талап етеді

Ойын әрқашан көптеген шешулерді немесе жауаптарды қажет етеді. Мысалға, не істеу керек? Қалай жеңуге болады? деген сұрақтар туады. Осы сұрақтардың жауабын шешуге ойыншы бар ынтасымен ойынға кіріседі егер оқушы ойын барысында Шетша сөйлесе, бұл жерде бір тылсым оқыту тәсілі жатқан жоқ па? Бірақ балалар осы сұрақтарға мән бермейді. Бұлар үшін ойын біріншіден қызықты жұмыс. Осыменен де мұғалімдерді ойын қызықтырады, оның ішінде Шет тілі, яғни шетел тілі мұғаліміне. Ойын барысында барлығы тең. Ойын барлық оқушыларға, яғни әлсіз оқушылардың да қолынан келеді. Тіл жағынан шорқақ оқушы өзінің тапқырлығы мен ақылы арқылы жеңімпаз, не бірінші орынға ие бола алады. Теңдік сезімі, қызығушылық атмосферасындағы қуаныш, бұның барлығы ұялшақтықты, еш қысылмай өз ойын жеткізуге зор ықпалын тигізіп, сабақ барысында жетістіктерге қол жеткізуге ықпалын тигізеді. Ойын арқылы тілдік материалды еш қиындықсыз, мүлдем байқамай қабылдап осымен бірге «шынымен де мен басқалармен тең сөйлей аламын» деген сезім пайда болады.

Балалық ойын – үлкен, шарықталған түсінік. Бұл мысалға, кішкентай бала өзін ұшқыш сезініп, ал жай мектеп орындығын бір ұшақ тәріздес болып көрінеді. Бұл ойын алдын – ала айтылған талаптарға (жасырынбақ, фанттар, тағы басқа) сәйкес ойыншылар арасында түрлі жарыстар өтіп жатады.

Ойындар басты әдістемелік шешімдерді ашуға көмегін тигізеді.

- Балаларды психологиялық дайындыққа, тілдік қатынасқа үйрету.

- Тілдік материалды көп қайталау арқалы табиғи қатынасқа бағыттау.

Оқушыларды тілдік кұрылымдарды дұрыс пайдалануға үйрету.

ІІ. Ойын тәрбие құралы.

ІІ.1. Ойын мұғалімнің көмек көзі.

Мұғалім шетел тілі сабағында жаңа тақырыпты түсіндіру барысында түрлі қиынтықтарға кезігеді. Мұғалім үшін ойын зор көмегін тигізеді. Дәстүрлі емес сабақтарда шәкірт тарапынан қызығушылықты арттыру мақсатында олардың жас ерекшеліктеріне қарай ойын элементерін таңдай, талдай отырып мұғалім өз сабағын өткізуге болады.

Бастауыш сынып кезінде шетел тілін коммуникативтік, шетел тілінде сөйлеу мен оқушылардың қарапайым дәрежеде пікірлесуге бағытталған. Ең бастысы оқушыларды шетел тілінде қарым - қатынас жасауға ылталарын ояту болып табылады. Тек басқа елдің тілін емес, сонымен қатар сол елдің салт- дәстүрімен, халықтық мәдениетімен таныстыру. Бекерден- бекер емес ең бастапқы уақытта бастауыш сыныптағы оқушыларды оқытуды мұғалім ойын арқылы өз сабағы балаларға түсінікті түсіндіру үшін ойынды көмекке алады. К. Д. Ушинский ойын мен өлеңді қатар қолданып сабақ өткізуге болады деп шырайын келтіреді. Осылар арқылы оқушылардың өнерге деген сезімдерін оятады деп білдіреді. Елдің болашағы тәрбие ісіне тәуелді. Сондықтан да тәрбие ісіне келесі міндеттер жүктелгендігін ескеріп, жаңа қоғам мүддесіне лайық, жан- жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам төрелерін тәрбиелеп өсіру отбасының, балабақша мен мектептің міндеті. Бұл талаптардың жүзеге асуы алдымен, тәрбие ісіне, оның дұрыс ұйымдастырылуын тікелей байланыста болса, екінші жағынан және оны баланың қабылдап меңгеруі мүмкіндігі мен қажетін өтеудегі үйлесімділігімен сәйкес.

Ұстаз үшін ойын көп септігін тигізеді. Ойын- бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Әрине, тек көру, байқау арқылы емес, тікелей араласып, іс- әрекетке көшіп нақты қарым- қатынас барысында біледі. Мұны ұғынуда ойын шешуші мәнге ие болады. Былайша айтқанда, түрлі заттар мен құбылыстарды адамдар арасындағы қарым- қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады.

Баланың таным түсінігі, іс- әрекеті ойыннан басталады, оның негізгі болашақ өмірінде жалғасын табады.

Қазақтың ұлттық ойындары туралы арнайы еңбек жазған Базарбек Төтенов «Ұлттық ойындардың қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделікті түсінігіндегі

тіршілігіндегі қозғалысы мен қөңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі еңбектің бір түрлі ретінде де дамыды» деген пайымдау жасаған. Өзінің бұл

тұжырымын бекітуге Ш. Уәлихановтың «Жонғар очерктерінде» айтқан пікірін тілге тиек етіп, әртүрлі қимыл әрекетті ойындар мен асық ойындары тайпалық одақтарда ересектер арасында дамыда да, кейін келе жасөпірімдердің үлгісіне қалғандыған талдайды. Себебі, үлкендерден көргенін бала өздері үшін үлгі санап, өнеге ретінде күн ұзаққа ермек етіп, үйде де, далада да ойнайды. Бала өмірі ойынға байланысты. Ойынсыз олар өсіп, өркендей алмайды. Бұл заманның шындағы, өмірдің заңдылығы деп жазған.

Шет тілі сабағында, сабақ беру барысында ұлттық ойындармен ұштастыра өткізген дұрыс. Осы арқылы біз оқушыларға өзге елдің және бұнымен қоса өз халқының, ұлтының мәдениетін қоса меңгере алады. Ұлттық кіндіктен нәр алған халықтық ойындар тек көне заманда емес, күні бүгінге дейін өз жалғасын тауып келе жатқан құбылыс. Бірақ ол кезде арнайы тәрбие заңдары болмағандықтан, бала ойындарды жеке балалар арасында бас қосу себептері кезінде, көшпелі елдің ауылдық жаңаша қоныстануы сәттеріндегі топтарда ойналған. Сондай- ақ бала ойындарды тиісті бағдарлама немесе тиісті педагогикалық ресми нұсқау басшылықтары арқылы емес, атадан балаға мирас болған дәстүрлік жолмен жалғасқан.

ІІ.2. Оқыту үрдісінде ойынды ұйымдастыру жолдары.

Ойын түрін пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де, тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады. Ойын түрін қолдану оқушыға ерекше әсер етеді, оны дұрыс жоспарлау қажет. Сынып оқушылары оған түгел қатысуы шарт.

Оқыту барысында ойын элементтерін қолдану кезінде төмендегі талаптар орындалуы керек:

- Оқушылардың қажетті сөздік минимумы болуы;

- Белгілі бір мақсатта құрылуы.

Әрбір ұстаз, әрбір әдіскер шетел тілі сабағында ойын тәсілдерін қолдану мен ұйымдастыру жолдарын өздерінше түрлі мақсаттарға байланысты топшалаған. Мысалға, М. М. Закенова мектеп мұғалімі шетел тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолданған дұрыс деп шешеді.

1. Әліпбиді дұрыс меңгерту;

2. Орфографияны дұрыс оқыту;

3. Лексиканы меңгерту;

4. Грамматикалық құрылымды меңгерту;

Оқушының ойынға белсенді қатысуына қарай еңбегі бағалануы қажет.

1. Алфавитті дұрыс меңгерту үшін барлық әріпке карточкалар жасалады. Карточкаларды сол әріптен басталатын аңдардың суреттерін салғызамыз. Бұл ойында оқушылар әріптермен қатар аңдардың атауын қоса жаттап, әріптерді әліпби тәртібі, ретімен қойып үйренеді. Ал жануарлар дүниесі тақырыбын өткенде «Зоопаркте» ойынын ойнатамыз. Ойында аңдарды дорбаға салып, олардың Шетша атын беретін сөздерді дұрыс айтуы керек.

2. Орфографияны дұрыс оқыту оқытудағы алдыңғы сабақтармен байланыс ретінде «сөздіктен сөзді тап» атты кроссворды шешіледі. Тақтаға шыққан оқушы қате жіберсе, қалғандары дұрыс, керекті әріптерді айтады. Оқушылармен тілді дамыту жұмыстармен осылайша ауызша, жазбаша екі бағатта жүргізуге болады. Олардың тілін дамытуда көрнекіліктің алатын орны ерекші және ол мұғалімнің шеберлігі мен іскерлігіне байналысты.

3. Лексиканы меңгертуде төменгі сыныптар үшін ойынға қажетті материал: карточкада бірінші әрпі жоқ сөздер жазылады. Ойының мақсаты- сөздің бірінші әрпін тауып жазу. Тапқан оқушының еңбегі бағаланады. Ал жоғары сыныптар үшін күрделірек тапсырмалар берілді.

Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру. Қазіргі мектептегі негізгі мәселелердің бірі- оқушыны өз бетімен оқуға үйрету. Сондай- ақ бұл мәселе өздігінен білім алуға да әсерін тигізеді. Ынта қойып оқуға жаттығу арқылы оқушы көп нәрселерді біліп, өздерінің білімін толықтырып, ой-

өрістерін дамытады. Соның ішінен өзіне қажетті деректі материалдарды таңдап алуға мүшкіншіліктері болады. Мәтін оқумен байланысты мақсаттар қояды: мәтіннің негізгі идеясын анықтау, мәтін не жөнінде

айтылған, оқиға қай жерде болған, шығармадағы басты бейнелер тағы басқалары. Мәтіннің мазмұнын айту үшін оқылған мәтінге жоспар құралады, оны бөлімдерге бөледі, ат қояды, оны анықтау үшін нақты түрде жоспары болуы шарт.

4. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттырудың бір жолы- грамматикалық ойындарды жиі ұйымдастыру. Ойын оқушылардың белсенілігін басым етіп, өтілген тақырыпты қалай меңгергенін көрсетеді. Екі командаға бөлінген оқушылар сабақ үстінде түрлі жаттығулар, суреттеу, жіктеп және түрлі етістіктерден 3 - 4 сөйлем көлемінде әңгіме құрады, осылай бір- бірімен жарысады. Мұндай жұмыстарда оқушылар сабақ үстінде шаршамай сергек отыруға жағдай жасап, пәнге көзқарастарын қалыптастырады.

Оқушылардың өзін- өзі басқару, іс- әрекет жасау үшін сыныптан тыс тәрбие жұмыстары, апталықтар, кештер ұйымдастырылып отырады және оқушылар оған белсене қатысады.

Енді А. Байтұрсынов атындағы университеттің аға оқытушысы Ч. Төленова өз сабақтарында ойын түрлерін дидактикалық ойын топтарына жіктейді.

Бұлар:

1. Фонетикалық ойындар.

2. Сөлеуге дағдыландыру.

3. Жазба жұмыстарындағы ойындар.

Осы көрсетілген ойын топтарына бірнеше мысалдарына тоқтала кетейік.

1. «Қандай сөз айтылды?» атты фонетикалық ойынды өткізуге болады. Оқушыларға 10 -15сөздер реті беріледі. Мұғалім осы сөздердің тізімін береді, бірақ бұдан бұрын осы сөздер легін тез және белгілі бір ырғақпен оқып шығады. Содан соң оқушыларды берілген сөздер тізімінен мұғалім оқыған сөздерді ретімен қоюлары шарт және ұстаздың оқыған сөздерін ғана белгілеулері керек. Осы ойыннан басқа да ойындарды өткізуге болады мысалға, [r], [w], [k], [dz], [h], [d], [t] дыбыстары. Мұғалім бұл қандай дыбыстар екенін еске түсірулерін сұрап, осы дыбыстар бар сөздерді айтуын сұрайды.

2. Сөйлеуге дағдыландыруға бағытталған «Are you the one» атты ойында өткізуге болады. Бұл ойын «Can you…?» сұраған жаттықтыруға үйретеді. Әрбір ойыншыларға can you play basketball…, can you play volleyball…, can you play football…, can you sing songs, сияқты қысқа

сөздерді бар карточкалар таратылады. Осы сөздерді алғаннан соң оқушылар бір- біріне can you…? деген сұрақтар қояды. Ойыншылар осы сұрақты «Yes, I can» деген жаупты алғанша сұрай береді. Егер осындай жауаптар алса, дұрыс жауап берген оқушының есімін карточкаларына

жазып алады, егер есімдермен карточка толса, ойынның соңында жеңімпаз барлық жауаптарды оқып шығады. (сөйлемдер дұрыс болуы керек.)

3. Жазба жұмыстарындағы ойындарды оқушыларға шағын өлең жаттатқызып, содан соң есінде қалған өлеңді (шамалары келгенше) дәптерге жазып береді. Мысалға, мынадай шағын өлеңді беруге болады:

“ I can see the door,

The window and the floor.

I can write and she can read,

I can skate and he can ski”.

ІІ.3. Кеңінен пайдаланылатын ойын түрлерін қолдану бағыттары.

Г. К. Манапованың ойын түрлерін жіктеу тәсілдерін кеңінен қолданылатын ойындар кезігеді. Бұл ойын жіктеулері қолайлы, ыңғайлы және бірін- бірі толықтырады деп есептеймін. Өйткені жіктеулеріне қарап отырсақ, біріншіден фонетикалық ойындар, содан кейін лексикалық, грамматикалық, тілдік- рольдік ойындар, драмалық ойындар, ситуациялық- ролдік ойындар деп топтастырады. Осының бәрін сатылап, сабақ үстінде осы ойындарды іске асырсақ біз жақсы нәтижеге жете аламыз деп ойлаймын.

Фонетикалық ойындар.

Фонетикалық ойын- жаттығулары мыналарды көздейді.

- Оқушыларды Шет дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету (Jaw and Tongue games)

- Оқушыларды ойын кезінде тақпақты қатты және түсінікті етіп айтуға баулу(Voice Training Games)

- Өлең не тақпақты дұрыс жаттап, рольдерді дұрыс сомдауға үйрету.

Осы фонетикалық ойындар театрландырылған арнайы жас ерекшеліктеріне байланысты алынған болуы тиіс.

Әрбір ойын 2 бөлімнен тұрады:

а) Оқушылармен бір дыбысты айтуға бағытталған

ә) Тақпақтың театрландырылуы қажет.

Фонетикалық бір дыбысты айтуға бағытталған тақпақты жаттатқызған уақытта ұжыммен емес, жеке оқушыларға жаттатыруға тырысу керек (бұл кезең өте ұзақ болмауы тиіс).

Бұл ойында мұғалімнің ролі өте зор: өзінің жүріс- тұрысын, қиялшылдығы не ойлау тапқырлығы, өзінің қызыққандығын оқушылар сезіне білуі тиіс. Ең алдымен ойынды ойнамас бұрын ұстаз өзі ойнап, яғни көрсетуі керек.

Ойынды ойнар кезінде олар топтарға бөлініп, әрбір топтан кім тақпақты жақсы және дыбыстарды дұрыс оқып берер екенін ойын кезінде байқауға болады. Кейбір кездерде оқушылар ролге кіреміз деп, кей дыбыстарды қате оқулары мүмкін. Сондықтан мұғалім ол оқушылардың бәрін қадағалап отыруы керек. Мысалға мұғалім фонетикалық ойынға «Lapping Milk» атты ойынды ойнатуға болады. Оқушылар [ө ] және [ә ] дыбыстарын айтар кезде оқушылардың көпшілігі тілдерін көрсетіп айтуға ұялатындарын мұғалім біледі. Сондықтан осы ойын тиімді деп есептеймін.

Мұғалім: «Оқушылар, сендер мысық сүтті қалай ішетінін білесіңдер. Сондықтан сендер сүтті қалай ішетіндерін көрсете аласыңдар ма? Егер көрсете алсаңдар «lap, lap, lap» деген сөздер айтқанда осыны көрсетесіңдер, яғни мысық сүтті қалай ішетінін»

“Little, kitty laps her milk,

lap, lap, lap!

Her tongue goes out,

lap, lap, lap!

Oh, see her tongue

Go out and in,

lap, lap, lap!”

Бұл ойын қызықты және өте пайдалы өтеді. Тек мұғалім «lap, lap, lap» деген сөздерден соң кішкене кідіріс жасау керек, өйткені үзіліс кезінде оқушылар мысықтың қалай сүт ішетінін көрсетулері қажет.

Лексикалық ойындар.

Бұл лексикалық ойындар мынадай мақсаттарды көздейді:

- Оқушыларды түрлі жағдайларда лексиканы тұрмыстық жағдайды өмірмен ұштастыру.

- Оқушылардың тілдік құрылымдарын қалыптастыру.

- Оқушыларды сөз тіркестемен таныстыру.

Осы ойындар сөз таптарды, шақтарды, райларды еске сақтауға, дұрыс қолдануға үйретеді. Лексикалық ойындар өткен тақырыптарды, лексикаға байланысты сөздерді еске түсірулеріне көмегін тигізеді.

Лексикалық ойын “ Family”. Бұл ойын жұптасып ойнатылатын ойын түрі. Бір оқушы өз отбасы туралы айтып тұрады, екінші оқушы айтып жатқан әңгімеге байланысты отбасы ағашын салады, осының бәрін түрлі сұрақтар арқылы толықтарды “ Do you have a…? What is his /her name?” тағы басқалары.

Тағы “ Snowball” атты ойынды өткізуге болады. Осы ойын “ I have a…/ she/ he has a…” конструкцияларын өткізген кезде өткізіліді. Барлық қатысушылар шеңбер болып тұрады. Мұғалім оқушыларға әртүрлі аңдардың суреті бар суреттерді таратып береді.

Бірінші оқушы: I have a dog.

Екінші оқушы: She/ he has a dog and I have a cat.

Үшінші оқушы: She/ he has a dog, she/ he has a cat and I have a…

Бұл ойындар алғаш Шет тілі сабағы кезінде оқушыларды тындап- түсінуге көмек береді. Ұстаз лексикалық ойындарды өткізген кезде ойынға мұқияттылықпен қарауы шарт.

Грамматикалық ойындар.

Бұл ойындар мынадай мақсаттарды көздейді:

- Оқушыларға грамматикалық қиындықтар туғызатын сөз әрекеттерін дұрыс қоя білуге үйрету.

- Сөздік және сөйлемдік құрылымдарды күнделікті өмірмен ұштастыру.

- Өздігінен жұмыс істеуге және түрлі грамматикалық қателер

жібермеуге үйрету.

Грамматикалық ойындар маңызды грамматикалық құрылымдар be, have, may, must етістіктерді, шақтар тобы, Indefinite, Continuous, Perfect, төлеу сөз тағы басқаларынан тұрады.

Көптеген ойындарды жарыс түрінде өткізуге болады, оларға білгілі бір балдар болғаны жөн. Әрбір ойынның нақты шарттары көрсетілуі керек. Ойынға деген қызығушылықты арттыру үшін әр қилы грамматикалық ойындар ұйымдастыруға болады. Сол ойынның жүргізушісі немесе кейбір кездерде бастаушы керек. Грамматикалық ойынның жүргізушісін мұғалім өзі таңдап алып, сол жүргізуші өзі ойынға қызығып басқа да оқушыларды өзіне, ойынға тарта білуі қажет. Ойындарды жүргізбес бұрын мұғалім барлық құралдардың (ойынға байланысты) түгел екенін тексеруі керек.

Грамматикалық ойындардың ішінен мынадай ойын түрін өткізуге болады, бұл “ Blind Man’s Buff”. Мұғалім балаларға ойнаймыз деген сәтте көптеген балалар жасырынбақ ойынын ойнағылары келеді. Осы сәтті пайдалана мұғалім өткен грамматикалық тақырыпты ойын түрінде өткізуге болады. Бұл ойынға он шақты оқушылар қатыса алады. Жүргізуші “ Where are you?” деген сұрақ қояды(оның көзі байланған болуы керек). Ал оқушылар даустарын сәл өзгертіп “ I’m here” деп жауап қатады. Бірақ жүргізуші бір оқушыны ұстап алып жүргізуші: Are you Asem?

Әсем: Yes, a am.

Әсем әрі қарай ойынды жалғастырады.

Әсем: Are you Bolat?

Талғат: No, I am not.

Асем басқа оқушыны ұстап алып.

Асем: Are you Dinara?

Гүлназ: No, I am not.

Осылай Әсем атты оқушы көп уақыт жүріп, ақыр соңында есімдердің алдында белгісіз артикль қойылмайтынын жақсы түсінеді.

Осы ойынға ұқсас көптеген ойындарды өткізуге болады. Ойын кезінде барлығы қызығып топ болып жұмыс істейді. Грамматикалық ойындар басқа да ойындармен тығыз байланысты болады.

Тағы да басқа ойындарға тоқталатын болсақ, шетел тілін оқытуда тілдік- ролдік ойындар кеңінен қолданылуы қажет. Тілдік ойындар балалардың тілдік материалды берік меңгеруіне, білімдерін бекітуге, тексеруге көмектеседі. Оқу- ойын жағдаяттарында түрлі коммуникативтік міндеттер іске асады. Рольдік ойындарда оқушылар әр түрлі қарым- қатынастарда ойнайды (дүкенде, мектепте, жанұяда, көшеде, жиналыста тағы басқалары).

Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарда Шет тілін оқуда, олардың осы тілдегі коммуникативтік іскерліктерін қалыптастыруда тілдік- рольдік ойын түрлерін қолдану қажет, себебі:

1. Негізгі әрекет ойын, сондықтан Шет тілін оқытуды дұрыс ұйымдастырылған ойын түрлерін тиімді пайдалану, балалардың Шет тілі сабағындағы белсенділіктерін арттырады.

2. Ойын процесінде балалар әрқашан да белсенді түрде қатысады. Сондықтан да балаларда өзара тығыз қарым- қатынасқа деген қажеттілік

туады, әрі олар ойын барысында тілдік карым- қатынас элементтерін меңгеріп қарым- қатынастың түрлі қызметтері жүзеге асады. Шетел тіліне оқытудың негізгі мақсаттарының бірі коммуникативтік біліктілікті қалыптастыру іске асады.

3. Ойын әрекетінде балалардың мүмкіншілітерін байқауға, қабілетін, көзін ашуға және жетілдіруге болады. Балалардың талдау, салыстыру, жинақтау, жалпылау, зейінділік, есте сақтау сияқты тағы да басқа әрекеттері іске асады.

Қорыта келгенде, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарында Шет тілін оқыту барысында олардың коммуникативтік іскерліктерін қалыптастыру үшін ойын түрлерін кеңінен қолдану оң нәтиже береді. Ол үшін мынадай бағыттағы арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген жөн болады:

- Бастауыш сынаптарда қолдануға тиімді деген оқыту ойындар түрін анықтау.

- Бастауыш сыныптарда ойындарда қолдану жөнін озат тәжірибелерді жинақтау.

-Оқушылар бойында коммуникативтік біліктілікті қалыптастыруда ойындар тиімді қолдану арнайы әдісімесін жасау.

Енді келесі кезекті драмалық ойындарға берелік. Драмалық ойындар оқушыларға сөйлеуге, яғни қарым- қатынас орнатуға көмектеседі. Оқыту көзіне байланысты драмалық ойындарды еш қорқынышсыз, сенімділікпен білу және шетел тілін білу деңгейіне байланысты белгілі бір шығармашылық сатыға көтеру шарт. Драмалық ойындар, бірінші деңгейінде Шет тілін меңгерудің ең алғашқы сәттерінде, алғашқы тақырыптарды өткен кездерде пайдаланылады, ал драмалық ойынның екінші деңгейінде, оқушылар өтілген материалды қолданып белгілі бір жағдаяттарды шеберлікпен қолдану, енді үшінші деңгейде оқушылар өз тілдік қорларымен, өз ізденістері арқылы сол жағдайдан шығу керек. Осы барлық үш деңгей `оқушылар үшін мынадай драмалық ойындарды белгілейді:

- шығармашылық өрбіту деңгей ойыны

- өзгеше шығармашылық деңгей ойыны

- шығармашылық іріктеу деңгейінде тілдік материалды берілген жағдаятқа қолдану ойыны.

Драмалық ойын «People’s appearance»

Мұғалім алдын ала түрлі адамдардың портреттерін таңдап әкеледі. Бұл ойын жұптасып ойнатылатын ойын түрі. Әрбір жұп бір-бір суреттен алады. Белгілі бір уақыт ішінде ойыншылар сол суреттегі адамның бет әлпетімен танысады. Кейін бір оқушы әрбір жұпта суреттерін теріс айналдырып, содан кейін сол суретті бейнелей бастайды. Келесі ойыншы сол портретке қарап әр «what can you say about his nose? What colour are his eyes?». Осы сияқты жалғастыра беруге болады.

Оқыту үрдісін ұйымдастыру процесінде шетел тілдерінде рольдік ойындарға ең басты, бірінші орынға қойған шарт. Рольдік ойындар сабаққа деген ынтаны, танымдық іс - әректтерді дамытады. Оқыту ойындарында еш шектеу немесі бір жақты стандарттар жоқ. Ойындардың пайда болуы жеке бір ізденіс, тексеріс кездерінде, ал нәтиже іс – тәжірибе, іскерлік пен автордың ішкі сезімі арқылы жарыққа шығады.

Осындай бір рөлдік ойындарды өткізуге мынадай шарттарды орындаған дұрыс.

- ойынның түрін анықтау;

- мақсатын ашу;

- ойыншыларды белгілеу;

- белгіленген ойын шарттары;

- рөлдердің барлығын бөлу;

- іске асыру кезеңі;

- бағалау кезеңі;

Дайындық кезеңде ұстаз оыйннан психо- дидактикалық принциптерін қарастыруы шарт:

1. диалогтық сөйлеу принципі

2. түрлі қиындықтардан шығу принципі

3. екі жоспарлылық принципі, бұл профессионалді жағынан,

оқушылардың қатысуымен екі жоспар болады бірі шартты, екіншісі нақты

болып табылады.

Көптеген тәжірибелерде ойын кезінде оқушылар саны 12- 13 адам, яғни әрбір топта 6- ға дейін оқушы болуы керек. Неғұрлым аз оқушы болса, соғұрлым рөлдік ойын қызық өтеді. Уақытты мұғалім өзі белгілейді. Рөлдік ойындар оқушыларды әр қилы сәттерден, қилы әдістер арқылы өзінің түсінбегедігін көрсету кезінде оқушылардың ең басты мотиві, басқа оқушылармен қарым – қатынас жасау, өз ойын дәлелдеу болып табылады. Ойын кезінде оқушының ұялшақтығы, өзіне өзі сенімсіздігін, қорқақтығы бәрін ойын арқылы жеңуге болады.

Ситуациялық рөлдік ойындарға тоқталмас бұрын, біз ойынның маңыздылығына тағы қысқаша тоқтала кетсек. Шетел тілін оқыту мектепте алғаш бастаған кезден – ақ біз оқушылардың жас ерекшілігін үнемі есте сақтап, шәкірттердің мінез – құлқына тән түрлі әдістер қолдануымыз керек. Бастапқы сатыдағы балалардың ерекшелігі сол- олар тез шаршығыш, қиялшыл, тынымсыз болады. Сондықтан да мұғалім сабақта түрлі рөлдік және драмалық (жоғарыда айтылғандай) ойындарды тағы басқа тәсілдерді қолдануы тиіс. Сабақта түрлі ойындарды қолдану мұғалімнен белгілі бір деңгейдегі тәжірибені, педагогикалық шеберлікті

талап етеді. Мұғалім мен оқушы арасындағы түсінікке қол жеткізу үшін әсіресе жас мұғалімдерге өте көп тер төгуге тура келеді, өйткені мектепке сабақ беру барысында олар дұрыс дауыс ырғағын, мимиканы, өзін - өзі ұстау дағдысын, яғни әртістік шеберлігін де шыңдауына тура келеді.

Шетел тілі сабағында ситуациялық рөлдік ойындарды қолдану оқушыларды топ болып жұмыс істеуге дағдыландырса, жыл өткен сайын мұғалімнің ұйымдастырушылық, ұжыммен жұмыс істеу шеберлігін шыңдай түседі. Ситуациялық рөлдік ойындарды орындау барысында әр оқушы өзіне белгілі бір рөлді алады да сол рөлге сай өзін - өзі ұстауына, әрекетіне көңіл бөліп, түрлі елдердегі жағдайларды салыстыруға мүмкіндік алады. Шәкірт ойын ойнау арқылы түрлі ұлттар мәдиниетінен хабардар болады, түрлі білімділік, біліктік ақпараттар алады. Сондай – ақ әр оқушы өзінің қабілетін көрсетіп, шығармашылық жұмыс істеуге бейімделеді.

Ситуациялық рөлдік ойындар барасында көптеген өзара байланысты тілдік ситуциялық ойындар қолданылады.

Ойын атмосферасы кезінде оқушының өзіне тән қабілетін көрсете алуы сабақта қолданылатын жұмыс түрлерін қызықты ете түседі. Ойын кейде күнделікті өмірде кезектесіп адамдар арасында қарым – қатынастарға құрылады да оқушылардың тілдік те, тілдік емес те шеберліктері шыңдалады.

Ситуациялық рөлдік ойындар қолданудың мақсаты мен өтулі кезеңіне байланысты коммуникативтік бағдардағы, педагогтық бағдардағы және кәсіби педагогтық бағдардағы деп бөлінеді. Бұл бағдардағы ойындар өзара бір-бірімен байланысты болады. Енді осыларға жеке - жеке тоқталайық.

Коммуникативтік бағдардағы рөлдік ойындар ауызына сөйлеу білігі мен

дағдыралын, сондай-ақ оқушылардың топ болып қарым- қатынысуы жағдайында өзара өздерін ұстау мәдиниетіне үйретеді.

Педагогикалық бағдардағы ойындардың басты мақсаты педагогикалық әдеп пен шетел тілінде тілдік материалдарды кәсіби түрде меңгертуді көздейді.

Ал кәсіби - педагогикалық ситуациялық рөлдік ойындардың мақсаты шетел тілі мұғалімінің білімі мен біліктілігін арттыру. Өйткені мұғалім сабақта ойындарды қолдану барысында өзі қалмай оқушылармен бірге ойнап, үлгі көрсетумен қатар өзі де шеберлігін арттырып отырады. Оқушылар рөлмен сөйлеуге, топта жұмыс істей алуға, өз пікірін білдіруге жаттықтыра отырып мұғалімнің де педагогикалық, психологиялық білімі, дағдысы тереңдей түседі. Түрлі рөлде коммуникативтік мақсатта сөйлеу тек оқушыларды ғана емес, мұғалімді де шыңдай түсері сөзсіз. Тілді түрлі контекстерде қолдану мен топтағы әлеуметтік – психологиялық факторларды ескеру оқушылардың бойындағы кейбір жеке бас қасиеттеріне де тікелей ықпал етеді.

Осы орайда естен шығаруға болмайтын мынадай екі мәселе бар. Оқушылардың сабақта қарым- қатынас жасауына қажетті материалдарды

пән мұғалімі алдын ала мұқият таңдап алуы керек. Ол материалдар оқушыларды білімділік, тәрбиелік мақсатта әңгімелесуге, пікір таластыруға, өзара қарым- қатынас мәдиниетіне үйрететіндей болуы шарт. Сөз тақырыптары аса көкейтесті мәселелерді қамтуы тиіс, өйткені ситуациялық рөлдік ойындар аспектіні кешенді жағдайларды да қамтиды.

Мұғалім бір ғана материалды грамматиканы ғана емес, фонетика мен лексиканы да дұрыс үйретуді көздейді. Тілдік материалдар қарым – қатынасты, ақпаратты ынталандыруға арналған диалог үлгі диалог түрінде де беріледі.

Мұғалім барлық оқу – әдістемелік жоспарды үнтаспаға жазып, дайындауы қажет. Оқушыларға диалогтарды шет елдіктің сөйлесуінде тыңдатуға мүмкіндік болса тіпті жақсы. Оқушылар үнемі сабақ беретін мұғалімнің сөз мәнерінде ғана емес, шет елдіктердің сөйлеу мәнеріне міндетті түрде үйренгені абзал.

Екеуара жұмыс істеу оқушыларды әр сөзді мұқият тыңдап, тез есте сақтауын қалыптастырады. Диалогтарда тақырыпқа сай жаңа лексикалармен қатар бұрын өтілген сөздер де пысықталады.

Әрбір ситуативтік – рөлдік ойын әуелі дайындық кезеңінен, содан соң өткізу мен ұжым болып талқылау кезеңінен тұрады. Дайындық кезеңінде жалпы ойын жоспары жасалып, тақырыпшалар анықталады, ойынға қатысатын барлық оқушыларға қажетті барлық лексикалық минимум белгіленеді. Мұғалім жоспар жасауға оқушыларды қалыптастырып, ситуциялар мен олардың көлемімен белгілейді, рөлдерді таңдатып бөледі. Әр оқушы өз рөлінің тәсілін, әдісін анықтайды.

Ойынды өткізу оқушылар өміріндегі ерекше бір жағдай екені белгілі. Ситуативтік – рөлдік ойын арқылы белгілі бар тақырыпқа қатысты материалдар қорытылады.

Ұжым болып талқылау кезеңінде ойынның қалай өткені толығымен қорытылады, талқыланады. Әсіресе әр оқушының ойынды ұйымдастыруға қосқан жеке үлесіне баға беріліп, дұрыс сөйлеуі мен көрсеткен белсенділігі де айтылады.

Ситуациялық – рөлдік ойындарды ойнау барысында біз үнемі мектепте бар мүмкіндіктер мен алдын ала жасалған дайындықтарды ескеріп отыруымыз керек, сонда ғана ситуциялық – рөлдік ойындар тиімді болады.

Сонымен Шет тілі сабағында фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, тағы басқа ойындар қолданылады. Осылармен бірге ойын ретінде анаграмма, ребустар, жұмыстар, чайнвордтар пайдалануға болады.

Анаграмма оқушынның білімділік, жазу сауатын байқауға, оқушыға әр түрлі заттың атын білуге көмектеседі.[қосымша 7]

Ребустар шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдалану керек. [ қосымша 6]

Сабақта балаларға жұмбақтарды жатқа айтқызудың өзі тілін жаттықтырады. Жұмбақ баланы шапшаң ойлай білуге, шапшаң, тез сөйлеуге үйретеді [қосымша 5]

Барлық осы ойын түрлерін жүйелі, зор шеберлікпен шетел тілі сабағында қолданса, әр мұғалімнің сабағы тартымды, қызықты және әр оқушы осы шетел тілін білуге деген құлшыныс пен құштарлықтары оянар еді.

ІІІ.Шет тілі сабағында ойын түрлерін қолдану тәсілдері.

Шет тілі сабағында оқушыларға қызықты етіп өткізу үшін ойын сабағын қолданамыз. Шет тіліндегі сабақта мынадай жалпы ойындар қолданылады.

- фонетикалық ойындар

- әріптерге байланысты ойындар

- оқу ережесіне байланысты ойындар

- сөйлеу қабілетін дамытуға арналған ойындар

- грамматикалық ойындар

- сан есімге байланысты ойындар

Сонда қарап отырсақ ойынның түрлері өте көп және әрбір ұстаз, әдіскерлер өз ойын түрлерін ұсынады. Бірақ осының барлығын жас, болашақ ұстаз барлығын қарастырып ең тиімдісін таңдап, өз тәжірібесіңде қолданса жақсы жетістіктерге жетеді.

Алғаш әріптерді үйреткеннен бастап әрбір әріптен келетін затты көрсетіп өтсек, онда ол әріп оқушының есінде қалады.

Мысалы: Аа – apple Dd – doll

Bb – book Ee - ear

Cc – cake Ff – face

Сонымен бірге әріпті дұрыс қатесіз түзу жазу да бастауыш сыныптан басталады. Ол үшін арнайы дәптер немесе әр әріпті мұқият тақтаға жазған дұрыс. Дыбыстарды толық менгерген оқушы сөздерді дұрыс оқи алады. Оны дұрыс оқыту, оның қатесін дұрыстау әр мұғалімнің міндеті.

Оқушылардың фонетиканы және грамматиканы толық түсініп әрі қарай жалғастырып оқып қызығу үшін оларға өткен жөн. Мұғалім мен оқушыларды қызықтырудың қосымша шараларын іздестіруді қажет етеді. Мұндай қызықтыру шаралар қатарына: еңбек процестерің суреттеу, еңбек, білім, ғылыми озаттары, табиғат, туған ауыл туралы әңгілімеу. Осылайша мұғалім оқу материалын өмірмен тығыз байланыстырады. Ойын оқу материалын толық түсінуге көмектеседі.

Ең маңыздысы оқушылардың дыбыстарды дұрыс айтуы керек. Сондықтан біз фонетикалық ойындарға толық мысалдар, ойын түрлеріне тоқтала кетейік (ІІ.3 бөлімінде фонетикалык ойындар дегеніміз не екенін ашқан едік) енді ойындарды мысалдар түрінде көрсетейік.

1. Оқушылардың Шет дыбыстарын дұрыс айтуға арналған мысал

«шие» атты ойыны. Бұл ойынды барлық сынып оқушылар арасында өткізуге болады. Плакатқа түрлі шиелер салынған және оның ішкі жағына өтілген әріптердің транскрипциялары жазылған. Оқушылар оларды дауыстап оқып, өздері білетін (сол дыбысқа байланысты) сөздерді айтады.

«Алма ағашы» атты фонетикалық ойыны. Осы ойында мұғалім үлкен плакатқа үлкен алма ағашын салып, алмалар ішінде транскрипциялар жазылған. Алма ағашының жанына өтілген әріптер жазылып, оның қасында транскрипциялары жоқ. Сондыктан оқушылар алма ағашынан алманы үзіп алып, әріптердің жанына сәйкес транкрипцияны қоюы қажет.

2. «Voice Training Games» өлеңдерді қатты, түсінікті айтуға бағытталған ойын, бұл «The frog is green» деп аталатын тақпақ арқылы іске асырылады.

«The frog is green,green,

And so is the tree.

One, two, three,

Red, red, red is the rose

Blue, blue, blue is the dress

Grey, grey, grey is the rat

And so is the cat»

Сонымен қатар бұл тақпақтар түстерді есте сақтауға, дұрыс айтуға үйретеді. Мысалы тағы да мынадай қысқа тақпақ сияқты. «Blue sea»

Blue sea – green tree

Brown hand – yellow sand

Rose red – grey head

Snow white – black night

3. «Relaxion» кезеңінде жоғарыда атап өткен «Lapping Milk» ойынын өткізуге болады, осымен қатар «Lion» тақпаған айқызып, аңыздарын кең ашып айтуға және оны айта отырып балалар демалып, сергіп алуы абзал.

«I see a big yellow lion,

A big yellow lion!

What a big yellow lion?

What a lion! What lion!

Барлық аталып өткен фонетикалық ойындар қызықты, оқушыларды өзіне тартып тұруы қажет.

Қорытынды.

Барлығымызға белгілі ойын бұл әр кезде ең басты және көбінесе қолайлы, икемді және жеңіл тәсіл болып табылады, саналады (әдістемелердің ішінде). Ол оқу үрдісін жандандыруға арналған жеміс беретін оқыту тәсілі.

Тиянақты ойластырылған еш қатесіз ойын әдісі сабақ беру кезінде сабақтың практикалық жағын және сонымен қатар теориялық, тәрбиелік жақтарын жанжақты дамытады. Оқыту ойындары бұл алдын – ала ұйымдастырылған, мақсат, міндеті айқын, түрлі қиырдықтарды жеңуге (көбінесе барлығынын қызықты өтуі). Олардан бас тартудан, қорықпаудан үйретеді. Шетел тілі сабағындағы ойында бір немесе бірнеше оқыту әдістерін бір мезетте қамти алады.

Дәстүрлі емес оқыту кезінде оқыту ойындары мынадай бірнеше функцияларды орындайды:

- оқыту (алғаш білімді іске асыруға, сонымен бірге шетел тілдік

құрылымдар және бір немесе бірнеше тақырып көлемінде пайдалану)

- оқушының жағымды жақтарын аяқтауға және оның шығармашылық

ойлауын, білімін әрі қарай жетілдіреді

- тәжірбиені молайтады, оқыту сәттерін нақ Шетдар өмірімен

ұштастырады.

Оқыту ойындарын сонымен қатар алдын ала дайындалған жаттығу, өтіп жатқан шетел тілін тереңдетіп, түбегейлі нақты оқуға мүмкіндік береді. Көбінесе оқыту ойындары оқушының әрі қарай дамуына және интеллектуалдық іскерліктерін жетілдіруге бағытталған іс- әрекет. Ойын жаттығу сияқты деп айтып өткендей, олар анализдік, синтездік іске алдын ала болжауға қысқаша айтқанда ойын интелектуалдық тренинг ретінде және гипотеза, апробация құралы болады. Белгілі бір нәтижені алғаннан соң (ойдағыдай немесе ойдағыдай емес) оны дұрыстауға мүмкіндік бар, өзіне деген сенімділік те оянады. Ойын тек оқушыға жеке бір қасиеттерден басқа, білімін жетілдіруге көмек береді. Ойын кезінде өз ойын айтуға мүмкіндік бар, бірақ бұның бәрін қадағалап отыру керек. Өз ойын айтқан кезде белгілі бір тәртіппен, заңмен айтқан жөн.

Казіргі уақытта әдістемелік әдебиеттерде ойын түрі жеткілікті, олардың жіктелуі оқыту ойындары сол топтастыру критерилеріне байланысты тағы басқалар. Мысалға, ойындар мыналарға байналысты жіктеледі.

- Мақсат, оны шешге арналған ойындар;

- Өткізу жолдары;

- Ұйымдастыру;

-Қиындықтар деңгейі;

- Оқушылар саны;

Бірінші ойын (мақсатқа байланысты) шетел тілі сабағында бұлар тілдік және сөйлемдік болып екіге бөлінеді.

Тілдік ойындар тілдің әртүрлі аспектілерін меңгеруге(фонетика, лексика, грамматика, синтаксис, стилистика) бұлар осыларға байланысты қалай аталды солай болып аталады. Маңыздысы «аспектілік» не маңыздылық оқыту ойындары шартты болып келеді, өйткені олар қарқынды тәжірибелік мақсатты көздейді.

Сөйлемдік ойындар белгілі немесе белгілі емес сөйлемдік қатынастарды дұрыс құрыстыру болып келеді. Әрине әрбір сөйлемдік қатынасқа байланысты ойын түрлері көзделеді:

- Тыңдап- түсінуге үйрету;

- Оқуға үйрету;

- Жазуға үйрету;

- Монолог пен диологқа үйрету;

Ойын формаларына байланысты заттық, қозғалмалы, сюжеттік немесе ситуциялық, ролдік, ойын жарыс, интелектуалдық ойындар (ребустар, кроссвордтар, чайнвордтар, викториналар) қарым- қатынас ойындары (коммуникативтік, интерактивтік), орындауларына байланысты ойындар компьютерлік және компьютерлік емес, жазбаша және ауызша тағы басқалары болады. Ол салыстырулар бойынша «оңай» (моноситуациялық) және «қиын» (полиситуациялық), ұзақтығына байланысты «ұзақ» және «қысқа» болады.

Барлығын қорытындалай келгенде ойынды өткізбес бұрын оны қай жерде өткізген дұрыс екенін білген жөн, содан соң оқушылардың жас ерекшеліктері, білім деңгейлерін ескерген жөн, өтіп жатқан тақырыпқа байланысты болуы керек.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1. Жұмабаев М. «Педагогика» 1996 ж.

2. Меңжанов Ә. «Мектепке дейінгі педагогика» А. 1993

3. Төтенов Б. «Ұлттық ойындар» А. 1999 ж.

// Шетел тілін оқыту әдістемесі № 2, № 18, № 23, № 10

4. Верещагина И.Н. «English ІІ» М. 1992

5. Выготский Л. С. «Психология» М. 1982

6. Негнивицкая Е. Н. «Общая методика обучения в средней школе»

7. Николайчук Г. А. «Английский язык в первом классе» Минск 1991

8. Пукина Т. В. «Игровые технологии на уроках английского языка» М.2008

9. Пучкова Ю. Я. «Игры на уроках английского языка» М. 2005

10. Стронин М. Ф. «Обучающие игры на уроках английского языка» М. 1989

11. Терский В. Н «Игры, творчество, жизнь» М. 1966

12. // «Иностранные языки в школе» № 5. 2006

13. // «Обучение иностранным языком в школе и в вузе» 2001. стр: 110- 118


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: