Кіріспе

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕСІ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Баптапқы кезеңдегі шет тілін оқытудың ойын әдістері

Орындаған: Сәуірбай Е.Б.

Топ: ШТ-31

Ғылыми жетекші: Аға оқытушы, магистр

Ибрагимова К.Е.

Мамандық: 5B011900

.

Астана, 2014 ж.

Жоспар

Кіріспе 3

I. Шет тілі сабағында ойынның мазмұны және алатын орны

I.1 Ойын арқылы оқыту туралы түрлі пікірлер 4-6

I.2 Ойын- эмоционалдық белсенділікті талап етеді 7

II. Ойын – тәрбие құралы

II.1 Ойын - мұғалімнің көмек көзі 8-9

II.2 Оқыту үрдісінде ойынды ұйымдастыру жолдары 10-11

II.3 Кеңінен пайдаланылатын ойын түрлерін қолдану бағыттары 12-18

III. Шет тілі сабағында ойын түрлерін қолдану тәсілдері. 19-20

Қорытынды 21-22

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

Кіріспе

Мақсаты

Шет тілі сабағында ойынның мазмұнын ашу.

Міндеті:

- Ойын түрлерімен таныстыру,

- Ойынның бастауыш сыныпта қолдану әдістерін көрсету

- Оқу, жазу, тыңдап түсіну, сөйлеу түрлерінде қолдану

- Шыншыл қарым- қатынас орнату.

Өзектілігі:

Шетел тілін меңгеру оқыту, оған қызықтыру көп ізденіс пен шығармашылық еңбекті қажет етеді. Негізінен, сабақ үстінде дағды мен қабілет қалыптасу арқылы танымдық қызығу пайда болады. Оқушыларға әртүрлі тәсілдер қолдану арқылы сабақты жаңаша әдістемелікпен өткізу керек. Сабақта оқушының қызығу ынтасының төмендеуіне мыналар себеп болады:

- ойлау үрдісінде, миына көп салмақ түсуден;

- сабақты бір сарынды өткізуден;

- жазба жұмыстардың мөлшерден тыс жиі жүргізуден

- нашар оқитын оқушыға көп көңіл бөліп, сабақты созып жіберуден.

Сонымен оқушының шаршауын сейілтіп, қызығуын арттыратын сабақ арасында ойын элементтері үлкен рөл атқарады. Ойындар сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Сондай-ақ ойын оқушының сөйлеу қабілеті әрекетін тездетеді, танымын күшейтеді. Ойынды өткізудің психологиялық – дидақтикалық талаптарын мұғалім есте шығармауы керек. Осы тұрғыдан ойын оқушының жас ерекшелігі мен мүмкіншілігіне сай және тәрбиелік, дамытушылық мәні зор болуы тиіс. Ойнау арқылы оқушының сөйлеуге деген ішкі жан дүниелік ынтасы, іздену дағдысы қалыптасады.

Осы курстық жұмыс Шет тілі сабағында ойын түрлерін қолдану тәсілдерін ашуға бағытталған.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарау шетел тілін оқытуда жалпы мәселелерді және орта мектепте бастауыш кезеңде ойын тәсілдерін қарастыратын теологиялық материалдарды құрайды. Екінші тарау көркем әдебиеттер негізінде ойынды қалай қолданылатындығын қарастырады.

I.Шет тілі сабағында ойынның мазмұны және алатын орны.

I.1.Ойын арқылы оқыту туралы түрлі пікірлер.

Балаларды ерте жастан шетел тіліне оқыту, мәселелерін көптеген ғалымдар мен әдіскерлердің еңбектерінде, диссертациялық зерттеулерінде қарастырылған. Жас балалардың шетел тілін ересектерге қарағанда тез қабылдайтынын кеңес психологтары (Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн) шетелдік психологтар (М. Монтессорл, Б. Уайт,Д. Брунер, П.Элиот) өз еңбектерінде атап көрсеткен.

Шетел тілін ойын арқылы оқу балалардың психикасының дамуына да зор ықпал етеді, шетел тілі сабақтарында ойлау операциялары: салыстыру, анализ, синтез, логикалық және тағы басқаларды іске асырады, балалардың танымдық қабілеттері жоғарылайды.

Бастауыш сыныптарда оқушыларды шетел тіліне оқытудың тиімді тәсілдердің бірі- ойын және ойын элементтерін қолдану, өйткені ойын- бастауыш сынып оқушыларының негізгі іс- әрекетінің бірі.

Ә.К. Меңжанов «Мектепке дейінгі педагогика» атты еңбегінде «ойын әрекеті балалардың барлық нышандары» дамуына мүмкіндік тудыратын өзіндік ерекшелігі бар, интеллектуалдық мектеп. Ойын әрекеті балалардың ерік- жігерін, ақыл ойын дамытады деп атап көрсеткен.

Атақты орыс психологы Л.С. Выготский де ойынның балалар дамуындағы маңызын айта келе, мынадай тұжырым жасаған «Ойын- шығармашылық жолы және негізі»

Осылайша, ойын – балалардың іс- әрекеттерінің негізгі түрі болғандықтан, ол оқушыларды Шет тілінде оқыту процесінде оқушылардың шетел тілін оқуға деген құлшынысын, белсенділігін арттырады. Шет тіліндегі ойын процестерінде оқушыларда коммуникативтік біліктіліктің негіздерін қалауға болады. Мұнда қарапайым тілдік қарым- қатынас қызметтері (коммуникативтік, этикеттік, реттеушілік және тағы басқалары) іске асады.

Түрлі әдістемелік әдебиеттерде көрсетілгендей Шет тілін оқыту процесінде ойынның мүмкіншіліктерін жүйелі және дұрыс ұйымдастырылған түрде қолдану – Шет тілін оқыту процесіндегі бірсарындылықты, біркелкілікті жояды. Шет тіліне оқыту барысында ойын түрлерін кеңінен қолдану оқушыларға психологиялық кедергілерден де өтуге ықпал етеді.Ойын барысында қызығушылық, қызғаныш сезімділік атмосферасы туындайды. Балалар қате жазудан қорықпай, сенімсіздік, селсоқтықтан, осындай сезімдерден арылады.

Ресейлік әдіскер Е.И. Негнивицкая ойын түрлерінің оқыту процесіндегі маңызын былайша атап көрсеткен.

1.Ойын- бұл жаттығу түрі.

2.Ойын- мұғаліммен, құрбылармен өзара қарым- қатынас.

3.Ойын, бұл белгілі бір ситуацияны құру.

4.Оқушылардың ойын процесінде белгілі бір ережелерді сақтауы.

5.Оқушылардың нақты бір іс- әрекетті таңдауы.

Осылайша әр әдіскер, психологтар өз пікірлерін ұсынған. Қазақ халқының да ұлы ақын- жазушылары, әдіскерлері өз тұжырымдамаларын (А.Құнанбаев, М. Жұмабаев) көрсете білген.

Аса ірі ойшылдардың айтқанындай «адамды адам еткен- еңбек». Еңбек үстінде адамның көптеген техникалық ерекшеліктері дамып, өмір сүру барысында олар түрлі жолдармен жорыққа шығады. Мысалы, үлкендер өзіне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсеткен, мектепте оқитын балалар сабақ үстінде, ал мектеп жасына дейінгі балалар өз психологиясын ойын үстінде байқатады. Ойын- балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал ол білімді бала қайдан алады. Ойын арқылы бала өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспар, арнайы заттары, тағы басқа көптеген ерекшеліктері болады.

Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психогологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы білімді алуға мүмкіндік алады. Бала зейінін қажет ететін, дүниетанымын кеңейтеді, мінез – құлқын, ерік – жігерін қалыптастырады. Ірі психологтардың айтуы бойынша бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады дейді. Ойын – адамның өміртанымының алғышқы қадамы. Қазақ халқының ұлы ақыны А. Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?» деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барасында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) түрлі психологиялық түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала бейнебір өмірдің өзіндегіндей қуаныш пен рені сезімінде болады.

«Оқу құралдарының мінезі – мектеп мінезінің айнасы» - деп атақты ұлы педагог – психолог, ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай біздің беретін білім, тәрбие жолына пайдаланылатын әдістемелер мәнді, жұмыр болу керек. Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріп, ойын ұйымдастыру қажет. Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықтап талабын шабыттандыратындай ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек.

Ойын іс пыстырар жұмысты қызықты және тартымды етуге көмектеседі. Лексикалық ойындар грамматикалық ойынның логикалық жалғасы, яғни тілдік құрылымның «ірге тасын» құруға септігін тигізеді. Фонетикалық ойындар, түрлі қате айтылған, түрлі қиындық туғызатын дыбыстарды қалпына келтіруіне көмек береді. Соңында, лексикалық және

дыбысталуын қалыптастыруға орфографиялық дұрыс ойындар, бастапқы мақсат өтілген лексиканың дұрыс жазылуын қарастыру. Бірінші ойындар

алғышқы жаттығуларды меңгеруге, сонымен бірге әрі қарай қолданып бекітуге зор көмек көрсетеді.

Екінші бөлім «шығармашылық ойындар» деп аталады. Бұл ойындардың мақсаты тілдік құрылымды әрі қарай дамытуға бағытталған. Осы бөлімде өз бетімен жұмыс істеуге, тез ойламаған кезде өз ойын айтуға көмектеседі. Ойындар тілдік құрылымдарды шығармашылықпен қолдануға, әсірсе өткен материалды қайталау кезінде қолданылуы шарт.

Ойындардың мақсаты мен міндеті түрлі фактілерге байланысты таңдалады: оқушылардың дайындығына, өтіп жатқан материалына, нақты бағыт пен сабақ жағдайына, барысына байланысты. Егер ойынды бірінші жаттығулар кезінде 20-25 минут бөлуге болады, әрі қарай ойындар 3-5 минут, алдыңғы өткен сабақты қайталауға мақсаттап өткізуге болады. Грамматикалық ойындар, мысалға алғашқы сабақ барысын түсіндіру уақытында қолданған тиімді.

Көптеген ойындар қандай да бір тақырыпқа байланысты болады, сондықтан әрине осылардың ішінде шағын бір пайыз таныс емес лексика кездеседі. Осының бәрін ойын арқылы өткізіп, түсіндіруге болады.

Әрине, шетел тілі сабағы бұл тек қана ойын емес, сенімділік пен түсінушілік, мұғалім мен оқушының қарым – қатынысы ойынның атмосферасында және балалар ойын арқылы терең ойланып түрлі жайттарды шешуге көмек береді.

Балалар ой - өрісін дамытатын қазақ халқының «санамақ» атты ойынын Шет тілімен ұштастырып өткізуге болады. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру.Зат атауларының ұқсастарын санамақ арқылы болса сан үйренеді, санға аты ұқсас заттарды, сөздерді танып біледі. Мысалы,

How much is 1 plus 1?

Two apples in the sun..

How much is 2 plus 2?

Four plums for me and you.

How much is 3 plus 3?

Six cherries in the tree..

How much is 4 plus 4?

Light pairs and no more.

Оқушылардың ой белсенділігін саналы ойлана білуін дамыту, жетелдіру - мұғалімнің негізі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды.

І.2. Ойын – бұл эмоционалдық белсенділікті


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: