Жалпы шарттары

1. Дәрігер-сарапшы қызметіне медициналық білімі жоғары, денсаулық сақтауды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс қабілеті бірінші, немесе жоғары категориялық квалификациясы теориялық біліміне сәйкес, медициналық көмектің сапасын сараптау, талдау және баға беру жөнінде арнаулы дайындықтан және отырған қызметіне сәйкес аттестациядан өткен адам алынады.
Дәрігер-сарапшы жұмыс барысында Қазақстан Республикасы қолданылатын заңдылық актілерін, медициналық көмектің сапасын сараптау, талдау және баға берудің ұйымдастыратын нормативті-құқықтық құжаттарын, тұрғындардың денсаулығын сақтау саласына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті орталық атқарушы органы бекіткен, Қазақстан Республикасындағы кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің сапасын талдау мен баға беру Ережесін және осы Ережені қолданады.
Дәрігер-сарапшының әрекеттері профессионалды этика мен медициналық деонтологияға қарсы болмауы керек.
Дәрігер-сарапшының қызметке алынуы мен шығарылуы бекітілген әдеттегі тәртіп бойынша, қазіргі уақытта қолданатын заңдылықтарға сәйкес жүргізіледі.

2. Дәрiгер-сарапшының мақсаты

2. Дәрiгер-сарапшының негiзгi мақсаты өзiнiң қызмет көлемiне сәйкес, халықтың кепiлдендiрiлген тегiн медициналық көмектi жоғары деңгейде алу құқығын медициналық көмектiң сапасын сараптау, талдау және баға беру арқылы жеткiзу болып табылады.

3. Дәрiгер-сарапшының жұмысын ұйымдастыру

3. Дәрiгер-сарапшы медициналық көмектi талдау және баға беру Ережесiнiң ортақ тәсiлдiк принциптерi мен технологиясына сәйкес медициналық көмектiң сапасын сараптау, талдау және баға берудi жүргiзiп, белгiлi қорытынды шығарады және тек өзiнiң берiлген мүмкiншiлiгiне негiзгi медициналық мамандығына сәйкес сараптайды.

4. Дәрiгер-сарапшының құзырлары

4. Дәрiгер-сарапшының құзырына мыналар жатады:
1) кепiлдендiрiлген тегiн медициналық көмек көрсету жүйесiне сәйкес медициналық көмектiң сапасын сараптау, талдау және баға беру жұмысын ұйымдастыру мен жүргiзу;
2) алынып тасталды;
3) жергiлiктi денсаулық сақтау органдары мен лицензиялық комиссияларына ЖАБДЫҚТАУШЫ-ның сараптау барысында белгiлi болған кемшiлiктерiн хабарлау;
4) медициналық қызметкерлерге категориялық квалификация беру аттестациясына қатысу;
5) лицензиялық комиссияға әдеттегi тәртiпке сәйкес, лицензияның күшiн жою немесе тоқтату мәселесiне ұсыныс беру;
6) жергiлiктi денсаулық сақтау органдарына әдеттегi тәртiпке сәйкес медициналық көмек көрсету барысында ЖАБДЫҚТАУШЫ-дан бiрнеше рет қатаң кемшiлiктер табылғанын атап көрсетiп, келiсiм-шартты тоқтатуына ұсыныс беру.
Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 367 бұйрығымен.

5. Дәрiгер-сарапшының өзi келiсiм немесе еңбек шартында тұрған медицина мекемесiн сараптауға және науқас, оның туысы және өзi емдеуге қатысқан науқас болса, сараптау жағдайларының дауына қатысуына құқығы жоқ.

6. Сараптау жүргiзiп жатқан мезетте ЖАБДЫҚТАУШЫ дәрiгер-сарапшыға қажеттi медициналық құжаттарды көрсетуге мiндеттi.

5. Дәрiгер-сарапшының құқықтары

7. Дәрiгер-сарапшының мынандай құқығы бар:
1) өзiнiң мүмкiншiлiктерiне қарай шешiм шығару;
2) тұрғындардың денсаулығын сақтау саласына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органының бiртұтас саясатының орындалуын бақылау және iске асыру;
3) жергiлiктi жерлерде медициналық көмектi сараптау, талдау мен бағалау ЖАБДЫҚТАУШЫ мен жергiлiктi денсаулық сақтау органдарымен келiсiм шарттарына қарай және әдеттегi тәртiпке сәйкес жүргiзiледi;
4) ЖАБДЫҚТАУШЫМЕН даулы мәселелер туған жағдайда, оларды тәуелсiз сараптауда қарау үшiн талапты материалдарды даярлауға қатысуға;
5) сараптау мәселесiн бағалау үшiн, керектi құжаттарды пайдалану;
6) сараптау басталмай тұрғанда, не сараптау барысында сараптаудан бас тартқан себебiн, ЖАБДЫҚТАУШЫ мен сараптауға жiберген орнына түсiндiруi қажет;
7) медициналық сараптау қорытындысы бойынша басқа дәрiгер сарапшылар арасында ерекше ойын бiлдiрiп және егер керек болса жоспардан тыс сараптау өткiзуiн талап етуге;
8) тұрғындардың денсаулығын сақтау барысындағы заңдылық актiлерi мен нормативтi құжаттарын, медициналық көмектiң сапасын бағалау мен талдау мәселелерiн жетiлдiру бойынша өзгерiс енгiзу;
9) өзi енгiзген ұсыныс бойынша хабарлама алуы, егер ол орындалмаған жағдайда аурудың денсаулығы мен өмiрiне қатер төнгiзетiн жағдай болса, белгiлi инстанцияларға хабарлау;

6. Сарапшы-дәрiгердiң мiндеттерi

8. Сарапшы-дәрiгердiң мiндетi:
1) жергiлiктi денсаулық сақтау мен ЖАБДЫҚТАУШЫ арасындағы көрсетiлген келiсiм шарт пен лицензиямен белгiленген медициналық көмек түрлерi бойынша өкiлеттi тұлғасының қатысуымен медициналық көмектiң сапасын сараптау, талдау және бағалауды жүргiзу;
2) көрсетiлген медициналық көмектiң тұрғындардың денсаулық сақтау саласына басшылықты асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен медициналық стандарттарға сәйкестiлiк анықтау;
3) тұрғындардың сапалы тегiн медициналық көмектi алу құқығының орындалуын анықтау;
4) аурулардың медициналық көмек пен қызмет сапасына қанағаттанғандығын зерттеу;
5) медициналық құжатты талдау барысында көрсетiлген тегiн медициналық көмектiң сапасы жайлы құзырлы және объективтi баға беру, керектi кезде - аурудың өзiн қарау;
6) қажеттi жағдайда сараптау барысына басқа сарапшы-дәрiгердiң қатысуын талап ету;
7) ЖАБДЫҚТАУШЫ және емдеушi дәрiгермен сараптау қорытындысы жайлы талдау жүргiзу;
8) сараптау қорытындысы бойынша тегiн медициналық көмек сапасының жағдайын талдау және бағалау;
9) ЖАБДЫҚТАУШЫ-ға енгiзiлген ұсыныстардың есебiн жүргiзу және қорытынды шығару;
10) медициналық көмектiң сапасы жөнiндегi проблемаларды анықтап, оның сапасын жоғарылату, ұйымдастыру, жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ұсыныс дайындау;
11) белгiленген қорытынды актiлер үлгiлерiне сараптау қорытындыларын келтiрiп, ЖАБДЫҚТАУШЫ-ға қолын қоюға тексерiлу соңында беруi қажет, тек ерекше жағдай болған кезде ғана 3 күндiк уақытта берiледi. Жасалған актiлердiң бiр данасы тексерiлген ЖАБДЫҚТАУШЫДА қалдырылады;
12) РМҚК басшылығы мен жергiлiктi денсаулық сақтау органына жасалған жұмыс қорытындысы жайлы белгiленген уақытта есеп беру;
13) медициналық көмектiң сапасын белгiленген мақсаттарда (жеке оқиға) талдау мен бағалауды күнделiктi ауруханада 7 ауру тарихын, 25 амбулаторлық карталарын, қайтыс болған аурулар бойынша - 4 ауру тарихын қарау арқылы жүргiзiледi.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: