Тісті массивтер. Array класы

Тісті массивтер. Екіөлшемді массив тікбұрышты формада болады. Тісті массив өлшеміне қарағанда майысып тұрады. Мұндай массивтерде әрбір жол өлшемдері өзгеше болуы мүмкін. Төмендегі мысалда 3х3 екіөлшемді массиві мен 1жол 2элементтен, 2жол 6, 3жол 3элементтен тұратын тісті массив көрсетілген.

Тісті массивтерді инициализациялау кезінде бірінші тік жақшада жолдар санын анықтайтын өлшем көрсетіледі. Жолдағы элемент/ санын анықтайтын екінші тік жақша бос қалдырылады, себебі олардың элементтерінің саны әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы,

Int [] [] jagged = new int [3] [];

jagged [0] = new int [2] {1, 2};

jagged [1] = new int [6] {3, 4, 5, 6, 7, 8};

jagged [2] = new int [3] {9, 10, 11};

Array класы. Массивтерді құруға, өзгертуге, іздеуге және сұрыптауға арналған әдістерді береді, яғни CLR ортасында барлық массивтерге базалық класс ролінде қызмет атқарады.

Мұралау иерархиясы

System.Object
System.Array

Синтаксисі

[SerializableAttribute][ComVisibleAttribute(true)]public abstract class Array: ICloneable, IList, ICollection, IEnumerable, IStructuralComparable, IstructuralEquatableArray класы массивтермен жұмыс жасайтындарға ғана базалық болып табылады. Array класынан тек қана жүйе мен компиляьор мұралай алады. Қолданушылар программалау тілі ұсынатын массив конструкцияларын қолдануы керек. //Класс Array int[ ] ar1 = new int[5]; double[ ] ar2 ={5.5, 6.6, 7.7}; int[, ] ar3 = new Int32[3,4];

Массиві бар барлық класстар System.Array класының мұрагерлері болып табылады. System.Array класы бірқатар интерфейстерді мұралайды: ICloneable, IList, ICollection, Enumerable, және класс олардың барлық қасиеттері мен әдістерін іске асыру қажет. Object класы мен көрсетіліп кеткен интерфейстердің қасиеттері мен әдістерінен басқа, өзінің де біршама қасиеттері мен әдістері бар.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: