттар арасында ауыстыру

Енді, объектілерді үлкейткенен кейін, суреттер сапасын жоғалтады. Бұл жағдайды болдырмау үшін, суретті қабаттың астына орналастыруға болады. Суретте екі рет шертіп, объектілерді редакторлеу құралдар тақтасынан Қасиет батырмасына басыңдар. Сыртқы түрді таңдап қабатты ортаңғыдан ең астына жіберіңдер. Картаның суретін қағазда салғандай етіп орналастырыңдар

Беттің Қасиеті терезесін жабыңдар.

6. Тамызғыштың көмегімен түстерді өзгерту

Енді флипчарт бетінде Түстер палитрасынан кез келген түсті таңдап алыңдар. Тамызғыш құралын таңдап алғанда, түс таңдап алынған болса, тамызғышты қолдансаң, онда түсі өзгереді де, флипчарт бетінде жаңа түске енеді. Ашық көк түсті таңдап алыңдар. Түстер палитрасында басқа үш түрлі жасыл түс бар. Қандай түспен бояу өз еркің. Тамызғыш активті болып тұрғанда, картада меңзер+ таңбасына ауысады. Бетте Тамызғышты басқанда түс + таңбаның астында болады. Дүние жүзінің картасынан Антарктиданы белгілеп алып, ашық түстің бірін таңдаңдар. Жаңа түс алдыңғы түсті ауыстырып активті болады. Құю құралымен жұмыс жасап көріңдер. Материктің бірін немесе фонын жаңа түспен бояңдар.

Егер де өздеріңе ұнаса, өзгерісті сақтап қоюларыңа болады немесе Болдырмау батырмасын басып алдыңғы жұмысты бастаған жерлеріңе қайта келулеріңе болады.

Ескерту: егер де түсті қателесіп алсаңдар, онда Басты менюден және Студияны баптау параметрлерінен – Құралдар тақтасынан – Барлық құралдар тақтасын алып тастау батырмаларын шертіңдер. Бірақта естеріңде болсын, құралдар тақтасындағы барлық баптаулардың түгелге дерлік алып тасталады.

8. Суретті үлкейту үшін бетте Зум құралын қолдану

Зум құралын таңдап алып, батырманы басып тұру қажет. Бір-екі секундтан кейін флипчарт беті үлкейе бастайды.

9. Масштаб батырмасын қолданып бетті қалпына келтіру

Тышқанның оң жақ батырмасын басып ұстап тұрсаңдар, сол жақ батырмасын басып ұстап тұрғаннан ерекшелігі суретті бастапқы қалпына келтіреді. Бірақ та, көлемді кішірейту әдісі – бұл қайтадан Тақырып тақтасынан Көлем батырмасын таңдап алып, Бастапқы Көлемді таңдауға болады.

10. Суреттің нақты түсін таңдау

Суреттің арнайы түсін таңдап өзгерткен кезде бетте көлем құралын пайдалану өте ыңғайлы. Картадан қара сызығын таңдап алып оның Көлемін өзгертейік. «Африка» сөзіндегі әріптерді үлкейтеміз. Ол үшін Түстер палитрасынан сызықтың түсін таңдаймыз. Көлем батырмасын басып, бетті бастапқы қалпына келтіріңдер.

11. Мәтіндік объектінің түсін өзгерту үшін, Құю құралын қолдану

Құю құралын таңдап алып, жаңа түспен беттің тақырыбында әрбір сөзді бояңдар. Абайлаңдар, әріптің үстінде шертіңдер, басқаша жағдайда түс барлық бетке құйылып кетеді. Түс аздап қана өзгереді, таңдап алынған түске байланысты.

12. Мәтінді беттегі ескертуде сақтау

Ескерту бетінде басыңдар. Терезеде Мұхиттардың тізімін жазыңдар:

Атлант мұхиты

Тынық мұхиты

Солтүстік Мұзды мұхиты

Антарктида мұхиты

Үнді мұхиты

Егерде терезеде картаны анық көрсетпесе, оны терезенің оң жақ жоғары шетіне қойыңдар. Терезенің шетіндегі батырмаларды пайдаланып, қажет болса терезенің көлемін өзертіңдер.

Беттегі Ескерту терезесін жабыңдар. Флипчартты сақтаңдар, бұл мезетте Ескерту автоматты түрде сақталады.

13. Флипчарт бетіндегі Ескертуге мәтін қосу

Флипчарттағы Презентация кезінде бетке Ескерту қоюға болады. ACTIVstudio Ескерту терезесіне қойылған баптауларды сақтап қалады. Бірінші мұхиттың атын белгілеп алып, «Бетке қосу» батырмасын басып терезедегі Ескертудің төменгі жағына қосыңдар.

Мұхиттың аттарын картадағы дұрыс орындарына қойыңдар. ACTIVstudio бағдарламасын жабыңдар. Флипчартты сақтамаңдар, себебі ондағы жазулар беттің келесі беттерінде де пайда болады.

№7Лабораториялық жұмыс

Сандар

1. Сақталған флипчартты ашу

ACTIVstudio-ны іске қосыңдар және Менің флипчартымнан Флипчарт 5 ашыңдар. Бетті таңдап 7 бет құрыңдар. Қайталап сақтаңдар Флипчарт 6 атымен сақтаңдар. Сандар тақырыбын жазыңдар. Мәтінді редакторлеу құралдарын жабыңдар.

2. Сызғыштың мүмкіндіктері

Негізгі құралдар тақтасын іске қосыңдар. Сызғыш (см) құралын таңдап алыңдар. Сызғыш бетте пайда болуы керек. Сызғыштың төменгі жағына меңзерді қойсаңдар, меңзер+ таңбасына айналады. Бұл сызғышты қозғалтуға мүмкіндік беретін таңба. Сызғышты терезенің ортасына қойып, меңзерді оның жоғарғы жағына орналастырғанда меңзер айналдыру таңбасына ауысады.

Сызғышпен жаттығыңдар, айналдыру бұрышына көңіл бөліңдер - сызғышпен горизонталь аралығында – сызғыштың ортасында көрінеді. Сызғышта екі рет шертіңдер, математикалық құралдар тақтасы ашылады. «Объектінің көлемін үлкейту» батырмасын шертіңдер. Сызғыш ұзарады. «Объектінің көлемін кішірейту» батырмасын шертіңдер. Сызғыш қысқарады. Өшіру батырмасын шерткенде сызғыш жоғалады.

3. Сызғыштың көмегімен үшбұрыш салу

Қайтадан сызғышты (см) таңдап алыңдар. Құралдар тақтасын жабыңдар. Сызғышты екі рет шертіп ұзындығын 16 см өзгертіңдер. Математикалық құралдар тақтасын жабыңдар. Сызғышты флипчарт бетінің төменгі жағына қойыңдар. Негізгі құралдар тақтасынан Қаламды таңдаңдар. Меңзерді сызғыштың үстіне келтіріңдер, меңзер қарындашқа айналады түзу сызық жүргізуге болатын. 0-ден 16-ға дейін сызық жүргізіңдер. Сызғышты сағаттың бағытына қарсы айналдырып 40 градусқа 0-ден 16-ға дейін сызық жүргізіңдер. Сызғышты айналдырып үшінші сызықты салыңдар да: А,В және С әріптерімен бұрыштарын белгілеңдер.

4. Транспортирді қолдану

Құралдар тақтасынан 180-градустық транспортирді алыңдар.

5. Толықтырылған сегмент құру

Транспортирді центрі (0) келтіріңдер. Транспортирге екі рет шертіңдер, математикалық құралдар тақтасын іске қосыңдар. Бірнеше рет «Объектінің көлемін кішірейту» батырмасына шертіңдер. Енді қаламның көмегімен транспортирдің шетінен сызық жүргізіңдер. Жұмысты аяқтағанда сегмент толықтырылады. Транспортирді жылжыта отырып басқа түстермен тағы да екі сегмент жасаңдар. Соңында үш сегменттен 180° үшбұрыштар шығуы тиіс.

6. Тордың фиксациясын қолдану

Флипчарттың келесі бетіне өтіп, кітапхана ресурсын іске қосыңдар. Жалпы суреттер ішінен Торды таңдап, 1 x 1 торын алып шығыңдар. Торда екі рет шертіп бетті редакторлеу құралдар тақтасын іске қосыңдар. «Объектінің көлемін ұлғайту» батырмасын шертіп, көлемін шамамен 12 x 9 квадратына жеткізіңдер.

7. Координат құру

Қалам құралында екі рет шертіп, Қаламның Модификаторын іске қосыңдар. Түзу вертикальды және горизонтальды сызықтарды қолдана отырып (көлемі -4, түсі – қызыл) беттің ортасында қиылысатын вертикальды және горизонтальды осьтер сызыңдар. Қаламның Модификаторын жабыңдар.

8. Үшбұрыш салу

Қаламның Модификаторын қолдана отырып үшінші сызықты сызып, жасыл түспен үшбұрышты бояңдар. Қаламның Модификаторын жабыңдар.

Үшбұрышта екі рет шертіп объектіні редакторлеу тақтасын іске қосыңдар. «Қасиет және іс-әрекет» белгісін шертіңдер. «Топтау» жолын таңдап шертіп, терезені жабыңдар.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: