Есеп 31

Науқастың артериалық қанындағы оксигемоглобин мөлшері - 98%, веналық қанда - 45%, эритроцит саны - 4,9х1012/л; аяқ-қолдарының ұштарында, мұрыны мен еріндерінде айқын цианоз. Жүректің минуттық көлемі (ЖМК) - 2,5 л. Артериялық қандағы көмір қышқыл газының кернеулігі - 40 мм с.б.

1. Науқаста гипоксияның қай түрі дамығандығын ойлауға болады?

Қанайналымдық гипоксия дамыған.

2. Науқастағы оттегілік көрсеткіштерді бағалаңыз. Арт-қ қанда оксигемоглобин мөлшері қалыпты, венада азайған, эритроциттер мөлшері жеткілікті, ЖМК – төмендеген.

3. Бұл гипоксияда басқа оттегілік көрсеткіштер (раО2, pvO2, оттегі бойынша артерио-веналық айырма, қанның оттегіге сыйымдылығы) қалай өзгеруі мүмкін? жауапты негіздеңіз.

раО2 – қалыпты, pvO2 – төмендеген, оттегі бойынша артерио-веналық айырма – үлкейген, қанның оттегіге сыйымдылығы – қалыпты н/е жоғарылаған.

4. Гипоксия патогенезінің негізгі тізбегін анықтаңыз.

Жүрек жетіспеушілігі ЖМК азаюы қылтамырларда қан ағу жыл-ы төмендеген тіннің оттегіні толығымен пай-уы тіндер мен қылтамырларда СО2 жиналып қалуы веналық қанда оксигемоглобин азаюы цианоз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: