Бап. Арыз беру

1. Жергіліктi атқарушы органның шешiмiмен, әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) алқаби ретiнде қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу үшiн iрiктеу рәсiмiне қатысуда азаматтың құқығы бұзылып отыр деп есептеген азамат осы Кодекстiң 3-тарауында белгiленген соттылық бойынша сотқа арыз берiп жүгiнуге құқылы.
2. Арызды Қазақстан Республикасының алқабилер туралы заңнамасына сәйкес, алқабиге кандидаттардың алдын ала тiзiмiмен азаматтарды таныстыру мерзiмi аяқталған кезден бастап жетi күн мерзiм iшiнде сотқа беруге болады.

274-2-бап. Арызды қарау

1. Осы Кодекстің 274-1-бабында белгiленген мерзiмдерде келіп түскен арыз - екi күн мерзiмде, ал осы мерзім аяқталатын күні келіп түскен арыз дереу қаралуға тиіс.
2. Сот арыз иесінің, тиісті жергілікті атқарушы орган өкілінің қатысуымен қарайды. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiсiнше хабардар етiлген, аталған адамдардың сотқа келмей қалуы iстi қарау және шешу үшiн кедергi болып табылмайды.

274-3-бап. Арыз бойынша сот шешiмi және оның орындалуы

1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге алқаби ретiнде қатысу үшiн iрiктеу рәсiмiне қатысуға азаматтың құқығы бұзылуын анықтаған сот шешiмi алқабиге кандидаттардың алдын ала тiзiмдерiне түзетулер енгiзу үшiн негiз болып табылады.
2. Сот шешiмi тиiстi жергiлiктi атқарушы органға жiберiледi. Сот шешiмiнiң орындалмауына кiнәлi лауазымды адамдар заңда белгiленген жауаптылықта болады.

26-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді
қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың)
қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу

Ескерту. 26-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен.

275-бап. Шағым беру

1. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 538-бабының 2) және 3) тармақшаларында аталған органдар (лауазымды адамдар) шығарған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiндегi заңды күшiне енбеген қаулыларына әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған, жәбiр көрген адамдар және олардың заңды өкiлдерi мен қорғаушылары сотқа шағымдануы, сондай-ақ прокурор сотқа наразылық келтiруi мүмкiн.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтан зардап шеккен адам да сотта әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыға дау айтуға құқылы.
3.
4. Шағымда осы Кодекстің 150-бабында көзделген мәліметтер, сондай-ақ нақты алғанда қандай қаулыға шағым жасалып отырғаны туралы деректер, оның шығарылған, азаматқа көшірмесі тапсырылған немесе хабарланған күні көрсетілуге тиіс.
5. Сотқа шағым беру әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрады.
6. Мүдделі адамдардың жоғары тұрған органдарға немесе жоғары тұрған лауазымды адамға бағыныштылық тәртібімен алдын ала жүгінуі сотқа шағым беру және соттың оны мәні бойынша қарауы мен шешуі үшін міндетті шарт болып табылмайды.
7. Шағым беру мерзімінің өткізіліп алуы, әкімшілік жаза қолдану мерзімінің, сондай-ақ қаулының орындалу мерзімінің өтуі соттың шағымды қарауға қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды. Мерзімдер мен олардың істі дұрыс шешу үшін маңызын сот шағымның мазмұнына қарамастан тексереді.
Ескерту. 275-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.11. N 238 Заңымен.

275-1-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
жөнiндегi қаулыға сотқа шағымдану мен
наразылық келтiрудiң тәртiбi

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысына осы Кодекстiң 275-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар қаулының көшiрмесi табыс етiлген күннен кейiн он күн iшiнде тiкелей сотқа шағым бере алады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) қаулысына осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мерзiмдерде аталған адамдар сотқа шағым бере алады.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және сотқа бiр мезгiлде түссе, онда шағымды сот қарайды.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға прокурор қаулының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн ішiнде сотқа наразылық келтiруi мүмкiн.
Ескерту. 275-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 238 Заңымен.

276-бап. Шағымды қарау

1. Сот шағымды он күн мерзімде қарайды.
2. Сот прокурорға, шағым берген адамға, сондай-ақ іс әрекетіне шағым жасалып отырған әкімшілік органға немесе лауазымды адамға сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды, алайда олардың келмей қалуы істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды.
3. Істі қараған кезде сот әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының заңдылығы мен негізділігін тексереді, ол заң негізінде жүргізіліп отыр ма және оны соған уәкілетті орган немесе лауазымды адам жүргізіп отыр ма, адамды әкімшілік жауапқа немесе оған жүктелген міндетті орындауға тартудың белгіленген тәртібі сақталды ма, азамат заңдарға бұл үшін тиісті жауаптылық белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық жасады ма, ол осы құқық бұзушылық жасауға кінәлі ме дегенді анықтайды.
Ескерту. 276-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

277-бап. Соттың шешімі

1. Сот азаматты әкімшілік құқық бұзушылық құрамы немесе оқиғасы болмағаны үшін әкімшілік жауапқа тарту негізсіз деп таныған жағдайда, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде аталған, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын өзге де жағдайларда сот әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі қаулының күшін жою туралы және ол істі қысқарту туралы ұйғарым шығарады.
2. Сот жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын, құқық бұзушының кім екенін, оның кінәсінің деңгейін, мүліктік жағдайын, жауапкершілікті жұмсартатын өзге де мән-жайларды ескере отырып, жазалау шарасын өзгертуге құқылы. Соттың әкімшілік жазаны күшейтуіне жол берілмейді.
3. Егер сот әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік жаза қолдану жөніндегі іс-әрекеті заңды және негізделген деп тапса, сот қаулыны өзгертпей қалдырады, ал арызды қанағаттандырмайды.
4. Егер сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулыны әкімшілік орган немесе лауазымды адам өз құзыретін бұза отырып шығарғанын анықтаса, сот қаулының күшін жояды, ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі, егер әкімшілік жаза қолдану мерзімі өтіп кетпеген болса, жоғары тұрған органның, лауазымды адамның қарауына жібереді немесе, егер әкімшілік жаза қолдану мерзімі өтіп кетсе, іс бойынша іс жүргізуді қысқартады.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысына жасалған шағым (наразылық) бойынша шығарылған заңды күшiне енген және енбеген сот ұйғарымдарына шағымдану Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекс белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
Ескерту. 277-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 238 Заңымен.

27-тарау. Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды
адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен
әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айту туралы іс
бойынша іс жүргізу


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: